400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Менің университетім-менің мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Жетекші: Игиликова Сымбат Автор: Шәріпбай Таңшолпан
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің университетім-менің мақтанышым

    Тарихқа толы 90 жыл. Бір адамның ғұмырына тән бұл жылдар білім жолында аянбай еңбек етті. 1934 жылы 15 қаңтарда 54 студентпен ашылған университет қазіргі таңда қаншама жастарды білікті маман ретінде дайындап шығаруда. Осы арқылы бәсекеге қабілетті мамандарды өз елімізде оқытуға болатынын дәлелдеді. Студенттердің бар жағдайын жасап, студенттер қаласына айналды. Жастардың болашағына жол аша білді. Ал, сол жастардың бірі өзіммін. Дәл қазіргі сәт жастық шағымның ең бақытты сәттерінің куәсі. Қызыққа, қуанышқа толы студенттік шағымды бастан кешудемін. Талай жас түлекке арман болған Қазақ Ұлттық университетінің студенті атандым. Бала кездегі арманымның шындыққа айналатынын кім білген?! Әрине, еліміз бойынша бірінші орынды алатын көшбасшы жоғарғы оқу орнында білім алу кімге де болсын арман екені хақ. Тіпті, «Қызым, қай оқу орнында білім алып жатсың» деп сұрағанда, «ҚазҰУ-да білім алудамын» деп жауап беру мен үшін мақтаныш. Себебі, кезінде анам ҚазҰУ түлегі болған еді. Енді, менде сол жолмен ізімді салып келемін.

  Мамандық таңдау-адам баласының өз өмірінде қабылдайтын маңызды шешімдерінің бірі. Ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңыз керек. Ертеңгі болашағыңыздың жарқын болуы, ұлтыңызға пайдасы тиген перзент атануыңыз өз қолыңызда.  Әрине, мамандықтың оңайы жоқ. Барлығы ерең еңбек пен біліміңнің арқасында келеді. Көбінесе адамдардың мамандық таңдауы бала күнгі арманын орындау мақсатында таңдалады. Бұл жағдай құлаққа жауыр болған әңгіме ретінде естілуі мүмкін. Бірақ, бұл шындық. Дәл сол секілді, менің бала күнгі арманым-қазақ тілінің мәртебесін көтеретін, нағыз тіл жанашыры журналист болу. Журналистиканың нағызы қайнар көзі Қазақ Ұлттық университетінде. Бірінші күннен-ақ оқуға деген құштарлығым артпаса кеміген емес. Әрине, оған себеп журфак оқытушыларының білім нәрімен сусындауы. Еліміздің ертеңі ертегідей болсын деп үміт етсек, оқу мен білімге аса назар аударған дұрыс. ҚазҰУ көкжиекті кеңейтуге, білім жолында дамып, елді көркейтуге үндейтін еліміздің басты университеті.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
276
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі