Материалдар / Менің құқығым және міндетім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің құқығым және міндетім

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушылардың өз құқығын білу, құқықтық мәдениетін жетілдіре отырып, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы білімдерін шыңдау, құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақыру. Сонымен қатар әр оқушы өз құқығымен қатар міндеттерін де білуі және орындауы керек. Дөңгелек үстел студенттердің қоғам өміріндегі өзінің орнын, құқығы мен міндетін білуіне, сол арқылы өмірге, қоғамға дұрыс көзқарас қалыпстаруына ықпал етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
9019
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Байғанин техникалық колледжі







«Бекітемін»

Директордың ТІЖО

____________ Н. Әденов

« » 2017 ж








«Менің құқығым және міндетім»

тақырыбында

Дөңгелек үстел






Өткізген: Туленова.А.Ж.










2017-2018 оқу жылы

Тақырыбы: Менің құқығым және міндетім.
Мақсаты: Оқушылардың өз құқығын білу, құқықтық мәдениетін жетілдіре отырып, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы білімдерін шыңдау, құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақыру.
Көрнекілігі: Сауалнама «Мен және  менің  құқығым», слайдтар 
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, Сауалнама жүргізу, пікір айту, ой толғау, топпен жұмыс,
Барысы:

Мұғалім: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, қонақтар студенттер!

Бүгінгі тәуелсіздік күніне орай өткізгелі отырған дөңгелек үстел басына жиналып отырған себебіміз – Құқық туралы, оның бірнеше салалары туралы мәлімет аламыз.

Дөңгелек үстел 5 бөлімнен тұрады:
1.Алғы сөз.
2. Слайдпен таныстыру.
3. Бейнероллик.
4. Сауалнама өткізу

5. Үш түрлі жағдаяттар мен сұрақтар

6. Бәріміз бірге! –ойыны

7. Менің отаным – Қазақстан!

8..Біле жүрейік.

9. Бейнероллик.

6. Қорытынды.

Бүгін келіп отырған қонақтарды таныстырып өтейін: _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мұғалім: Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл - заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.

Мектеп жасындағы балалардың құқықтық санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жас өспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет. Қоғам талабы – заман талабы, өйткені «Әр адам – өз заманының баласы».Сол себепті адамды заман билейді.Барлық адам заң алдында бірдей, барлық адам заңға бағынуға тиіс.Заңды сыйламайтын ел – берекесіз ел.
Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді:отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті:мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Өздерің сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады.
Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін оқу орнында отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің және жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.

Слайдпен жұмыс
Ендігі кезекте назарларыңызға бейне ролликті ұсынамыз. Осы бейне ролликтен түйген ойларыңызды ортаға салсаңыздар

Сауалнама өткізу.: «Мен және менің құқығым»

1. Құқық туралы не білесіз?
2.    Сіз неге құқылысыз?
3.    Құқық бұзушы кімдер?
4.Құқық бұзылмау үшін не істеу керек?
5.Біреудің тарапынан құқығыңыздың 
(ата – ана, мұғалім, құрбы –дос, туыс, т.б.)  бұзылғаны болды ма? (болса жазыңыз)
6. Құқық бұзбауға қосар үлесіңіз қандай?

Үш түрлі жағдаяттар мен сұрақтар

Студенттер мен мамандарға сөз беріледі –пікір алмасу.

Мұғалім: 
- Олай болса, бірлесіп «Бәріміз бірге!» ойынын ойнайық.

1) «Бәріміз бірге!» ойыны (қойылған сұрақтарға барлық оқушы хормен жауап береді)
а) Біздің мемлекет – ҚР.
ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
б) Мемлекеттік рәміздеріміз –ту, елтаңба, әнұран.
в) Елорда – Астана.
г) ҚР кім басқарады? – Президент.
д) 1 желтоқсан - Президент күні
е) 16 желтоқсан -Тәуелсіздік күні
ж) 30тамыз - Конституция күні
Мұғалім: 
- Әр елдің өзіне тән белгілері, рәміздері болады. Егемендігіміздің белгілерінің бірі – ол мемлекеттік рәміздер. 
«Қаншама ғасыр өмір сүрсе бұл Қазақ , сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке» -деп Төле би бабамыз айтқандай егеменді ел атандық. Міне, енді өз Әнұранымыз, Елтаңбамыз, Туымыз бар. 
Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. 

Конституция - еліміздің басты құжаты. Бұл біздің құқықтарымыз бен мүмкіндіктеріміз жайлы байыпты да, парасатты кітап.. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған.Сол мінеттеріміздің бірі - жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өсіп Отаныңа қызмет ету, келесі бөліміміз:
Менің отаным – Қазақстан.
Мұғалім: Ал, қане балалар, Отан деген не? Оны қалай түсінесіңдер? (балалар өз ойларын айтады)
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен-
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады. Отан – дегеніміз адамның туып өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы. Олай болса келесі бөлімде:
«Кім жылдам?» ойыны
Отан туралы кім көп мақал-мәтелдер біледі? Олай болса, мен мақалдың басын айтамын, сендер жалғастырасыңдар.

Отан- елдің анасы,Ел-(ердің анасы)
Туған жердей жер болмас, ( Туған елдей ел болмас).
Отанды сүю - (отбасынан басталады)

Отан оттан да (ыстық)
Пәлен жерде алтын бар,( Өз жеріңдей қайда бар)
Отансыз адам - ( ормансыз бұлбұл)
Отан үшін күрес,( Ерге тиген үлес)
Ел іші- (алтын бесік)

Мұғалім:
Ата заңым, алтын заңым-ардағым,
Аялаған азаматтың арманын
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың – дегендей, Қазақстан Республикасы Конституциясының кейбір баптарына тоқтала кетсек:
Студенттерге сөз:

Келесі бөлім. «Біле жүрейік» слайдтан

 1.  Заң – бостандық кепілі.
2.   «Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар- намысын құрметтеуге міндетті.»  (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 34- бап)

1989 жыл, 20 қараша – «Балалар құқықтары туралы конвенцияның»            
 қабылданған күні.
4.  Алматыда  2002 жылы, 8 тамыз  . «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы  Заңы» қабылданды.

5. Құқық деген -Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы.
6. Құқық - Заңмен қорғалады.
7. Адам құқығының қорғалуы алғаш - 1789жылы. Францияда қолға алынған.
8. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қабылдаған - БҰҰ.
9. БҰҰ-ның мақсаты - Әлемде бейбітшілікті сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау.
10. Қазақстан БҰҰ-на - 1992жылы. - 2-наурызда мүше болды
11. БҰҰ адам құқығына байланысты,бала құқығы туралы конвенция және халықаралық шарттар қабылдады?
12. Бала болып - 18 жасқа толмағандар бала болып саналады.
13. Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті - 1995жылы Нью-Йорк қаласында 156 мемлекет болып қол қойды.
14. Декларация дегеніміз - Үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның аса маңызды мәселесі.
15. Құқық туралы заңдарды - Парламент шығарады.
16. Адам құқығы көбіне мынадай жағдайда - Соғысып жатқан елдерде бұзылады.
17. Адам құқығы жат елдерде жүрсе де - «Әр адамның құқығы қайда жүрсе де заңмен қорғалады» деп Декларацияның 6-бабында айтылған.

Бейнероллик
Сергіту сәті.
«Туған еліме тілегім»  - бүгінгі отырсымызда алған әсерімізді мына ізгілік ағашына жапырақтар арқылы жапсырамыз.
Әр отырысқа қатысушы өз тілектерін, әсерлерін оқып, айтып өтеді.
Қорытынды.
Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер.

Сонымен, қорыта келгенде өзіміздің құқығымызды қорғауға, міндеттерімізді орындауға, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық. 

Бүгінгі дөңгелек үстелімізге қатысып, атсалысып, пікірлескендеріңізге коптен-коп рахмет! Сау болыңыздар!















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!