Мереке мен сауықтарды
өткізуде тәрбиешінің басшылығы.
Балабақшадағы тәрбие
бағдарламасы өмірге келген алғашқы жылдан бастап, барлық жастағы
топтарда шынықтыру процедурасын қолдануды көздейді; шынықтыру
түрлері, оларды өткізу уақыты,ұзақтығы белгіленген, дәрігердің
ұсынысына сәйкес әркімнің жеке басының ыңғайына қарау міндеттілігі
көрсетілген.
Қимыл кезіндегі ауа ваннасы
балалардың қимыл процесінде жалаңаш терінің сыртына ауаның тікелей
ықпал етуін қамтамасыз етеді. Осыған орай жылдық жоспарға
балалардың салауатты өмір салтын сақтау және әр баланың
ерекшелігіне қарай дене дамуын қалыптастыруға сауықтыру шаралары
қаралған, олар: таза ауада дене шынықтыру, ертеңгілік жаттығулар,
спорттық ойын-сауықтар, серуен, серуендегі қимылды ойындар, сергіту
сәттері, ұйқыдан кейінгі гимнастика, массаж, жалаң аяқ
жүру, ауа ванналары, су
процедуралары ысқылау, шайыну, душ, шомылу, және күн сәулесі
ванналары пайданылады. Оларды кешенді ауа, су, және күн қолдану
неғұрлым тиімдірек болады. Табиғат факторларын комплексті қолдану
балалардың бойында қоршаған ортаның әр түрлі қолайсыз ықпалдарын
дымқыл ауа, жаңбыр, жел, қапырық төзімділік қабілетін
қалыптастырады. Қандайда бір процедура бала организмінің толық
шынығуын жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ете
алмайды
Дене жаттығулармен ұштастырған
шынықтыру процедуралары неғұрлым тиімді болады. Бұлшық еттердің
ширақ жұмыс істеуі жылу реттеу процесі жетілдіруге және сол арқылы
организмнің қоршаған сыртқы ортаға бейімделеуіне көмектеседі.
Шынықтыру процесінде организмнің терең өзгеріуі іске асады, ал егер
бала ширақ болса, ол өзгеріс табиғи әрі қарапайым жүзеге асады.
Балалар үшін қызықты дене жаттығуларымен және ойындармен
ұштастырылған шынықтыру шаралары эмоциялық өрлеуді туғызады, жоғары
нерв орталықтарының қызыметін жақсартады,ішкі органдардың жұмысы
мен зат алмасуды реттейді вегатативі нерв системасына жақсы ықпал
жасайды.
Шынықтыру күрделі шартты
рефлекторлық процесс ретінде жүйелілікті талап етеді. Жүйелілік
болмай, режим бұзылса, уақытша байланыстар жойылады, ал баланың
организмі табандылықты және әр түрлі қолайсыз ықпалдарға қарсы
тұруды қалыптастырған,қоршаған ортаның жағдайына бейімделу
қабылетін жоғарлатады.
Шынықтыру процесі сан алуан;
бір жағынан, ол дәрігер белгілеген арнайы процедураларды ауа, су,
күн, екінші жағынан күн режимінде белгіленген тәртіпке байланысты
жағдайдын қатаң тұрақтылығын жүйелі түрде болмені желдету,
фрамулаларды ашып қою, балалардың костюмі мен аяқ киімін женілдету
, серуендетудің белгіленген ұзақтығын және балалардың қимыл
ширақтығы режимын сақтау, терезелері ашық верандада ұйықтау
қамтиды.Бұлардың бәрі организмді шынықтырудың толық пайдалылығын
қамтамасыз етеді нерв жүүйесінің жағдайы мен қызметін алмасу
процестерін, қан құрамын жақсартады тыныс алуды тереңдетеді,
психикалық эмоциялық жағымды күйді туғызады,баланың жағдайы мен
мінез құлқын осы жағдайға
стереотиптендіреді.
Күні бойы балалардың сан алуан
әрекеті тәрбиешінің басшылығымен өтеді. Қалыпты жағдай туғызу,
балалардың шат көңілді қалпын сақтау, әрбір баланың тиімді
әрекетпен айналысуы., әрекеттің қажетті ауыстырылуы, оның мөлшері,
бүкіл қимыл режимін бақылау тәрбиешіге
байланысты.
Бұл күрделі әрі ауыр жұмыс
тәрбиешіден орасан сергектік және сонымен бірге қажетті икемділік,
балалардың әрекетін, олардың жалпы жағдайын бақылай білу және соған
байланысты оған тиімді бағыт беру, егер қажет болған жағдайда
балаға қойылған талаптың орындалуын әдептілікпен, ізгі ниетпен және
сонымен бірге табандылықпен қамтамасыз ету талап
етіледі.
Тәрбиеші кез келген жағдайда
балаға көмектесуге әзір болуы керек және сонымен бірге асықпауға,
олардың инициативаларын, ойлану мүмкіндіктерін жоғалтып алмауға,
дене жаттығуларын игеру кезінде күш-жігер жұмсауға, әр түрлі ойын
тапсырмаларын с.с орындауға тиіс.
Топтағы байыпты және шаттыққа
толы көңіл күй, балалардың ширақтығы мен қимыл әрекетіне ұмтылысы
бірдеңені үйренуге тілек білдіруі, өзінің қуанышы мен реніштерін
педагогпен бөлісу тәрбиешінің педагогикалық шеберлігінен,
балалармен шынайы өзара қарым-қатынасына
бйланысты.
Тәрбиеші өз білімінің,
ақыл-ойы мен сезімінің байлығын балаларға беруде жомарт болуға,
балаларды өзіне тарта отырып, жігерлі жұмыс істеуге
тиіс.
Балалардың күні бойғы өмірі
баланың нерв жүйесі гигиенасының негізіне қайшы келетін
асығыстықпен, үнемі асықтырудан аулақ, белгіленген режим шеңберінде
өтуі керек. Дене тәрбиесі өзінің барлық компоненттерімен басмқа
сабақтармен және әрекеттермен кезектеседі. Жүйелі түрде осылай
кезектесі сақталған жағдайды күн кестесістереотиптері мен
балалардың оңды реакциясын
тудырады.
Тәрбиешінің міндеті,
балалардың күн сайын әйтеуір бірдеңені үйренуін, өздеріне таныс
жағдайды жетілдіруін, өздерінің білімі мен сезімін бағыттауын, ал
үйіне қайтқан кезде, ертеңге уәделескен қызықты ойынды ойнау, алыс
есруенге бару, велосипед тебуді үйрену т.с.с қызықты перспективамен
қайтуын қамтамасыз ету болып табылады. Мұндай шын мәнінде қызықты
өмірді өзінің жұмысы мен балаларды сүйген әрбір тәрбиеші
қалыптастыра алады.
Сөйтіп, баланы сәби кезінен
және мектепке дейінгі жасынан шынықтыру адамның одан әрі қалыпты
тіршілік әрекетінің,оның жоғары жұмыс істеу қабілетінің және шат
көңілінің негізі болып табылады.