"Менің таңдауым балаларға көмек көрсету"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің таңдауым балаларға көмек көрсету"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік педагогтарға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету

Мақсаты: Балалардың санасына мейрімділік, қайрымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар, және балалар!.

Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп.

Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,

Біле білсең өзің үшін ол жеңіс.

Мкетебімізде өтіп жатқан «Мектепке жол» қайрымдылық акциясының жабылуына орай ұйымдастылылған «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету» атты тақырыбындағы мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.

Балаларды қорғау керек бәрінен,

Қардан, қыстың қахарынан,

Қорғау керек нәзік гүлдей аялап,

Жан шуағы, мейрім, бақыт, қуаныш.

Балаларға бөлінбесін алалап.

Келесі кезекте мектебіміздің күміс көмей әншісі Мергенбай Банудың орындауында Майлықожаның термесі «Тұсау кесер» ортаға шақырамыз.

Егеменді еліміздің жарқын болашағы-бүгінгі жас бүлдіршіндер. Сондықтан, Барлық игі жақсылық пен жүрек жылылығы балғын балаларға арналады.

Неткен құдірет! Күн ғой сәби күлгені,

Жарқыратып жібереді ау дүниені

Жетеді ме күлгеніне сәбидің.

Көркемсөз 3-сынып оқушылары Батырхан Еркеназ,және Тұрлыбай Жандәулет ортаға шақырамыз

Мейрімділік ғажайып өмір есігі,

Мейрімді болсаң, сазды әуенмен тербетілер бесігің.

Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,

Мейрімсіз болма, Алладан болмас кешірім.



Оу, Адамзат, сіңірген бойға мейрім.-дей келе, сөз кезегі мектебіміздің директоры Усербаев Умиртай ағайға береміз.

Ортаға мың бұралған «Қазағым-ай» биімен 9- және 8-сынып қыздарын шақырамыз.

Біз тілейміз бар бөбкке,

Бақытты өмір сүргенін.

Қуанғанын күлгенін.

Сусынымыз қанады,

Өнер,білім, нәрімен.

Әлемдегі баланың,

Дос боламыз бәрімен.

Сөз кезегі мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төреғасы Түйебақов Қалыбек ағайға беріледі

Алаңдатпай сәби сүйген ананы.

Қатігездік, безбүйректік, өктемдік,

Жауыздықтан қорғау керек баланы.

Ауру, апат, жоқшылықтан, аштықтан,

Жалқаулықтан, жат қылықтан, мастықтан.

Балаларды қорғау керек, ажыратпай,

Ойын-күлкі, ұйқысынан шаттықтан.

Болашақтың, барша ұлттық тағдырын,

Балалардың тағдырымен тоғысқан.

кезекті «Боз торғай» әнімен, Хамза Досханды шақырамыз

Сүйіктілер, періштелер сендерсің,

Қандай бейне өздеріңе тең келсін.

Данышпан да, ғарышкер де ғалымда,

Ең алдымен балалықты меңгерген

Сендер дағы өздеріңше күрессең,

Өздеріңше сендер де өмір сүрсең,

Болашақты жалғау үшін болашақ,

Бола жатар сендердің де үлесің.

Осымен өткізілген қайрымдылық акциямызды аяқтай келе, баршаңызға балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластарыңыз бен аялы алақандарыңызды созып, балғын бөбектерге адамдық мейрімділік пен жомарттық танытқандарыңызға рахмет айта отырып, келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз.

Бала-бауыр етіміз. Сондықтан да балалардың өмірі жарқын болып, аман болсын. Қош сау болыңыздар.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2018
350
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі