Материалдар / «Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс-тәсілдерім…»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс-тәсілдерім…»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен орыс сыныптарына сабақ беретін ұстаздарға.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2021
439
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс тәсілдерім…»


 Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет.

Бауыржан Момышұлы

Мамандық таңдау - өз болашағыңды таңдау. Әр мамандықтың өзіне тән қиындығы, ерекшелігі, қызығы мен шыжығы бар екендігі белгілі. Десек те, қоғамдағы сан алуан мамандықтардың ішінен жан-жақтылық пен білімділікті, ең бастысы мейірімділік пен шыдамдылықты талап ететін мұғалім мамандығы. «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім — мектептің жүрегі.» -деп Ыбырай атамыз айтқандай, адам баласының тұлға болып қалыптасу жолында «Ұстаздың» алар орны ерекше. Менің де ұстаздық жолды таңдауыма қазақ тілі мұғалімімнің септігі тиді. Отансүйгіштігім мен тілге деген жанашырлығым мені осы жолға жетелеп әкелді.

Қазаққа Бейімбет пен Ыбырайды, Ахмет пен Міржақыпты танытқан киелі де қасиетті өлке – Қостанай өңірінде педагогикалық білімді алып, жоғарғы оқу орнын үздік дипломмен аяқтап, еңбек жолымды осы өңірден бастадым. «Қателесуге болмайтын екі мамандық бар: дәрігер және ұстаздық. Дәрігер қателессе адам өміріне қауіпті, ал ұстаз қателессе бүкіл ұлтты жояды», - деп ұстазымыз Кенжегүл Қабылғазықызы үнемі санамызға құйып отыратын. Міне, соның нәтижесінде қазіргі таңда көп ізденіп, жан-жақтылық танытып жатырмын. Менде ұстаздық жолымды мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдеріне үйретуге бағыттадым. Менің алдыма қойған мақсатым өзге ұлт-өкілдеріне ана тіліміздің көркемдігін, ерекшелігін түсіндіру, саналарына сіңіру. Тілді тез меңгеру үшін де сабақты өте қызықты және уақытты тиімді, жаңа технологияларды, әдіс-тәсілдерді қатар алып жүру қажет. Әрбір сабақ оқушының нені білгісі келіп отырғанын аңғарып, оның қы­зығу­шылығын оятудан басталуға тиіс. Елбасының жолдауында оқу мен жазу­ды сын тұрғысынан ойлауды үйрету туралы ай­тылған. Әрі оқу мен жа­зу­ды сын тұрғысынан ойлау техноло­гия­сы жасалған. Жаңа идеялар мен техникаларды пайдалану міндетті деп ойлаймын. Қазіргі таңда жаңа технологияларды таңдап алу, ұтымды әдісті саралап алу өте маңызды. Сабақың түрлері жаңа заман талабына сай өзгеріп отырса, оқушылардың да зейінін аудартып, қызығушылығын арттырады. Олардың эмоциялық сезім-түйсіктеріне әсер ете білген ізденістерден көп пайда болады.

Мен орыс сыныптарының бастауыш және үлкен сыныптарына қатар сабақ беремін. Бірақ оларға қолданылатын әдіс-тәсілдерім әртүрлі болып келеді. Яғни баланың жас ерекшелігі мен түсінім түйсіктеріне қарай әдістерді саралап отырамын. Бастауыш сынып оқушылары енді ғана білімге кіріскен оқушылар болғандықтан, түсінуге жеңіл болуы үшін көбінесе шағын видео немесе әуендегі сөздерді қайталау арқылы сабаққа деген ынталарын оятамын. Сонымен қатар «Ойын жинақтау» әдісін жиі қолданамын, себебі бұл әдіс арқылы оқылатын пән немес зат құбылыс туралы терең және толық мәлімет береді. Бұл 3 кезеңмен өткізіледі. Яғни ұғым сипаттамаларына кіріспе беремін, ал оқушылар не жайында айтылып жатқанын түсіне бастайды. Сонымен қатар сол ұғымға қатысты сипаттамалар беріп өтемін, сол арқылы оқушыларды тағы бір сатыға көтерілуге ықпал жасаймын. Ең соңында тақырыпқа байланысты өз көзқарастарын жеткізіп қорытынды жасай алады. Тағы бір жиі қолданатын ойындарымыздың бірі десем де болады. 1 сыныптар үшін өте тиімді болмақ. Мәселен терезе, орындық, тақта, есік, гүл деген зат есімді сөздерді тез жаттап алу, сонымен қатар оны түсіну үшін оқушыны есімін айтып, сол затқа жақындату қажет болады. Яғни осының нәтижесінде бала есту, көру, ұстау арқылы санасына орнықтырады. Түстерді де дәл осылай жасап үйрете аламыз. Жиі қайталау нәтижесінде баланың миында жақсы сақталатыны сөзсіз. 3-4 сынып оқушыларының тақырыптары тереңдей түсетіндіктен оларға жиі қолданатыным «Алдын ала берілген атаулар» әдісін қолданған тиімді болады. Тақтаға тақырыпқа байланысты бірнеше атау суретін қойып, мағыналары туралы ойлануын сураймын. Бұл жұмыста оқушылар жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін олардың айтпақ ойларын тыңдап, қосымша толықтырылады. Бұл тапсырманы күрделендіруге де болады. Ол үшін алдын-ала берілген атаулардың ішінен тақырыпқа қатысы жоқ сөзді қосып қою арқылы. Мәселен, «Жалғау, қосымша, математика» сөздерін келтіруге болады. Бұл жерде соңғы сөз оқшаулау және сабақ тақырыбына тікелей қатысы жоқ деген ойларын айтады. Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан, сабақ барысында сергіту сәтін ұйымдастырған абзалырақ. Мен «Алма, шие, өрік, банан» әдісін қолдану арқылы оқушылардың орындарын ауыстыруына мүмкіндік беремін және эмоциялық жай-күйін жақсарту мақсатында бейне әуен арқылы сергітіп аламын. Сонда баланың энергиясы артып, сабаққа деген мотвациясы пайда болады.

Жоғарғы сыныптарда тақырып күрделеніп, кеңінен ашуға тура келеді. Ол үшін де әрине қолданылатын әдістеріңде ықпалын тигізетіні сөзсіз. Жоғарғы сыныпта «қазақ тілі мен әдебиеті» бір пән ретінде өтіледі, сондықтан да ақын-жазушылардың өмірі де жиі кездеседі. Ең алдымен, сыныптағы атмосфераны жақсарту үшін және оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатында «Арқаға жазылған комплименттер» әдісін қолданамын. Арқаларына жазылған алғыс, жылы, жұмсақ, жағымды сөздерді топ ішінде бір-біріне оқып беруге болады. Сол арқылы көңіл-күйлері көтеріліп сабаққа ынталана бастайды. «А,Б,С» әдістері сабақты пысықтау барысында өте тиімді болмақ. А-сұрақ қояды; Б-жауап береді; С-бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, соңында қорытынды береді. Оқушылар сұрақтарға жазбаша жауап беріп, стикерге өзінің ұсыныстаны да білдіре алады. Баланың санасына тез сіңімді болу үшін көп оқыту емес, жаңа дамыған бағыттағы технологияларды қолдану өте маңызды екендігінін барлығы да растай алады. Сондықтаң ұлт болашағы алаңдатар болса, онда мықты қорған болу үшін педагог жан-жақты ізденімпаз болу керек. Бойына қайсарлық пен сенім, адалдық пен еңбекқорлық қасиетті сіңіру қажат деп білемін.

Нағыз ұстаз болу, әрі бақыт, әрі абырой. Сырттай қарағанда мұғалім болу оңай болып көрінгенімен, нағыз ұстаз болып, білім саласында қызмет ету екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. «Ел есінде бір жыл қалғың келсе-ас бер, он жыл қалғың келсе-ағаш отырғыз, ал мәңгілік қалғың келсе-бала тәрбиеле»-дейді халқымыз. Қиыны мен жеңілі, қызық пен қуанышқа толы жылдар, ұдайы санамда сайрап тұрар ұстанымым-педагогикалық қызметімді абыроймен атқару, әрқашан жаңалыққа ұмтылу арқылы өрелі мақсаттар мен биік асуларға жету, ең бастысы жас ұланға білім нәрін төгіп, қазақ тіліне деген махаббаты мен құрметін арттыру.











































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!