2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / "Mentor" жобасы

"Mentor" жобасы

Материал туралы қысқаша түсінік
https://youtube.com/watch?v=3VqDtBc6-n8&feature=shared
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



C.Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп







«Mentor» жобасы

Өзін – өзі басқару ұйымының жұмысы





















Құрастырушы: Шакилова Айнур Гафуровна

Аға тәлімгер













«Mentor» жобасының бағдарламасы мен тақырыптық жұмыс жоспары

Мақсаты:

  • Оқушылардың мектеп өміріне белсенді қатысуларын, білімге деген қызығушылықтарын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қоғамдық ортаға бейімделуіне үлес қосу.



Міндеті:

  • Оқушының оқу-үлгерімін, тәртібін, киім үлгісін

  • Ұйымдастырылған іс-шараларға қатысуын қадағалау

  • Мектеп өміріне деген қызығушылықтарын арттыру

  • Сынып жетекшілер мен пән мұғалімдерімен бірігіп жұмыс жасау

  • Оқушылардың қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауын үйрету

  • Бастауыш сынып оқушыларына мектеп ережесін түсіндіру

  • Бастауыш сыныпты ортаңғы буынға, ортаңғы буынды жоғары буынға дайындау





























Кіріспе.

Қазіргі таңда тәлімгерлік  (менторлық) жұмысты жаңаша бағытта ұйымдастыру әлдеқайда нәтижелігі мен тиімділігін танытуда. Тәлімгер тәлім алушымен жұмыс жасай жүріп те шыңдалады, кәсіби құзіреттілігін арттырады, көшбасшылық қасиетін дамытады.  Әріптестік ынтымақтастықтағы жұмыс ең алдымен, жылдық жоспарды тиімді құрастырудан бастау алады. Тәлім алушының бекітіліп берілген сыныптарына ұзақ мерзімді жоспарды талапқа сай құруын бақылаған жөн.   Тәлімгер ретінде  үлгі жұмыстарды көрсетуді жоспарлап, берілген жұмыстан алған әсерін байқау мақсатында  кәсіби әңгіме жүргізген дұрыс. Тәлім алушының сабақтарына  қатысып, кәсіби көмек көрсетіп,  қорытынды есеп жасауға машықтандырған жөн.  Тәлімгер мен тәлім алушы арасында тығыз шығармашылық байланыс  орнауы үшін кейде бейресми әңгіме де жүргізу де әлдеқайда тиімді болып табылады. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданудың қажеттілігі Whatsapр, ZOOM арқылы да кеңестер беру,  әдістемелік бағыт-бағдар беру   — тәлімгерліктің  басты міндеттерінің бірі. Шараларға бірлесе дайындап, тиімді өтуіне, тәлімгер ретінде көмек беру.





































Түсінік хат

Үйірме бағдарламасы бастауыш сыныптардағы оқушылардың екі жылдық жұмыс жоспарына сай есептеліп жасалған. Үйірме – бұл мұғалімнің оқушылармен әріптестік қатынаста және нәтижеге қол жеткізуі үшін жұмыс жасауына арналған. Бұл технология қатысушыларды ізденімпаздыққа, таным мен өзін-өзі тануға бағытталған. Үйірменің өз жұмыс мақсаты мен міндеттері бар. Сезіну,елестету, көру, тапсырманы орындау, содан соң ізденімпаздықты ұйымдастыру – жетекшінің тілеген әрекеттері міне, осылар. Оқушының үйірмеге ұмтылысын күшейтетін нәрселер – өз идеяларын ұсыну, жарнамалау, өз жұмысының нәтижесін көру. Үйірме жұмысы үнемі өз жұмысын талдаумен, өз әсерімен бөлісумен аяқталып отырады. Үйірме жұмысы бірнеше бөлімдерден құралған бағдарламадан тұрады. «Сөйлеу мәдениеті мен техникасы» бөлімініде тыныс алу, сөйлеу мүшелерінің еркін жұмыс жасауына бағытталған жаттығулар мен ойындар жүргізіледі. Сондай-ақ, нақты мәнер мен ойлау, орфоэпиялық заңдылықтар түсіндіріледі. Бөлімге байланыс қабілетін дамытатын, қысқаша ертегілер мен әңгімелер құрауға үйренетін, қарапайым іс-әрекеттерді таңдай білетін сөздік ойындар енгізілген.

Келесі «Сымбат пен мүсін икемділігі» бөлімінде баланың қозғалыс қабілеттерін, дене әрекетінің әдемі қимыл қозғалысын, оқу күшін жеңілдетуге бағытталған дамыту ойындары мен жаттығу жұмыстары жүргізіледі.

«Театральдық ойын» бөлімінде оқушының тек қана кәсіби шеберлігін дамыту қарастырылмайды, сондай-ақ, ойын әрекетіндегі эстетикалық сезімін дамыту, құрдастары мен үлкендер түрлі жағдаяттар арасында өзін дұрыс ұстай білу тәртібі үйретіледі. .

«Әдеп пен мәдениет» бөлімінде оқушылардың өмірдің мәні мен құндылықтарын түсіну, жалпы адамзаттық бағалы қасиеттерді ұғыну, сөйлесу мәдениеті мен өзін ұстай білу әдебін, эстетикалық мәдениетті (талғамы бар оқырман, көрермен бола білуге) білу үйретіледі.

Үйірменің жұмыс кестесі бастауыш үш сыныпқа аптасына екі рет жүргізіледі.















Күтілетін нәтижелер:

Оқу жылының аяғына қарай оқушылар:

Біледі:

  1. Mentor деген кім?

  2. Mentor жұмысы несімен ерекшеленеді

  3. Mentor қайдан пайда болды?

  4. Mentorлар қандай жұмыс жасайды?

Түсінігі болады

  1. Mentor негізгі әдістемелік құралдары жөнінде

  2. Mentor жұмысына қандай көрнекіліктер керектігін

  3. Mentor мен оқушы арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі туралы

Үйренеді:

  1. Өзінің өмірдегі құбылыстарға қатынасын көрсетуді

  2. Бейнелі ойлауды

  3. Назарын аудара білуді

  4. Өзін шараларда және қосымша жұмыстарда қалай дұрыс ұстауын сезінуді

Таланттарын үстемелейді:

  1. Бекітілген сыныппен сөйлесу

  2. Mentor шеберлігі

  3. Ұжыммен жұмыс



Сондай-ақ, артық ұялшақтықтан, қоғамнан қорқудан, «сыртқы көзқарастан» қысылудан арылады, тіл табысқыштық, ашықтық, қоршаған ортаға қамқорлық, ұжым алдындағы жауапкершілік қасиеттерін алады.
































Бір жылға арналған жұмыс жоспары



Бағдарлама тараулары

Сағат саны

1 жыл

1

Кіріспе


2

Mentor деген кім?


3

Mentor мен оқушы арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі туралы


4

Өзін шараларда және қосымша жұмыстарда қалай дұрыс ұстауын сезінуді


5

Mentor шеберлігі


 6

Барлық сағат саны






27 Наурыз 2025
92
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі