400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің сүйікті оқу орным- Болашақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқып жатырған колледжім туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің сүйікті оқу орным – Болашақ


Зымырап өтіп кететін уақытты ұстап қалғыңыз келе ме? Біз жоғалтқан жылдар, айлар, сағаттар, минуттар тіпті секундтарды қайтару үшін уақытты артқа бұрғыңыз келе ме? Әрине ия, сіздердің де жауаптарыңыз солай болады деп ойлаймын. Кейде бақытты кездердегі уақыттың зымырап өткенін байқамай қаламыз. Сол сияқты біздің 2 жыл бұрын қыркүйек айында ең алғаш сабаққа келгеніміз есімнен кетпейді. Ешкім үндемейді, барлығымыз жаңадан келген соң ұялып отырмыз. Колледжге түспес бұрын ішімде бір қорқыныш болды, ойымда сан-түрлі жауапсыз сұрақтар толы еді. Ең бірінші

қорқынышым қандай колледжге түсемін?, ұстаздары қандай болады?, ал группаластарым қандай болады?, олармен достасып кете алам ба? деген сан сұрақтар болатын. Болашақ колледжін таңдап, осы оқу орнына түстім. Колледжге түскен сәттен бастап сұрақтарыма жауап таба бастадым. Колледжім ең жақсы, үлгілі оқу орындарының бірі болып шықты. Ұстаздары өте мейірімді, бізді оқуға, ізденуге көмек беріп, жолымызды бағыттап отырады. Ал группаластарыма келетін болсақ, әрқайсымыз әртүрлі болсақта, бір-бірімізбен сөзіміз жарасып тез достасып кеттік. Оларда өте мейірімді, ауызбіршілігі өте мықты. Уақытты кері қайтаруға болса, бірінші курс кезімді кері қайтарар едім. Студенттік кез ең бақытты кездің бірі деп рас айтыпты.

Сүйікті Болашақ колледжімде көптеген мамандықтар бар: кеме жүргізуші, аудармашы, техник-механик, экономист, жобалаушы техник, бастауыш білім беру мұғалімі, дене тәрбиесі мұғалімі, кеңесші-заңгер, мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі т.б. Мен заңгер мамандығында оқимын. 2 курс студентімін, бірер айдан соң сүйікті оқу орныммен қош айтысамын. Осы Болашақ колледжіне оқуға түскеніме дән ризамын. Болашақ колледжі білімді, талантты, көңілді студенттердің басын біріктіріп, ауызбіршілікті сақтап отырған алтын мекен. Тас шайнап құм түкірер, тепсе темір үзетін жастарды осы оқу орнынан табасыз. Болашақ колледжі адамдардың тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, жан-жақты дамуына, қабілетін ашып, өнерін көрсетуіне мүмкіндік беретін білім ордасы. Ең сүйікті колледжімдегі кездерді ең бақытты және де өмірімдегі ең үлкен сәттіліктердің бірі деп санаймын.

Халдыбай Гүлназ Калмуратқызы

ЖШС Каспий өңірі Болашақ колледжінің

«Құқықтану» мамандығының 2 курс

студенті



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
08.06.2024
222
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі