МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА Тақырыбы: «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА Тақырыбы: «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі «№11 орта мектебі»

к оммуналдық мемлекеттік мекемесі















МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА



Тақырыбы: «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!»









Жауапты: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Килыбаева М.К.












2018 – 2019 оқу жылы


Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!

Мақсаты:

Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.


Көрнекілігі: қабырға газеттері, қанатты сөздер, ұлы тұлғалар портреті, кітаптар мен рефераттар, интерактивті тақта,слайдтар,т.б.


Барысы:
Мұғалім: Қымбатты ұстаздар мен оқушылар міне біз бүгін бүкіл Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлағалы отырмыз. Біздің негізгі мақсатымыз оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек.


Әнұран орындалады


Би: «Тәуелсіздік шуағы » биі орындаушы Елшан Аяулым 9 «Ә» сынып

білім алушысы



1 - жүргізуші:


Ассалаумағалейкум құрметті тіл жанашырлары, бүгінгі мерекеміз құтты болсын!


Құтты болсын, құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдінің.
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліне зер салыңдар бұрынғының, -

дей келіп, бүгінгі «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!» атты тіл мерекесіне қош келдіңіздер!






2 - жүргізуші

Здравствуйте, уважаемые гости. Здравствуйте, вес, те кто пришел на наш праздник. Мы рады приветствовать вас в нашем уютном зале. 22 сентября - День языков народа Казахстана. И сегодняшнюю мероприятие мы посвящаем этому празднику


1 - жүргізуші:


Тіл тағдыры шешуін күтті. Көпшілік ойы айтыла бастады. Ақыры 1986 - дың желтоқсаны тығырық кезеңнен құтқарды. Соның лебімен 1989 жылы «Республикадағы қазақ тілінің жайы» туралы қаулы қабылданды. 1989 жылы қыркүйектің 22 - і күні «Қазақстан Республикасындағы тілдер» Заң қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды.

Кейін 1993 жылы қаңтардың 28 - і күні бұл статус Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында тұрақталып, Тіл туралы Заңы 1997 жылы шілденің 11 - күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.

2- жүргізуші:

Язык – это общественное явление, которое действует на протяжении всего существования человечества. История не знает ни одного человеческого коллектива, который бы не пользовался языком. И это понятно. Человек живет в обществе. Он постоянно связан с другими людьми. Средством общения служит язык. При помощи языка люди передают свои мысли, желания, чувства.

Указом Президента РК Н.А.Назарбаева от 20.01.1998г. 22 сентября был объявлен днем языков народов РК.   Ежегодно 22 сентября в Казахстане отмечается День языков. Это общий праздник для всех народов Казахстана. 
В основе многонационального праздника языков лежит такая идея: каждый язык-это часть духовного наследия всего человечества, а каждая культура - это бесценный вклад в мировую цивилизацию.


1 - жүргізуші:


Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй. 
Ән: «Ананың тілі» орындаушы Туғанбек Нұрай 5 «А» сынып білім алушысы



2- жүргізуші:


Тіл дегеніміз не? Тілдің қоғамдық қызметі мен мәні неде?


Ортада 4 «В» сынып білім алушылары



1- жүргізуші:


Тіл тағдыры туралы жырлап өткен ақындар аз емес.

Ендеше, өлең жырларға құлақ асайық.


1-оқушы


Туған тілім — тірлігімнің айғағы,

Тілім барда ашылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін.

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.


2-оқушы


Ана тілім-ең асылым, ардағым,

Ана тілім-бар байлығым, бар бағым

Халқым үшін арнасам ән-жырымды,

Ана тілі-өз тілімді арнадым.

 

Ана тілі-бар қызығым,азап мұным,

Ана тілі –ар ожданым,азаттығым.

Өмірдің таңғажайып бесігінде,

Тербей бер ғұмыр бойы қазақ тілім.



6 - сынып білім алушылары «Ана тілім ардақтым» жыры.


Несіне мен қазақпын, өз тілімді білмесем.
Өз елімде жарқылдап, еркін сөйлеп жүрмесем.
Құт мекенім қасиетті ата - бабам жерінде,
Нағыз қорлық - деп білемін, басқа тілде тілдессем.



Ана тілдің қасиетін айта білген түсінер,
Өз тілінде сөйлейді өмір көрген кісілер.
Жойған күні тіліңді, жойылады қазақ та,
Жоя білген адамдар - құлдыққа да түсірер.


Мансап үшін өз тілін құрбан еткен адамдар,
Басқа тілді қастерлеп, ана тілін жамандар.
Ондай жандар ортадан аулақ болса сол дұрыс.
Қазақ емес шіріген жұмыртқа деп санаңдар!



Ана тілін сатқандар опасыз - деп білемін,
Білген жанға өз тілің - қуанышың, тірегің.
Қазақ тілі қор болса, қор болғаным менің де.
Ол жойылса мәңгілік тоқтап қалар жүрегім.


Керек емес байлығын, керек емес алтының,
Менің жалғыз тілегім, тілін сақта халқымның.
Ана тілім бар жерде сақталарын білемін
Қазақ үшін қасиетті ата - дәстүр салтымның.


Ана тілін ту етіп, көтер қазақ көгіне.
Айқасқа түс, сол үшін айтыс болса шегінбе.
Ана тілді сыйламай, өгей бала болмайық.
Өз тіліңде сөйлемей, өзің туған жеріңде.


Ән: «Жаса қазағым» орындаушы Байырқасым Бекзат 9 «Ә» сынып білім алушысы


1-жүргізуші:


Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны.


Логикалық сұрақ

Дүниеде ең ашты мен ең тәтті нәрсе не деп ойлайсыңдар?

(білім алушылардың ойын тыңдау)


2-жүргізуші:

Каждый человек с раннего детства, впервые сказав на родном языке слова «мама», «хлеб», «земля», «снег», «дождь», «звезды», начинает любить свою родную речь – язык своей матери. Речь культурного, образованного человека должна быть правильной, точной и красивой. Высокая культура речи – это умение правильно и точно, верно и выразительно передавать свои мысли средствами языка.





1-жүргізуші:


Танытқан қазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын,

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.


Ия, бүгін біз ана тіліміздің құдіреті мен өміршеңдігіне біршама көз жеткізгендей болдық. Оның тереңіне бойлап түбіндегі інжу – маржанын ерінбей – жалықпай тере біліп өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз.
Тіл – ұлттың жаны, халқымыздың асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, қорғау, біздің міндетіміз. Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл-қыздарына ғасырлар бойы бабаларымыздан жеткен аманат.

Осымен Тіл мерекесіне арналған «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!»

атты мерекелік іс-шарамыз өз мәресіне жетті. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, тіл мәртебесі биік болсын, ағайын!

2-жүргізуші:


Вот и подошла к концу наша торжественное мероприятия, посвященная Дню языков! Желаем всем всего вам доброго и прекрасного!


Ән: «Атамекен» Байырқасын Бекзат орындаушы 9 «Ә» сынып білім алушысы


















«Picture 4 Picture 7 Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!» Picture 2 Picture 3 Picture 5 Picture 6

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.12.2018
926
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі