400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің ұлағатты ұстазым - Жаурова Айжан Баялиевна

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз туралы мақала.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің ұлағатты ұстазым – Жаурова Айжан Баялиевна

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

Ұстаз... Қандай ұлы сөз! Ешбір адам тең келмейтін, ешкім жете алмай жүрген биік шыңым, аспандағы айдай асыл ұстазым, көктегі күндей мейірімді ұстазым, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Аударма ісі және шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Жаурова Айжан Баялиевна. Жастайынан оқу – білімге құштар болған алғырлығымен, сөзге шешендігімен көпшіліктің көзіне ерекше түскен. 1991 жылдан бастап университет қабырғасында өзінің білімін студенттерге бере отырып, ұстаздық қызметті бүгінгі күнге дейін атқарып келе жатыр. Айжан апайдан білім алған студенттері қазіргі кезде жоғары дәрежеде. Сондықтан да Айжан апайдың бойындағы ерекше дарындылығы мені әрқашан биік белестерді бағындыруға жетелейді.

Ұстаз – ұлағатты тұлға. Айжан апай студенттерге ерекше бағыт – бағдар береді. Студенттерге жүріс – тұрысымен, көркем мінезімен, ағылшын тілін өте жоғары деңгейде білім беріп, сөйлеу шеберлігімен үйретіп, тәрбиелейді. Менің үлгілі студент болып қалыптасуыма ата–анаммен қатар, білікті ұстаз Айжан апайдың да рөлі зор. Үйде мәпелеп өсіріп отырған әке – анам болса, университет қабырғасында дәл солай әлпештеп отырған екінші анам ол – білімді де білікті ұстаз Айжан апай. Ұлағатты ұстаз Айжан апайдың студенттерге өзара сыйластық, қамқорлық сезімі студенттердің білім мен біліктілікті шыңдау әрекетіне жағымды ықпал етеді.

Айжан апай білім беру саласында ерекше бағыты бар, білімді ұстаз. Өзінің бір сөзінде: — Адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру әр ұстаздың негізгі міндеті. «Тарих» деген өте керемет пәннің болашақ ұстаздарысыздар сондықтан да өздеріңізді қазірден бастап мәдениетті болып, білім деген құштар болуларыңыз керек деп үнемі студенттерінің жүректеріне жеткізетін. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Сондай ұстаздардың бірі Жауырова Айжан Баялиевна. Әр студенттерінің жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы әрі ұлағатты ұстаз, ардақты ана.

Мен сізді ерекші жақсы көрем. Үлгілі студенттеріңіздің арасында шашыңызға ақ түспей, қартаймай жүруіңізді тілеймін. Бір өкініштісі уақыт өте біз де университетті бітірерміз. Бірақ мен сізді ешқашан ұмытпаймын. Бойыма сусындатып отырған білімдерімді әр уақытта керегіме жаратып, сіздің берген тәлім – тәрбиеңізбен жүретін болам. Сіздің арқаңызда талай – талай биік шыңдарға шығатыныма сенем. Атыңызды әйгілі етуге күшімді саламын. Студенттеріңіздің де бала – шағаңыздың да қызығын көріп, ұзақ жасай беріңіз деп шын тілек білдіремін!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
379
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі