Материалдар / Методикалық құрал "Рухани әлем"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Методикалық құрал "Рухани әлем"

Материал туралы қысқаша түсінік
11-сынып оқушыларына керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2018
2027
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»








Рухани әлем


Жалпы білім беретін мектептің

11- сыныбына арналған


























П


етропавл, 2018ж



Құрастырушы авторлары:


Бекматова Ботагөз Ескендірқызы СҚО Петропав қаласы №7 орта мектеп КММ  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі жоғары санатты.






Пікір жазғандар:

Ж.Т.Қадыров М.Қозыбаев атындағы СҚМУ филология кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының кандидаты, профессор.


К.К.Есмуканова «С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі жоғары санатты.







Бұл жинаққа 11- сыныптың қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша эсселер мен оқу сауатылығына арналған материалдар енгізілген. Оқу құралының тілі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ескерілген, оқу сауаттылығының мәтіндері ұлттық сана қалыптастыруға, ұлтжанды азамат тұрғысынан тәрбиелеуге негізделген. Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін эссе жазуғакеңінен пайдалана отырып, өзіндік ой-пікірлерін,сезім,әсерлерін әдеби тілмен жеткізуге дағдыландырады.Оқу сауаттылығындағы мәтіндер бүгінгі көкейтесті мәселелерді қамтиды.























Мазмұны


Алғы сөз ----------------------------------------------------------------------------------------------------4

Эссе туралы түсінік--------------------------------------------------------------------------------------5-6

Эссе тақырыптары

Ы.Алтынсарин-балалар әдебиетінің атасы---------------------------------------------------------7-10

Солтүстіктің інжуі-Сафуан---------------------------------------------------------------------------11-12

Цифрлық Қазақстан---------------------------------------------------------------------------------------13

EXPO-2017--------------------------------------------------------------------------------------------------14

Жақсы сөзім - жаны игі халқым үшін-----------------------------------------------------------------15

Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» «қандай» мен «қалайға» жауап беріп, өз қөзқарасыңызды талдап жазыңыз------------------------------------------------------------------18

Мағжан Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз------------------------------------------------------------------------------19

Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз--------------------------------------------------------------------------------------------22

М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?-----------------25

Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор

сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап жазыңыз--------------------------------------------------29

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келеді?--------------------------------------------------------------------------------------------------------30 Сал-серілердің көтерген мәселесін, қозғаған тақырыбын жазыңыз-----------------------------32

Дулат Бабатайұлының Еспенбет дастанында Еспенбеттің нағашысынан қалауы Ақбөрте болуының себебін дәлелдеп жазыңыз-----------------------------------------------------------------34

Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы жазылған «Ақ сиса» өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңыз--------------------------------------------------------------------------------35

Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз---------------------36Т.Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін» атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз-------------------------------------------------------------------37

Қазақ даласының қоңырауы------------------------------------------------------------------------------38

Тіл тұтастығы-ел тұтастығы-----------------------------------------------------------------------------39

Елдің өткені мен бүгінгісінің сабақтастығы----------------------------------------------------------42

Отан неден басталады?------------------------------------------------------------------------------------44

Қазақстан Республикасының өркендеу жолы--------------------------------------------------------45

Оқу сауаттылығы-------------------------------------------------------------------------------------------49







Алғы сөз


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылдың 16 қарашасында шыққан №660 бұйрығына сәйкес 2016-2017 оқу жылында жалпы орта білім беретін мектептердің 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға өзгерістер енгізілді.Енді 11-сынып оқушылары үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен эссе жазу міндеттелді. Эссе жазу мұғалімдер мен оқушылар үшін жаңа формат болғандықтан, көмекші ретінде әдістемелік құрал әзірленді. Бүгінде ЖОО-да берілген білімді бағалау үшін эссе көп жазылады. Ал батыс елдерінде оқуға құжат тапсырылғанда ерекше көңілді эссеге бөлінеді." Әдебиеттің қысқаша энцикпедиясында" («Краткая литературная энциклопедия»): "Эссе – бұл жеке тақырыпты түсіндіретін және соған байланысты әсері мен түсінігін беруге тырысатын шағын көлемді және еркін композициялы прозалық шығарма»,-деп берілген. Эссе соңғы жылдары танымал бола бастады. Бүгінгі таңда эссе жиі қолданылатын тапсырма түрі ретінде ұсынылады. Ол құжат пакеттерінің негізгі компоненттерінің бірі (оқу орнына түскенде немесе жұмысқа орналасқанда) болып табылады. Эссе байқауы көпшіліктің ішінен ең үздігін таңдап алуға көмектеседі. Ұсынылып отырған әдістемелік құралда эссе термині, түрлері, құрылымы, ерекшелігі, талаптары және эссе жазу үлгілері мен оқу сауаттылығына арналған әртүрлі тақырыптағы мәтіндер ұсынылып отыр.

Жинақтағы эсселерді оқушылар оқып отырып, өзгенің ойы мен пікірімен бөліседі. Осы тақырыпты өзі қалай жазар едім деген ой туындап, үлкен дайындықпен қосымша материалдарды оқып дайындалып жазса, жақсы нәтиже берері анық. Ұстаздарға да қосымша материалдар ретінде пайдалануына болады.Эссе жазушы оқушылар мақсатқа сәйкес эссе түрінің талаптарын сақтап отырып жазды.Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделген. Эссенің мақсаты – эссе жазушының өзіндік көзқарасын, сыни ойын жетілдіру. Ұстанымын дәлелді бекіту үшін жан-жақты білім алып, ақпаратпен қаруланады. Тақырыпты ашуда танымдық білігін тиімді қолданып, шығармашылық қабілетін шыңдап, ой жүйелілігін реттейді. Жазу түрлеріне қарай жазу тәсілдерін таңдай біліп, эссе түріне қарай жазу стилі сақталған. Оқушы ой жүйесінің бірізділігін сақтаудағы сөз оралымдарын тиімді қолданып, сөздік қорының байлығын дамыту арқылы ойын жеткізуге қажетті көркем айшықты сөздерді тиімді қолдануға үйренеді.





Эссе деген не?


Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма» десе, француз тілінде талпыныс, байқау, очерк, латын тілінде салмақтау деген мағыналарды береді. Сонымен қоса, эссе – білім алушының пәндік білімі мен білігін танытатын қорытынды жазба жұмыс түрі. Эссе – студенттің қысқаша ғылыми жұмысы, яғни студенттің (оқушының) тар шеңбердегі өзекті сұрақты шешуі. Эссенің басқа ғылыми жұмыстардан өзгешелігі – берілген тақырыпты қысқа әрі нақты жеткізе білуінде. Эссе қалай жазылады?

Эссенің құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады. Маңызды ережелерінің бірі – тезис қою. Тезис – эссенің кілті. Кілті табылмаса, эссенің негізгі мақсатына жетуі де қиындыққа ұшыратады. Тезис – автор ұстанымы, негізгі бөлімде дәлелденетін ойға сілтеуші негізгі идея. Тезис кіріспе бөлімде қойылады. Кіріспе бөлім нені қамту керек? Кіріспе бөлімде эссе жазушы эссе тақырыбына түсінік береді. Осы арқылы жазушының эссе тақырыбын түсінгенін анықтай аламыз. Бұл тақырып неліктен өзекті екендігі жазылады. Тақырып және оның өзектілігі туралы жазылғаннан кейін тезис қойылады. Тезистен кейін негізгі бөлімге көшуші сөйлем жазылады.

Эссе тақырыптары эссе түрлеріне қарай әртүрлі құрылады. Аргументтік, дәлелдемелік, әдеби, сыни, синтез эсселердің өзіндік ерекшеліктері бар. Осыған сәйкес тақырыптарында да өзгешілік бар.

Эссе жазу адамды үздіксіз оқуға итермелейді. Идея айтып, пікір білдіргенмен, аргументтермен бекіте алмау – аяқталмаған эссе. Толық эссе жазылу үшін қоғамда болып жатқан жаңалықтар, әртүрлі саладағы өзге-

рістер, тың ойлар, оқиғалар, жаһандық мәселелер назардан тыс қалмау керек. Нашар аргументтен нашар эссе жазылады. Эссе – білім алушыны үздіксіз оқуға жетелейтін жазба жұмыс түрі.

Біз қалай жазып жүрміз?


Эссе жазу әдістері туралы зерттеу барысында кезең сайын шеберлік-сыныптар, семинарлар, курстар, тренингтер өткізіліп келеді. Курс, тренингтер интерактивті формада өтеді. 20% – теориялық материал, 80% – тәжірибелік жаттығулар, пікірлесулер, кері байланыстар. Яғни, қатысушылар эссе жазады, кері байланыс арқылы жазу жолын меңгереді. Біздің түсінігімізде эссе әр адамның тақырып бойынша өз ойын білдіруі. Расында да, эсседе өз ойымыз жазылады. Дегенмен құрылым жағынан қиындықтар бар. Тезис қою қалыптаспаған. Пікірді аргументтермен дәлелдеп, қорыту жетіспейді. Пікір айтудан гөрі, ақпараттар жиынтығы беріледі. Қорытынды бөлімде тыңнан жаңа ойға көшіп, эссе тақырыбынан ауытқып кетеді. Эссені тұтас алғанда, эссе жазушы, тек қана кіріспе жазып шығатын жұмыстар да кездеседі. Эссе жазуды бастамас бұрын тақырып туралы түсінік тексеріліп, оған айтатын идея мен пікірлер, аргументтер жинақталады. Түсінік, пікір бар болғанымен, аргумент келтіру қиындық туғызады. Аргументтің аздығынан тақырып таңдауда қиындық туды. Жоғары оқу орнында эссе жазуы, мектепбітірушілер емтиханының эссе форматында өтуі еліміздің білім саласына енген жаңалықтары. Сондықтан эссе жазу әдістерін жетілдіру – зерттеуге итермелейтін іс.


Эссе жазудың мақсаты:

  • Белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу;

  • Сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту;

  • Оқырмандарды ақпараттандыру;

  • Мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу;

  • Өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рахатқа бөлеу;

  • Көңіл-күйіңді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу;

  • Іс-әрекетке түрткі болу.

Эссені қалай жазуға болады?

Мінсіз эссе жазудың дайын ережесі жоқ және болмайды да, бірақ эссе жазу дағдыларын жүзеге асыруға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар бар.

Эссені жазу маңызын түсініп, оны ашудан бастау керек, кейіннен автордың өзіндік ойы, оны растайтын дәлелдемелері,қорытындылары келтіріледі. Егер сіз эсседе келтірілген мәселе бойынша атақты ойшылдардың, ғалымдардың пікірлерін келтірсеңіз жұмыстың сапасы артады. Сонымен қатар эссенің жазылу стиліне назар аударыңыз, орынсыз, жеңіл-желпі пікірлерді жазбаңыз.

Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.

Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану–жоспарлау –жазу–тексеру

ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар:
• Жеке көзқарастың көрінісі;
• Фактілі дәлелдер (аргументтер);
• Теоретикалық негіздеме;
• Терминдерді қолдану;
• Цитаталарды келтіру;
• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
• Сауаттылық (пункт., орфогр.);
• Юмор, сарказм;
• Қолданған ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.

Эссе жанры шығармашылық еркіндікті білдіреді. Эссе – бұл сіздің естіген немесе оқыған я болмаса көрген жайтқа байланысты жеке көзқарасыңыз.Құрылымдық жағынан эссе полемикалық сөздердің, ойлардың я болмаса сұрақтардың динамикалық кезегі.

Сонымен бірге шығармашылық еркіндікке қарамастан, эссе жанрында ой қозғау оңай емес екенін ұмыптаған жөн. Ең бастысы – бірегей идеяны тауып және  белгілі бір мәселеге байланысты қалыптан тыс көзқарасты білдіру керек.Эссенің тақырыбы автор ойының «ұшу алаңы» болып саналады.Эссенің еркін композициясы өзінің ішкі логикасына бағынышты, ал эссенің басты мазмұнын автор ойларының “көркем оюларында” іздеген абзал болады.Өзіндік көзқарасты білдіру үшін эссе авторы аналогияларды таңдап, мысалдар келтіруі, салыстыру жасауы мен ассоциацияларды қолдануы қажет;Эссеге көптеген көркемдегіш құралдарды қолдану тән (бұл – метафоралар, аллегориялық образдар, символдар мен салыстырулар). Эссенің тақырыбы автор ойының «ұшу алаңы» болып саналады. Эссе – айқын бейнеленген авторлық көзқарас.Жеке авторлық стиль – жанр талабы.


 Әдебиет халықтың кешегі өмірін, бүгінгі тынысын кестелеу арқылы белгілі бір кезеңдердің көркем шындығын көрсетеді. Қай елдің әдебиетінде болса да көркем шығармашылықтың құнды жанры ретінде эссе туындап жатады. Әр жанрдың өз ерекшелігі мен өзіндік табиғаты бар. Әдетте бір жанрға қойылатын талапты екінші жанрдың табиғаты көтере алмайды. Вольтер:«Жалықтырып жіберетін жанрдан басқасы бәрі жақсы»-деген. Шынымен де, қызықсыз жанр болмайды, бұл тікелей жазушының көзқарасына, идеясына, бейнелеу, жеткізу әдісіне байланысты дүние.
З. Қабдолов: « Жанр-даму үстіндегі ұғым. Әрбір тарихи дәуір әр түрлі жанр олардың түп негізін сақтай тұра, оның табиғатына өз ерекшеліктерін енгізеді. Мұндай ерекшеліктер, бір жағынан, әр әдебиеттің ұлттық сыр-сипатымен тығыз байланысты болса, екінші жағынан, әр жазушының әлеуметтік орта мен әдеби процесстегі атқарар роліне, алар орнына байланысты.» Жанрлардың ішіндегі қандай құбылыстар болмасын белгілі бір стильдік, көркемдік мақсатта жұмсалып, көркем шығармалардың ішінде айрықша қызметке ие болып тұрған жанрлардың бірі – эссе жанры.Эссе жанры – тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше талғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлсек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философиялық, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры. Әдебиеттегі эссе-соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлемнің азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдаумен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады.

Соңғы жылдары эссе жанры баспасөз беттерінен қайта көріне бастады. Бұның себебі – эссенің газет беттеріне қайталамас реңк, ерекшелік әкелуінде. Қазіргі заманғы эссенің негізі – қоғамдық өмірдің әр саласындағы құбылыстарынан пайда болған «теория», анықталған концепцияны ерекше бейнелеу мен жеткізуде жатыр. Эссеистың ойлау деңгейі «глобальдылық». «Глобальды» деңгейде ойланудың маңыздылығы ең алдымен адамдардың күнделікті өмірде негізгі мәселелердің ішінде көкейкесті, өтпелі кезеңдерді анық байқауға көмектеседі.Журналист Жидегүл Әбдіжәділқызының айтуынша: «Эссе-журналистің адамгершілік көзқарасын танытатын, авторлық позициясын айқындайтын, кәсіби деңгейін аңғартатын, қалың бұқараның санасына тікелей ықпалетіп, сол арқылы қоғамдық пікір тудыратын жанр». Яғни, журналистік тұрғыдан қарастыратын болсақ, өте тиімді, әрі журналистік функцияны атқаруға мүмкіндік жасайтын жанрлардың бірі. Өкінішке орай, кейбір эссе жазушылары оның негізгі қисынын, жанрлық ерекшелігін, құрылымдық сипатын біле бермейді, көбінесе , ойша болжаммен жазады.

Сонымен, эссе ғылыммен, публицистикамен және көркем әдебиетпен байланысты, дегенмен олардың ешқайсысына да тікелей қатысы жоқ жанр. Эссе көбінде «сараптамалық әдебиетке» жақын болып келетін және философия, әдебиет, саясат, сын, өнеге, эстетика, идеологияны объект ретінде қолданып, соларды сараптайтын жанр. Эссе үшін ең маңызды факторлар: өзектілілік, экспрессивтілік және бейнелілік. Жалпы сәтті жазылған эсселердің авторлары философтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар, өнер зерттеушілері, жеке салада хабардар журналистер бола алатынына өмірдің өзі дәлелдеп жүр, демек эссе жанры автордың интеллектуалдық байлығына, өмірден білген, көрген, сезінген, түйгенін халыққа жеткізу стилінің өзіндік ерекшелігіне байланысты деген қорытындыға келуге болады.



Эссе үлгілері

Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы


Оқысаңдар, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық,-

деп, оқудың пайдасын жастардың санасына сіңірген Ы.Алтынсарин - тұңғыш ағартушы-педагог болумен қатар, балаларға арнап көлемі шағын, мазмұны мәнді өлеңдері мен әңгімелерін қалдырған жазушы.

Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бар өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Қоңырау үнімен қазақ даласына білім әкеліп, балаларды мектепке шақырған қазақ халқының жанашыры, даланың жарық жұлдызы, қазақ халқының санасына, жүрегіне,маңдайына біткен шам- шырағы бола білген. Болашаққа зор сеніммен қарап, алды болжай білген, көреген, данышпан адам. Балаларға таза  ана тілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер-білімге бастаушы Ыбырай Алтынсарин туған халқын оқу-білімге шақырып, білімнің жарық сәулесін таратты. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты.

Биыл Ыбырай атамызға 176 жыл толып отыр. Ы.Алтынсарин әңгімелерінің бәрі де бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне орай тілі жеңіл, мазмұнды,тартымды, олардың жан дүниесіне әсер етерліктей етіп берілген. Балаларды ұқыптылық пен сабырлылыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке еңбекке, өнерге, имандылыққа, ізгілікке, қайырымдылыққа үндейтін көптеген қысқа әңгімелері бар. Әсіресе, мен Алтынсариннің «Өнер білім бар жұрттар» өлеңіне қайран боламын. Жазушының осы күнді көре білген көрегендігіне таңданамын. Қазіргі кездегі техниканың озық болатындығына, елде қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын өмір келетіндігін білген.Ыбырай салған сара жол – бұл күндері қанатын кеңге жайған, тамырын тереңге жіберген Бала жанының зергері Ы. Алтынсарин әңгімелерінің бәрі- қазақ балаларының болашағы .

Карбай Аяулым 5 «А» сынып


Эссе

Ыбырай Алтынсарин- балалар әдебиетінің атасы

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда туды.Ыбырай Алтынсарин ең бірінші қазақ педагогы болды. Ол «Кел, балалар, оқылық» деп балаларды мектепке, білімге шақырған. Оның көптеген шығармалары бар.Мысалы: «Жаз», «Кел, балалар, оқылық», «Қарлығаш», «Қарға мен түлкі» және т. б. Ыбырай Алтынсарин бала кезінен бастап білімге талпынып, өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдармен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В. Грегорьевпен жақын танысып алды. Ол 1860 жылы Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалды. Ал 1864 жылы Торғайдағы мектепті ашты. Ырғызда тұңғыш қыздар мектебін ашты. Өзінің мінез- құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, батыс классиктерінен көп үйренді. Сонымен қатар осы заманға дейінгі педагогиканың негізін қалаған. Біз неге Ыбырай Алтынсаринды балалар әдебиетінің атасы деп атаймыз? Өйткені ол ең бірінші қазақ педагогы болған. Балалар оның шығармаларына қызығып, оны құрметтеді. Сондықтан халық оны балалар әдебиетінің атасы деп атаған.Ол өзінің шығармаларын балаларға арнап жазған. Менің ойымша, балалар оның тек қана ең бірінші қазақ педагогы болғаны үшін емес, оның шығармаларына қарап оны балалар әдебиетінің атасы деп атаған. Мен де осы ойды құптаймын және бекер айтпаған деп ойлаймын. Өйткені Ыбырай Алтынсарин осы кезге дейін балалардың оқуына, оқулықтарына көп үлес қосқан. Ол жайдан жай шығармаларды жазбай, балаларға өзінің шығармалары арқылы үлгі боларлық қасиеттер мен мінез-құлықтарды ұсынған. Ыбырай Алтынсарин басқа жазушыларға қарағанда балалар әдебиетіне зор көңіл бөлді, балаларға түсінікті, тілге жеңіл, жас ерекшеліктеріне сай келетін шығармалар жазды. Ол шығармаларда балаларды тәртіпке, тәрбиеге және тағы басқа жақсы істерге үйретті. Осындай ұстаздардың ұстазы болған Ыбырай Алтынсариндімен де балалар әдебиетінің атасы деп санаймын. Ыбырай атамыздың шығармаларын сүйіп оқимын, басқа оқушыларға да оқыңдар деген тілек айтқым келеді.


Батырова Алина 5 «Ә» сынып


Эссе

Ыбырай Алтынсарин- балалар әдебиетінің атасы

Ыбырай Алтынсарин- балаларға арнап шығарма жазған бірінші қазақ жазушысы. Ол кісі 1841 жылы Торғай өңірінде дүниеге келген. Шын аты- Ибраһим. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді.Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты.Ыбырай Алтынсарин ақын және прозаик қана болмай,балалар әдебиетінің негізгі қалаушы деп саналады.Ыбырай атамыз қазақ балаларын білімді және сауатты болуын қалаған.Қазақ жерінде қазақ мектептері аз болғандықтан ол кісі балаларды өзінің үйінде оқуды, жазуды үйреткен еді.Ыбырай атамыз1876 жылы «Қазақ хрестоматиясын» жазып, 1879 жылы бұл кітап Орынборда басылып шығарылды. Тек ақынның поэзиясы ғана емес, оның жазған шағын әңгімелерінің де әдебиетте ойып орын алғанын айта кеткеніміз жөн. Себебі оның дәуіріне дейін балалар әдебиеті ретінде танылған бірде-бір еңбек болмаған. Ыбырай Алтынсарин алғаш балаларға арнап жазған әңгімелерін өзінің төл өлеңдеріне қосып, сол хрестоматиясына енгізеді. Осы қысқа әңгімелерінде ол жас шәкірттерді адамгершілікке, ізгілік пен бауырмашылдыққа, адал еңбек пен әділдікке, әдептілік пен сабырлыққа, зейінділік пен білімді еркін игеруге шақырады. Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады.Ыбырай Алтынсарин өзінің туған жеріне, еліне адамдарына деген махаббатын өлеңдері арқылы жеткізген.Туған халқының игілігі үшін бар күшін салған.Оның «Асыл шөп» деген шағын шығармасы маған қатты ұнады.Ол «Сабыр түбі-сары алтын» деген мақалдың мағынасын ашады.Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы –еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар.Мысалы «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейтқұл» т.б. Жазушының бір топ әңгімелері адамгершілік тәрбие мәселесіне жазылған. «Түлкі мен ешкі» әңгімесінде түлкінің қулығын көреміз.Ыбырай Алтынсарин бізге үлкен мұра қалдырды. Ыбырай Алтынсарин өзінің керемет өлеңдерімен оқырмандарыларына ақ пен қараны, жақсы мен жаманды салыстыруға тәрбиеледі.Сондықтанда Ыбырай Алтынсарин-балалар әдебиетінің атасы деп саналады. Мен Ыбырай атамыздың әңгімелерін сүйіп оқимын, өйткені оның әңгімелері- асыл мұра,асыл қазына.


Ибадулла Амина 5 «Ә» сынып


Эссе

Ыбырай-балалар әдебиетінің атасы

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысы аймағында туған. Қазақтың алғашқы ұстазы, этнограф, қоғам қайраткері, алғашқы ,,Қазақ хрестоматиясы’’ деп аталатын оқулық жазған. Әкесінен ерте айырылған ол атасының белгілі би Байқожа Жаңбыршиннің тәрбиесін алған. Ыбырай атамыз бала кезіннен бастап, өз бетінше оқып үйренуге бейімделген. Орынборда оқып жүргенде ғалым В.В.Григорьевпен жақын танысқан. Ол Ыбырай Алтынсаринге кітапханасын еркін пайдалануға рұқсат берді. Ыбырай Алтынсарин осы кітапханада барлық бос уақытын өткізген. Өзі мінез-құлқынан қарапайым, еңбексүйгіш, көп оқыған, өз халқының сауатын ашып, ағартушылық қызметке көп еңбек сіңіргенін көреміз.Атасы Балғожа би өз аймағында атақты кісілердің бірі болған. Орынбордың әкімшілігінің алдында да беделді кісі болған. Ол тоғыз жасындағы немересі Ыбырайды Орынбордағы қазақ-орыс мектебіне жаздырып қояды. Осы мектеп 1850 жылы ашылған. Оған тек қазақтың 30 баласын ғана алады. 1957 жылы Ыбырай Алтынсарин осы мектепті «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шықты. 1860 жылы Жайықтың шығысында қазақ балаларына арналған 4 жылдық бастауыш мектеп ашылғанда рұқсат сұрап, Торғай мектебінде жұмыс істейді. Бірақ мектеп бірден ашылған жоқ. Сол уақтта Ыбырай Алтынсарин елге мектептің пайдасын түсіндіріп, бірнеше балаларды өз үйінде оқытады. Ыбыраймен замандас, ақындар тобы өкілетінің бірі-Сейдахмет Бейсенұлы. Халық оны арғы атаның есімімен ,,Таңат Сейдахмет ақын’’ деп атаған. Сейдахмет- мұсылманша білім алған адам. Ыбырай Алтынсаринның 1879 жылы шыққын «Қазақ хрестоматиясында» Сейдахметтің ,,Бір нашардың әділ төреге айтқаны’’ деген өлеңі бар. Мұндағы әділ төренің Ыбырай Алтынсарин екендігін оның шәкірті екендігі дәлелдеген.

Ыбырай атамыздың шығармаларының ең басты тақырыбы-еңбек. Себебі ол өзінің халқының тағдырына, болашағына алаңдаған, балаларды жалқау болмай, еңбек арқылы тәрбиелегісі келді. Еңбек тәрбиесі тақырыбында жазылған Ыбырай атамыздың туындылары бір-біріне ұсамайды. Әрқайсысының өзіндік тәрбиелік жақтары бар. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерін оқыған адамда жақсы істерге талпыныс пайда болады. Мен өмір бойы Ыбырай атамыздың шығармаларындағы адамгершілік қасиетті берік ұстап өтемін. Ыбырай атамыз менің жүрегімнен терең орын алып, сүйікті жазушыма айналды. Ербол Арна 5 «Ә» сынып

Эссе

Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы

Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған тұлғалардың бірі- Ыбырай Алтынсарин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес, халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сөйтіп өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат- мүдделерінің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға. Ыбырай атамыз өзі алған білім нұрын халқына шашқысы келіп, мектеп ашуды армандаған. Оның көп жылдар бойы аңсап, ашқысы келген арман мектебі тек 1864 жылы ашылған. Сөйтіп, бала оқытқанына қатты қуанған Ыбырай атамыз бір хатында былай депті: «Он төрт бала оқытамын. Бала оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай тиістім. Балалар да менің айызымды қандырып, оқуды тез меңгеріп алды». Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерінде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды. Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бұрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі болды.Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар енгізді. Ыбырай Алтынсариннің жемісті еңбек етіп, жақсы шығармалар қалдырған саласының бірі- проза жанры болды. Оның " Бай баласы мен жарлы баласы", "Қыпшақ Сейітқұл", "Киіз үй мен ағаш үй", "Надандық", "Лұқпан хакім" т.б. бірсыпыра шығармалары қоғамдық өмірдің әр алуан жақтарын суреттеуге арналған. Ы. Алтынсарин тұңғыш ағартушы – педагог болуымен бірге, баларға арнап көлемі шағын, мазмұны мәнді өлеңдер мен әңгімелер қалдырған жазушы. Ол өзінің қазақ балаларына «Қазақ хрестоматиясы» атты тұңғыш оқулығын «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңімен ашып, онда жастарды оқуға, талаптанып талпынуға, білім алуға шақырады.

Бұл өлеңде ақын бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым –білімге мән бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы береді. Ыбырай- ақын, тұңғыш педагог, ұстаз - ғалым. Оның мұрасы- тарихқа да, әдебиетке де тән ұстаздық тәрбиелік ой-пікірлері қазақтың таусылмас қазынасы.Ол қазақтың кең байтақ жерінде дүниеге келген. Ендеше, біз өз мақтаныштарымызбен мақтанбаймыз ба, сүйсінбейміз бе?


Еркенқызы Сағыныш 5 «А» сынып

Эссе

Ыбырай- балалар әдебиетінің атасы

Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған ұлы тұлғалардың бірі- Ыбырай Алтынсарин.Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес,халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат- мүдделеріннің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға.

Ал оның заманы тарихтың бір аумалы – төкпелі кезеңі болған еді. Өйткені ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан кейін- ақ енді қазақ жеріне Ресей патшалығының сұғы қадалып, жаулауы басталған-ды. Қазақ халқы небір зорлық- зомбылық, зобалаңды басынан өткізіп жатты. Намысқа шапқан қазақ батырлары бастаған азаттық жолындағы күрестер біріне- бірі жалғасқан еді. Исатай- Махамбет, Кенесары- Наурызбай, Сырым батыр, Едіге, Есет пен Бекет, Жанғожа, Сұраншы- Саурық тәрізді батырлардың есімі қазақ тарихында алтын әріппен жазулы.

Ауыр заманда білім алып, ат жалын тартып мінгесін- ақ Ыбырай Алтынсарин білім ұранын көтерді.Елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек білім деп есептеді. Бұл ретте ол жалғыз болған жоқ. Байтақ Қазақстанның әр өңірінен ұлт басына төнген қауіпті терең сезініп, ұлттық құлдыраудан құтылудың жолдарын көрсеткендер болды. Солардың ішінде ұлы Абайдың да орны ерекше. Абай мен Ыбырайдың ақындық,ағартушылық енбектері бірін –бірі толықтырып, үндесіп жатты.Олардың бұл үндестігін терең зерттеп дәлелдеген ғұлама жазушы Мұқтар Әуезов болды.

Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілге жанашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды.Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бұрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылрдың бірі болды.Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар негізді. Мен Ыбырай атамыздың шығармаларын сүйіп оқимын. Жүрегімнің төрінен орын алады.

Журнашев Ерасыл 5 «А» сынып


Эссе

Солтүстіктің інжуі-Сафуан

Ақ қайыңдар өлкесінде кіндік қаны тамған әдебиетіміздің асқар алыптарының бірі- С.Шәймерденов. Жалпы мен С.Шәймерденов туралы не білемін? Әрине, ең бірінші мен - С.Шәймерденов атындағы мектептің оқушысымын. Былтырғы оқу жылының нәтижесі бойынша "Сафуан Шәймерденов" атындағы сыйақыны иелендім. Осы уақыттан бастап мен Сафуан ата туралы көп білуге тырыстым. Сол сәтте ең бірінші кездестірген алғашқы ақпараттарымда "Сафуан - сорайған Солтүстіктің қарағайы" деген теңеу сөздер бар еді. Неге десем, кейін түсіндім, біріншіден, ол - жазушының бойына байланысты айтылыпты, екіншіден, бойы қандай биік болса, ойы да сондай болған азамат екен.

Алты алашқа сөз асырған айтулы жазушының жазушылығы өз алдына, Желтоқсан (1986) оқиғасы кезiнде басын қатерге тiгiп, жастарды қорғаған, бiрiншi хатшы Г.В.Колбинге тiктенген көсем, ұлт үшiн ұрысқан, ұлт тiлi үшiн тұрысқан айтулы тұлға едi Сафуан аға! Сонымен қатар, тәуелсіздігімізді алған тұстары біздің елде қазақша мектеп ашу мәселесі туған кезде біздің мектебіміздің де ашылуына үлкен ат салысқанын білеміз.

Әрине, біз "Сафуантану" сабағында жазушының шығармаларымен танысып жатырмыз. Соның ішінде "Бір таба нан", "Алтын сағат", "Көршінің кесірі, "Автограф" шығармалары маған ерекше ұнады. Ең қызықтысы жазушының кейіпкерлері өмірден алынған. Оған дәлел Құлбек Ергөбек ағамыздың мына сөздері: " Жазушының әңгiмелерінiң «кейiпкерiмен» жиi кездесуге, ұзақ уақыт қызметтес болуға тура келдi. Аты-жөнi өзгертiлiп алынғанымен, суреттеу мәнерiндегi iркiлдек денесi, сөйлеу машығы «мен солмын» деп тұрып алғаны".Сонда бұл не? Бұл – С.Шәймерденовтiң өмiрдің өзiнен тiршiлiк шығармаларына жарайтын материал елей бiлетiндiгi. "Жазушы көзi – ойлы көз. Жазушы сөзi –философиялық ойлы сөз",- дейді әдебиеттанушы Құлбек аға. Мен осы сөздермен келісемін. Сафуан Шәймерденовтің шығармалар жинағы біздің үйіміздің кітапханасында да бар. Менің әжем де, әкем де, шешем де оның "Инеш" романын оқыған. Олар оның қысқаша мазмұнын айтып, мені қызықтырып қойды. Бұл шығарманы оқу келешектің еншісінде.

Сөзімінің соңында ойыма қайта Ғ.Қайрбековтің «Сорайған Солтүстiктiң қарағайы» деген сөздері келді. С.Адай айтқан «Әр қазақ менiң жалғызым» деген атаулы сөзді өзінің мақсатына айналдырған кiрпияз жазушы, сүйiктi қаламгердiң ХХI ғасыр ұрпағына бергені көп деп ойлаймын. Біз жазушының шығармашылығынан ғана емес, оның азаматтық бейнесінен де үлгі алу керекпіз.

Тастеміров Әлішер 6 «А» сынып


Эссе

Солтүстіктің інжуі- Сафуан

Сафуан Шәймерденов – жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы. Ол 1922 жылы 15 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген.Oл қарапайым отбасында туып тәрбиеленген. Жастайынан Мұхтар Әуезовтың шығармаларын сүйіп оқыған. Он тоғыз жасында қаламгерлік дарынын танытып, қалам тарта бастайды. Сафуан ‘’Қазақстан Республикасының Халық жасушысы’’,’’ Петропавл қаласының Құрметті азаматы’’ болған. Нұрсұлтан Назарбаев оны ‘’Отан’’ орденімен марапаттады. Сонымен бірге Абай атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері болды.

Сафуан атамыз 1943 -1943 жылдары Солтүстік Қазақстан облысындағы ‘’Ленин туы’’ газетінде әдеби қызметкер боп жұмыс атқарды. Кейін 1950 жылы ҚазҰУ бітіріп, 1950-1952 жылдары Қарғанды облысындағы ‘’Лениншіл жас’’ газетінің тілшісі болды. Сафуан Шәймерденов алғашқы ‘’Болашаққа жол’’ шығармасын 1953 жылы жазған. Бірақ 1955 жылы оны өңдеп, оған ‘’Инеш’’деген ат қойды.Тағы ‘’Мінез’’,’’Бір таба нан’’, ‘’Мезгіл’’, ‘’Таныс көрші’’, ‘’Өмір нұры’’, ‘’Сыбызғы сазы’’ т. б. шығармаларын жазған. Сафуан Шәймерденов біздің жерлес жазушымыз болғандықтан 2014-2015 оқу жылында қалалық классикалық гимназияға оның аты беріліп, мектеп қабырғасына атамыздың портреті ілінді. Петропал қаласының әр тұрғыны Сафуан Шәймерденовты құрметтейді, себебі оның шығармалары балаларға да, ересектерге де өте қатты ұнайды. Біз де сыныппен оның ‘’Бір таба нан’’,‘’Автограф’’ деген шығармаларын оқыдық және бізге ұнады. Сафуан Шәймерденов осы шығармаларды жүректің түбінен жазғаны көрініп тұр.Cебебі мен оларды оқығанда оның сезімдерін сезінгендей болдым.

Біздің мектебімізде Сафуан Шәймерденовтың құрметіне «Сафуантану» сабағы өтеді. Онда бізге Сафуан Шәймерденовтың шығырмаларын оқиды, ал біз ішіндегі кейіпкерлерін талдаймыз. Бірінші жартыжылдықта біз оның екі шығырмасын оқыдық. Олардан маған ‘‘Бір таба нан’’ шығармасы қатты ұнады. Онда Сафуан Шәймерденов өзінің балалық шағын баяндап берді. Шығармасында көп қызықты оқиғалар болды. Тағы да біз ‘’Автограф’’ шығармасын оқыдық. Онда да Сафуан Шәймерденов балалық шағын жалғастырған екен. Бірақ онда мектепте оқыған шағын жазған. Ол тентектеу болса да өте адал жан болған. Сафуан атамыздың өмірі, балалық шағы мені қатты қызықтырды. Оқушыларға Сафуан Шәймерденовтың шығармаларын оқыңыздар деп тілек айтқым келеді.

Ербол Арна 5 «Ә» сынып


Эссе

Солтүстіктің інжуі – Сафуан

Сафуан Шәймерденов 1922 жылы 15 сәуір күні дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Амангелді ауылында туған. Ол қарапайым отбасында туып, тәрбиеленген. Сафуан жастайынан Мұхтар Әуезовтың шығармаларын сүйіп оқыған. Он тоғыз жасынан қаламгерлік өнерін танытып үлгерген. . 1943-1945 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының «Ленин туы» әдеби қызметкері болды. 1950 жылы ҚазМу бітірген. 1950 жылы «Лениншіл жас» газетінің тілшісі, 1952-1955 жылдары «Әдеби жүйе искусство» редакторы, 1955-1956 жылдары «Қазақ әдебиеті» бас редакторы, 1956-1958 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының проза секциясының меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің қатарында Сафуан Шәймерденовтың әдеби мұрасының алатын орны ерекше. Ол Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Петропавл қаласының Құрметті азаматы, драматург болған. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Сафуанды «Отан» орденімен марапаттаған. Тағы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері. Зейнұлла Қабдұловтың: «Ол- біріншіден, тілге мұқият кісі, екіншіден, талғампаз адам, үшіншіден, мәдениетті жазушы, төртіншіден, сыршыл суреткер, бесіншіден парасатты жазушы», - деп Сафуан жайлы жазған. Прозалық туындылары: «Инеш»,

« Мезгіл», «Өмір нұры», «Қарғаш», « Ит ашуы», «Жыл құсы». Пьесалары: «Қайдасың Зарина?», «Дөкей келе жатыр» т.б. 1953 жылы «Болашаққа жол» деген алғашқы романы жарық көріп, соңынан «Инеш» деп ауыстырылды. Сафуан туған анасынан сегіз жасында жетім қалған. Шешесі Қиза – ат жақты, қызыл шырайлы, әдемі кісі, таза, ұқыпты, бір беткей кісі. Сәлима – Сафуанның нағашы әжесі. Сафуан біздің мектептің ашылуына үлкен үлес қосты. 2015 жылы мектебімізге Сафуан Шәймерденовтың аты берілді. Сол уақыттан бастап Сафуантану пәнін оқи бастадық, осы сабақта ұстазымыз Нұргүл Бүркітқызы бізге әртүрлі халық жазушысының шығармаларын оқытты. Ол бізге Сафуан атамыздың «Бір таба нан» шығармасын оқыды. Өте қызықты болды. Сафуанға анасы «шыбыным» деп соңғы рет еркелеткен екен. Бейіс өгей шешесі Сафуанды туған ұл сияқты қатты жақсы көрді.Ол кісі тілге мұқият, данышпан, шыншыл адам.Сафуан Шәймерденов айтар сөзін ешкімнен жасқанбай айта білетін, тура жүріп, тік тұратын адал азамат еді,-деп жазды досы Тұрсынбек Кәкішов. Сафуан ағамыз Ең мәдениетті жазушыатанып, өзінің көркем туындыларымен оқырмандарын баурап алды. Жазушы өзінің шығармаларымен оқырмандарға, балаларға болашаққа жол көрсетті. Мен бұл жазушымен мақтанамын. Өйткені ол кісі данышпан ғана емес,еңбекқор азамат болған. Сафуан Шәймерденов туған өңірін сүйген, мақтан тұтқан. Туған жерінде қазақ мектептердің ашылмауы ағаны қатты алаңдатушы еді. 1996 жылы қалалаық классикалық гимназияның ашылуына Сафуан Шәймерденов өз үлесін қосты. Жазушы осы адал еңбегімен үлкен жетістіктерге жетті.

Өмірден өткендер көп аты қалмай,
Жақсының жарқыраған сәті қандай!
Құдайым әрбір үйге бала берсін
Сәбит пенен Ғабиттей, Сафуандай, -деген ақын Ғабиден Құлахметов


Ибадулла Амина 5 «Ә» сынып


Эссе

Солтүстіктің інжуі – Сафуан

Сафуан Шәймерденов – жазушы, хатшы, журналист, драматург әрі Солтүстіктің Құрметті азаматы. Қадірлі жазушымыз Ұлы Отан соғысына да қатысқан. Сафуан Шәймерденовқа биыл 95 жыл, яғни ол кісі 1922 жылдың 15 сәуірінде, дүниеге келген. Оның кез келген шығармасында тәрбиелік маңызы зор мәселелер көтерілген. СафуанШәймерденовтың шығармаларын оқысақ, әрбір әңгімесіне жанын қосқаны байқалады және қазақтыңінжу –маржаныекендігіне дауа жоқ.Сафуан ағамыздың сырын тыңдайтын, шығармаларын сүйіп оқитын ұрпағы бар. Солардың бірі менмін.Менің алтын ұямда қазір «Сафуантану» деген сабақ жүргізіледі. Ол сабақта біз Сафуан Шәймерденовтың жазған шығармаларымен, оның өмірбаянымен танысамыз. Әсіресе маған ұнаған шығармалары: «Бір таба нан» және «Автограф». Мысалы; «Автограф» әңгімесінде Отан үшін отқа да түсу қажет, басқаға тек жақсылықты тілеу, мұғалімді ешқашан ұмытпай, оны дұрыс бағалау, достыққа берік болу керек. Көрнекті қаламгер- өз шығармаларына ат қоюға да шебер жан. Мысалы; “Мезгіл”,“Жыл құсы”,“Өмір нұры”,“Ағалардың алақаны". Қабдеш Жұмаділов Сафуан Шәймерденовты «Сорайған Солтүстіктің қарағайы» деп те атаған. Өйткені сыршыл суреткеріміз өте сымбатты, бойшаң азамат болған.

Менің білім нәрін алып жатқан гимназия мектебім 2014-2015 оқу жылында Сафуан Шәймерденовтың атын алғанына қуанышым шексіз. Мен өткен оқу жылының соңғы қоңырауында үздік оқығаным үшін «Сафуан Шәймерденовтың сыйақысын» иелендім. Бұл- мен үшін үлкен мәртебе. Алдағы уақытта арманым орындалып жазушы болсам, туған жерімнің інжу- маржаны Сафуан ағама ұқсап, елімнің мақтанышы болғым келеді.Сондықтан біліміммен, тәртібіммен ақын есіміне кір келтірмейтіндігіме сенімдімін. Сафуан Шәймерденовтың есімі біздің санамызда мәңгіге қалады, өйткені ол- өзінің артынан өшпес мұра қалдырған жазушы.


Еркенқызы Сағыныш 5 «А» сынып


Эссе

Жүз – қазақтың белгісі

Қазақ халқының ең басты ерекшеліктерінің бірі – жүздерге бөлінуі. Барлығы бізде үш жүз бар. Кіші жүз – Батыс Қазақстанда шоғыланған, Орта жүз – Солтүстік пен Орталық Қазақстан және Ұлы жүз – Қазақстанның Шығысы мен Оңтүстігі. Әрине, жүздерге бөлінуі біздің мәдениетіміздің бөлігі болса да, оның қазіргі өміріне және біздің ұлт ретінде қалыптасуына қандай әсерін тигізген?

Біріншіден, жүздерге бөлінудің ең басты мақсаттарының бірі – саяси жағдайлары. Өзімізді хан ретінде елестетсек, Қазақстан секілді алып жерді билеу оңай емес екендігіне көзіміз жетеді. Сондықтан ханның ісін жеңілдету үшін, жүздер, ұлыстар, рулар қалыптасты. Нәтижесінде күтілген әсері алынды. Осыған қоса, біздің тарихымызда Әйтеке, Қазыбек, Төле сияқты әділ билер белгілі. Жүздерге бөліну мәдениетімізді де түрлендірді, бірақ та бүкілінің өз теріс жақтары болады.Ұлттың күші үшін, бірлігі үшін бөліну, менім ойымша, қатты теріс әсерін тигізеді. Халық бөлінгенде бірлігі жоғалады, қарсылықтар пайда болады. Тарихына оралсақ, бір кезде жүздерге бөліну қазақ елі үшін тәуелсіздіктің жоғалуына себеп болды. Мен жоңғар шапқыншылығы жайлы айтып тұрмын. Сол уақытта барлық үш жүз үш бөлек мемлекет сияқты болды – бірлігі болған жоқ. Осының нәтижесінде, қалмақтар қазақ жеріне кіргенде, ұйымдастырылған қорғанысты кездестірген жоқ. Жиырма жылдан кейін қазақ хандығын, тағы да әр жүзді бөлек-бөлек алып, Ресей мемлекеті отарлады. Мүмкін егер біз жүздерге бөлінбесек, тарихымыз мүлдем басқаша қалыптасар еді.

Қорыта айтқанда, жүздерге бөліну- екіжақты нәрсе. Менің көзқарасым, оның теріс әсері көбірек. Жалпы бөліну, көбінесе, күшті мемлекеттерде жүріп, олады басқа мемлекеттермен теңестіретін нәрсе. Мысал ретінде ҚСРО-ны алуға болады. Дүниежүзіндегі ең күшті мемлекет бір мезетте ыдырап, он алты мемлекеттерге айналды. Дәл сондай жағдайлар Шыңғысхан мемлекетінде, Германияда, Оңтүстік-Шығыс Еуропада, Түрік қағанатнда, Қытайда және басқа да мемлекеттерде болған. Менің ойымша, жүздерге бөлінудің орнына бірігіп, біртұтас халық болып өмір сүруі дұрыс.


Эссе

Цифрлық Қазақстан

ХХІ ғасыр – ақпараттық технологиялар ғасыры. Әр күн сайын бүкіл дүниежүжілік ғалымдар жаңа технологияларды, жаңалықтарды ашады. Қазігі біз пайдаланып жүретін телефондар, компьютерлер, теледидалар жиырма жыл бұрын әлі фантастика болды. VIAR, 3D-принтерлер, электрокөліктер қазіргі уақытта кәдімгі өмірге еніп тұр. Жапонияда роботтар дәл осы сәтте сауда үйлерінде сатушы ретінде жұмыс істеп жатыр. Ал келешек ше? Қазіргі жетістіктерімізге қарап, «адам істей алмайтын еш нәрсе жоқ» - деген пікірге сенуге болады. Біз, келешек ұрпақ, осы пікірді одан әрі дәлелдеуіміз керек.

Сол мақсатымен біздің Президентіміз, Нұрсұлтан Назарбаев, өз Жолдауында «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырды. Мен де Президентімізбен келісем, себебі өзім он жыл мектепте оқып, шың мәнінде, информатикадан алған білімдерім өте аз және маңызы да жоқ деп те айтуға болады. Қазақстанда информатикадан білім беру тәсілін тиімді деп санауға болады. АҚШ пен Батыс елдерге қарағанда, бізде осы пәнге үйретеді, оған да риза болуымыз керек. АҚШ-та мүлдем информатикаға үйретпейді, бірақ та Қазақстандағы білім беру жүйесін одан әрі дамыту керек. Балаларда, көбінесе, компьютер жайлы басты, негізгі білімдері болады. Қазіргі кездегі сәбилер өздері телефон пайдаланудан үлкен адамдарға қарағанда кем түспейді. Сондықтан да, менің ойымша, мектепте информатиканы екі сабаққа бөлу керек: пішіндеу мен программалау. Word, paint және басқа да қарапайым программаларды бірінші сынып көлеміндеөтілуге тиіс. Шын мәнінде осы программаларды мүлдем өтпеуге де болады. Сейбебі компьютерде көмекші анықтамалар бар. Әр адам оларды өз еркімен оқи алады. Ал мектепте оған өте көп көңіл бөлінген. Меніңше, paint-те сурет салар орнына, мен сегізінші сыныпта пішіндеу негіздерін өтер едім.

Қорыта айтқанда, Қазақстандағы IT жағынан беретін білімі сапасы жағынан жетілдірмеген болса да, ең бастысы – білім беріледі. Ал Президенттің қолдауымен Қазақстанның жоғары дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуға үлкен мүмкіндік бар. Біз, Қазақстанның ертеңі, Президенттің үмітін ақтап, осы мүмкіндікті жүзеге асырамыз.


Эссе

EXPO-2017

EXPO- индустрияландырудың нышаны және техникалық, технологиялық табыстарды көрсету үшін ашық алаң болып табылатын халықаралық көрме. Бірінші дүниежүзілік көрме Лондондағы Гайд-паркте, Альберт ханзаданың бастамасымен өткізілген. Астанада көрме маусымның онынан бастап, оныншы қыркүйекке дейін өтеді. Тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Әр заттың өз жақсы және жаман жақтары бар. ЕХРО да осы заңдылыққа бағынып тұр.

Біріншіден, ЕХРО Қазақстанды жаңа деңгейге көтере алады, туризмнің дамуына үдеу бере алады. Мысалы; бүкіл дүниежүзілігіне әйгілі Эйфиль мұнарасы ЕХРО-ны өткізу үшін салынды. 150 жылға жуық уақыт өтті, ал Эйфиль мұнарасы әлі де туристтердің көңілінен шығып, Париждің тұмары болып табылады. Осыған қоса, көрмеде бүкіл әлемді таң қалдырарлық жаңалықтарды көрсете алды. Осылай Жапонияда да болды, тұңғыш рет ASIMO роботы көрсетілді. Сол сәттен бастап Жапония робототехниканың флагманы болып, бар дүниежүзінің алдында үлгі болып тұр. Мүмкін Қазақстанды да осындай тағдыр күтіп тұрған шығар. Екінші қырынан қарасақ, ЕХРО- өте қауіпті іс. Қазақстан оған өте көп қаржыны, нақтылай айтқанда, 283 млн. евроны жұмсап тұр және оның барлығы қайтып оралмауы мүмкін. Қазақстанда жемқорлық кәдімгі нәрсеге айналды, ендеше ЕХРО сияқты үлкен іс-шара онсыз өтуі мүмкін емес. Алишер Пирметов, Талғат Ермегияев сияқтылар осыған дәлел. Ал біріншісі жемқорлықта ұсталынса да, ол әлі де «Астана ЭКСПО-2017»-де жұмыс істеп тұр. Немесе құлап кеткен арка құрылысы. Ол да мақтанарлық нәрсе емес.

Қорыта айтқанда, ЕХРО-ол еліміз үшін үлкен тәуекел. Ол Қазақстанды не «ғажайып дамуға» әкелуі мүмкін, не керісінше дағдарысқа ұшырауы мүмкін. 238 млн ол 500 теңге емес. Алайда Қазақстан осы үмітті 100% пайдалана алады деп ойлаймын. Менің ойымша, осы ақшаны Арал мәселесін шешуге, сарқылмайтың энергия көздерінің салуына, қазақтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жұмсау дұрыс болар еді.


Эссе

Жақсы сөзім - жаны игі халқым үшін

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақын. Ол Алматы облысы қазіргі Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” , “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” , “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін Шекспирдің “Сонеттерін” , Уолт Уитменнің өлеңдерін қазақ тіліне аударды.

Оның шығармаларынан мен үшін ең жақсы есімде қалғаны- «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Бұл поэмада бір жанұяның жалғыз баласы ауыр сырқатпен сырқаттанып қалады. Тәуіп шал баланы тек аққудың қанатымен аластаса ғана дертінен айрылады деп айтады. Әкесінің аққуды өлтіруге дәті бармағандықтан оның орнына анасы мылтығын алып, қасиетті аққулар мекендейтін көлге барады. Көлге келгенде ананың қолындағы мылтығы абайсызда атылып қалады да, мылтықтың оғы аққуға тиеді. Шуды естіген қарт жылқышы көлге қарай келеді де, аққуды өлтірген анаға ақыл береді. Қалай болса да ана аққуды үйге әкеледі,алайда үйге қайтып оралғанда баласынын қайтыс болғанын түсінеді.

Шығарма драмаға жақын және өте әсерлі болып жазылған. Бірінші жағынан, бала өмірі, ананың балаға деген махаббаты тұр, екінші жағынан, аққу- киелі құс. Оқу барысында анасын айыптауға да болады, сейбебі аққу - киелі құс және оны ату - қатты күнә. Алайда анасын де түсінуге болады. Қазақта мақал бар ғой «Ананың ойы балада, баланың ойы далада», ана үшін осы өмірде баладан маңызды ешкім жоқ. Шығарма оқырманды соңына дейін қатты әсерінде ұстап, нәтижесінде ой қозғауға тура келеді. Бұл шығармада Мұқағали Мақатаев оқырманды толығымен оқиғаға бойлап, өзінің әсерлеу шеберлігін көрсетеді. Осыған қатты сюжет және тұңғиықтық атмосфера түрткі болады. Өзіңді ана орнына қойсақ, мәселенің барлық амалсыздығын сезуге болады. Осы шығармасын оқығаннан кейін, өз өміріңе басқаша қара бастайсың. Бұл – кез-келген ақынның басты мақсаты, әсер етуі. Мұқағали Мақатаев осы мақсатты орындады.

Ақын Алматы қаласында дүниеден өтті. Дүниеден өтер алдын “Реквием” атты толғау-өлеңін жазды. Шығармалары өзбек, қырғыз тілдерге аударылған. Ақынның әдеби мұрасын зерттеуде 3 кандидаттық диссертация қорғалып К.Сейтова “Мұқағалидың ақындық мұрасы”, К.Хамидуллаев “Мұқағалидың ақындық шеберлігі”, тіл білімінде З.Қазанбаева “М. Мақатаев лирикасының грамматикалық ерекшеліктері”, шығармашылығы турасында 700-ге тарта еңбек жазылған. Мұқағали қайтыс болғаннан кейін ҚР Жазушылар одағы Мұқағалидің атындағы әдеби сыйлық тағайындады, оған

ҚР Мемлекеттік сыйлық, “Ғасыр ақыны” атағы берілді. 60 жылдық мерейтойы қарсаңында ақынның туған жерінде мұражайы ашылды. Алматыда ақын атында мектеп, көше және сол көше бойында Мұқағалиға арналған ескерткіш бар. Мұқағали өлеңдеріне Н.Тілендиев, Д.Рақышев, Ш.Қалдаяқов, І.Жақанов, А. Қоразбаев, Т.Рахимов, М.Рүстемов, Т.Мұхамеджанов, Ә.Тінәлиев, Б.Оралұлы, Т.Досымов т.б. сазгерлер ән жазды. 1985 жылы Қазақстан Жазушылары Одағының бастамасымен үздік әдеби шығарма авторларына

М. Мақатаев атындағы сыйлық тағайындалды. Ал 2008 жылы М.Мақатаев атындағы жаңа сыйлық тағайындалды. Өкінішке орай, Мақатаев осының бәрін көз тірісінде алған жоқ, бірақ та ол қазақ әдебиетінің тарихында қалып, әлі ұзақ уақыт бойы келешек ұрпаққа өз әсерін тигізеді.


Эссе

Дулат Бабатайұлының “Еспенбет” дастанында Еспенбеттің нағашысына қалауы Ақбөрте болуының себебін дәлелдеп жазыңыз

Дулат Бабатайұлы – Орта жүз құрамындағы Найман тайпасынан шыққан көрнекті ақын. Ақын өзінің «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Сүлейменге» және басқа өлендерімен танымал. Өлеңдері ел ішінде ауызша, қолжазба түрінде таралған. Елеулі орын алатын, батырлар жыры үлгісіндегі Отанды қорғауға арналған «Еспенбет» атты толғауының патриоттық мәні зор. Бұл дастанында жетім бала, жас батырдың қалмақтармен соғыста көрсеткен ерлігі айтылады. Еспенбет еліне аттанған кезде Ер Қосай атасы оны өзіне шақырып қалауын сұрайды. Атасы ұсынған байлықтың бәрінен бас тартып, жалғыз ғана Ақбөрте тайды қалады. Оның батыр ретінде осындай таңдауын түсінуге болады. Серігі жоқ жігіт батыр бола алмайды. Ер қанаты – ат. Тарихымыздағы барлық батырларда өз тұлпарлары болды. Мысал ретінде, Қабанбайдың Құбас атын келтіруге болады. Шынында да «Жүзден жүйрік, мыннаң тұлпар», - дегендей нағыз қасиетті ат болғанға ұқсайды, себебі бірде-бір батырдың, тарихи қайраткердің атының есіміне Қазақ жерінде мұншама жер аты қойылмаған. Сонымен, Еспенбеттің тұлпар қалағанының себебі түсінікті, Бірақ неге Ақбөрте? Еспенбет кіші жасынан бастап Ақбөртеге көз салды. Осыны:

Биешенің қасында Ақбөрте құлын ойнап тұр

Ақ қүлыққа тасыла

Еспенбетке ұнады, - деген жолдарынан аңғартуға болады. Құлынның өзі де Еспенбетпен ойнай бастады. Осыған қоса, Еспенбет Ақбөртемен ойнағанда шайқасты елестетіп, оны өз тұлпары ретінде ойластырды. Осыны «Ақбөрте мініп астына», «Айғалап жауға тисем деп»,-деген жолдарында аңғартуға болады.

Қорыта айтқанда, шынымен де, қазақ батырды атсыз елестету мүмкін емес. Даланың соғыс тәсілдері, салт-дәстүрлері осыған себеп. Сондықтан Еспенбеттің таңдауы осы дастанда түсінікті және Еспенбет өз таңдауымен қателескен жоқ. Уақыт келген кезде, армандағандай, ол өз серігімен бірге жоңғарға аттанып, өзінің «батыр» атағын ақтап шықты.


Эссе

І. Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай

асы мен М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы

Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып

жазыңыз

Тау белгісі- таста, бай белгісі- аста. Ас - өлім-жітімде жасалатын кәденің соңғысы еске алу рәсімі. Көзі тірісінде елге атағы жайылған, соңында қалған ағайын туысы мол адамдардың астары ұлан-асыр той дәрежесінде өткен. Осындай үлкен тойларға мысал ретінде «Абай жолындағы» Бөжейдің асын және «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асын келтіруге болады.

Басталды әңгіменің былай басы,

Болды оған жетпіс, сексен жыл шамасы.

Арқада Ерейменді мекен еткен

Керейде Сағынайдың болыпты асы.

Сағынайдың асы – «Құлагер» поэмасындағы негізгі сюжеттің басталған орны. Ол асқа 500 ақ үй тігілді, 500 бұхар кілем ілінді, 5 тонна шай әкелініп, жаңа ыдыс-аяқтар Ташкент пен Қазан қалаларынан алынды. 20 мың қой, 100 жылқы сойылды. Бір сөзбен айтқанда, дастарханы мол, қонақтары көп байдың тойы болды. Тіпті кей деректерде «Үнді жерінде бой көтерген Тәж Махал кесенесіне жұмсалған қаржыдан Сағынайдың асына жұмсалған дүние асып кетеді», - делінеді.

Бөжейдің асы да өз көлемімен ерекше көзге түсті. Абай осы тойдың жасалуына көп үлесін қосты. Нәтижесінде өзіне артқан міндетін орындап, бүкіл еліне танымал болды. «Абай жолындағы» осы астың маңызын түсіну үшін осы сөйлемдер жеткілікті: «Бұл күндерде бар жайлауларды кернеген жалғыз әңгіме – Бөжей асы туралы. Тобықты ортасы бұдан былай осы жылдарда туған баласының жасын Бөжейдің асымен санайтын болады».

Салыстыратын болсақ, біріншіден, екеуі де- өте бай және халықтың ауызында ұзақ уақыт бойы жүрген оқиғалар. Екіншіден, баяндау жағынан екеуі де сюжеттерде үлкен рөл орындап тұр. Осындағы ерекшелігі Сағынай асы Ақан Серіге зиянын келтірді, себебі ат жарыста Құлагер мерт болды. Бөжейдің тойына көшсек, бұл жерде керісінше Абай халық арасында танымал болып, беделі артты.

Менің ойымша, ең басты айырмашылығы осы-сюжетіндегі ролі. Ал көлемі, байлығы жағынан оларды салыстырсақ, соншалықты бай тойлар. Ең бастысы, осындай тойлар Сағынай, Бөжей аттарының тарихта қалуына өз үлестерін қосты. Менімше, астың басты мақсаты- осы.


Қайреш Алишер 11-сынып


Эссе

Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңдеріндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз

Қашаған Күржіманұлына өз халқының басындағы жағдай, өз еліндегі ауыртпалық жағдай таныс болды. Сол себептен ол халық ақыны атанады. Қанағатсыз бай мен билерді, болыстар мен молдаларды өткір тілімен сынап отырған. Қашаған Күржіманұлы өзінің «Оразалы», «Байларға» деген өлеңдерінде ешкіммен қолдағы барын бөліспейтін, тек өзінің жеке басының қамын ойлайтын өзімшіл, пейілі жаман байлардың образын суреттеді. Оны келесі өлең жолдарынан аңғаруға болады:

Шыбын жанын пида етіп,

Шаруаға жанды жүдетіп

Жүргенде, кетпесе игі,

Біздің аршыланға тіл өтіп.

Ақын әлсіздерге басымдық еткен бай мен билерді кекетуді ұнатқан. Ал оның қылыштан өткір тілі мен суырып салу қабілетіне ешкім қарсы шыға алмаған. Оның суырып салу қабілеті сонша, ойдағы болған бар нәрсесін жыр қылып домбыра үнімен төккен. Әрі өзінің өлеңдерінде дүниеге тоймайтын байларды ұнатпағанын анық ашып көрсеткен. Мысалы, «Байларға» деген туындысында байлардың негізгі кемшіліктерін жеке-жеке әр біреуін талдаған, яғни байлардың характерін ашып берген.

Кейбір байды қарасаң,

Қорасында мал толы,

Үйінде ішер тағам жоқ,

Тағам жоқтан жаман жоқ,- деген өлең жолдарынан байлардың ішерге асы жоқ адамдарша өзін ұстауы, келген қонаққа мал соймай, туатын малын күтетіндігіне көз жетеді. Бұның атауы – өзімшілдік пен ашкөздік. Қашаған Күржіманұлы жастайынан ата-анасынан айырылып, қайғы тартқан. Өзінен бұрынғы Махамбет қалыптастырған ақындық, жыраулық өнеге алып, одан әрі дамыта түскен. Сондықтан Қашаған Күржіманұлының қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше. Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипаты мен әнші-ақындар шығармаларындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазсам,

қазақ қызына арнап өлең жазған ақындар, әдемілігіне тамсанып жырлаған жыршылар, қазақта кемде кем. М.Мөңкеұлының өлеңіндегі қыздың сипаты: ақ моншақтай әдемі, әдемілігі сонша, ақ жүзінің сәулесі жерге түссе сары алтындай көрінетін. Тісі - маржандай, сөзі-жағымды сөйлесе, тілінен сүт шығады. Келген адам қасынан кеткісі келмейтін. М.Мөңкеұлының «Қыз» өлеңінде қазақ халқының салт-дәстүрлерінің бірі - қызды құтты орнына қондыру бейнеленген. Автордың айтпағы- «Қыз мұраты –кету» демекші, қыз өз ата-анасының дәулетіне шалықтап өскенімен, бір күні ол да ұясынан ұшып, өз орнын табады. М.Мөңкеұлының «Қыз» өлеңін оқи отырып, ойыма «Қыз Жібек» жыры түседі. Қыз Жібек бейнесінде әдемілігі де соншалықты , әлемді мойындатады . Көзі жанып тұрған шырақтай, дидары - қоғалы көлдің құрағындай. Бойы -ұзын, білегі-жіңішке, белі- нәзік Жібек образы эпоста идеал болып суреттеледі. Жібек тірі жанды менсінбейді, бұла боп өскен ерке әрі өр мінезді. Сонымен қатар,онда қыз сипаты ғана емес, қыздың сезімі бейнеленген. Сұлулығымен қоса, адал әйел екендігі көрінеді. Әнші ақындар шығармашылығы поэзиямызда өзгеше арналы болып қалыптасуына қазақ даласындағы әлеуметтік жағдай ықпалын тигізді. XIX ғасырдағы сан қабатты өзгерістер, ежелгі салт-дәстүрдің, қауым мен қауым, адам мен адам арасындағы қатынастардың басқаша өріс табуы әншілік поэзиямыздың қуаттана дамуына қолайлы жағдай тудырып, әнші ақындар өз әнін, өз өнерін ақы дәмету үшін пайдаланған емес, оны күрестің құралы деп таныған, бар ғұмырын өнерге қызмет етуге бағыттай білген жандар. Олардың еркін жүрісі, ерке әндері айналасындағылардың бәріне бірдей жаға бермеген, ел тұтқасын ұстаған үстем топтан қысым да көрген. Олардың шығармаларында өнер жолындағы адам тағдырының қиындығы жырланады. Әнші -ақындар айналасында өтіп жатқан құбылыстарды сырттан бақылаушы ретінде емес, өз басынан кешкен жайларды суреттеу арқылы махаббат пен ғадауат, теңсіздік пен әділетсіздікті қоғамдық орта мен адам арасындағы қатынастарды жырлап, бүгінгі күнге жеткізді деп ойымызды қорытамыз.Эссемді қортындыласам, екі шығармадағы қыз сипаты ұқсас болғанмен, олардың әрқайсысы жеке тұлға. Біріншідегі қыз сипаты тұрмыс құрарға дейінгі болса, екіншідегі тұрмыстағы сипат болып табылады. Қай шығарманы алсақ та, ертедегі қазақ қызының бейнесі шебер суреттелген деп ойлаймын.

Айтыгешов Алмас 11-сынып


Эссе

Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қарасөзіндегі» «қандай» мен «қалайға» жауап беріп, өз қөзқарасыңызды талдап жазыңыз.


Абай Құнанбаев қазақ мәдениеті мен әдеби тілінің дамуына үлкен ықпал жасады. Шығармаларының басқа тілдерге аударылып дүниежүзіне таралуы бұған дәлел. Қазақ әдебиетінде үлгілі болған шығармалар авторы – Абай атамыз өлеңдер мен әндер, қара сөздер арқасында танылды. Бүгін біз қара сөздерге тоқтаймыз, дәлірек айтқанда он тоғызыншы сөзіне. Бірақ он тоғызыншы сөзді талдаудың алдында қара сөздердің жазылу мен аталу себебін айтып кетейік. «Қара сөздер» өлең сөзден бөлек дүниелер мағынасын білдіреді. Әрбір қара сөзінде дүниетанымдық мәселелерді түсіндірген. Ал он тоғызыншы сөзге келсек, ол адамның адам болып қалыптасуын шешетін мәселені қозғайды. Әрине, туғанда бәріміз адам болып туамыз, бірақ бала кезімізде өмір жайлы аң-таң боламыз. Бәрі қызықты. Осыдан ғой, бала көргенін бәрін аузына салады. Көргісі келеді. Осы бала кезінде оған не жақсы, не жаман екенін түсіндіру қажет. Өмірге деген дұрыс қөзқарас қалыптастыру- ата-ананың қолында. Дүниежүзі жақсылықпен қатар жамандыққа толы және жамандықты жақсылықтан ажыра білу- ең басты қасиет. Бала кезінен жақсылық пен жамандыққа кезіккен адам өмірді өзгеше көзбен көреді. Түсініспеушілік осыдан шығады. Біреу қастандық жасаса, біріне ол ойына келмейтін жәйт болса, біріне ол күнделікті нәрсе. Осыдан адамның жақсысы мен жаманы қалыптасады. Бүгінгі дамыған қоғамда жақсы мен жаман нақты бөлінген. Жақсы іс қолдау тапса, қылмыс заңмен шектелген. Бірақ бүгінгі күні де жақсылық пен жамандықты айыра алмайтын адамадар толып жатыр. Бұл -олардың қателігі, бұл ата-аналарының тәрбиесінің нәтижесі. Біз, әке-шешеміздің балалары, Тәуелсіз Қазақстанның болашағы ретінде елімізді биік шыңға көтерумен қатар, өзіміздің балаларымызға жақсы тәрбие беруге міндеттіміз.

Амержан Асылхан 11-сынып


Эссе

Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ашудағы автор тәсілін талдап жазыңыз


Аспанның сынып түскен сынығындай сұлулығы кез-келген жазушыға қанат бітіретін Марқакөл табиғатынан бастау алатын көркем шығарма – «Ақбілек» романы. Көл бойын жағалай орналасқан қазақ ауылындағы тыныс-тіршілік, күйбең тірлік әйел теңсіздігін арқау ететін оқырман санасындағы жарқын туындының біріне айналған. Жазушының Ақбілек бейнесін ашудағы автордың тәсілі қандай? Сонау XX ғасырдың бірінші ширегінде жазылған бұл роман қазірге дейін өзекті болуының мәнісі неде? Себебі бас кейіпкер Ақбілектің бейнесі арқылы арына дақ түсіріп, махаббаттың лайланғанына қарамастан өмір толқынына, қарсы тұра алатын қайсар бойжеткен бейнесі көз алдымызға елестейді.Қазіргі таңда Ақбілектей қиындықтарға қарсы тұратын бойжеткендеріміз аз. Болмашы ауыртпалықты көтере алмайтын, сәл қиындыққа сынып кететіндер де жоқ емес. Шығарманың өзектілігі, өміршеңдігі Ақбілектің өмір үшін арпалыс жолындағы қазақ қызына тән қайсарлығы мен жігерлілігінде деп ойлаймын. Бұған дәлел, ақтардың қолына түскеннен бастап,Ақбілекті өмір мен намыс арасындағы таласта қалдырып, шегі жоқ тығырықтарға тірелуі психологиялық саралаумен берілген. Ақбілектің портретінің сомдалуы сан түрлі тәсілмен беріледі. Автор «Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі - жас түлегі айы – күні - сұлу – қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдырлатып, былдырлатып, ақ көйлегін көлеңдетіп...»- деп оқиғалар желісін дамуына қарай түрлендіріп отырады. Өмір үшін күрес жолында орыс қонысында қасқырлармен айқасуы, өлім құрығында бір отты шоқтың екпінімен өз өмірін арашалауы, жан арпалысын жазушы баяндау тәсілдерімен шебер жеткізе білген. Романдағы келесі бір реалистік дәлдікпен суреттелген тұсы – Ақбілектің басынан кешкен жер болған намысы, былғанған ары.«Жан дегенде жалғыз әке мені жек көрсе, енді мен кімге сиямын?» - деген ішкі монологы арқылы жан күйзелісін көрсетеді. Романның өн бойындағы Ақбілектің өмір үшін күресі, әрекеті, қайсарлығы қазіргі қазақ қыздарында бар ма? – деген сұрақ көкейіңе оралады. Әрине, Ақбілектей үлгі боларлық қазақ қыздары тұрғанда бар деп ойлаймын.

Қорыта келгенде, роман қазақ қызының күрделі тағдырын суреттей отырып, өмір үшін күресе білуге жетелейді. Бұндай өмір үшін күрес жолында қиыншылықтан алып шыққан, тал бесіктегі тәрбиеден деген ойдамын.Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолы кімге болмасын сабақ аларлық.


Эссе

Мағжан Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз

Қазақ поэзиясының шолпан жұлдызы- Мағжанның әдебиет майданына жаңа бағыт әкелген поэмасы- Қойлыбайдың қобызы» дастаны Шығарма мистикалық аңыз әңгіме негізінде жазылған. Дастанда қобызды бәйгеге қосу көрінісі қалай баяндалады?

Адам бойындағы тылсым күштің бар екені аян. Ш.Уәлиханов: «Қойлыбай бар бақсылардың пірі, түп атасы, оқ тартса садағы іспетті»,- деп бақсыларды мойындап кеткен. Дастанда Найман ішіндегі зор аста Қойлыбай бақсының қобызын, Барақ батырдың қолқалауымен бәйгеге қосу көрінісі баяндалады. «Аруақ қалшылдатып, дірілдетті, Аузынан қанды көбік бұрқ-бұрқ етіп», - дейді. Бақсының күш жігерін, қайратын, қобызды қосудағы сарнауы оқырманды сендіріп, қорқыныш үрей сезімін ұялатады. Қазіргі таңда Алланың берген қасиетін басқа мақсатта пайдаланып жүрген бақсы- балгерлер де бар екені хақ. Оған күнделікті өмір ағымында болып жатқан небір таң қаларлық оқиғалар дәлел.

Бақсының бәйгеге қобызы қосылған сәттегі күйі қандай еді? Бақсы «Сары даланы күңірентіп, екпіндеп, долданып, жыны буып күбірлеп»,-дейді бақсының ақын жырлағандай күйі ауыр. Қалың құмды қара бұлтқа қосылуы, қызыл желдің құйындатып дүрілдеуі, сексеуілге байланған қобыз келе жатқандай елестетесің... Осы көріністен қазақ даласындағы шынымен бақсылардың мықты тылсым күштің иесі, екендігін дәлелдей түседі.Дауыл ортасынан бақсының сексеуілге байланған қобызының келуі дүйім жұртты тамашадан тас қып қатыру көрінісі тіптен сендіре түседі.Дастанда қазақ халқының бақсылығын, қобыздың қасиетін суреттейді. Ақын: «Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан»,-деп жырласа бақсы болса, Қойлыбай мен Қорқыттай болсын деуі тегіннен емес. Дастанда қобыздың құдіретін жеткізе білетін қазақ халқы дана халық екендігін ақын дәлелдеп көрсетеді. Ал, қазіргі таңда қобызға қызығушылық бар ма? Жалпы алып қарасақ, жастар арасында қобызға деген қызығушылық жоқ емес, дамып келеді.

Ойымды түйіндей келе, ақын дастан арқылы алты алаштың дүбірлеген бәйгесін, бақсылық қасиетін, қобыздың үнімен ұштастыра отырып мойындатқан деп ойлаймын. Бұдан шығатын қорытынды адам баласына берілген асыл қасиетін, өнерін, әр нәрсенің орнын білсек , өнер де, халық та мәңгі жасамақ!


Эссе

Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз

Халық тағдырын толғанған жазушының қолына қалам алып, өзі ғұмыр кешкен заманның ақ-қарасын парықтауға арналған шығармасы – «Ақбілек» романы. Автор романдағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін қалай аша білген? «Ақбілек» романында самсаған кейіпкелер, шытырман оқиғалар көп емес. Әрбір кейіпкер естен кетпестей етіліп, сомдалған. Бұған дәлел, жазушының әр кейіпкердің сырты мен ішін бірлестіре айқындауында. Тіпті, бір көрініп жоқ болатын Іскендір диуана сынды кейіпкердің өзі есіңнен кетпестей сақталып қалады емес пе? Романда әр кейіпкерлер орынды сомдалып, қызықтыра түседі. Шығармадағы кейіпкерлердің өмір үшін күресі әр түрлі іс-әрекеттің даму кезінде айқындалады.Роман Ақбілектей тағдырына налыған қызды өмір қиындығымен шыңдап, барлық кейіпкерлерін қайтпас мінезді етіп тәрбиелейді.Оқиға желісінде Ақбілек өмір үшін күресте сан түрлі жолдардан өтеді.Әсіресе, ақтардың қолына түсіп, одан қала берсе, айдалада жалғыз қалғандағы Ақбілектің жанталасы – өмір үшін күресі.Еліне оралып, ұятқа төзіп, өз үйінде жетімдей жаутаңдап ғұмыр кешсе де, алдағы күннен үмітін үзбейді.Ақбілектің үмітін үзбеуі жаңа өмірге деген сенімінен туған еді.Ақбілектің көрген қорлығы, қиындығы, жеңісі қазақ қыздарына сабақ боларлықтай.

Романдағы келесі бір кейіпкер «елден таңдап алған Ақбілегін аялауға» жігерсіздігі жетіспеген Бекболат еді.Бекболат сияқты бүгінгі таңда да кейбір ер- азаматтарымызда жігерсіздік бой көрсетіп жатады. Автор романда офицердің ішкі монологін неге береді?Ол да өмір үшін күресіп жүрген кейіпкер емес пе?.. «...Әйтеуір қазақ өз алдына ие болып жатқан жоқ, ендеше орысқа бағынуы керек...»,- деп отаршылдықты көксеген, империялық саясаттың құлына айналған адамның жан сыры өзінен күштіге бағынышты жан сырын көрсетеді. Жазушы офицер арқылы қоғамдағы тартыстың бет-пердесін айқын аша білген деп ойлаймын.

Қорыта келе, «Ақбілек» романы қысқа мерзімде жазылса да, уақыт шындықтарын, кейіпкерлердің орны мен іс-әрекеттерін, бейнелі де бедерлі жеткізе білді. Шығармадағы кейіпкерлердің өмір үшін күресі арқылы, өмір ағысындағы әрбір толқынға төтеп беруге сабақ боларлықтай туынды екені хақ.Әр адам баласының ғұмырында кездесетін сан қилы соқпақтар адам баласын өзі қалаған жағына апара бермейді.Сондықтан да өз өміріміз үшін күрес жолында табандылық танытайық.


Қабдула Даниял 11-сынып


Эссе

Жақсы сөзім-жаны игі халқым үшін

Бұл дүниеде сөздің құдіретіндей құдірет жоқ. Расында да солай ғой, бір ауыз сөзбен ешбір күн шалмас қараңғы түнекке сәуле шашуға болады. Бір ауыз сөзбен кеселді жазуға да болады. Бір ауыз сөзбен өлтіруге де болады. Бір ауыз сөзбен адамды бақытты етуге болады. Қазақ халқы ежелден сөз қадірін білген, сөзге тоқтау айта алған. Ұрпағына «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле» деп үлкен міндет жүктеген. Себебі сөз біздің ата-бабамыз көтере алмаған үлкен жүкті ғасырлар бойы көтеріп, шашпай-төкпей бүгінгі күнге жеткізген. Сонау заманнан бері халқымыздың асыл қазынасы- тарихын, өнерін, жырларын бізге мұра етіп жеткізіп отырған да осы сөз. Ал сөздің құдіретін түсініп, салмағын сезген, күні бүгінге дейін сақтап жетуі ақын-жазушыларымыздың арқасы. Уақыт сынынан өткен «Құдіретті сөзді» жеткізіп, келешек ұрпағын ойлап, сөзді мұра етіп қалдырған. Ал ендігі кезек бізде. Тілдің тазалығын сақтап, нағыз сөз салмағын жеткізу- біздің міндетіміз.Әдебиетіміздің көрнекті де, парасатты ақындардың бірі, жүрегі елім деп, жұртым деп соққан, келешек ұрпағына сөз деген асыл қазынаны қалдырған ұлы ақын - Мұқағали Мақатаев.

Мен Мұқағали ағамды ең алғаш рет «Қазақстан» атты өлеңінен білемін. Естіген сәтте денем тітіркеніп, жүрегім жиі-жиі соға бастады. Осы кезден кейін бұл өлеңді жаттап, қүн сайын айтатын болдым. Күні бүгінге дейін бұл- менің сүйікті өлеңім.Мұқағали Мақатаевтің нағыз патриот екенін, еліне, жеріне деген шексіз махабатының кең екені бәрімізге мәлім. Дәлел ретінде мен «Қазақстан» өлеңінен үзінді келтіре аламын:

Жақсы атанды демессің сүйем десен,

Табынатын тәңірім, ием десем.

Адам болып күн кешу қиын маған,

Арқа тұтып өзіңе сүйенбесем.

Сен менің сүйегім мен қанымдасың,

Жанымдасың, ұятым, арымдасың.

Саған деген махаббат дамылдасын,

Тек сенің топырағыңды жамылғасын.

Қазақстан, пай-пай!!! Пай-пай Ардағым-ай!

Сен менің шолпанымсың жанған ұдай.

Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,

Өлмейтін махаббатым, арманым-ай.

М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген. Ақын қай тақырыпты жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол туралы: «мен жырламаймын, сырласамын. Сыры бір замандаспен мұндасамын.Көгендеп жыр қосағын, келмейді жыр жасағым» немесе «тіпті де мен еместі «Мен» дегенім... өзгенің жан-сырын ұғу үшін, өзімді зерттегенді жөн көремін» дейді. Мұқағали Мақатаевтің шығармашылығының негізі «өзін – өзі» зерттеуден тұрады. «Өмір-дастан» атты топтамалы талғауында жесір жеңге образы арқылы тылдағы халық өмірі мен адамдық, азаматтық, адалдық, ар намыс, рух пен нәпсі арасындағы толласыз күрес психологиялық шиеленіс арқылы шебер жеткізілген. Ол әсіресе тауды, қазақ ауылын көп жырлайды. Мысалы;

Өлмесін деп берген ғой тауды маған,

Мен күңіренсем, күрсініп тау жылаған.

Ол қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлентті. «Қазақтың қара өлеңі құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген»,- дейді ақын. Мұқағали дәстүршіл ақын, ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізді. Мұқағали ағамыздың поэзиясы ұлттық характерімен, мінезімен ерекшеленеді, мұны айқындайтын мынандай өлең жолдары бар:

Су сұрасам, сүт берген, айран берген,

Қартайып қалыпсын-ау, қайран жеңген.

Ақын өлеңге ерекше кие деп қарап.

Мұқағалидың адамзат ғұмыры мен әлем сырын жыр еткен лирикасы қазақ әдебиетіне асыл мұра боп енді. Менің ойымша, Мұқағали Мақатаев- қазақ қоғамында бір туар азаматтың бірі. Мұқағали Мақатаев – қазіргі қазақ поэзиясының классигі, ұлтымыздың ұлы ақыны.Туған халқының арман – мақсатын терең түсінген, жанның жыршысы болған ақиық ақынның екінші өмір мәңгілік ғұмыры енді басталып отыр. Өлмес өнері - өлеңімен елінің жүрегіне жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзентінің ұрпаққа ұран болған жырларын елі де ешқашан есінен шығармасы шындық.

Ербатыр Айгерім 11-сынып

Эссе

Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз

Ғашықтық деген тамаша сезімді жүрегінде сүйіспеншілігі басым адам шабыттана жырлайды екен. Мұхит Мералыұлының өлеңдерін оқып түрлі ой шырмауына түстім. Өлеңдері ғашықтық сезім ғана емес балаға деген әкелік махаббатты, өмірге деген көзқарасты байқадым. «Айнамкөз» өлеңінің шығу тарихынан «Шырағым, мына бір әнді саған арнадым, нағыз айнамкөз екенсің» деген жолдарды есімде жақсы жаттап алдым. Ақын Құралайдың ажары мен мінезіне, шай құйғандағы қимылына, көздеріне ғашық болған. «Міні жоқ тал бойынан табар адам» деген өлең жолдарынан Құралай деген қыздың сыпайылығына, сұлулығына тамсандым. Сол көздерінен ешкім байқамаған мұң мен сырды байқаған. Ренішті сейілту үшін өлең жолдарында «Есіме, беу қарағым, сен түскенде, Қайнайды зығырданым қай-қайдағы» деген көркемдік әрлеуді қолданады. Егер де Мұхит сол кезде өзінің сезімін білдіргенде, Құралайдың ата-анасы басқа адамға тұрмысқа бермес пе еді деген ой туындайды.

«Зәуреш» өлеңінде әкенің қызына деген махаббатын жүректі тебіренте жырлаған. Қайғылы үннің сарынын естуге болады. «Иіскеп бір сүйейін деген едім» деген өлең жолы жан-дүниеме әсер етті. Өлеңнің ауқымдылығы үшін «Ақ бетің айдын көлдің алабындай, қасың бар молдалардың қаламындай» сияқты теңеуді қолданған. Өлеңде ғашықтық сезімін емес, әкенің перзентіне деген махаббатын байқадым. «Дүние-ау» өлеңінде «Кез келсе қарамайсың, дүние-ау, кәрі, жасқа» жолдарынан адам қиындыққа душар болса да өмірдің тәтті екенін ешуақытта ұмытпақ емес. «Көзіне көрінгеннің иттей қауып» деген оймен өмірге деген өкпесін тұрақты тіркестерді, күрделі сөздер мен теңеу, эпитеттерді сезім толғанысын ашуда орынды қолданғанын аңғардым. Бірақ өмірді жақсы жағынан қарасақ, тосын сыйлары да бар емес пе?

Қорытындылай келе айтарым, автор өлеңдерінде жігіттің қызға, әкенің балаға, адамның өмірге деген махаббат сезімінін көрсете білген. Өмірде махаббат пен қаталдық, қуаныш сезімдері қатар жүреді. Бәріне төзе білу керек деп ойлаймын.

Жора Сағабек 11-сынып


Эссе

Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз

Абай Құнанбаев-қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған ұлы тұлға. Ақын шығармашылығы осы күнгі бай ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қадады. Абай шығармашылығындағы ерекше орын алатын сала- поэмалары. Поэмаларының ішіндегі ақынның гуманистік ой-пікірін танытатыны- “Ескендір”поэмасы. Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы Ескендір қандай адам? Ақылдылығымен, айласымен, көрегендігімен, талапшылдығымен, мақсат қойғыштығымен атағы жер жарған, ешікімді өзіне бағындырмай қоймаған даңқты тұлға. Керемет! Осыншама ұлы қасиеттерге ие атақты патшаның бойында міні бар ма, әлсіздігі бар ма?! Иә, бар! Және ол әлсіздіктері аз да емес! Ғұлама Абай оның жауабын поэманың өзінде бізге ұғындырып та берді. Ақын патша ұлылығын көрсете отырып, сол «ұлылықтың» астарында әлсіздіктің жасырынып жатқандығын дәлелдей жазады. Македониядағы бала күнінен «ер көңілді, мақтан сүйгіш, қызғаншақ» бала. Әкесі өмірден кеткен соң жиырма жасқа әлі толмаған жігіт билеуші болды. Өзін алып билеуші санаған Ескендірге оның мемлекеті өте кішкентай болып көрінді: «өз жұрты аз көрініп, көршілерге көз алатып қарады оңды-солды». Осылайша, дайын билікке оп-оңай қол жеткізген Ескендірдің бойындағы көрсеқызарлық оты тұтанды.

Ескендір неғұрлым көп жерді жаулап алған сайын оның ашкөздігі мен қатыгездігі өрши түсті. Бұл-заңды құбылыс. «Алтын көрсе, періште жолдан таяр»,- деп халық та айтқан емес пе?! Ешқашан қылышы майырылмаған Ескендір енді үсті-үстіне масаттана береді. Жолында не кезіксе, соның барлығы ұлы жеңімпаз Ескендірге тиесілі болуы тиіс! Тіпті, кішкентай бұлақ та оның ашкөздігін тоқтатпады:

«...Менен қалмай, бұл суды шапшаң өрлеп,

Талқан қылып шаһарын алыңыздар!».

Жойқын билеушінінің екпінін ешкім де тоқтатпайтын сияқты!

Тойымсыздық, ашкөздік, қанағатсыздық, қатыгездік, өзінен басқаны көрмеу, өзгені мойындамау, қырып-жою ұлылық па? Жоқ, бұл барып тұрған қасиетсіздік, осалдық, патшаның өзі байқамаған сорақы әлсіздігі! Поэманың ақырына қарай:

Тоя ма адам көзі мың-мың санға...

Қанша тірі жүрсе де өлген күні

Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен... деген жолдарда Ескендірге ақылшысының сынай айтқаны патшаға терең ой салады. Ешкімге құлақ аспаған даңқты билеуші дана Аристотельдің әрекеті мен ақыл сөзінің алдында осылайша алғаш рет мойұнсынды.

Қорыта келе, Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасында ақын зұлымдық пен мейірімсіздікті ақылға жеңдіреді. Поэмадан ұлылық пен даңқ иесі болу-ашкөздік, қанағатсыздық, жауыздық, менмендіктен жасалмайтындығы жайлы дана ой түюге болады.Абайдың “Ескендір” поэмасы әлі күнге дейін өзекті болып саналады. Билік басында тұрған адамдардың ішінде Ескендір сияқты ақылды, көреген, бірақ ашкөз,тойымсыз адамдар кездеседі. Осындай адам болудан сақтану керек деп ойлаймын.





Эссе

М. Дулатов автор ретінде “Бақытсыз Жамал” романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма?

М.Дулатов шығармашылығының ең бір биік белесі-роман жазуы. ХІХ-ХХ ғ. қазақ әдебиетінде прозаның шағын жанрлары дами бастады. Ал осы саладағы көлемді туынды алғаш Міржақыптың қаламынан қанат қақты. Ол “Бақытсыз Жамал” романы еді.

Бұл шығармаға арқау болған ХХ-дың басында қазақтың кез келген ауылында, кез келген шаңырағында өтуі мүмкін, әркімге таныс ортақсипаттары бар жалпылық мәнді жайттар. Романның негізгі мәселесі сол замандағы Жамал сияқты қыздардың тағдырын, сонымен қатар өмірдің құбылыстарын қамту. Туындыдағы үстем тап өкілдерін жазушы автор ретінде даттаушы деп білемін. Себебі шығарма тақырыбының өзінде Жамалдың бақытсыз екені көрсетілген. Сонымен қатар, билік үшін қыз тағдырын аяқ асты ету, оның ішкі сезімдерімен санаспау, бір-бірі үшін жаратылған екі жасты айыру оқиғаны шиеленістіре түседі. Романның сюжетіне тоқталатын болсақ, ең алдымен Жамалдың бақытсыздығы әкесі Сәрсенбайдың билік үшін көмектеседі деген ішкі есеппен Байжанмен құда болуынан басталады. Содан кейін қыздың өмірінде әртүрлі оқиғалар мен азапты күндері, бір-бірімен сабақтасып, махаббат жолындағы күресі суреттеледі. Қаншама тосқауылға төтеп беріп, қиын кезде қасында болған жақын адамының дүние салуы Жамалдың еңсесін түсіріп жасытады. Ол жалғыз қалғандықтан, еріксіз Байжанның босағасын аттап, сол шаңырақта зорлық көреді. Ақыр аяғында өмірдің қиын да ащы өткелдерінен өткен бақытсыз қыз боранды түнде адасып, қайғылы махаббаттың уын ішіп, өмірден өтеді. Міне, шығарма желісі бойынша жағымсыз кейіпкерлерді даттау автордың басты қалам тартқан түпкі ойы деп есептеймін.

ХІХ-ХХ ғасырда халқының қамы үшін ширығып, жан беруге даяр болған қаламгер Міржақып Дулатовтың өмірлік мақсаты- алаштың азаттығы мен отарлық езгіден құтылуы болса, роман жазудағы мақсаты- қазақ қыздарының еркіндігі мен адамның өзін-өзі билеуі. Сонымен қатар, сол уақыттағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүр мен мінез-құлқын, кемшіліктері мен өр қылықтарын баяндайды. Қазіргі заманмен салыстыратын болсақ, автордың өмірлік мақсаты да, романдағы мақсаты да орындалды. Бүгінгі таңда қазағымыз тәуелсіз, оған ешбір мемлекет билігін жүргізе алмайды. Сол сияқты қыздарымыз да өз-өзін билей алады, бейбіт заманда оларға ешкім де зорлық көрсете алмайды.

Куспекова Эльнара 11-сынып


Эссе

Жақсы сөзім - жаны игі халқым үшін

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев – қазақтың лирик ақыны, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да, өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақын. Мұқағали поэзиясының қайнар көзі -туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, поэтикалық мінсіз үйлесіммен, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған. Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты. Мұқағали поэзиясы тек өнер үшін туындаған өнер деңгейіндегі ғана құбылыс емес. Оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының сезімін байытып, кісілігін биіктетіп, парасатын кемелдендіре түсті.

Мұқағали - лирик ақын. Осыны аңғару үшін бұл жанрды қарастырсақ артық болмас. Лирика- көркем әдебиет жанрының бірі. Лириканың басты ерекшелігі адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойы көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Кез келген сезіну мен толғаныс лирика тудыра алмайды, әлеуметтік-толғаныстар лирика тудырады. Эпика жанрыбаяндауға негізделсе, лирикалық шығарма адамның түрлі құбылыстан алған әсерін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасады. Әр халықтынлирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мәселен, қазақ лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - той бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе мүңшер өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ поэзиясындаШалкиіз, Махамбет толғауларында лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары көрсетілген. Мұқағалидің шығармаларында философиялық тереңдік, адамның психологиялық жан күйзелісін суреттеу, медитация басым. “Өмірдастан” атты топтамалы толғауында жесір жеңге (Дариға) образы арқылы тылдағы халық өмірі мен адамдық, азаматтық, адалдық, ар-намыс, рух пен нәпсі арасындағы толассыз күрес психологиялық шиеленіс арқылы шебер жеткізілген.

...Жан салар соның бəріне,
Əн салар сонда бір үн бар;
Тұрыңдар бəрің, тұрыңдар!
Əнменен туып, бірге өлген,
Атаңнан қалған ырым бар;
Тұрыңдар, түгел тұрыңдар!
Əуезге құлақ бұрыңдар,
Əуелі сыртқа шығыңдар;
Шығыңдар да, тыныңдар,
Талықсып жеткен сол үнге
Талықсып біраз тұныңдар...
  Мұқағалидің шеберлігі өзі өмірден көрген-білгенін көңіл елегінен өткізе терең жеткізуінде. Ақын өмірінің соңғы кезеңінде жазған «Моцарт», «Жан азасы» реквиемі психологиялық өзгеше туынды. Ақын Моцарт тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір туралы өз жанының оптимистік рухын, әрбір адамның жан түкпіріндегі арманын жеткізеді. Өмір құбылысын суреттеуде эпитет, теңеуді ақын өлеңдерінде өте шебер қолдана біліп, көркем шығуына септігін тигізген, жиі қолданған. Адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының сөз арқылы ерекшелендіріп, белгілерін анық көз алдыңа елестетіп, түрлі қозғалысқа ендіріп, адамның ой – қиялына, сезіміне әсер етіп, ақылымен бірге сенде құбылып, өзгеріп, өсіп, қуанып, қайғырып отырасың. Мысалы;
Ақ қайыңдар, тал теректер, алтын сары сырғалар,
Туған жердің кеудесінде тұнжырайды жылғалар.
Қайда кеткен жасыл алқап, жасыл орман, жасыл маң?
Қайда кеткен жақұт гүлдер паң далаға шашылған?
Тағы да күз.
Тәкаппар таулар жатқан жан – жағында,
Барып қайт салқын жайлау, малды айылға.
Бұзылған үй.
Тәкаппар таулар жатқан жан-жағында, барып қайт салқын жайлау, малды ауылға.
Бұзылған үй.

Немесе

Арым міне, сүттей аппақ алдымен көп жылап тұр,
Жаутаңдаған жанарыңда жалғыз ғана сұрақ тұр.
Міне, тағы ашу келіп, алқымына тығылды
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,
Алынбаған ақым бар, сенде менің.
Қайрат құмдар – бұйығып шөлдегенім,
Бура бұлттар – бусанып терлегенім.
Кең дүние төсіңді аш мен келемін.

Мұқағали Мақатаев – қазіргі қазақ поэзиясының классигі, ұлтымыздың ұлы ақыны.Туған халқының арман – мақсатын терең түсінген, жанның жыршысы болған ақиық ақынның екінші өмір мәңгілік ғұмыры енді басталып отыр. Өлмес өнері - өлеңімен елінің жүрегіне жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзентінің ұрпаққа ұран болған жырларын елі де ешқашан есінен шығармасы шындық.

Тұрлұбеков Ерлан 11-сынып


Эссе

М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?

М.Мақатаев- лирик, прозаик әрі шебер аудармашы. Әсіресе солардың ішінде М.Мақатаев поэзиясының басты арнасының бірі- оның әр алуан тақырыпқа жазылған поэмалары. Өмірден ерте кеткен адуынды ақын Мұқағали артына өшпес, өлмес мұра қалдырды. Оның асқақ жырлары, көркем аудармалары және әңгімелері жаныңды баурайды. Қазақ поэзиясында өзіндік жарқын із қалдырған дарынды дарабоз «Дариға жүрек » атты шағын поэмасы бір ғана қазақ әйелінің тағдыры арқылы сұм соғыстың талай тағдырды тәлкекке ұшыратқандығын көрсете білген шеберлігі десек, дұрыс болар. Жалпы алғанда, үш бөлімнен құралған осы шығарманың «Аққудай еді» атты бөлімінде Дариға – кейіпкердің психологиясын ашу мақсатында «Дариға- жүрек шөлдеді» қайталауын қолдана отырып, жас жесірдің сабырға сүйенген, алдағы күннен үміт күткен, көппен бірге күн кешкен аяулы жеңгенің асқақтата салған әсем әніне сүйенеді.

«Жалған» атты екінші бөлімінде :

Дариға ...

Тфу !!! Жаман еді аты қандай,

Сорлы аға сойқан апты,қатын алмай,- деп, жұрт жеріген жеңгеден жас жеткеншектің де көңілі қалғанын «Дариға-жүрек шөлдеді » тіркесінің қайталануы арқылы жеңгенің азалы жағдайын, «аһ» ұрған жаралы жүрек зарын жеткізеді.

Соңғы «Намыс пен муза» атты үшінші бөлімінде осы тіркестің қайталануына жаңаша қырынан беріп, туындыға тың ой қосады. Ұяты өртеп, намысы қинаған келіншек ажалға өзі бетпе-бет барады, жан жүрегін азаптаған сезімнен бостандық алады. Осы бір тіркестің қайталануы арқылы біріншіден, автор өзінің сезімталдығын бере білсе, екіншеден, жас ғұмырдың басынан өткерген мыңдардың құлақтан кетпейтін мұңзары, заман трагедиясын лирикалық кейіпкер тағдырымен сабақтастырады. «Дариға- жүрек шөлдеді». Бұл поэманың көркемдік әлемін танытатын құлақ күйі іспеттес. Тау шыңдарындағы қалықтаған ән-өмірдің қиындығынан қашып, қажыған, аласұрған, аңсағанына қол жеткізе алмаған, жүрегіне жұбаныш іздеген жанның шырқыраған үні еді. Тән қалауы мен жан қалауының үйлеспеуінен туған трагедия «Дариға- жүректің» бостандыққа – бақиға шөлдеуімен құнды бола алды.Сол құндылықты жеткізуде «Дариға- жүрек шөлдеуінің » қайталануы поэма сюжетінің маңыздылығын арттыра түскен тәсіл деп ойлаймын.


Эссе

Жақсы сөзім – жаны игі халқым үшін

Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың, яғни біздің, бақытты ғұмырымыз үшін аянбай күресіп табандылықтың, асқан қайсарлықтың, шыдамдылық пен беріктіктің  арқасында бізге ұлы – байтақ жерімізді мұра етіп қалдырды.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты

Мемлекет деген ыстық атау жүректі елжіретіп, жанымызға жылулық береді. Ананың баласына дарытқан мейіріміндей. Егер ана баласының болашағын бүгіннен  бастап ойламаса, баланың болашағы не болмақ? Біз де сол сенімді ұлтымыздың, еліміздің болашағын бүгіннен бастап ойлап, тарихымыздағы ата-бабаларымыздан үлгі өнеге алайық. «Жетім көрсең, жебей жүр» — деп дана халқымыз айтқандай, кейбір жастарымыз жетімдерге қолын ұшын беріп, рухани дүниесін байытып, нағыз қазақилыққа тәрбиелеуге өз үлестерін қосып жүр. Бұл да мемлекеттің гүлін болашақта егер ұрпағына берілген тәрбиесі болып табылады.

          Мемлекеттің дамуы мен гүлденуі үшін басты ұлттық басылымдылықтары–бейбітшілік, тұрақтылық пен келісімнің  төңірегінде  топтасуымыз керек. Еліміз тату болып, бірілігіміз тарасқан  ел болсақ, мемлекетіміз тыныш өмір сүреді. Бүгінгі күнімізді  ғана ойламай, әрқашанда ертеңімізді ойлап, еліміздің ахуалын түзетуіміз керек. Әрине, қазір де мемлекетіміздің ахуалы жаман емес. Бірақ одан әрі гүлдендіріп, жаңарту біздің қолымызда. Мемлекетім- менің баға жетпес байлығым. Аңсап, сағынып қауышқан шырайлы кең байтақ  далам. Мен қазақ елінің болашағын ойлап көп алаңдаймын. Қолымнан келері — жастарды тәрбиелікке шақыру. Білімдіден бұрын тәрбиелі, иманды, адамгершілігі мол адам болса, елін, жерін, мәңгі сүйіп, қорғап өтері хақ. Өткен заманда  өзінің ойлары мен жүрекке жылу сыйлар  шешендік сөздерін, ақыл-кеңестерін ұрпаққа  мәңгі өшпес мұра етіп қалдырған аталарымыздың сенімін мен бүгінгі және болашақ ұрпақты рухани тұрғысынан байытқым келеді. Мемлекетіміздің жарық болуы – ұрпақтың жүрегіндегі адамгершілігі мен имандылығы.

Қорыта айтқанда, ұлтжанды жастарды ерінбей еңбек етуге шақыру керек. «Елге деген сатқындық ең алдымен оның болашағына сенбеуден басталады», - деген екен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Елімнің келешегін ойлағанда жүрегім қорықпайды қайта қуанады, себебі мен елімнің болашағы біз сияқты елін сүйетін азаматтардың қолында екенін жақсы білемін. Тұғырың биік, мәртебен асқақ, бақытың мәңгілік болсын деймін, менің сүйікті Отаным − Қазақ елім!


Эссе

М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындалардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз

Ақын шығармаларының тақырыбы әр алуан, бірақ оның ерекшеліктері өзгеге ұқсамас сыры мен қырында жатыр. Дүниедегі бар құбылысты, адамзат санасындағы сан қырлы сезімді сөз арқыды жеткізуге болады. Сондықтан да сөз құдіретінің мән – мағынасына терең бойлап, мың сөзден бір сөз таңдап, сөз маржанның бейнелі өрнекпен кестелейтін. Мұқағалидай ақын – қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздардың бірі. Ақынның ой айтудағы өткірлігі, батылдығы біздерге өнеге, тәлім, сабақ болары сөзсіз. Иә, өлең өлмейді. Ендеше, оны жазған ақын да өлмейді. Мұқағали Мақатаев та біз үшін мәні мәңгі тірі. Жылдар өтер... әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлеңнің құдіретін аспанға бір – ақ көтерген Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәңгілік жасай бермек!

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты – Мұхаметқали. Ата-анасы оны кішкентай күнінен «Мұқағали» деп еркелете атап кеткен. Үйдің тұңғышы болғандықтан, Мұқағали Тиын әжесінің тәрбиесінде болған.

Әже, сен бірге жүрсің меніменен,

Өліге мен өзіңді телімеген.

Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,

Ақ кимешек жоғалса... нені көрем?- деп Мұқағали ер мінезді, айбынды әжесін ерекше құрметтеген. Әжесін білетін қарттар Мұқағалиді «Тиын әжесіне тартқан» дейді екен. Ол он жасқа келгенде әкесі Сүлеймен соғысқа аттанып, Калининград майданында болған сұрапыл шайқаста 29 жасында ерлікпен қаза табады. Анасы Нағиман балаларын өзі асырып бағады, 95 жасқа келіп қайтыс болды. Балалық шағы соғыспен тұспа – тұс келген Мұқағали он бір жасынан өлең жаза бастайды. Ал он төрт-он бес жасында қазақ әдебиетінен бастап орыс әдебиетін, оның ішінде Пушкин, Есенин, Блок поэзиясын сүйсіне оқиды. Шетел әдебиетінен Гейте, Гете, Дюма, Гюго, Байрон, Драйзер, Лондон, Шекспир шығармаларын жоғары бағалайды. М.Мақатаев поэзиясында өмір құбылысын көз алдына қаз-қалпында еш қоспасыз түрлі әдістерді қолдана отырып, көркем суреттейді.

Өмір құбылысын суреттеуде эпитет, теңеуді ақын өлеңдерінде өте шебер қолдана біліп, көркем шығуына септігін тигізген, өлеңдерінде өте жиі қолданған. Адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының сөз арқылы ерекшелендіріп, белгілерін анық көз алдына елес арқылы түрлі қозғалысқа ендіріп, адамның ой-қиялына, сезіміне әсер етіп, ақылымен бірге сен де құбылып, өзгеріп, өсіп, қуанып, қайғырып отырасың.

Сейітқалиев Сейіт 11-сынып


Эссе

Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендердің әлсіздігін талдап жазыңыз


Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармалары әрдайым келе жатқан ұрпақтарымызды тек адалдыққа, оқу мен ілімге жақын болуға, достыққа, адамгершілікке, әртүрлі ізгі қасиеттерге жетелейді. Абай жастарға көбінесе тарихтан үлгі көрсетіп тарихи деректерге сүйеніп, біздің алдымызға жеткізеді. Сондай бір аудармасы «Ескендір» поэмасы болып табылады. Бұл поэма Александр Македонский өміріне сүйеніп аңыз ретінде жазылған.

Поэмада ең басты көтерілетін мәселе-ол Ескендірдің патша тағына отырғаны. Содан кейін өз қолындағы шексіз билікті түсінгені. Ол Ескендірді қанағаттандырмады. Ескендір барлық әлемді жаулап алу мақсатында өз жорықтарын бастады. Талай қан төгіп, билікке шыдамай, тоқтауға ойы болған жоқ. Сондай бір күні шөлді жерден дәмді суы бар бұлақ жағасына жетіп келген. Сол жерде Алланың қақпасындай үлкен қақпаға тап болды. Күзетші Ескендірге осындай қылықтармен сен осы қақпаның ішіне кіре алмайтынын айтты. Оның ішіне тек мейрімді адамгершілігі мол адамдар ғана өте алады екен. Ол қақпаның ішіне кіремін деп, ызаланып қаһарланды. Күзетші Ескендірге көзін ашатындай сый берді. Ол сый тек қана құр сүйек болды. Ескендір бұл сыйлықтың мағынасын түсіне алмады. Аристотельдің көмегімен сыйдың мағынасын түсінді. Сонда күзетші Ескендірге өмірден кететін кезде өзіңмен бірге байлығынды, билігіңді әкете алмайсың деген оймен ашкөздіктен аулақ болуға жетелейтін ой салған еді.

Ескендірдің әлсіз жақтарына тоқтасақ, біз байлық пен билік адамның мінезіне қандай әсер тигізетінін көре аламыз. Ашкөздік, менменшілдік, байлыққа берілу, малға құмар деген кері қылықтарды көре аламыз. Қазіргі кезде де, осындай қасиеттер билік басында отырған адамдарға тән. Әрбір адам өз қамын, бала-шағасын ойлап, ақшаға сатылып, осындай қиын жағдайға тап болады. Біздің мемлекетімізге, қарапайым халыққа бұл үлкен зардабын тигізуде. Менің ойымша, заман өзгерсе де, адамдар сол қалпында сараң болғандықтан көпке ұмтылып, бар нәрсені бағаламайды. Адамның бір әлсіз жағы тап осы болып табылады. Осындай шығармаларды оқып, бағалай біліп, үлгі тұтып келешек ұрпаққа тәрбие түрінде жеткізуге міндеттіміз. Келешек ұрпақтың тәрбиесінің мәні осындай шығармалар арқылы шыңдалса, ол қазақ халқының мерейі емес пе?! Мен жастардың атынан Абай атымыздың сөздерін қолдап, оғаш, жат қылықтан алшақ болуға шақырамын!

Сулейменов Асет 11-сынып


Эссе

Махамбет өлеңдеріндегі («Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс», «Еңселігім екі елі») ақын көңіл күйін танытатын жолдарды талдап жазыңыз

Махамбет шығармашылығын Кеңес өкіметі кезінде саяси бағытқа бұрып, қоғам ықпалына орай талданды. Ұлы ақынның жырларын бай-­манап, хан-­патшаға қарсылық ұғымы шеңберінде ғана бағалауға ұмтылды. Бірақ тереңірек ойлап ой таразысына салғанда, Махамбет жырларының ұстанған бағыты тереңірек еді. Махамбет қазақ халқының тәуелсіздік туын ұстанған ақын. Тәуелсіздікке, бостандыққа үндеп, азаматтық еркіндікке ұмтылды. Осы жолда басын тау мен тасқа ұрды. Ашық айтты. Поэзияның құдіретті қуат күшіне арқа сүйеп, алыстан сермеді. Туған еліміз, Қазақстан атты мемлекетіміз тәуелсіздікке қолжеткізген тұста, Махамбет жырларының қадір-­қасиетін қайта қарауға, қайта талдау, басқаша бағалау міндеті алда тұр. Махамбет туралы тұжырымды ой­пікір айту үшін, Махамбеттің құдіретті поэзиясына мағыналы баға беру үшін, ең алдымен, Махамбет Өтемісұлының өмірін, Исатай Махамбет бастаған халық көтерілісін, Махамбет поэзиясының ақиқат шындығын, оның өлеңдерінің романтизмін, ең ақырында Махамбет жырларының көркемдік ерекшеліктерін ашып айтпай, Махамбет Өтемісұлы­сынды ұлы тұлғаны көзге елестете алуымыз мүмкін емес. Ғалым Қажым Жұмалиевтың дерегіне сүйенсек, Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы Батыс Қазақстанда туғандығын, Батыс Қазақстан ол кезде, Бөкей, немесе, ішкі Орда деп аталғандығына көзіміз жетеді. Жайық пен Еділдің екі арасында өткен өлке еді дейді ғалым. Жалпы, саяси лириканың өзіне қас ерекшелігі — үгіт-насихат істерді көпшілікке үндеу, белгілі бір топтың не таптың алдында тұрған тілек, мүддесін көркемсөз арқылы көпшіліктің сана-сезіміне жеткізу, үгіт арқылы оларға әсер ету болса, Махамбет поэзиясында бұл бағыт қатты сақталады.

Біз жоғарыда да Махамбеттің өміріне байланысты Ішкі Бөкей ордасының шаруашылық жағдайы әлеумет өмірінде тап тартысын күшейтті, сол қайшылықтармен байланысты шаруалар көтерілісі туды дедік. Ол көтеріліс өзінің қолбасы батырымен қатар, жалынды үгітшісін де туғызды. Бұл тәрізді тарихи жүкті мойнына артқан адамның бірі — Махамбет. Сондықтан да Махамбет поэзиясының басты қасиеттерінің бірі саяси үгіт болуы заңды. Бірақ саяси үгіт поэзиясын жасаушы тарихта жалғыз Махамбет емес, басқалар да болды. Әйтсе де соларменсалыстырғанда да, Махамбеттің тағы өз ерекшелігі бар. Бізше, Махамбеттіңнегізгі ерекшелігі — оның бір сырлы, сегіз қырлылығында. Махамбет өлеңдері текжалаң құрғақ үгіт емес, оның өлеңдерінде жалынды, саяси өткірлік пен терең ой,нәзік сезім әрдайым ұштасып, біте қайнасып жатады. Бұл мазмұн Махамбет
өлеңдерінің құрылысы мен түріне де әсер етті. Оның: «Ереулі атқа ерсалмай», «Мұңайма», деген өлеңдері — мазмұнына түрі сай, жалындыүндеу сөздер. Махамбеттің досын мақтап, дұшпанын даттап шығарған өлеңдерініңмазмұны күрес идеясын жыр ету болса, құрылысы шешендікке толы үгітке арналғанотты, өткір сөздер болып келеді де, сөйлемдері қаратпалы, сұрау сөйлемдер болыпкеледі, не жарлай арнау, не сұрай арнау немесе риторикалық сұрау болып отырады.

Махамбет ақын – шын мәнісінде халқының ұлт азаттығын аңсаған, тәуелсіздігін көксеген, әділет жолына жанын пида еткен тұлға. Әділет жолындағы бұл іске тегін адам бармайды, жүрегінің түгі бар адам ғана бара алады. Махамбет Өтемісұлы – Тәуелсіздіктің ұлы жыршысы. Тәуелсіздіктің басы болған ақын. Бұл күнде ақын дегеніне жетті. Қазақ елі – Тәуелсіздіктің туын көкке көтерді, әлем қазақ халқын таныды, мемлекет екенін мойындады.

Абаева Тамила 11-сынып


Эссе

Абай Құнанабаетың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген,Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз


Бұл поэманы Абай Құнанабайұлы үлкен үлгі-өнеге болсын деп, ұрпаққа өсиет ретінде аударған екен. Негізінен поэма тарнихи аңыз-деректерге сүйене отырып жазылған. Біз бәріміз тарих парақтарынан осы Ескендір,туралы оның жорықтары туралы біраз оқығандарымыз бар.Бірақ бұл поэмада қазавғымыздың ұлы ақыны Ескендір бейнесінде ашкөздікті ұтымды етіп көрсетіп, оқырман алдына ұсынған, Жалпы «Ескендір» поэмасындағы бас кейіпкердің әлсіздіктері, ол оның мал-мүлікке құмарлығы, дүниеқоңыздығы және де ашкөздігі. Бұл әлсіздіктердібіз оның әрекеттеріарқылы айқын көре аламыз. Осы жерде менде қызық сұрақ туындайды. Бұл әрекеттерді жасауға,бойындағы ашкөздіктің пайда болуына әсер еткен не?! Менің ойымша, бұл ең біріншіден шексіз билік. Шынымен де,адам баласы биліктің қатал сынына шыдай алмай, оған беріліп соның салдарынан осындай кері әрекеттерге апарады. Адам баласының ақша, дүниенің құмарлығынан қандай жаман әрекеттерге апармады десеңізші!

Тек мықтылардың мықтысы дүниеқоңыздықпен,ашкөздікке салынбай биліктің қатал сынынан сүрінбей өте шығады. Менің ойымша, Ескендір биліктін сынынан сынып, осы жаман қасиеттерге осының кесірінен құмар болды. Ал енді, осы ашкөздік мәселесі тек Ескендірдің әлсіз жағы деп ойлайтындарға, бүгінгі күнде осы мәселе әлі күнге дейін өзекті екенін айтқым келеді. Бұл ашкөздік туралы мәселе қазіргі таңда қоғамымызды алаңдатуда. Иә, шынымен де, билік басына келген жоғары лауазымды адамдардың барлығы дерлік осындай. Бәлкім, бұл айтқан сөздерім тым қатал шығар. Бірақ мен өзімнің қысқа ғана ғұмырымда Ескендір сынды адамдардыц талайын кездестіргенмін. Бұл өзекті ахуалдың шешімі, менің ойымша, жоқ.

Иә, қате пікір болуы мүмкін. Бірақ бұндай адамдар қандай заман болмасын міндетті түрде болады. Менің ойымша, бұның тек бір шығар жолы бар.Ол-билік басына келетін адамды дұрыс таңдап, оның тәрбиесіне үлкен ден қойған жөн. Қорытындылай келе, мен мынадай түйін түйдім. Дүние-мал деп қызықпай, адал ниетпен өмір сүрген адам Құдай алдында пәк сәбидей таза болады.

Темирбаева Камила 11-сынып


Эссе

Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор

(Ә Нұршайықов) сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап жазыңыз

Батыр – қайсар, ерен күш иесі. Адамның батырлығы сан қилы жағдайлар кезінде танылады. Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романын ерекше рухтанбай, әсер алмай оқып шығу мүмкін емес екен. Шығармада Бауыржан Момышұлының ерлігі мен өрлігі суреттеледі. Оны қан майдандағы батыр ретінде ғана емес, адам құндылықтары тұрғысынан да таныта білген. Роман-диалогте Б.Момышұлы ұлтжандық қасиетке тән мінезімен көрінеді. Оны автордың: «Отаншылдық - әр адамға керекті ең ұлы қасиет. Ал Отанды сүю өз үйіңнен басталады. Ата-анаңды сыйлаудан басталады», - деген ойларынан аңғарамыз. Меніңше, азғантай сөзбен ұрпаққа қандай үлкен ой айтқанын көреміз. Батырдың елі үшін қасық қаны қалғанша күрескендігін көре отырып, оның Отан алдындағы жауапкершілік қасиетін байқаймыз. Жазушы шығармасында батырдың тек белді қолбасшы ғана емес, өз жауынгерлеріне әкедей зейіл, әділ, қамқоршы екенін тамаша мысалмен суреттеген. Оны жазушы: «Бауыржанға «батялап» кіріп келе жатқан адамның артынан бүкіл полкы жамырай еріп келе жатқандай көрінді». Осы үзіндіден-ақ батырдың қаһарлы да қатал жүректі саналатын қолбасшы ғана емес, ақ жүректігі, бауырмалдығы айқын сезіледі деп ойлаймын. Сонымен бірге адам бойындағы жақсы қасиеттердің бәрі батырға да тән. Сондай қасиеттердің бірі ретінде автор туындыда Б.Момышұлының кемеңгерлігімен таныстырады. Автордың «... не бары жаудың екі-ақ танкін жойдым» деген сөзіне: «Сен сияқты солдаттың әрқайсысы 2 танктен қирата берсе, ол осал іс пе екен!?» - деген сөзі арқылы жазушы батырдың ақылдылығын, кішіпейілділігіе, кеңпейілділігін көрсетті.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, Баукеңнің даңқы, рухы өзіне керек емес, ол бізге, ұлтымызға, келер ұрпағымызға керек. Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей болған баһадүр батыр Бауыржан ағамыздың даңқымен, рухымен, дана өсиет сөздерімен тәрбиеленген біз осал ұрпақ болмайтынымызға мен нық сенімдімін!


Шалабаева Камила 11-сынып

Эссе

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келеді

Халқымның аса беделді ақын,жазушысы –Шәкәрім Құдайбердіұлы. Оның еңбектері көбіне өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси әрі әлеуметтік мәселелерді қарастырады. Абаймен замандас болған Шәкәрім әрі Абайдың тәрбиесінде болған ол өз еңбектерінде Ұлы Абайдың ұстанған саясатын қолдайды. Абай мен Шәкәрім арасында тамырластық аса терең. Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңдерінің ішінде көзге бірден түсіп,жанға жақындарының бірі- «Жастарға» өлеңі. Ақын жастарды ақылға үйреткісі келеді. Ақылдылықтың өшпес қайнар көзі- Абай екенін көрсетеді. Мәселен, ақын «Абай саудагер ғой ақыл сатқан» деген жолынан Абайдың ақылдылығын,асылдылығын дәріптейді. Өз заманының жастарын дұрыс жолға салуды арман еткен ақын өз өлеңінде Абайды үлгі етеді. Сонымен қатар Шәкәрім жастарды арам ойдан,надандықтан сақтануын сұраған. Заманның тарлығын білген,сезген ақын Абайды аса құрметтеп,оның қашық болған әдет,қасиеттерін де ұнатпаған. Сұлтанмахмұт Торайғыров Абай туралы «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деп жырлаған,Абайдың асылдылығын көрсеткен. Қай заман болса да,орыстар Пушкинди, ағылшындар Шекспирди қалай дәріптесе,қазақ халқым да солай Абайдың ұлылығын қастерлейді. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңінде жаңа ұрпақты -жастарды жаңа жолға салуды мақсат етеді. Бұл арнау өлеңінде ақын Абайдың ұстанған позициясын қолдайды. Мәселен, автор «Адал сол-таза еңбекпен күнін көріп,жаны үшін адамшылық ар сатпайды» деген жолдарынан автордың өмірдегі адами қасиетердің: ар,ұят,адалдылық адам үшін алдыңғы орындарда екенін көрсетеді.

Қорытындалай келе, осы «Жастарға» өлеңін оқып,Шәкәрімнің жастарды Абай арқылы түзету себебін анықтадым. Абайдың ұлылығын қастерлемейтін адам жоқ шығар. Ақын жастрады Абайдың жолына салғысы келеді. Өмірдің мәнін, тарлығын терең білген адам-Абай. Сондықтан да ақын жырлаған ақылдылық -қазіргі жастардың түгелінде бар қасиет дей алмаймын. Жастрадың өмірлік тәжірибиесінің аздығынан олардың арам ойлардан, арам істерден сақтауды,олардың мәнді,таза өмір сүруін қалаған Шәкәрім халқымыздың идеалы-Абай арқылы түзетуді жөн санайды.


Эссе

Абай Құнанбаевтың «Ескендір » поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз

Абай Құнанбаевтың гуманистік көзқарасын танытатын ерекше туындысы ежелгі грек қолбасшысы- Ескендір Зұлқарнайын туралы жазылған. Ескенірдің өмірі аңызға құралып,шағын поэмаға негіз болды. Дүниежүзін жаулап алмақ болған Ескендірдің шапқыншылық саясатын сынап,Абай атамыз оның әлсіз жақтарын көрсетеді.Ең алдымен, Абай атамыз қолбасшының тек батырлық қасиеттерін ғана емес, сонымен қатар ақылдылық қасиетін иелену керек екендігін көрсеткен. Символ ретінде алынған қақпа мен көз сүйегін жұмбақтап, ханның ақылсыздығын сынайды. Бірақ хан бұл жұмбақтың шешімін білмеген соң, өзінің бала кезіңде мұғалімі болған Аристотельге жүгінеді. Аристотель бұл жұмбақты шешіп, Ескендірге ой салады. Жасы әрең дегенде жиырма бірге толған жас Ескендір көп елді қырып, жойып жаулап алды. Бірақ жас ерекшелігі мен өмірді танымағанның кесірінен оған барша ел бағынбады.

Екіншіден, Абай атамыз Ескендірдің мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам ретінде танытады. Ескендір Зұлқарнайынның басты мақсаты - бүкіл әлемді жаулап алып,билік басына келіп, әлемнің бар байлығын иелену екені белгілі. Бірақ ақынның «Өлсе тояр көзге құм құйылғанда»,- деген сөзінен Ескендірдің көзінің тоймайтынын көрсеткен. Солайша ақын Аристотельге Ескендірді бағындырып, жауыздықты әділетке жеңгізеді. Сонымен қатар Абайдың «Ескендір тоқтау көрмей өскен жан ғой» деген сөзінен патшаның ойламай іс жасайтыны көрінеді. Енді Ескендірдің қақпаны дүбірлетіп, барынша айғай салуы оның шыдамсыздығы мен ашуланшақ патша екенін байқатады. Поэма аңыз сюжетін көрсетсе де, ақын поэмада өмір шындығы мен реалистік негізді сақтап қалған.

Қорытындылай айтқанда, Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасынды патшаның әлсіздігін көрсетіп, түп соңында қандай қорытындыға әкелетінін баяндаған. Қазағымыз «Өзі тойса да, көзі тоймайды»,- деп бекер айтпаған. Сүйекті символ негізінде ала отырып, ақын адам баласының өмірге келгенде де, өмірден өткенде де еш нәрсесіз келіп кететінін көрсеткен. Адам өмір жылдарында қаншалықты ашкөз болса да, өмір жолының соңында құр қол кететінін Ескендір патша арқылы суреттеген. Меніңше, адам баласы материалдық байлық пен адами қасиеттерді қатар қоймай адамгершілік, парасаттылық қасиеттерді жоғары санауы керек.



Эссе

Жақсы сөзім-жаны игі халқым үшін

Халқымның сүттей ақ, жүрегі кең, жаны таза, халыққа деген сезімі ерекше ыстық болатын ақын-жазушылары аз емес.Олардың әрбір өлеңдеріңде халыққа деген махаббат, елге деген ыстық әрі пәк сезім көзге түсетіні сөзсіз. Қазақ халқының болмысын, тұрмыс-тіршілігін жан-жақты сипаттап, ақ қағаз бетіне түсірген, орны толмас әдебиеттің ірі өкілі-Мұқағали Мақатаев. Оның шығармашылығы кең ауқымды. Жалынды сөздері жүректеп өтіп, пәк сезім тудыратынын айта аламын.

Мұқағали-әдебиеттің ірі өкілі. Әбіш Кекілбаев Мұқағали жайлы: «Ол халық болмысымен біте қайнасып кеткен ұлы тұлға. Ұлы құбылыс.Ұлы ақын. Мұқағалиы бар халық өлмейді. Мұқағалиы бар әдебиет күннен-күнге жаңара, жасай береді » Ақынның табиғатынан дарындылығын бүкіл халық мойындайды. Халық шынымен де оны сүйіп тыңдайды, оқиды. «Өлді деуге сия ма,ойландаршы? Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған.»,- деп Абай атамыз да бекер айтпаған. Мұқағали осыдан 41 жыл бұрын өмірден өтсе де, оның қалдырған шығармалары мәңгі жасайды. 2013 жылы Қазақстанда сатылатын ең үздік бестікке Мұқағалидың «Махаббат сазы» атты жинағы кірді. Яғни, Мұқағалидің еңбектері жылдар өтсе де, өз деңгейінен айырылған жоқ. Мұқағалиды халқы өзі бағалады, өзі насихаттады. Былтыр үш томдығы жарық көрген кезде Оразақын Асқар: “Біз әлі Мұқағалиды зерттеп болған жоқпыз, Мұқағали халықтың жүрегінен жол тапқан адам”, - деген болатын.Мұқағали Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең әрі ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі тақырыптағы лирикалары қайталанбас ұлттық сипатта кестеленген. Туған жерге арнаған өлеңдеріңде еліне деген махаббатын айшықтайды:

Елім!

Саған ғашықпын.

Ғашықпын саған:

Құмарымды қамдырмап едім.

Ақынның өмір жайлы жазған туындылары да аз емес. Оның «Ей, өмір» атты өлеңінде өмірге арнаған шумақтары ерекше:

Дүниенің ағын да, қарасын да

Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да.

Қарасымен жоқ шаман таласуға,

Ей, өмірім, зымырап барасың ба?

Мұқағалидың балалық шағы соғыс жылдарына дәл келеді. Бала Мұқағали алғаш рет қолына қалам 11 жасында алады. Соғыс тақырыбына шығармаларды көп жазылды. Ұлы Отан соғысында батырлығымен көзге түскен қазақтың солдаты - Бауыржан Момышұлына мына өлеңін арнады:

Ешкімнің назарына ілікпеген,

Саған бір сый тартам деп үміттенем.

Жүрегімнің тапсырған аманатын

Бере алмай кетем бе деп күдіктенем.

Мұқағалидың қалдырған шығармалары - халық аманаты. Ақынның өлеңдерін оқи отырып, Мұқағали Мақатаевтің өзімен сөйлескендей боламын. Елімізге деген пәк сезімнің көрсеткіші-оның өлеңдері. Оның бірлі-жарым өлеңін ғана емес, оның шығармашылығын, өмірбаянын басынан аяғына дейін түгел оқу керек. Сонда ғана кейінгі ұрпақ Мұқағалиды танитын болады.

Батырова Айжан 11- сынып


Эссе

Сал-серілердің көтерген мәселесін, қозғаған тақырыбын жазыңыз

XIX ғ. қазақ әдебиеті мен өнерінің алтын ғасыры деп текке аталмаса керек. Бұл кезең – қазақтың төл әдебиетінің көш басшысы – жыраулар поэзиясының шырқау билікке көтерілген кезеңі. Бұл кезең – ақын, сал-сері, тал бойына өнер қонақтаған жандардың шығармашылығының өркендеген тұсы. Халқымыздың асыл қазынасының бірі – әнші-ақындардан қалған поэзия, өлеңдер, музыка өнері. Қазақтың ән өнері ұлттық өнер болып, халқымыздың өзімен бірге туғандай. Жүрегін ән тербеген бабаларымыздан қалған өлмес өнер дәуірден-дәуір өткізіп бүгінгі күнге жетіп отыр. Қазақ музыка өнерінде аттары алтын әріппен жазылған біртуар тұлғалардың есімі белгілі: Біржан сал, Ақан сері, Сегіз сері, Мұхит, Жаяу Мұса, Мәди, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Иманжүсіп, Әсет, Естай. Сөз құдіреті арқылы олар ел мен жерге, сүйген жарға деген махаббатарын, сырлы сезімдерін, үстемдік жасап, жер аударып, түрмеге қамаған әкім-төрелерге өкпе-назын, ашуын да өлеңмен жеткізеді. Бүгінгідей «Халық әншісі», «Еңбек сіңірген өнер қайраткері» деген атақтары болмаса да, халқымыз оларды «Сал-сері» деп атаған.Әдетте сал-серілер шығармашылықтарында махаббат, сүйіспеншілік туралы, сұлулық, ғашықтықтың сыры мен сипаты, психологиясы жайында жырланатын болған. Мәтіндерінде бір ауыз артық сөз жоқ, бәрі өлең идеясы мен мазмұнына бағындырылған, тіпті қысқа қайырмаларының өзі кейінгі кәсіби жазба әдебиетіміздегі лирикалық өлеңдерге буын, бунақ ерекшеліктері күйінде сіңсіп кеткен.

Әнші ақындар шығармашылығының поэзиясында өзгеше арналы болып қалыптасуына қазақ даласындағы әлеуметтік жағдай ықпалын тигізді. XIX ғасырдағы сан қабатты өзгерістер, ежелгі салт-дәстүрдің, қауым мен қауым, адам мен адам арасындағы қатынастардың басқаша өріс табуы әншілік поэзиямыздың қуаттана дамуына қолайлы жағдай тудырып, әнші ақындар өз әнін, өз өнерін, ақы дәмету үшін пайдаланған емес, оны күрестің құрамы деп таныған, бар ғұмырын өнерге қызмет етуге бағыттай білген жандар. Олардың шығармаларында өнер жолындағы адам тағдырының қиындығы жырланады. Әнші ақындар айналасында өтіп жатқан құбылыстарды сырттан бақылаушы ретінде емес, өз басынан кшекен жайларды суреттеу арқылы махаббат пен ғадауат, теңсіздік пен әділетсіздікті қоғамдық орта мен адам арасындағы қатынасатрды жырлап, бүгінгі күнге дейін жеткізді деп ойымды қорытамын.


Эссе

Жақсы сөзім – жаны игі халқым үшін

Мұқағали атамыз – қазақ лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. Қазіргі таңда осындай тамаша ақындар мен жазушыларымыздың бар болғаны – қандай тамаша! Себебі осының бәрі келе жатқан ұрпақ үшін үлкен қазына, әрі тарихтың айнасы. Өлеңдер, шығармалар арқылы біз өзімізге көптеген жаңа ақпараттар алып, ақыл-кеңестерді таба аламыз. Осыған орай, қазіргі кездегі мектеп, жоғарғы оқу орын бағдарламасында міндетті түрде қазақ әдебиетінің жарқын өкілдері болады. Мен өз елімнің патриотымын, сондықтан қазақ зиялыларын білуді өзімінің азаматтық борышым деп санаймын.Бүгін мен Мұқағали атамыздың өлеңі жайлы ой толғағым келеді. Оның қазіргі таңдағы өзекті бір өлеңі - «Адамды адам түсінбеу - бір ақырет» атты өлеңі. Өлеңнің өзектілігі – қазіргі заман адамдарының қатыгез болуында, бір-бірін жамандап, түсінбеуінде. Халыққа өз пікірі мен ақылын айтуда ол өзінің шеберлігін танытты. Халыққа тек жақсылықты тілеп, өз өлеңін аманат ретінде қалдырды. Өзінің досы ретінде өлеңді, қағаз бетінде сипаттайды. Мұқағали Мақатев – адамдар арсындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Уақыт баяу жылжып, заман келбетінің елеулі өзгеріске ұшырауы тым ұзаққа созылған бұрынғы дәуірлермен салыстырғанда, әрбір жылға қадам басқаның, өте шығар қас-қағым қазіргі кезеңде жаһан тұрғындарын қандай да бір материалдық, тіпті саяси немесе мәдени саладағы жаңалықтармен таң қалдыру қиындап бара жатқаны аян. Десек те, замандар легіне, уақыт тегеурініне төтеп беріп, жаратылыс заңымен қатар, үндесе өмір сүретін, ешқашан тозбайтын, қайта мерзім сайын үздіксіз жасарып, жаңарып отыратын құндылықтар бар болса, оның бірі де бірегейі – тіл екендігі хақ. Елбасымыздың өзі терең көрегендікпен қасиетті ана тілімізді – мәңгілік тіл деп бағалауының мәні де сонда жатса керек. Ал, тілдің тірілігі мен құдыретін, қасиеті мен ұлылығын танытатын, хәкім Абай айтқандай, «Өлең - сөздің патшасы» ұғымына ешкімнің таласы болмаса керек.

Ендеше, «Қиыннан қиыстырар ер данасы, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс жұмыр келер айналасы» ,- деген кемеңгер атамыздың қатаң талабының үрдесінен шыға білген қазақ поэзиясының мәңгілік сипаты, адамзатқа ортақ құндылығын тағы бір дәлелдеген жарқын оқиға жөнінде қалың оқырманға қуана жеткізбекпіз. Алғашқы минуттарда халықаралық хаттама талаптарына сай ресми нышанда бастау алған іс-шара қатысушылар өз қолдарындағы Мұқағали жырларына көз жіберген сәттен былай, мүлде өзгеріп сала бергендей. Бұдан кейінгі ашық-жарқын әңгіме-сұхбаттар мен еркін пікір алмасулар әлем тілдерінде еркін сөйлеп кеткен Мұқағалидың өшпес жырларының қуатты рухы, кеудесінде сәулесі бар әрбір адам жанын жадыратып жіберетін ыстық жалынының шуағына, ізгілік нұрына бөленіп тұрғандай әсер қалдырды.

Қорыта келе айтарым, «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің рухани дүниесін, тұрмыс-күйін, арман-мүддесін, тарихи тұрғыдағы ұлттық портретін шыншылдықпен хаттаған асыл мұралар қатарына жатады. Өлеңмен де, өмірмен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті. «Жүрегінің түбіне кір жасырмай» айтып кетті, армансыз ақтарылып кетті. Мұқағали Мақатаев- қазақтың қарапайым тілінің нәрі мен мәнін Абай, Қасымдардан кейін түсініп жазып, түсіндіріп өткен ақын. «Сөз өнерін дертпен тең» көрген парасатты қаламгер. Ақынның әр өлеңінде,әр шумағында бүкпесіз, ақжарқын көңілмен сазды сыр төгіп отырғандай. Өлеңнің ырғағынан да, тербелісінен де ақынның қимылын, дауысын, мәнерін естіп, мінез-құлқын танимыз. Өйткені ол өлеңнен, өнерден сыр іріккен емес. Өлеңге өз жан дүниесін ашты, өлеңнің сырлы құпияларын жария етті. Мұқағали шығармашылығын әлі де терең зерттеу қажет деп ойлаймын.


Эссе

Абай Құнанбаевтің «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз

Абай Құнанбаев – қазақ әдебиетінде алтын мұра қалдырған ұлы ақындарының бірі. Оның талай-талай шығармалары бар. Кейбіреулері, тіпті, әр түрлі әлемдік тілдерге аударылып, әлем бойынша үлкен сұраныс пен қолданыста. Ал дәл осы сәтте мен Абай атамыздың «Ескендір» поэмасы туралы ой қозғағым келеді. «Ескендір» поэмасы – Абайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін жаулап алмақ болған шапқыншылық саясатын сынауға ауысады. Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болатын ұлы философ-гуманист Аристотельді кіргізеді. Поэмада жауыздыққа жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты соған қарсы қояды. Мұхтар Әузовтің пікірінше, жалпы композициялық құрылымы жағынан алғанда «Ескендір» - Абайдың ең үздік поэмасы. Абай дастанында әділдік, данышпандық, жауыздықтар сияқты қасиеттер сөз болады. Бірақ мұндағы әділ де, данышпан да, философ та Ескендір емес, Аристотель. Автор Аристотельді жақсы кейіпкер ретінде танытып, оның жақсы жақтарын ашады. Ал Ескендірді керсінше зұлымдыққа негізделген, тойымсыз адам ретінде тани аламыз.

Менің ойымша, романдағы Ескендірдің әлсіз жағы – оның тойымсыздығы. Тойымсыз адамдар ешқашан қанағаттанбайды, әрдайым өтірік айтады да қатыгез болады. Ол өмірдегі ең құнды қазына деп алтынды таниды. Күндердің бір күнінде Аристотель Ескендірдің алдына адам сүйегі мен алтынды таразыға қойып, өмірдегі ең бастысы – адамның өмірі екенін дәлелдейді. Сол кездегі уақыт пен қазіргі уақытты салыстыратын болсақ, қазіргі таңда осындай адамдар жоқ деп айта алмаймыз. Әр адамның жолында Ескендірдей адамдар кездесуі әбден мүмкін. Бірақ ашкөз, тойымсыз, өзімшіл адамның өмірде үлкен белестерге жетпейтіні сөзсіз. Ескендірдің жаңа жерлерді жаулап алғанына көңілі тоймай, бүкіл жер жүзін алғысы келетінін, зұлымдықты ойлайтынын ашық көре аламыз.

Менің пікірім бойынша, ашкөз адмдар – бақытсыз адмдар. Неге десеңіз, олар өзінен артық адам жоқ деп,үнемі өз қамын ойлайды, өзімшіл болады. Ал қарапайым адами құндылықтарға бай адамдар әрқашан тартымды болып, өз болашағын құрады. Өз ойымды қорытындылай келе біз бәріміз адам болғандықтан адамгершілік құндылықтарымызды жоғалтпағанымыз жөн. Өлшеп, ойланып сөйлесек, ақылымыз затымызға сай болса, алдымыздан көптеген есіктер ашылады. Өз әлсіздіктерімізді жеңіп, үлкен белестерге жетуге ұмтылайық!

Бейсенова Жанна 11-сынып

Эссе

Дулат Бабатайұлының Еспенбет дастанында Еспенбеттің нағашысынан қалауы Ақбөрте болуының себебін дәлелдеп жазыңыз

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде Дулаттың өзіндік үлкен орны бар. Ақын өлеңдерінен заман, адам өзгерістері, басқа ел мақсат-мүддесіне бейімделе бастаған халық халі, туған жер, адамдық, адалдық қасиеттерді өрнектеген өзіне ғана тән бояуды табамыз. Дулаттың өмір сүрген уақыты қазақ халқы үшін ең қиын заман болды. Сондықтан да ол шаттық өлең емес, «зар заман» жырын тудырды. Қазақстан жерін патша үкіметі отарлап алғаннан кейін,елге қорған болатын батыр туса деген идеясы негіз болған.

Сыбан руынан шыққан Еспенбет жастайынан жетім қалып, өзінің нағашысы Ер Қосайдың қасында, дәулетте ер жетеді. Білесіздер ме, кішкентай кезінде бір қиыншылықтар көрген, әлде осы жағдайдағы жетім қалған бала, бір басқаша өседі,яғни оның ой-санасы бізге білдіртпесе де, басқаша болады.Қай адам болмасын, әрдайым өз елін аңсайды. Өзінің туған жерін, төл бесігінің иісін сезгісі келеді. Еспенбет он төрт жасқа келгенде «Ер-туған жеріне,ит-тойған жеріне» дегенді есіне алып, алыстағы ата-жұртына қайтқысы келеді. Бірақ өзінің өмірлік көзқарасына, жетім жүрегіне, бойындағы дүниеге қызықпайтын парасаттылығына байланысты нағашысынан қалауы тек осы – Ақбөрте болды. Кім білсін, мүмкін осы құрбыларынан ойлы, намысы күшті, арманы биік осы бір туысы бөлек құлын ерлік арманға жетелеген шығар. Еспенбет әрдайым атқа мініп, жауға шапқысы келеді.

Жатса,тұрса,Еспенбет

Тұлпар мінсем деуші еді.

Қару сайман асынып,

Шөпті бұзсам деуші еді

Әдебиет- ол да тарих. Әр әдеби шығарма жаңашылдыққа жетелейді. Сол мақсатпен айбынды бейнелері халық жадынан өшпеген Ер Қосай, Наурызбай, Ақтамберді батырлар заманындағы қазақтардың қалмақтарға қарсы шабуылы кезінде ер намысын, жігерін оятқан.«Еспенбет» поэмасы- өмір шындығы, ұрпаққа үлгі мен өнеге, мұндағы терең ой өзінің өзектілігін жоғалтқан емес, жоғалтпайды да.


Эссе

Жақсы сөзім – жаны игі халқым үшін

Мұқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі. 650-ден астам лирикалық өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғаған.

Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, әпербақан сынға ұшырағанда да "Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана" деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге де, лауазым-атаққа да қызықпаған.Шынымен,ол жастар үшін жазған,жазушы.ХХІ ғасыр жастарының кітапқа деген бейімін ақпараттық кеңістік жаулап алғалы қашан. Ақын өзінің қысқа ғұмырында өзіне-өзі сенген. Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлары мен көркем дастандары сол сенімінің жемісі. Ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр. М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.

Мұқағали поэзиясының қайнар көзі- шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған. Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты. Мұқағали поэзиясы тек өнер үшін туындаған өнер деңгейіндегі ғана құбылыс емес. Оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының сезімін байытып, кісілігін биіктетіп, парасатын кемелдендіре түсті.

Поэзия!

Менімен егіз бе едің

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.

Шырақтардан, оттардан, жалаулардан

Сені іздедім жоғалған замандардан...

Осы өлең жолдарын оқыған кезде алып жырдың жаратылысын, жаңа қыры мен сипатын танығандай күй кешесіз...


Эссе

Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы жазылған «Ақ сиса» өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңыз

Жаяу Мұса Байжанұлының «Ақ сисасын» білмейтін исі қазақ жоқ шығар. Бұл — қазақ музыкасының алтын сандығындағы сүбелі олжаның бірі. Жалпы «Ақ сиса» — өз уақытындағы қоғамдық бүлік пен күрестің гимніне айналған атышулы ән. Оның шығу тарихы туралы түрлі пікірлер айтылады. Ауылының қасынан өтіп бара жатқанда, Шорманның жуандары мінген атын тартып алып, өзін соққыға жығады. Бірақ ақын жуандардың мұндай зорлығынан жасқанып жасымайды. Шорман тұқымының зорлық - зомбылығына деген ыза-кектің әсерінен композитордың «Ақ сиса» әні дүниеге келеді деген деректер бар. Әркім әртүрлі айтады. Дегенмен бұл классикалық шығарманың теңсіздік, зорлықшылық үстем тап өкілдеріне деген ызадан өрілген әлеуметтік маңызы зор. Тек Шорман жуандарын ғана әшкерелеп қоймай, қазақ даласындағы феодалдық тұрмыс жағдайды сынайтын әуезді туынды. Алайда қазіргі күні «көк жәшіктен» күрескер ақынның ыза-кегінен туындаған әнді заман ағымымен өңдеп селтеңдетіп қойғанын да жасырмау керек. Менің ойымша, «Ақ сиса» — жеңілдікті көтермейтін шығарма. Бұл шығарма мәңгі жүрегімде қалды. Әннің бойында қазақтың қамын жеген қайраткердің басындағы трагедия ғана емес, бүкіл қазақ халқының «әлімжеттік» кезеңдегі жағдайы сипатталған. Бұл өмір бойы тауқымет тартқан ақын-сазгердің елі үшін жанайқайы іспетті. Бір ән арқылы да Жаяу Мұсаның қандай болғанын біліп-тануға болады.

Жаяу Мұсаның «Ақ сисасы» — қазақ топырағындағы теперішті тағдырдан хабар беретін сом туынды. Мұндай маңызы терең әнді орындау үшін бірінші кезекте салмақ керек және иірім-қайырымдарын меңгерген өнерпаз айтса, құба-құп. Сол себептен де «апам тойға барады, мен де барамын» дегенге салынбаған абзал. Ол әннің қадірін қашырмаса, арттырмайды. Сондықтан да «Ақ сисаға» аңсары ауған әуесқой әншілер бірінші кезекте мәтін мен музыкалық қырының тереңдігіне үңілгені жөн.



Эссе

Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз

Қазақ халқының әнші ақындар шоғырының аса көрнекті өкілдерінің бірі – Ақан Қорамсаұлы.Жасынан ән-жырға үйір ол қолына домбыра алып ән салады, өлең шығарады.Осындай өміріне, өнеріне риза болған халық оны «сері» атандырады. Ақан сияқты көп қырлы өнері бар адам дүние – байлыққа қызықпаған, оны мақсат та етпеген.Оның есесіне Құлагердей ат, Қараторғай мен Базар ала сияқты қыран құс пен тазы ұстаған. Ақан сал-серіліктің салтанатын аңшылық-саятшылық, құсбегілік, мергеншілікпен ұштастырып, бір уақыт осыларды қызықтаған.

Бірнеше рет аламан бәйгенің алдын бермей, даңқын бүкіл Арқаға тараған Құлагер 1876 жылы Сағынайдың асында қастандықпен өлтірілгені белгілі. Бәйгеге үш жүз жиырма үш жүйрік қосылады. Осынша аттың алдында қара үзіп келе жатқан қанатты жүйрік Құлагерді Ақмоланың алпауыты Жүсіптің жандайшаптары қастандық жасап, айбалтамен басынан ұрып өлтіреді.Осы бір қарабет-қастандық ақынның жүрегін жаралайды. Құлагер-шындық өмірде де, Ілияс поэмасында да Ақанның жан серігі. Осы өлім Ақан жанын жаралап, жалғыздыққа ұшыратты.Сондықтан бұл өлең ақынның ауыр жан күйзелісі, терең тебіренісінен туған. Өлеңде озбырлықтан зәбір көрген ақынның көкірегін кернеген қайғы-мұңы бар. Ақан сері Құлагердің өлгенін естігенде есі ауысқандай басқа күйге түседі. Оның ой-сезімін бір сәт шарасыздық билегендей болады.

Өлді деп Құлагерді естігенде,

Бір тұрып, бір отырып ойбайладым,- дейді.

Мұнда әділетсіздікке деген Ақан серінің жан ашуы жатыр. Құлагер дүбірлі бәйгеге қосылған сайын Ақан серінің де,елінің де намысын асқақтата түсетін. Қазақ халқы жылқыны, ең алдымен, ел қорғаны, ердің жан серігі деп дәріптеген. Сондықтан оны бүкіл Атығай, Қарауылға олжа салған жүйрік ретінде жоқтайды. Ердің де, елдің де даңқын асырған тұлпардың құпияда мерт болуы жалпақ жұртқа да оңай болмаған.

«Құлагер» өлеңін оқып отырғанда Ақан серінің жанына жара салған күйзелісіне, мұң мұнары болып тығырыққа тірелген ауыр да азапты сәттерінің шыны мен сырына қаныға түсеміз. Ақынның азалы үнінен сырт қалу мүмкін де емес. «Құлагер» өлеңі бір ғана жүйрік тұлпарға арналмаған. Ат өлімі- жүрегіндегі ашу – ыза, кекті тұтандырып намысын жани түскен қайғы. Құлагер – қазақ даласындағы еркіндік пен бостандықтың, тектілік пен табандылықтың, жүйріктік пен сұлулықтың символына айналды.

Имантай Айзада 11-сынып


Эссе

Т. Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін» атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз

Соғыс – атауы құлаққа жағымсыз, тіршілікті қан жылататын, астары қайғы-қасіретке толы қаралы сөз. Оның зардабы иығына қаруын асынып, қан майданға аттанған талай азаматтарымызды ажал отына тастады. Дәрменсіз бала мен нәзік жанды ана-әжелеріміздің өмірін қасіретке толтырды. Осы кездегі халық басына түскен қасіретті әйел атынан суреттеген іргелі туынды – Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы. Романға «Шырағың сөнбесін» деп ат қойылуының мәні де тереңде жатқандай... Жазушы ойын тарқатып талдайын.Романның көтерген жүгі ауыр. Ол жүк- халық болашағы. Ал халық болашағы ұрпақ жалғастығына келіп тіреледі. Жазушы осы ойды Нәзира арқылы бізге жеткізіп отыр. Сұрапыл соғыс жылдарында талай қасіретті басынан өткерген Нәзираның барлық қиындыққа төзе біліп, өмірінің жалғасы – ішіндегі нәрестесін дүниеге әкеліп, өмір сыйлағаны үлкен ерлік деп есептеймін. Меніңше, бүгінгі таңда адамдардың ұрпаққа, болашаққа деген көзқарасы мүлдем өзгеріп кеткен сияқты. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен әз аналар арасынан нәрестесін балалар үйінің босағасына тастап кететін тасбауыр аналардың кездесетіні өкінішті-ақ. «Тастанды балалардың» аналары осы Нәзираны үлгі тұтып, жан түршіктірерлік қылыққа бармаса екен деп армандаймын. Нәзираның «Енді өлгім келмейді. Сонша тозақтан өткеннен кейін... енді тіпті өлуге хақым да жоқ сияқты» деген жолдары осының айғағы іспетті. Нәзира басында жап-жас келіншек, ауылдың албырт қызы болған еді. Аз ғана уақыт ішінде сұм соғыс есейтіп жібереді. Сұрапыл майданда жас келіншектің мерт болмай, нәрестесімен еліне оралуы- шығарманың өміршеңдігі.

«Мен жападан жалғыз қалдым. Көз жасым сыртқа шықпай ағыл-тегіл кеудеме құйылып жатты. Бірақ мені тоқтататын бір-ақ жан – сол. Бүйірімді түртіп-түртіп қалатын сол тірі жан иесі...». Жазушы романының шырағын сөндірмей, өмірді, ұрпақты жалғастырушы – осы «сол». Нәрестенің әзірге ат-есімі жоқ. Бірақ «сол» аман болса, Қасымбектің шаңырағы құламайды, аты өшпейді! Осы ұрпақ өмірдің жалғасы ғой! Атам қазақтың ұрпаққа деген көзқарасы да жан шырылына толы. Өйткені, қилы замандарда ауыздықпен су ішкен дала тіршілігі ұрпаққа деген қатаң жауапкершілікті қалыптастырады деп ойлаймын. Автордың романын «Шырағың сөнбесін» деп атауының бір себебі, соғыс жылдарында ауыртпалықты басынан кешкен халықтың болашақтан үмітін үзбей, жеңіске жетуін ұрпаққа үлгі еткен. Нәзираның: «Қайран туған жер! Сені де көретін күн болар ма екен? Арамыз бөлініп қалды. Ортамызда өткел бермес дариядай жау бар. Кішкентай болса да үміт жетелеп, әйтеуір жақындай берейікші деп шығысқа қарай жетелеп келеміз» деген сөздері осы ойын оқырманға паш еткендей.

Сөзімді қорытындылай келе, аталмыш роман бір ғана Нәзира арқылы өмір үшін күрестің шынайылығын көрсетті. Ендеше, өмірдің шырағы, болашағы – келер ұрпақ, сол шырақты сөндіріп алмайықшы!

Минжасова Анель 11-сынып


Эссе

Жақсы сөзім – жаны игі халқым үшін

Мұқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы үлттық мектептеріміз бен ұлы дәстүрлерімізді жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі, ақынның өз сөзімен айтқанда:

Ақынмын деп қалай мен айта аламын,

Халқымның өз айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын, — деген ерен жырдың жаратушысы, Осы өлең жолдарын оқыған кезде алып жырдың жаратылысын, жаңа қыры мен сипатын танығандай күй кешесіз. Ол нағыз ақын алдымен ойшыл, философ болуы қажет. Поэзияда философ болу өзін қоршаған әлемді ұғыну, әр заттың мәнін білу, ақырына дейін «адам жанының инженері болып қалу» дегенді ұстанды. Мұқағалидың адамзат ғұмыры мен әлем сырың жыр еткен лирикасы қазақ әдебиетіне қолмақты мұра боп енді.«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің рухани дүниесін, тұрмыс-күйін, арман-мүддесін, тарихи тұрғыдағы ұлттық портретін шыншылдықпен хаттаған асыл мұралар қатарына жатады. Өлеңмен де, өмірмен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті. «Жүрегінің түбіне кір жасырмай» айтып кетті, армансыз ақтарылып кетті. Мұқағали Мақатаев- қазақтың қарапайым тілінің нәрі мен мәнін Абай, Қасымдардан кейін түсініп жазып, түсіндіріп өткен ақын. «Сөз өнерін дертпен тең» көрген парасатты қаламгер.

Қорыта келе айтарымыз,ақынның әр өлеңінде,әр шумағында бүкпесіз, ақжарқын көңілмен сазды сыр төгіп отырғандай. Өлеңнің ырғағынан да, тербелісінен де ақынның қимылын, дауысын, мәнерін естіп, мінез-құлқын танимыз. Өйткені ол өлеңнен, өнерден сыр іріккен емес. Өлеңге өз жан дүниесін ашты, өлеңнің сырлы құпияларын жария етті.

Мұқағали атамыздың жырын тыңдайтын, сүйіп оқитын ұрпағы бар да, аты санамызда мәңгіге қалады. Мұқағали мұрасы, маржан поэзия – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қадірлейтін мұрасы. Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені. Мұқағали – жалпыхалықтық, ұлттық тұлға. Әрбір өлеңін оқығанда, оның қазақ екенін жазбай танисың, ұлт ақыны екенін айқын аңғарасың.Мұқағали Мақатаев қай тақырыпқа барса да, не туралы жазса да, шығармаларының астарына адамның ғұмыры мен тағдыры айтылады. Поэзия! Ақын рухы – ұлт рухының ажырамас бөлшегі. Мұқағали Мақатаев – ешқашан ортаймайтын, ешқашан сөнбейтін мол қазына қалдырған ақын.Мұқағали шығармашылығы әлі де терең зерттеу қажет деп ойлаймыз. Мұқағали өлеңдері менің жүрегімнің төрінен орын алады. Өмірде қиналған сәтте жауапты Мұқағалидың өлеңдерінен табамын деген сенімдемін.

Макатов Самат 11-сынып



Эссе

Қазақ даласының қоңырауы


Әрбір адам өзінің тарихын білуі тиіс. Адамның тарихты білмеуі - өзін құрметтемеуі.

Білім алу барысында бізге қазақ халқының білім алу жолы қайдан пайда болды екен деген ойлар келуі тиіс. Өзім осы туралы көптеген ойлар толғаған едім. Ақыры қазақ халқының білім алу жолы қазақ халқының аса ұлы ойшылы, көрнекті ағартушысы, жазушысы, этнографы, фольклоршысы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннен басталады деген ойға келдім. Қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған Ыбырай қазіргі таңда биік мәртебеге ие. Оның өмірлік кредосы білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқына неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген тұжырым болмақ.Ыбырай Алтынсарин — нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектептің қалыптасуында терең із қалдырды. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат. Ыбырай Алтынсарин өзінің қызығушылығы мен табандылығының арқасында Торғайда қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуға рұқсатын алды. Білімді болуды аңсаған қазақ балалары тек 1860 жылы мұндай мүмкіндікке ие болды. Осы мәселе бойынша көптеген түсініспеушіліктер болғанымен, кейін бұл іс өзінің өркендеу жолын тапты.Алтынсарин өзінің ардақты борышы – балаларды оқыту деп түсінді. «Мен қазақ жастарының классикалық гимназияларда, ауыл шаруашылық академияларында оқып білім алуын, өз халқына қызмет етуін, жаңалықты іс жүзінде көрсете білуін жоғары мұрат деп білемін»,- деп жазды ол. Шын мәнісінде, мен оның сөздерін толығымен қолдаймын, себебі қазіргі жастардың білімді болуы – болашақтың жарқын кепілі. Қазіргі таңда балалар үшін жарқын болашаққа нық қадам жасау үшін көптеген мүмкіндіктер бар. Әртүрлі мектептердің болуы, оған қоса интернаттардың қатар салынуы, үйірмелердің әртүрлілігі, ұстаздардың бала жүрегіне жол табуы, сайыстардың алуан түрлілігі – бәрі де балалар үшін. Демек, біз Ыбырай атамыздың басты арманы мен үмітін іске асыра алдық. Ол – балалардың білімді болуын қамтамасыз ету. Қазіргі білім алу бағдарламаларында Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығы алдыңғы орындарды алады. Оған тағы бір себеп – алғаш «Қазақ хрестоматиясы» өлеңдер мен шағын новеллалардан тұратын кітаптың жарыққа шығуы. Қазіргі таңда мен қалалық классикалық гимназияда білім аламын, ал Ыбырай атамыздың қалауы бойынша ол балалардың классикалық гимназияларда оқуы туралы да қалаған. Алғаш қазақ мектебі ашылғаннан кейін біздің тарихымызда көптеген қарқынды даму оқиғалары болды. Қазір біз тәуелсіз Қазақстан азаматтарымыз, біздің мемлекет - әлем бойынша дамушы елдердің бірі. Мұндай деңгейге жету үшін терең ой мен білім керек екендігі анық. Сол үшін білім алу жолында үлкен үлес қосқан Ыбырай атамызға мың да бір алғысымызды білдіреміз! Ыбырайдай данамыздың туғанына 175 жыл толып отырған шақта оның мұрасы жайлы сөз қозғамау, кейінгіге насихаттамау үлкен қателік болар еді. Сондықтан, біз, жастар, Ыбырай атамызды, оның еңбектерін үлгі ету – біздің азаматтық парызымыз.


Бисенова Жанна 11-сынып


Эссе

Ыбырай Алтынсарин-дала қоңырауы


Биылғы жыл қазақ даласы айтулы мерекелерін атап өтуде.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл;Қазақ хандығын құрған-Жәңгір ханның туғанына 215жыл;Қазақ халқының көрнекті ағартушысы-Ыбырай Алтынсариннің туғанына биыл 175 жыл!Сонау XIX ғасырда дүниеге келген жазушы қазақ даласына педагогикалық қызметін қалыптастырды.Балаларды сүйгені соншалықты,қазақ балалары үшін зайырлы мектептер ашуды армандады.1864жылы қазақ балаларына арналған интернаты бар мектеп салтанатты түрде ашты.Аса көрнекті халық ағартушысының басшылығымен қыз балаларға арналған бірнеше мектеп ашылды.
Атамыздың өлеңдерінде ойы терең. Төменгі сыныптардан оқып келе жатқан "Кел, балалар, оқылық!" өлеңінде Ыбырай А. жастарды оқуға,білім алуға шақырады!

Оқысаңдар,балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Кел,балалар,оқулық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Ыбырай Алтынсарин аудармашы болғанын айтуға жөн.Орыс жазушылардың И.А.Крыловтың мысалдарын орыс тілінен қазақ тіліне аударумен айналысты.Ыбырай Алтынсариннің шығармаларының өзекті тақырыбы өнер, білім, еңбек, тәрбие болды. «Әй, достарым»,«Әй, жігіттер»,«Мейірімді бала»өлеңдерінде мейірімділік,адамгершілдік туралы жазылған.Табиғаттың әсемдігі«Тазабұлақ»,«Өзен»,«Жаз»деген шығармаларынан көруге болады.Қазақ халқына арнап, «Қазақ хрестоматиясы» атты кітапты тұңғыш рет қазақ тілінде шығарады. «Бұл кітап жасөспірімдерге ғана емес, сонымен бірге жалпы халыққа арналады»,- деп жазды Ыбырай.

Қорытындылай келе,Ыбырай Алтынсарин өмірдің соңғы кезінде:«Мен түбегейлі терең сеніммен туған халқыма шамамның келгенінше пайдамды тигізсем деген ниетімнен ешқашан бас тартпаймын»,- деп жазды.Бүгінгі күнде Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік Білім академиясы Ыбырай Алтынсариннің есімімен аталады.Мен көп ғасырлық тарихы бар Қазақстан Ресубликасында бар әлемге әйгілі адамдардың туғанына мақтанамын! Ыбырай атамыздың 175 жыл мерейтойы құтты болсын!


Айсин Олжас 9-сынып


Эссе

Тіл тұтастығы – ел тұтастығы

Әркімнің туған тілі – туған шеше,

Оған бала міндетті сан мың есе

С. Мұқанов


«Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!» - деп, ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да, қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл адам баласына анасының сүтімен, әкесінің қанымен дариды. Қоғамнан тыс тіл жоқ және тілсіз өмір жоқ. Қай елдің болмасын өзіне тән тілі болады. Тілге көрсетілген құрмет арқылы сол елде тұрып жатқан халықтың бет бейнесін көре аламыз. Мен қазақ деген дана халықтың қызы болғанымды мақтан етемін. Тілімді құрметтеп таза қазақша сөйлеймін. Бұл өзімнің еліме, халқыма деген сүйіспеншіліктен туындайды. Ақ жарқын, кеңпейілді дархан халқымның қонақжайлығы қандай тамаша. Бір шаңырақтың астында көп ұлтты халыққы ұйып отырған қазақ жерібасқа елдерге үлгі болып отырған жоқ па? Қазақстан жерінде тұратын әр азамат мемлекеттік тілді құрмет тұтып, сөйлегенде бір мақтаныш сезімге бөлінемін. Менің отбасым қазақ халқының салт-дәстүрін қастерлеп, үлкендер кішіге үлгі болып, кішілер үлкендерді пір тұтатын отбасы. Ата-анам отбасында, мектепте алған тәрбие өмірде орын табуға негіз болады деп отырады. Ата-анамның ана тілде таза сөйлеңдер деген сөздердің мәнін енді түсініп отырмын. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев елдігіміздің тұғырлы болуы тілге байланысты деген салиқалы сөздері әрбір қазақстандыққа қамшыдай тиюі керек деп ойлаймын. Елдің тұтас қалыптасуына тілдің атқаратын қызметі өте зор, өйткені халықтың өмір сүруі тілге байланысты.Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт деген нақыл сөздің астарында үлкен мән жатыр. Халықтың халық болып тұруы тікелей тілге байланысты. Өзім солтүстік өңірді оқып жатқандықтан тіл мәселесі өзекті болып тұр деп ойлаймын. Құрбыларым бір-бірімен орысша сөйлеп, шүйіркелесіп жатқанда намысыма тиеді. Орысша сөйлеудің себебін орта кінәлі деп жатады. Мен олай ойламаймын, әр адам өз өмірінің иесі, мақсаты бар адамның аламайтын қамалы жоқ. Сондықтан ел болашағы жастар, яғни біз, тіліміздің тұтсатығын сақтап, елдің өрендеуіне өз үлесімізді қосу керекпіз. Абай атамыз: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар, қалан» дегендей елімнің бір кірпіші болып қалану мен үшін маңызды.

... Ақын көзі жұмылмас,

Жырдың көзі жұмылмай.

Елдің туы жығылмас,

Тілдің туы жығылмай, - деп жырлаған ақынымыз Қ. Мырза Әлі елмен тілдің тұтастығы бір екенін осы сөзерімен дәлелдеп кеткендей. Мен де өз елімнің нағыз патриоты ретінде тілімнің тұғырлы, елімнің еңселі болуына өз үлесімді қосуға дайынмын.


Жора Лаззат 8-сынып


The history of my land

My motherland Kazakhstan is a country which has varieties of everything. Even it is culture or food Kazakhstan has a vast index of these. I am proud to be a Kazakh for many reasons very much. One of the countries with the most developed economy in Central Asia is Kazakhstan. The republic of Kazakhstan is known as the ninth largest country in the world. It has got great productive potential and history, culture. The history of Kazakhstan is a meaty and significant with lots of historical events. It starts from XV century. To take the independences there were so many battles in which the majority of people who took part in were killed. All of them gave their lives and weren’t afraid of death. But it is so bad that they could not see that their aims were materialized. My nation has gone through many tough impediments like starvation and hunger in 1930s, Stalin’s camps, and open tests of nuclear weapons in Semipalatinsk. Moreover, we always struggled with severe climate. However, Kazakh people have a blood of great nomads who were fighting many centuries with the only aim to protect the broad territory of the homeland from intruders so that, nowadays, we live in free country.

On 16th December, 1991 Kazakhstan adopted the Constitutional Law on the independence of the Republic of Kazakhstan. In spite of being young independent state, Kazakhstan reached a lot of achievements during these 25 years. These successes were done by our president, Nursultan Abishuly Nazarbayev. First of all, he adopted Constitution of sovereign Kazakhstan, laws on the national flag, national emblem and national anthem, laws on people’s safety and signed on organizations which made the foreign relations better. The Republic of Kazakhstan became a member of different organizations, such as OSCE, UN, CIS, NATO, and the Islamic Cooperation Organization. Agreements were signed on economic, scientific, technical and cultural cooperation between Kazakhstan and foreign countries to develop all of them. One of the organizations which was so important for Kazakhstan’s develop is OSCE. In 2010 Kazakhstan took over OSCE Chair. It was the first country in Central Asia which was responsible for it. Kazakhstan did its mission with dignity. The next event which was successful, it was 2011 Asian winter games. It was the 7th game, in which Kazakhstan was the host. Kazakhstan prepared for this winter game hardly. Lots of new stadiums with amazing designs were built. For the first time Kazakhstan won 32 golden medals, 21silver medals and 17 bronze ones.

Now, the condition of Kazakhstan cities is better than it has ever been. For instance, the capital of Kazakhstan, Astana, is the most beautiful city. There are many landmarks such as Baiterek, Castle of peace and agreements, Fountain which is able to dance, square of independence and so on. All these changes and achievements are the labor of our president. He works hardly to make Kazakhstan as rich as European countries. Nursultan Nazarbayev is the first president of Kazakhstan. In each ballot he was voted with the highest results. He scored 80% of total population. People always believe that president of Kazakhstan will reach all his purposes. Nowadays, the most important goal of Kazakhstan is to be one of the thirty developed countries. The president adopted two strategies for developing education, industry and economy which are called as "Kazakhstan 2020” and "Kazakhstan 2030”. To develop the service sector some projects were realized. Nazarbayev Intellectual schools and Nazarbayev University were established by the project "100 schools and 100 hospitals”. This university is an international as Oxford, Cambridge and Harvard. All students are taught by foreign tutors. There is Nazarbayev Intellectual school in our town. It was opened in our town last year. Only talented and gifted children study at these schools and they will make Kazakhstan as the most prosperous country.

As a person who was born and grew up in multinational Kazakhstan, I want the people to live in peace and do a lot for developing our country. I love my land – Kazakhstan. And my our country as the moon shine through the darkest of nights for all humanity, giving hope for the future.

Зейноллова Диана 9-сынып


Эссе

Единство народа – единство языка


Что для меня значит язык?

Язык – особый инструмент. Благодаря языкам, люди могут вести общение. Язык – это благополучие народа. Он является средством, связывающим взаимоотношения людей. Я считаю, что каждый человек должен знать свой родной язык, потому что для каждого народа он является самой большой ценностью, на нём он пишет, говорит и думает. А общество и язык не могут существовать друг без друга.

Народ должен быть единым, а объединять его должен родной язык. Родной язык – это духовное богатство, которое народ хранит и передает из поколения в поколение свою мудрость, историю, культуру и традиции. Родное слово – это источник, из которого ребенок черпает представление об окружающем мире, о своих корнях, о своем крае.

Исторически сложилось, что в нашей стране проживает много национальностей, и у всех разные культуры. Казахи занимают второе место по численности населения в стране. Первое место занимают русские, в основном они проживают на севере Казахстана. Много в нашей Республике и украинцев. Они поселились в Казахстане еще во времена Советского Союза, когда осваивались целинные и залежные земли, чтобы обеспечить страну хлебом. А в народе говорится: «Хлеб всему голова. Есть хлеб – будет и песня». Наша земля объединила многие народы: узбеков и таджиков, татар и чеченцев, азербайджанцев и армян, немцев и поляков, корейцев и китайцев. Казахстан – это многонациональное государство, где проживает более ста пятидесяти различных национальностей. Наша Республика очень богата культурами, ведь нас породнила единая земля и язык. И только у нас 22 сентября отмечается День языков народов Казахстана. Вряд ли найдется страна, где бы отмечалось такое событие.

Человек не рождается со способностью говорить и знать только один язык. Любой человек может выучить несколько языков и свободно ими владеть. Также, в нашей стране есть еще одна праздничная дата. Чудесным весенним днем наша страна отмечает очень важный праздник – День всенародного единства, праздник дружбы и согласия. Он имеет статус государственного – 1 мая.

Я считаю, что благополучие, спокойствие и порядок в нашей стране зависят от всех народов. От того, насколько люди стремятся понимать друг друга, по-доброму.

Мир и согласие стран – это не стечение каких-то обстоятельств. Это то, что мы построили и добивались долгое время. Это величайшая работа государства и всего нашего общества. Это наше общее достоянее. Дружба между народами – это залог единства страны. Я люблю свой язык, свою родину, но также уважаю другие языки и народности! Горжусь, что родилась в Республике Казахстан!


Альжанова Камила 8-сынып


Эссе

Тіл тұтастығы – ел тұтастығы


«Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі»- деп

А. Байтұрсынов айтқандай, ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Тілдің ең басты қызметі – адамдардың бір-бірімен сөйлесу, бір нәрсе жайында пікір алысу үшін қызмет етуі, екінші қызметі – адамдардың қоршаған ортасы жайындағы өз ойларын тіл арқылы жеткізуі. Үшінші қызметі – адам өзінің бір нәрсе жайлы көзқарасын,күйініші мен сүйінішін, жақсы көру, жек көру сезімдерін тіл арқылы білдіреді. Ал бұндай мәселеде ең көркем, бай тіл біздің ана тіліміз, қазақ тілі. Бұл тілде ақиық ақын М. Жұмабаев өзінің асқақ мұратын жырға қосқан, сөз зергері атанған жерлес жазушы Ғ.Мүсірепов өзінің талай әңгіме, повестерін жазған, әдебиетші ғалымдар М. Мырзахметов, М.Әуезов

А. Сейдімбеков, З.Қабдолов сынды әдебиетші - ғалымдар да өз еңбектерін қазақтың бай тілімен бізге жеткізген.

Тілдің қасиетті де құдіретті екеніне дәлел болатын қаншама аңыздар бар. Соның бірі: өте ерте заманда елге қадірлі бір шешен қария өлер алдында баласын шақырып алып «Балам,мен көп ұзамай дүние салам, әкем қазына қалдырмады деп қамықпа. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле», - депті. Бұны естіген бала әке мұрасын іздеп табанынан таусылады, ел кезеді. Бірақ әке қалдырған қазынаны таба алмайды. Осылай ойы сан-саққа кеткен бала елдегі бір қарияға келеді де, әкесінің өсиет сөзін айтады. Сонда қария тұрып : « Әкеңнің сөзі рас, балам.Оның саған қалдырғаны - тіл. Ол шешен адам еді ғой. Бәріміз де сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік. Тілден қымбат қазына жоқ», -деп аталы сөздің шешімін айтыпты. Шынында да, тілден қымбат, тілден ардақты не бар десеңізші.

Ана тілім

Дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім

Сенсің менің қасіретім, шаттығым,

Сенсің менің тазалығым, пәктігім, - деп ақын жырлағандай,қазақ тілі – әр қазақтың ұлттық рухани байлығы. Осы рухани байлығымыздан біз рухани азық алып жүрміз бе? Бүгінгі жастар, менің замандастарым, көркем де бай тілде жазылған әңгіме , повестерді, романды оқыса ғой! Сөз зергері Ғ.Мүсіреповтің, ақиық ақын М. Жұмабаевтың шығармаларын оқып, сусындар еді. Қазақ тілінің нағыз көркем, бай тіл екенін сонда білер еді. Жерлес ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Нұрлы жұлдыз - бабам тілінің» құдіреттілігін сезер еді, қазақ тілінің әуезін ұғып, әңгіменің мазмұнын түсінер еді деп ойлаймын. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде», «Қазақпен қазақ қазақша сөйлесу керек» -деген сөзі ше? Мен өзім қаймағы бұзылмаған таза қазақ ауылында туып, өстім.Тілдің майызын тамызып сөйлейтін ауыл адамының, ата-әжелердің мақал -мәтел қоспай сөйлегендерін көрген емеспін.

Алтын хакім Абай айтқан «Толғауы тоқсан қызыл тіл», Мағжан жырға қосқан «Нұрлы жұлдыз – баба тілінің» нағыз көркем, бай тіл екенін М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын, Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпанын», С. Мұқановтың «Ботагөзін», Ш. Мұртазаның «Қызыл жебесін» оқып –ақ, көз жеткізуге болады. Жүректің терең сырларын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын бай тіл жайлы Асан қайғы «Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады. Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады»- деп, көркем тілдің кереметтігін айтса, ұлы ақын Абай «Іші алтын, сырты күміс сөздердің тілге жеңіл,жүрекке жылы тиетінін» үлгі етеді емес пе?!

Мен осы шағын шығармамда ана тіліміздің көркем, бай тіл екенін дәлелдей алдым деп ойламаймын, қазақ тілінің көркем, бай тіл екенін ұлы ғұламалар дәлелдеп жазып кеткен. Мен сол еңбектерден оқып, түсінгенімді жазуға тырыстым.

Калимова Аида 10-сынып


Эссе

Елдің өткені мен бүгінгісінің сабақтастығы


Не замандар өтсе дағы бұлағай,

Көк түріктің туы қалды құламай.

Қызылжарым-тұнып тұрған тарихым.

Ашық аспан астындағы мұражай.

«Өткенді тану тарихты терең пайымдап, оған әділ баға беру үлкен парасаттылық пен жауапкершілікті талап етеді»,- деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, болашақта жерімізді, өлкемізді, тілімізді, мәдениетіміз бен әдеп-ғұрпымызды, айбармызды білу- өзіміздің үлкен парызымыз. Кіндік қаның тамып, туып - өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе?! Дулығалы ата - бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Кез-келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары -топонимдері арқылы көрініс табады. Қазақ елінің де жер-су атаулары халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Осы себепті де және еліміздің басынан өткен «сан қилы» заманда көптеген топонимдердің өзгеріске ұшырауына, ұмыт болуына байланысты да жер-су атауларын зерттеу бүгінгі күні өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Ономастика – жер-су атаулары, адам есімдері, халық, ру-тайпа атаулары, мемлекет атаулары, әртүрлі мәдени-тарихи нысандар, яғни «тиражға» түспеген атаулардың (жалқы есімдердің) жиынтығын зерттейтін тіл ғылымдарының ерекше саласы. Облыстағы әрбір топоним белгілі бір мағынаға, алуан түрлі құбылысқа ие, семантикасы жағынан жеке объектілерді атайтын жалқы есімдердің ерекше тобына тән.

Мен бұл жұмысымды жазбас бұрын, зерттеушілердің, профессорлардың көптеген еңбектерін оқыдым. Көптеген гипотезалар болды, олар өте көп, мысалы: қалмақтарға байланысты, жердегі көл мен талдарға тоғайларға 11 үйден ғана тұратын ауылдың қариясының есімімен байланысты да болды. Сол кезде мен өзімнің әңгімемді жай әңгіме деп есептеп те қалған жағдай болды. Бірақ өзіңнің өскен жерің туралы жазғанда, барлық күдіктер жойылады екен-ді. «Ауыл» деген сөзді естігенде менің өн бойымды қуаныш кернейді. Өйткені ауылдың ауасы таза, суы тұнық, шөбі көк майса болады. Ауылда төрт түлік мал ұстағандықтан май, ірімшік, сүт, сүзбе, айран, шұбат, құрт мол.

Баян-біздің ауылымыз, Қызылжар жерінен 180 шақырымдай жерде орналасқан. Осы күнгі ауыл ортасындағы ой-шұңқырлар ол кезде айналасы ақ қайың, тал-теректері араласа өскен жасыл желекті айдын көлдер болса, қазір батпақ болып жылға тап-таза мөлдіреп, көздің жанарын арбап ағып жатқан бұлақ екен. Бұл жерде Масакөл деген көл бар. Бұлай аталуының себебі әрдайым жаз болса маса қаптайды екен. Жаз болса қазақтар жайлауда ғой, осыған байланысты жергілікті тұрғындар осылай атап кеткен. Жартытөбе ауылында, Келес өзенінің жағасында Бесшейіт мазараты болған. Келес өзені көпірінің айналасында түрлі-түрлі базарлар, дүкендер, мал базары орналасқан. Әр елден келген керуендер сол көпірден өтіп, сауда-саттық жасаған. Өзеннің бергі жағында күл-қоқыс тастайтын жер үлкейіп, төбе болған. Біраз уақыт өте келе Келес өзенінің суы бірте-бірте көбейіп, жарлар құлап, күл-қоқыс төбесінің жартысын шайып кеткен. Бүгінгі таңда төбенің орны ғана бар.1912-1930 жылдары ол жер Жартытөбе деп аталған. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Ташқазақ, 12-ші ауыл болған.Тәуелсіздік алғаннан кейін жылдары ауылға Жартытөбе деген атауы қайтарылған. Құрама ауылы,1900 жылдары бұл ауылда Жағалбайлы руының Бөдес атадан тараған ұрпақтары тұрған.1942-1945 жылдар аралығында осы ауылға Сталиндік репрессияға ұшыраған Қап тауының (кавказдықтар) халқы келіп қоныстанған. Ауылда қазақ, өзбек, әзербайжан ұлттары аралас тұрғандықтан ауылды «көп ұлттан құралған» ауыл деп, кейінен Құрама ауылы аталып кеткен. Ал Құрысай ауылы кейінгі кезде пайда болған. Кеңес заманында бұл ауылда да ағын су көзі болмаған соң, елді осында құр сайға қоныстандырып, ұңғыма қазып су шығарған. Қазіргі күнде 30 шақты отбасы тұрады. Суды бұрынғыша сол ұңғымадан ішеді. Қоныстанған жер о баста құр сай болған себепті ауылдың атын Құрысай деп қойған.Тарихи шындыққа, қойнауы аңыз бен жұмбаққа толы осынау өлкенің қай түпкіріне барсаң да, жер-су аттары әрқилы жерлер кездеседі.

Қазіргі кезде ономастика ғылымы тәжірибенің алдында жүруі керек. Әсіресе, жаһаният заманында тәжірибе ғылымнан қол үзсе, кейде қателесіп, бұра тартып кетуі мүмкін. Ендігі жерде ономастика ғылымы атаулардың тек тілдік мағынасын ашумен, яғни тілдік кодпен (кілтпен) шектеліп қалуына мүлде болмайды. Өйткені ономастикалық атаудың мазмұнында: 1) тілдік, 2) мәдени, 3) тарихи кодтар туралы сан алуан ақпараттар болады. Бұлар халықтың өмір тәжірибесінен жинақтаған дәстүрлі білімдері болып саналады. Дәстүрлі білім деп отырғанымыз жоғары мектептегі, үйрететін білімдер емес. Қазақ ономастикасын зерттеуде атаудың тілдік кілті (коды) едәуір жақсы ашылды. Бұл – үлкен жетістік. Алайда атаудағы мәдени, тарихи, тағы да алуан түрлі ақпараттар жүйесін ашу өз кезегін күтіп тұр. Бірақ осы заманда біз білмейтін атаулар қаншама десеңші! Мәселен, қазақ жерінде Семей жағында Кеңтарлау деген елді мекен атауы бар. Нағыз халықтық атау. Алайда қазіргі тіл иелмендері (носители языка) атаудың мағынасын түсіне қоймайды, өйткені бұл атаудың тілдік коды да, мәдени коды да «жабық». Алдымен тілдік кодты ашып, онда қандай ақпараттар салынғанын байқастайық. Тарлау деп әртүрлі шөп аралас өскен шалғынды жерді айтқан.

Әрине,туған жерімнің барлық жерлерін жазу мүмкін емес. Өйткені өңіріміздің өткені мен бүгінін түгел қамту мүмкін емес. Қай-қайсымыздың да білгенімізден білмейтініміз аз емес. Сондықтан талай жеткіншектің жүрек қылын тербеп, өлке тарихы туралы баяндалған оқиғалардың ауқымын кеңейтіп, тереңдете түседі. Бұл шығармадан соң туған жеріміз, асыл аймағымыз туралы тағы да тың дүниелер жазылады деген үміттемін.

Сөзімнің соңын Елбасы айтқан сөздермен аяқтағым келеді: «Жалпақ жұртыңды, алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады». Шынымен, егер өз туып-өскен жеріңнің тарихын өзің білмесең, басқа ол кімге керек.Тарих деген алдағының кейінгіге өнегесі.

Имантай Айзада 11-сынып


Эссе

Отан неден басталады?


Отан неден басталады өзі?! Отан махаббаттан басталады. Себебі махаббат - өміріміздегі сан алуан құбылыстардың бастаушысы. Ал, Отанға деген сезім тіпті Отанның өзі махаббаттан жаратылған. Бұл – аксиома. Отан да махаббат сияқты адамзаттың ойлап тапқан жетістіктерінің ең биігі деуге болады. Менің ойымша, Отан адамдарды бір-біріне жақындатады, бір-бірлерін қосқызады, жалпы алғанда бір ортақ жұмысқа жұмылдыртқызады. Отан махаббатпен басталып, шексіздікке ұласады. Отан – бұл әр адамның қолында бар қазына. Сондықтан біз бір сарқылмайтын бақыттың иесі екенбіз! Бақытымыздың сарқылмауының жалғыз ғана кепілі – бұл Отан азаматтарының патриоттық рухы мен патриоттық іс-әрекеттерінің болуы деп санаймын. Ал, Отанның дегенін істеу – қуаныш пен мақтаныш емес пе?

Артта қалған жылдар ішінде еліміздің қол жеткізген жетістіктеріміздің ең бастысы қоғамның барлық саласына жаңа сан алуандықтың енуі. Бұл болса, мемлекет пен халықтың бірлесіп еңбек еткеннің жемісі. Біз бір халық болып өз-өзімізді сыйлап, танығаннан кейін ғана бізді әлемдік арена мойындайтын ұлы көшке айналамыз. Сол себепті, осы жұмыстың өзектілігі, біріншіден, Отанға деген қызмет, Отан мүддесі үшін үлес қосу – махаббаттан басталуы, екіншіден өз-өзімізге деген сүйіспеншіліктің арқасында ғана мұратқа жетуге болатынында. Эссе мақсаты- махаббатты негізге ала отырып, отансүйгіштік қасиетпен үйлесімділікті табу. Ал, енді Жаңа Қазақстанның құрдастары, біз, үшін жаңа міндет – жаңа сан алуандықтарды негізге ала отырып, Жаңа Қазақстанды жаңа жарқын болашаққа жеткізу. Отан махаббаттан басталатын болса, біз махаббатпен алға қадам бастауымыз керек. Себебі махаббат – адам бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтардың діңгегі. Ел үкіметі ел жастарының әлемдік стандарттарға сай сапалы білім алуларына, атап айтқанда «Болашақ» бағдарламасының жүзеге асырылуы, ғылыми-практикалық додалардың сан алуандылығы, шетел мамандарымен байланыс жасау мүмкіндігін қалыптастыруда. Бұл процестерді іске асыру арқылы еліміздің экономикасын дамытудың жоғары сатысы – адам капиталын қалыптастырып, жетілдіреді. Бұның дәлелі жуырда ғана өткен «Болашақ» түлектері мен стипендиаттарының мерейтойлық форумындағы жас мамандарының сөйлеген сөздерінде жатыр. «Шет елде білім алу шетелдік болып кету деген сөз емес, Отаныңа деген сүйіспеншілікті ешқашан да жоғалтуға болмайды», - дейді кемеңгер Елбасымыз. Шынымен де, елімізге деген махаббат кенеттен пайда болады да, ешқайда ешқашан ғайып болмайды. Отан тақырыбы осымен өзекті деп түсінемін. Отан тақырыбын ашу арқылы бойымыздағы жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытамыз.

Отан махаббаттан басталса, Отан кімнен басталады деген сауал туады. Халық даналығы осы сауалға «отбасы» деп жауап береді. Бұл шындық, өмір дәлелдеп берген шындық. Отбасы шаңырағында Отан махаббат арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі, сезім де беріледі. Туған анамызға сияқты Отансүйгіштік сезім адам бойына өмірдің алғашқы сәттерінен басталатын шығар. Бірақ осы сезімнің нағыз шыңы – бұл жастық шақ. Бұл сонымен бірге жастардың физикалық қасиеттеріне де байланысты. Сол себепті, кез келген қоғамда жастарға ерекше көңіл, ерекше назар болады. Олар қоғамның қозғаушы күші болғандықтан, олар ғана кез келген процесті прогреске жеткізе алады. Қазіргі қазақстандық жастар иманға бет бұрып, ғылымға бейім, көп тілдерді білуге құштар, түрлі сайыстардың (облыстық, республикалық, халықаралық) үздіктеріне айналған демографиялық топ. Бірақ соның өзінде, жастар техникалық прогрестің дамуынан кітапханалардан (көркем әдебиеттен) алшақтап барады; нашақорлық, маскүнемдік, темекі тартушылық, қылмыс әрекеттерінде сандары басым; ұлттық дәстүрлерден хабарсыз болып отыр. Жоғарыда аталған мәселелер азаймаса елдің рухани қауіпсіздігі төмендеуі мүмкін, ғылымдағы тоқыраушылық кезеңнің басталуы, ұлттық құндылықтардың ұмытылуы, патриоттылықтың жойылуы, әлеуметтік теңсіздіктің шиеленісуі де байқалуы мүмкін. Бұл тек ұлт ретінде ғана емес, бұл біздің адам ретінде жойылуымызға әкеледі. Менің ойымша, қоғамда туған проблемалардың шешу жолдарының үлгілері ретінде келесі пайымдауларды келтіруге болады: отбасы тәрбиесінде ұлттық тәрбиенің болуы; жастар мәселелерді өздері шешуге ынтық болса; ұлттық бағдарламаларды, ұлттық фильмдерді жиі көрсету. Осы мәліметтерден қоғам мәселелерін Отан тақырыбымен байланыстырып көрсек, проблеманың шешу жолы пайда болады екен. Біздің ортақ міндетіміз – қоғам өмірін ел өмірімен байланыстыруды үйрену. Қазіргі кезде тұлғаның одан қарай дамуына визуалды қызығушылықтар әсер етеді. Өскелең ұрпақ экран арқылы тек басқа мәдениетпен сусындаса, ондай азамат мемлекеттік тілге, ұлттық салт-дәстүріне салқын, салғырт болып өспек. Сол себептен, мәселелерді шеше алатын визуалды факторларды қолданған дұрыс. Жастар бойында патриоттық рухты көтеру үшін ұлттық нақыштағы фиьмдерді алуға болады. Солардың ішінде тарихи фильмдерді таңдауға болады, осыған бірнеше себеп келтіруге болады. Біріншіден, өткеннің өнегесі бүгіннің баға жетпес байлығы, ал біз үшін өнеге – бұл тарих. Сондықтан даОтан – бұл тарих. «Тарих тағылымдары халық жадында өмір сүріп қалса ғана мәні болады. Ал халық өзін сақтап қалуға көмектесетіндерді ғана жадында сақтайды» дейді Н. Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде. Екіншіден, тарихи оқиғалар тұсында халықтың барлық ұлттық болмысы ауыр сынға түседі. Ар, намыс, жігер, қайрат, елжандылық, адалдық, жанқиярлық сияқты ұғымдардың шынайы мәні танылады. Бұл ұрпақтың қалыптасуына қатты ықпал жасайды. Үшіншіден, тарихи фильмдерде қазақтың ұлттық құндылықтары басым көрініс табады. Осындай фильмнің тамаша үлгісі ретінде 2012 жылы жарыққа шыққан «Жаужүрек Мың Бала» фильмін тануға болады. Аталмыш фильм бұрын-соңды болмаған нәтижеге жетті - қазақ жастарының патриоттық сезімдеріне күшті әсер берді. Егер тарихи фильм қоғамның позитивті-патриоттық жағынан өзгеруіне әкелетін болса, Отан – тарихтан да басталады. «Жаужүрек Мың Бала» фильміндегі бас кейіпкерлердің ұлттық рухтарының күштілігі, ел үшін күрес сияқты көріністер, біз жастар үшін, жүрекке тиеді. Демек, ұлттық тарихи фильмдер қазіргі жастардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтардың қалыптасуына мәдени ортаның позитивті ықпалын күшейте алатын қуатты құралдар. Алдағы уақытта, еліміздің, отандық кинемотографтың басты міндеті – жастардың жалпыадамзаттық құндылықтарын байытып отыратын, күшті әсер ететін туындыларды дүниеге әкелу. Бірақ, қазақ кинемотографы «Абай әндері», «Қыз Жібек», «Менің атым Қожа», «Транссібір экспресі», «Алдар Көсе», «Тақиялы періште», «Алпамыс мектепке барады», «Жансебіл» сияқты туындылармен де танымал. Оларды ешкім де прокаттан алып тастаған жоқ, бүгінгі күнге дейін де олар телеэкрандардан кетпей жүр. Соның өзінде, аталмыш фильмдерді қазір жастары көре бермейді. Сол себепті, мемлекеттік тілді қолдау ретінде және жастарға ұлттық құндылықтарды насихаттаудың жаңа әдісі ретінде қазақ мектептерінің сабақ кестелеріне қазақ фильмдерінің көрсетілімін пән ретінде енгізуге болады.

Кез келген мемлекеттің сенген қырандары – жастар. Жаңа Қазақстанды жаңа жарқын болашаққа жетелеу үшін бойымызды рухтандырып жүрейік, жүрегімізде махаббат сезімі болсын, себебі өмірде ең ғажайып дүниелер махаббаттан тарайды.

Рашид Маржан 11-сынып


Эссе

Қазақстан Республикасының өркендеу жолы


Кең тігілген тон тозбас

Кеңесілген іс бұзылмас


Тағдыры ауыр «мың өліп, мың тірлген» халық жер бетінде екеу болса, оның біреуі – қазақ. Кезінде болған құбыжық нәрселер қазақты өзінің атамекенінен, атамекенінің тәуелсіздігінен айырылуға мәжбүрледі. Шарасы келмеген қазағымыз тағдыр ағынымен келісуге мәжбүр болды. Қанша батырларымыз беріспей ортақ шаңырақ үшін тер төксе де, аспанымыздағы қараңғы бұлттар тарала қойған жоқ. Қайран қазақ! Ал, қазақ халқының осыншалықты оңай берілгеннің себебі неде? Менің ойымша, халық арасындағы, ел ішіндегі алауыздық, бірақ ең бастысы, ол - бірлік атаулы қасиетті нәрсенің жоқтығы. «Бір-бірлеп мың болар, тама-тама көл болар», деп М. Қашқаридің өзі 11 ғасырда айтып кеткен. Мыңның жеңе алмайтын қиындығы бар ма? Сол кездегі ел басқару ісіне қарсы шыққан батырларымыздың өзінде бірлік бола қоймады. Басталған әр көтеріліс жеңіліспен аяқталған. Тіпті мемлекетіміздің басында отырған би-бектеріміз өздерінің қара бастарының қамын ойлап, елімізді түкке санады. Еліңнің өркендеу жолы қандай болсын, ең бастысы ол сенің елің! Қанша қалжырап тұрған ел болса дағы сен қалайсың ба, қаламайсың ба ол сенің туған елің болып қала береді. Алайда осыған қармастан елін ойлайтын азаматтар шықты. Мүмкін олардың талмай тер төккендерінің арқасында ел ояна бастаған шығар, кім біледі? Тарихқа үңіле берсек қазақтың тыныш жатқандығын аса байқауға болмайды. Даламызды да, өзімізді де көрмеген әлем ғалымдары қазақты жер бетіндегі жабайы халықтың қатарына қосты. Қайткенде де мен өз елімді турасын айтсам сүйемін. Не үшін? Оның жабайылығы үшін бе? Жоқ. Сонда неге сүйеді екем? Өзімнің байтақ елімді тәуелсіздік жолындағы шыдамдылығы, төзімділігі үшін сүйем. Ал халықты еліміздің қазақтығын қашырмағаны үшін сүйемін.

Қазақ қайткенде тәуелсіз ұлт ретінде, тәуелсіз ел ретінде қалыптасуы керек еді. Себебі, елін қорғау, кез болса оны азат ету, ақыр соңында өз алдында тәуелсіз ел ету бұның барлығы аталарымыздың қанына сіңген қасиеттер деп айтуға болады. Демек, қазіргі әрбір қазақтың қанында да ойнап тұрған асыл қасиеттер. Немесе оның тағы бір себебі бар. Қазақ өзінің табиғатында біреуге бағынатын, біреудің заңымен жүретін халық емес. Сол себептен халық бар озбырлықтан шаршап-шалдығып, біріге бастады. Алайда жалғыз құлшыныс аз болды. Ел біріктіре алатын, ел құра алатын, халықты қолына ала алатын басшы керек болды. Арамыздан нағыз батыр шықты. Ол, әрине, біздің қайратты қайсары, тәуелсіздікті танытқан тұлпары – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Халқының көңіліндегісін көріп, көкейіндегісін көркейткен Назарбаевтай сұлтанды Ұлы даланың тарихы білген емес. Тәуелсіз мемлекет болып жарияландық, ел қуанды. Алайда, алда не күтіп тұрғанын Тәңірден басқа ешкім білмеді. Нақты білмесе де, ауыр күндер әлі алда деп көбі түйсінді. Барша халық президентімізге сеніп, дайын болды. Себебі сонша ғасыр тәуелсіз болмай тұрып соңына дейін шыдай алса, тәуелсіз бола тұрып шыдауға жеңілірек болды. Сол кезден Назарбаев елді, халықты өзінің панасына алды. Әлем бізге менсінбей қарады. Қазақтың оңалатынына тіпті аяғынан тұра алатына шетелдіктер сенбеді. Бірақ олар біз қандай халықтың балалары екендігін білмеді. Өз алдына кемеңгер де, дана да, шешен де, өнерпаз да, емші де. Үш ғасырдан астам уақыт бойы ел шашырап жатқанда, енді бір мезетте бәрін қолға алғанда бір уысқа жинақтау қиынның ең қиыны еді. Бірақ біз кім не десе де, назар аудармадық. Күшіміз жеткенше алға жылжыдық. Сөйтіп, қазіргі бейбіт те тұрақты елге жеттік. Қазақстан тарихында алғашқы рет соншалықты ұзақ уақыт бойы қазақ елі бейбіт өмір сүруде. «Алла өзі алсын бізді панасына, дұшпанның қол жеткізсін жағасына»- деп, Қожаберген жырау жырлағандай Алламыздың өзі сақтасын. Біз күрес жолында екі басты ерлік жасадық. Оның бірі – тұрақты, бейбіт ел болдық және екіншісі – оны сақтап қалуға тырыстық, сақтап келе жатырмыз да. Абылай, Махамбет, Исатай аталарымыз біз сияқты ер халқын көрсе бізді мақтан тұтатыны сөзсіз. Ендігі кезде олардың жандары жай тапты деуге болады. Біз үшін, ел үшін болған бар қорқыныштары сейілді деп ойлаймын. «Орыс – бүркіт, біз – түлкі, аламын деп талпынды» деп зар заман ақыны Ш. Қанайұлы жырлайды. Аламыз деп талпынды, тіпті ала алды. Бірақ нәтижесінде біз бүркіт болып шықтық. Бүркіттей бойымызға ерік жинап, биікке самғап шықтық. Өтірік пе? Қазақты танымайтын ұлт жоқ, Қазақ жерін білмейтін ел жоқ. Жуырда өзім де осыған көзім жетті. Бір апта бұрын Чехия мемлекетінің астанасы Прага қаласына халықаралық пән олимпиадасына қатысып, Қазақстанның намысын қорғап келуге жол түсті. Жергілікті тұрғындар «қайдан?»,- деп сұрақ қойғанда «Қазақстаннан!»,- деп жауап бергенде «О, сонау Қазақстаннан ба?»,- деп таңқалады. Олар бірден «Назарбаев...Астана...Бәйтерек...», - деп зор сүйіспеншілікпен айтты. Сене аласыз ба, сене алмайсыз ба? Сол уақытта мен өз елімді сондай мақтан тұттым. Елдің шын қадірін елден жырақта жүргенде ғана түсінуге болады екен. Енді былай қарағанда бәрі де қолымызда. Бірлік те, бейбітшілік те, астана да, турасына келсек қазынамыз да бос емес. Алайда осыған қарамастан Елбасымыз алға қадам басуға шаршамайды. Бір орында тұрып, бүгінгі күнмен ғана өмір сүрмейді. Ертеңгі болашағымызды ойлайды. «Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл» деп М. Шоқай демекші ел бола бастаған кезде, сол қилы бастауымызда ұлтымызға жан-рух ауадай қажет болғандықтан Елбасымыз тіл мәселесін өз назарына алды. Тілімізді жаңғырту-оны бір ету. Елбасымыз оны өзі қолына алса да, халық тарапынан көп сұралды. Елбасымыз елін адастырған жоқ. Енді кезінде тірі пенде білмеген қазақты, Қазақстан деген мемлекетті бүгінде бүкіл әлем таныды. Құдайға шүкір, Елордалы, Ақордалы, Елбасылы ел болдық, осының бәрін де көрдік, бәріне де куә болдық, мақтаныш сезіміне бөлендік.

«Кең тігілген тон тозбас, кеңесілген іс бұзылмас» деген сөзді эпиграф ретінде таңдадым. «Кең тігілген тон тозбас» дегенім - Қазақстан деп білемін. Қазақстанның тамыры да, сабағы да берік.

Калимова Аида 11-сынып


Эссе

Тіл тұтастығы - ел тұтастығы


Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.
Халел Досмұхамедұлы


Тіл әр елдің өзіндік рухани байлығы мен даму көрсеткіші. Яғни әр елдің, халықтың мақтан тұтарлық қазынасы. Атадан балаға беріліп, көптеген қиыншылықтарды басынан кешірген тілдің қазіргі кезге дейін сақталуының өзі бір ғанибет. Басқа сөзбен айтқанда, тіл - ата-бабаларымыздан келген баға жетпес мұра. Халел Досмұхамедұлы айтқандай, «тіл - халықтың, жұрттың жаны». Тіл болмаса, жұрт болмайды, жұрт болмаса, халық болмайды. Тілді таратушы да, шығарушы да халық. Адамдар тілін ұмытса, ол жойылады. Егер халық туған тілін қастерлемесе, тіл жоққа айналады. Ал халықты тілсіз халық деп атауға болмайды деп ойлаймын. Яғни осы екі нәрсе бір-бірімен тығыз байланысты. Тіл халық арқылы өмір сүріп, ары қарай дамиды да, ұрпаққа беріледі.  Әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз.  Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты  себепкер – ана тілі.

Елдің мемлекеттік тілі- оның басты құндылығы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Бұл тіл әлемдегі тілдердің ішіндегі ең көркем, бай, келбетті тілдерге жатады. Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі. Бұл қазақ халқының бірлігі мен біртұтастығын, тілдік құндылығын көрсетеді. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан–ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Жалпы қазақ тілі өзіндік сарын мен ғылыми, саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан “Ана тіліміз” дейміз. Қазақтар “Ананың тілі” деп ерекше құрметтейді. Басқа тілді білу - әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды. “Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл”,- деп Н.Назарбаев айтқандай, қазақ тілі қуатты тіл, осыны біз түсініп, бағалауымыз қажет.

Тілсіз біз бұл өмірде ешқандай да мән таппас едік. Өйткені бұл- біздің ең басты қарым қатынас құралы. Бұрынғы замандардан, ата бабаларымыздан қазіргі кезге дейін тілдің сақталуы- бұл өте үлкен жетістік. Біз оны бағалай алуымыз керек. Біздің арғы бабаларымыз осы тілдің қазіргі кезге дейін келіп, сақталуы үшін талай зардаптарды шегіп, қиыншылықтарды көрген. Ал қазір кей адамдар осыны ескермей, ана тілін қадірлемейді. Бұл- қазіргі заман үшін үлкен дерт. Жалпы туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы.Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт -санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеруге міндетті.

Молдагалиева Айнұр 9-сынып












Оқу сауаттылығы

І нұсқа

Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».


1. Қазақстан Республикасы 
Қазақстан Республикасы – Еуразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 2724,4 мың шаршы км. Халқы – 16. 004, 8 мың адам (2009 жылғы санақ бойынша). Мемлекеттік тілі – қазақ тілі, орыс тілі де мемлекеттік тілімен қатар қолданылады.Қазақстан Республикасы – зайырлы, демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылады.
Елдің бас қаласы – Астана. Мемлекет басшысы – Президент, ал атқарушы органы – Үкімет. Ақша бірлігі – теңге.

Қазақстанда 14 облыс, 87 қала (оның екеуі республикалық дәрежеде), 159 аудан, 195 аудандық деңгейдегі елді мекен, 2150 ауылдық әкімшілік округ бар. 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойғы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.

1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Елде бейбітшілік пен келісімге, тұрақтылық пен дамуға қол жеткізілді. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы белгіленіп, жүзеге асырылуда.Республика пайдалы қазбалардың аса бай қорларына ие. Жетекші өнеркәсіп салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Жоғары сапалы мыс пен мырыш, қорғасын мен кадмий әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие.

Қазақстан – дәнді дақылдар (негізінен астық), азық- түлік пен техникалық дақылдардың (күнбағыс, мақта) ірі өндірушісі. Ауыл шаруашылығындағы негізгі салалардың бірі – жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен, халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін мал шаруашылығы.

Қазақстандағы білім беру жүйесі бір-біріне өзара байланысты бірнеше деңгейден тұрады, олар: мектепке дейінгі тәрбие орындары, жалпы білім беру мектептері, кәсіптік-техникалық мектеп, арнаулы орта және жоғары оқу орындары. Жоғары білім беру саласында 170 мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орындары жұмыс істейді. Қазақстан ғылымы әлемдік ғылым қазынасына зор үлес қосты, іргелі ғылымдарды түбегейлі зерттеуге бағытталған ірі институттар жұмыс істейді.

Республиканың мәдени өмірі сан салалы. Қазақстанды әлемге танытатын белгілердің бірі ел спортшыларының әлемдік аренадағы жетістіктері болып табылады.Әлемнің 120-дан астам мемлекеттері ресми түрде таныған Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына (1992 ж.), басқа да халықаралық ұйымдарға мүше. Қазақстан – ядролық қарудан бас тартқан ең алғашқы мемлекет. Ел тәуелсіз мемлекет ретінде дамыған жылдары құқықтық және азаматтық қоғам құру жолында елеулі табыстарға жетті.

1.Қазақстанда неше ауылдық әкімшілік округ бар?

А) 14 В) 87 С) 159 Д) 195 Е) 2150

2. Қазақстанда білім беру жүйесі неше деңгейден тұрады?

А) мектепке дейінгі тәрбие орындары В) жалпы білім беру мектептері

С) кәсіптік-техникалық мектеп Д) арнаулы орта Е) 5 деңгей

3. Біріккен Ұлттар ұйымына қашан мұше болды?

А) 1999ж В) 2001ж С) 1992ж Д) 1993ж Е) 2000ж

4. Қазақстанды әлемге танытатын белгілер.

А) оқу орындары В) жоғары оқу орындары С) спортшылар Д) мәдениет қайраткерлері Е) әнші-бишілер

5. Жоғары білім беретіндер

А) мемлекеттік, мемлекеттік емес В) жеке меншікС) колледждерД) техникумдар

Е) магистратура



Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз»


2. Туған жер

Туған жер адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіз дүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.

Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі керек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.

6.Қазақстанда тұратын ұлттар саны

А) 100-150 В) 130 С) 90-100 Д) 150 Е) 170

7. Отан бастау алады

А) жерден В) елден С) ауылдан Д) от басынан Е) қаладан

8. Қандай мақал-мәтел мәтіннің мазмұнына сай?

А) Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. В) Өз елім-өлең төсегім

С) Отан-оттан да ыстық Д) Есің барда ел тап Е) Туған жерге туың тік

9. Қазақ халқына тән қасиеттер

А) сараңдық В) көре алмаушылық С) мақтаншақтық Д) жомарттық

Е) қонақжайлық

10. Балалық шақта сен кімсің?

А) ерке В) жан дегенде жалғыз С) патша Д) көп баланың бірі Е) ақылды


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз»




3. Қорғалжын қорығы

            Қорғалжын мемлекеттік қорығының көлдер жүйесі дүние жүзі мен жергілікті ғалымдар, биолог, эколог, оқушылар, студенттер, туристердің қызығушылығын туғызатын Қазақстанның ерекше қорғалатын інжу-маржаны болып табылады. Мысалы, Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің сулы-батпақты аумақтары 1974 жылы сулы-батпақты аумақтар туралы Рамсар конвенциясына сәйкес ғаламдық маңызы бар сулы-батпақты аумаққа жатқызылды. 2000 жылы Теңіз көлі «Тірі көлдер» деп аталатын әлемнің бірегей көлдері жүйесіне енсе, 2007 жылы Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау Ассоциациясының бастамасымен Қорғалжын мемлекеттік қорығы халықаралық дәрежедегі маңызды орнитологиялық аумақтар тізіміне енгізілді. 2008 жылдың маусымында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Орталық Азиядағы алғашқы нысандардың бірі болып ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралары тізіміне енгізілді. Қорық аумағының қайталанбас бірегейлігін шөлейтті аумақта орналасқан ішкі континенталды сулары; құстардың Орталық-Азиялық және Сібірлік-Оңтүстік еуропалық ұшу жолдарының қиылысқан жерінде орналасуы, далалық, шалғындық, галофитті және су қауымдастықтарының қатар кездесуі, сирек және жойылып кету қаупі төніп тұрған құстардан тұратын биоәртүрліліктің молдығының ерекшеліктері қалыптастырады. Бұған қоса қорық аумағының ұзақ уақыт бойы қорғауда болуы тұмса табиғатты бастапқы күйінде сақтауға мүмкіндік берді. Аталған табиғи жағдайлар аумақты рекреациялық мақсатта игеруге мүмкіндік береді.

Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап әдемі жерлер көп. Мұндай шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде емдеу-сауықтыру, демалыс үйлері салынған.Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді география тілінде рекреациялық аудандар деп атайды.

            Рекреация — күш жинау, яғни еңбек етіп шаршаған немесе денсаулығы нашарлаған кісілердің тынығып, ем қабылдап, күш-қуатын қалпына келтіру деген сөз. Қазақстанның химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері, шипалы балшығы бар көлдері, тынығуға әдемі көрікті жерлері курорт-санаторий жүйелерін дамытуға өте қолайлы. Қазір Республикамызда 120-дан астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар. Санаторийлер емдеу түріне қарай минералды сумен, климатпен емдейтін болып бөлінеді.

11.Қорғалжын қорығы ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралары тізіміне енгізілді

А) 2000ж В) 2007ж С) 2008ж Д) 2012ж Е) 2014ж

12. Рекреация дегеніміз...

А) тынығу В) демалу С) күш жинау Д) қыдыру Е) саяхаттау

13.Рекреациялық аудандар деп

А) демалыс жерлер В) демалыс С) базалар Д) курорттар

Е) санаторийлер орналасқан жерлер

14. Қазақстанда қандай қорықтар бар?

А) Алматы-Арасан В) Астана С) Қарқаралы Д) Көкшетау Е) Семей

15. 2000 жылы Теңіз көлі қандай әлемнің бірегей көлдері жүйесіне енді?

А) Өлі көлдер В) Барсакелмес С) Бурабай Д) Балқаш Е) Тірі көлдер


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз»


4.Әлем елдеріне саяхат жасау

  Әлем елдеріне саяхат жасау – бүгінде әрбір заманауи адамның арманына айналды десек, артық айтқандық емес. Әрине, ел көру, жераралаудың, адам танудың пайдасы да жоқ емес. Саяхат барысында жаңа дүниелерд ікөріп, танымыңды кеңейтуге, жаңа көзқарастарға ие болуға мүмкіндік бар. Тек саяхат ережелерін жақсы білу керек.Осы орайда Пауло Коэльо мынадай саяхат ережелерін ұсынған:

Ойын-сауық орталықтарына бар.Ол жерден қаланың, адамдардың нағыз өмірін көре аласың, ой түйесің. Ойын-сауық дегенде, би кештері өтетін немесе адамдар ішетін жер емес, жергілікті тұрғындар, қарапайым халық жиналатын орта айтылып тұр. Газет сатып ал да, орындыққа жайғас, өткен кеткендерді сырттай бақылап көр. Біреу сені сөзге тартқан болса, барыңды салып, сөйлесіп көр.

Ашық бол. Ең мықты гид – жергілікті тұрғын. Олар арнайы қызметте істемегенімен, бәрін біледі, өз қаласын жақсы көреді. Көшеге шық та, «Қалай баруға болады?» сынды сұрақтарды кез келген адамға бағытта, біріншісімен үйлеспесең, екіншісі сенің көңіліңнен шығады. Жақсы адамдар кездесіп жатса, бір күн бойы кез келген сауалыңа жауап алып, ең жақсы жерлермен серуендей аласың.

Салыстырма. Ештеңеге салыстырмалы түрде қарама: бағасына, тазалыққа, өмір сапасына, транспортқа. Ешбіріне! Сен өзіңнің жақсы өмір сүретініңді дәлелдеу үшін саяхат жасамайсың. Өзгенің өмірімен етене таныс, үйренетіңді алып, жиренетініңнен бас тарт!

Сені бәрі түсінеді. Өзің барған елдің тілінде сөйлей алмасаң да, қорқушы болма. Пауло Коэльо көптеген елдерде болды. Ол сол елдің бірауыз сөзін білмесе де, әрдайым көмек қолын созатындарды тапты. Көп адамдар жалғыз жүргенде адасып кетеміз деп ойлайды. Өзің тоқтаған қонақ үйдің визитті картасы қалтаңда болса – қорқатын дәнеме жоқ. Кез келген жүргізушіге көрсетсең, керек жеріңе уақытында жеткізеді.Саяхат – бұл шытырман оқиғалар.Бірақ жаттанды жолдармен жүру – жаңалық емес. Өзіңді еркін сезін, өзің әлі білмейтін дүниені іздеп тап, бұл сенің өміріңді өзгертуі мүмкін.

16.Жер аралаудың пайдасы

А) қызықтау В) пайда табу С) дүние-мүлік жинау Д) таным кеңейеді
Е) ел-жұртты көресің

17. Гид дегеніміз...

А) адастырмайды В) жол көрсетеді С) баратын жеріңе апарады
Д) ақша жинайды Е) бәрін біледі

18. Шет елде жүргенде баратын жерің

А) базар В) парк С) дүкендер Д) би кеші Е) ойын-сауық орталығы

19.Адасып кетпес үшін ал

А) карта В) мекен-жай С) сөздік Д) визит картасы Е) сурет

20. Саяхатқа не үшін шығасың?

А) қала көру В) жер көру С) қызықтау Д) оқиғалар Е) жоғыңды табу.


Оқу сауаттылығы

ІІ нұсқа


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз»


1.Туризм

Туризм жалпы алғанда,  мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже  береді:

Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем  теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге  оң  ықпал  жасайды.

Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. Бүкіләлемдік Туристік Ұйым мен Бүкіләлемдік туризм және саяхат кеңесінің  бағалауы  бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір  жұмыс орнына  жұмыс орны  келеді екен.  Туризм  тура немесе жанама түрде  экономиканың 32 саласының дамуына  ықпал  жасайды.

Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда  туристік қызметті реттеу мен халықтың  тарихи  және мәдени  мұрасын  қайта  өркендету  үшін  негіз  қаланды. Жалпы Отандық туризмнің дамуын төрт  кезеңге  бөлуге  болады:

КСРО кезеңіндегі туристік қызмет – саланы орталықтан қатаң қадағалап отырды.

1992-1996 жылдар аралығы – 1992 ж. үшінші  шілдеде Қазақстан Республикасының тұңғыш «Туризм туралы» заңы  қабылданды;  1993 жылы Бүкіләлемдік туристік ұйымға  толық мүшелікке  қабылданды, туризм  саласындағы  ынтымақтастық туралы бірқатар халықаралық келісімдер  жасалды.1997-2000 жылдар 1997 жылы  Қазақстан Республикасы түркі тілдес  мемлекеттер басшыларының Ташкент

декларациясына  қатысты. Ұлы Жібек жолының Қазақстан территориясындағы бөлігінде туристік  инфрақұрылымды дамытудың  алғышарттары жасалына  бастады.  Жібек жолы бойындағы  тарихи орталықтар  қалпына  келтіріле  бастады.2000 жылдан қазіргі  кезге дейін – 2000 жылдың 30 қазанында  «Туризм жөніндегі  үйлестіру  кеңесі» құрылды.

Туризмді  дамытудың  негізгі  бағыттары   айқындалып,  республикадағы  курорттар,  санаторийлер,  емдеу-сауықтыру орындары,  демалыс  аймақтары, басқа

да  туристік  нысандар  толық  жөндеуден, қайта  құрастырудан  өткізілді.

1.Туризм мемлекет экономикасына неше оң нәтиже берді?

А) төрт В) бес С) үш Д) екі Е) алты

2.Туризмнің дамуы нені көбейтеді?

А) халық санын В) келушілерді С) саяхатшыларды Д) ұлттарды Е) жұмыс орнын

3. Қай кезде туризм қатаң бақылауға алынды?

А) 1992ж В) 1997ж С) 1998ж Д) 1996ж Е) КСРО кезеңі

4. Отандық туризмнің дамуын неше кезеңге бөлеміз?

А) бір В) екі С) үш Д) төрт Е) бес

5. Қазақстан Республикасының тұңғыш «Туризм туралы» заңы  қабылданды.

А) 1992 жылы В) 1992 жылы үшінші шілде С) 1996 ж Д) 1997ж Е) 200ж


Нұсқау:«Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз»


2.Алматы қаласы

   Алматыға ат басын бұрған туристер де қала күніне арналған мерекелік шаралардан шет қалмайды. Қала мерекесіне орай «Алматы-сити-тур» компаниясы шетелдік азаматтарға арнайы жоба дайындапты. Олар туристерге қаланы көрсетіп, мәдени орталықтармен таныстыруда. Шетелдік туристер Алматының тарихи-мәдени орталықтарында болып, қазақ елінің оңтүстік астанасымен етене танысқан.28 жастағы Еймел Риос — Куба азаматы. Бұл оның Қазақстанға алғаш рет келуі емес. Жұбайымен бірге елімізге келген олар қыркүйектің басынан бері Алматыны аралап, қаланың көркіне қаныққан.

       — Алматы өте қатты ұнады. Мен қазір 28-панфиловшылар саябағында тұрмын. Саябақ тарихи өте маңызды екен. Мынау тау Алматының көркін асқақтатып тұрғандай. Шынымды айтсам, реті келіп жатса, әлі де қайтып келемін деп ойлаймын, — деп ағынан жарылды Еймел Риос.Бұл шет елден келген азаматтарды «Алматы-сити-тур» компаниясы тасымалдауда. Олар қала күні аясында туристерге Алматыны көрсетіп, алдағы күні өтетін мерекелік кештер жөнінде құлақтандырып жүр.Ал  «Almaty City Tour» компаниясының директоры Антон Митин:

-Қала күні аясында біз туристерге арнап арнайы жоба әзірледік. Ол шетел азаматтарына Алматының тарихын біліп, қаланы тамашалауға мүмкіндік береді. Тек туристер емес, Алматыға алғаш келген өзіміздің азаматтар болса да біздің көмегімізге жүгінсе болады. Туристер бүгін де қаланың тарихи мәдени орталықтарын аралады. Медеу мұз айдынына шықты, Шымбұлақ тау-шаңғы курортына көтерілді. Тіпті, оларға түрлі демалыс орталықтарына арналған жеңілдік купондары да тыбыс етілді, — деді.

        — Негізі біздің компания туристерді тасымалдаумен айналысады. Жобадан бөлек, еліміздің қай жеріне барсаңыз да, біздің көмегімізге жүгіне аласыз. Ірі қалалар мен облыс орталықтарында бөлімшелеріміз жұмыс істейді, — деп жалғастырды«Almaty City Tour» компаниясының қызметкері Еламан Рақымберді.

         Шетелдік азаматтарға арнап осындай тамаша экскурсия ұйымдастырған «Алматы сити тур» компаниясы осыған дейін де 500-ге жуық туристке қаланы таныстырған. Бұл  жобаның басты мақсаты- қазақ жеріне туристерді барынша тарту.

6.Алматыда қандай мерекелік шара өткізілді?

А) көктем В) жеңіс күні С) 1 мамыр Д) наурыз Е) қала күні

7. Алматыды болған қонақтар

А) шет елдік В) американдық С) кореялық Д) Куба азаматы Е) қытайлық

8. Туристерге арнайы дайындалды

А) қонақ үй В) Медеу мұз айдыны С) концерт Д) жоба Е) саяхат

9. Қалада аралады

А) мұражай В) тарихи орталық С) кафе Д) ресторан Е) тарихи мәдени орталық

10. «Алматы сити тур» компаниясы қанша туриске қызмет атқарған?

А) 600 В) 500 С) 400 Д) 1000 Е) 300


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз»


3.Зияткерлік (Интеллектуалдық) миграция

 Қазақ диаспорасының ата жұрттан ығысып сыртқа ауа бастаған тарихи ұзақ ағыны “ақтабан шұбырынды“ кезіндегі жаугершілік-шапқыншылықтан басталды. 1723 жылы солтүстік-шығыстан баса-көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан шегінген бейбіт көшпенді шұбырындылар оңтүстік-батысқа қарай ауып, қазіргі Орта Азия жеріне тереңдей енуге мәжбүр болды. Шапқыншылықтан қатты күйзелген қазақтың шашырап және өзара араласып кеткен ру-тайпалары Ташкент маңында жасанды құрамалар түрінде қайта құрылып, сол аймақтарда қалып қойған. Олардың өмір тіршілігі аз зерттелген. Тамды аймағында, Мырзашөлде, Шыршық бойында қазақтар ежелден-ақ тұрып келген. Қазақ диаспорасының әрі қарай кең жайылуына отаршылдық тікелей әсер етті. Алдымен, Еділ мен Жайықтың жағасынан, кейін Есіл мен Тобылдың бойынан және Ертіс өңірінен зорлықпен қуылып, көшпенді қазақ тайпалары солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай жөңкіле көшкен.

            Саясаттан бейтарап момын халық шетке қарай ақ гвардияшылар келгенде бір ығысса, қызыл әскерлер келгенде тағы жөңкілді. Алты жылға созылған ұлт-азаттық көтерілісі мен азамат соғысы жылдарында ата мекенінен 200 мың адам көшіп кеткен. Ал кеңестік дәуірдегі әміршілдіктен туған асыра сілтеу жылдары 1,9 млн. қазақ шет жұртқа үдере көшті. Ирандағы қазақтар қазіргі Маңғыстаудан ауып келсе, Моңғолиядағы қазақтардың соңғы көші Сібірге барып паналағандар. Қазақстанның солтүстігінде қызылтабан болған қазақ жұрты екінші рет бас сауғалап Қытайға бет алған. Қызыл қырғыннан қашқан қазақтардың ұрпақтары сондай-ақ Қарақалпақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстанға, Иран мен Ауғанстанға ауып барған.

            Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі болып отырған қазіргі жағдайда Қазақ диаспорасының ҚР-мен біздің отандастарымыз мекендейтін елдердің өзара қатынастары мен байланыс мәселелері мемлекетаралық деңгейде өткір қойылып отыр. Қазақстанда “Халықтың көші-қоны туралы заң” (1999) қабылданып, шет аймақтардағы қандастарымыздың ата жұртына – тарихи Отанына көшіп келу үрдісін реттеу ісі қолға алынды.

11.Есіл мен Тобылдың бойынан және Ертіс өңірінен зорлықпен қуылып, көшпенді қазақ тайпалары көшірілді.

А) оңтүстікке В) батысқа С) шығысқа Д) солтүстік-батыс Е) оңтүстік-шығысқа

12. “Ақтабан шұбырынды“ болған жыл

А) 1720ж В) 1702 ж С) 1723ж Д) 1725ж Е) 1730ж

13. Саясаттан бейтарап момын халық шетке қарай қашан ығысты?

А) азамат соғысы В) Ұлы Отан соғысы С) ұлт-азаттық күрес Д) шаруалар көтерілісі Е) ақ гвардияшылар, қызыл әскерлер

14. Ұлт-азаттық көтерілісінде қанша адам ата мекенінен кетті?

А) 500мың В) 400 мың С) 200 мың Д) 100 мың Е) 300 мың

15. Қазақстанда “Халықтың көші-қоны туралы заң” қашан қабылданды?

А) 0998ж В)1997ж С)1999ж Д)1996ж Е) 1995ж

Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз»


4.Оралмандар

 Оралмандар – бұл Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алған сәтінде азаматтық алмаған және Қазақстанға тұрақты тұруға келген қазақ ұлтты шетелдіктер немесе адамдар. «Оралман» түсінігінің өзі әлемдік тәжірибеде бұндай термин жоқтығымен бірегей, қазақ тіліндегі «оралғандар» сөзінен шыққан. Оралмандар басқа да иммигранттар сияқты уақытша  немесе тұрақты тұрғылықты мекенжайы  бойынша тіркелуге міндетті. Оралмандар төменде сипатталған мемлекеттен жеңілдіктер мен квоталарға құқылы. Халықтың көші-қоны туралы заңға сәйкес оралмандарға белгілі бір жеңілдіктер, өтемақылар және әлеуметтік көмектің басқа да түрлері ұсынылады:

1) оралмандарды бейімдеу және біріктіру орталықтарындағы тегін бейімдеу және біріктіру қызметтері, олар мыналарды қамтиды:

-ақпараттық және анықтамалық қызметтерді ұсыну;

-ҚР тарихы, мәдениеті және дәстүрі бойынша, заңнама негіздеріне және шағын бизнесті ашу бойынша оқыту курстарын өткізу;

-әр түрлі мәдени іс-шараларды өткізу;

құқықтық көмек көрсету;

-аударма бойынша қызметтерді көрсету;

-жұмысқа орналастыруда, кәсіби дайындықта, қайта даярлауда және біліктілікті арттырудағы көмек;

-тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін  қамтамасыз етуге қатысу;

-мемлекеттік  мекенжайлық әлеуметтік көмекті  алуға әрекеттесу;

-қазақстандық азаматтық алу және құжаттандыру мәселелеріне әрекеттесу;

2) ҚР денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмек;
3) ҚР азаматтарымен тең мектептердегі және мектепке дейінгі ұйымдардағы орындармен, 
жоғары оқу орындарына түсуге бөлінген квотаға сәйкес білім алу мүмкіндігі;

4) ҚР азаматтарымен қатар әлеуметтік көмек;

5) ҚР заңнамасына сәйкес жұмыспен қамту.

16. Оралмандар дегеніміз кімдер?

А) шет азаматтары В) басқа жерден көшіп келгендер С) қарапайым адамдар
Д) жұмысы жоқтар Е) қазақ ұлтты шетелдіктер

17. Оралмандардың міндеттері

А) көшіп келуге В) кетуге С) жер алуға Д) сауда жасауға Е) тіркелуге

18.Берілген жеңілдіктер

А) ақша В) тамақ С) киім Д) өтемақы Е) қызмет

19. Оралмандарды бейімдеу орталығында көмектеседі.

А) оқуға В) жұмысқа тұруға С) құжат алуға Д) үй алуға Е) құқықтық көмек

20. Оралмандар қандай елдерден көбірек келді?

А) Қытай В) Өзбекстан С) Қырғызстан Д) Ресей Е) Түркменстан


Оқу сауаттылығы

ІІІ нұсқа


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз»


1.Қазіргі  әлемдегі еркек пен әйелдердің атқаратын рөлдеріндегі өзгерістер Халықаралық аренада әйелдердің саяси көшбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Қоғам мен мемлекет тарапынан да нәзік жандылардың іскерлік белсенділіктері мен саяси ықпалдастықтарына деген сенім жоғары деңгейде көрініс табуда.

Тәуелсіздік алғанымызға 20 жылдан астам уақыт болса да еліміздің жаһандық саясатта ше­берлік танытып, халық пен ел абыройын еселеуде көптеген жерлерде жеңіске же­тіп, үлгі-өнеге көрсетіп жүргенін дөңге­ле­нген дүниенің барлық сырынан хабардар мемлекеттер жақсы біледі. Сондықтан да әлем елдерінің алдындағы оң саяси имиджімізді бұдан да мықтырақ ету үшін демократиялық қағидаттарға негізделген гендерлік саясаттың арнасын кеңейтуіміз керек. Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

     Мемлекеттік гендерлік саясат базалық гендерлік заңдарға және Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясына (бұдан әрі – Стратегия) сәйкес жүзеге асырылады. Онда Мыңжылдық даму мақсаттары мен Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның қағидаларына сай Қазақстан үшін гендерлік индикаторлар анықталған. Олар мемлекеттік органдар әзірлейтін бес жылдық мерзімге арналған аумақтарды дамыту бағдарламалары мен стратегиялық жоспарларына енгізіледі.Бұл табысымыз еліміздің жауапты мемлекеттік саясатының маңызды да ажырамас құраушысы болып табылатын гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асырудың да арқасында мүмкін болып отыр. Ол гендерлік теңдікке қол жеткізу саласындағы отандық және халықаралық тәжірибені жан-жақты және егжей-тегжейлі ескере отырып гүлденген болашаққа ұмтылған тұтастай халықтың келісімі мен бірлігін нығайтуға бағытталған.

1.Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты кімдер үйлестірді?

А) әйелдер қоғамы В) отбасылық С) мемлекет Д) органдар Е) ұлттық комиссия

2. Қай жылдары гендерлік теңдік стратегиясы жүзеге асырылады?

А) 2015ж В)2016ж С) 2006-2016ж Д) 2005ж Е) 2004ж

3.Неге негізделген гендерлік саясаттың арнасын кеңейтуіміз керек?

А) заңдарға В) демократиялық қағидаттарға С) стратегияға Д) демократияға
Е) саясатқа

4.Мемлекеттік органдар неше жылға арналған аумақтарды дамыту бағдарламалары мен стратегиялық жоспарларын енгізді?

А) онжылдық В) жетіжылдық С) төртжылдық Д) бесжылдық Е) он бесжылдық

5. гендерлік теңдікке қол жеткізу саласындағы отандық және халықаралық тәжірибе не нәрсеге бағытталған?

А) болашаққа В) бірлікке С) келісім мен бірлікке Д) ынтымаққа Е) экономикаға


Нұсқау:«Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз»


2.Гендерлік теңдік стратегиясы

 Мемлекет басшысы бекіткен гендерлік теңдік стратегиясы — негізінен ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы билік пен қоғамның өзара тиімді әрекет етуіне бағытталып шығарылған заң. Қазіргі кезеңде азаматтық қоғам ұлттық гендерлік саясатты жүзеге асыруға және өмірдің барлық саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу тетігін жасауға белсенді түрде, кең көлемде жұмыстар жүріп жатыр. Біздің елімізде бұл мақсаттағы жұмыс көңілге қуаныш ұялатады. Бұл саясатқа Елбасының өзі тереңірек мән беруде. Президент Н. Назарбаевтың өзінің халыққа арнаған Жолдауында «Қоғамның өркениеттік деңгейі оның әйелдерге деген қарым-қатынасымен өлшенеді…» деп тұжырымдауында үлкен мән жатыр.

            «Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң тек әйелдерге ғана емес, отбасының басқа да мүшелерінің тең құқықтарын сақтап, тұрмыстағы қысымды болдырмауға ықпал етеді. Айта кету керек, әйелдер қай салада қызымет етпесін, өз беделдерімен қатар, сол сала жауапкершілігін де арттырып, жұртшылық құрметіне бөленуде. Әрбір жұмыстың қиыншылығы мен қызықшылығы, жетістігі мен жемісі болады. Жақсы іс әріден бастау алады. Атап айтқанда, тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1998 жылғы қараша айындағы Жарлығымен осы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия дүниеге келді. Әйелдерді саясатқа, үкіметтік билік органдарына, экономикаға, бизнеске қатыстыру, ана мен бала денсаулығын қорғау, сонымен қатар отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұру. Әйелдер қолы тимеген сала жоқ десек, артық айтқандық емес. Мемлекет қайраткері, батыр, ел басқарушысы болған көрнекті әйел тұлғалардың есімдері белгілі.

6.«Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңның мақсаты.

А) азаматтық теңдікке В) гендерлік теңдікке С) отбасының теңдігі
Д) ана мен бала теңдігі Е) қысымды болдырмауға

7. Қоғамның өркениеттік деңгейі кімдерге деген қарым-қатынасымен өлшенеді?

А) отандастарға В) ерлерге С) жастарға зейнеткерлерге Д) әйелдерге
Е) қарттарға

8.Мемлекет басшысы бекіткен гендерлік теңдік стратегиясы дегеніміз.

А) ерлердің теңдігі В) әйелдердің теңдігі С) ерлер мен әйелдің теңдігіне негізделген Д) билік Е) билік пен қоғамның тиімді әрекеті

9. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1998 жылғы қараша айындағы Жарлығымен не дүниеге келді?

А) отбасы туралы заң В) экономика туралы заң С) саясат туралы заң
Д) ұлттық комиссия Е) теңдікті сақтау заң

10. Гендерлік теңдікке қол жеткізу тетігін жасауға кімдер көңіл бөлуде?

А) азаматтар В) әйелдер С) саясаткерлер Д) депутаттар Е) Елбасы


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз»


3.Гендерлік-отбасы саясаты

  Мемлекетіміз гендерлік-отбасы сая­сатына, еліміздегі әйелдердің жағ­­дайын жақсар­туға әрдайым баса назар ау­да­рып келеді. Әйелдерді мем­лекеттік жә­­­не қо­­ғам­­­дық бас­қару ісіне белсене тар­­­туды тап­­сырған Мемлекет бас­шы­сы, әсі­ресе, әйелдерге жер­гілікті дең­гей­­дегі ерлермен тең мүм­кін­­діктерді қам­та­масыз етуге ерек­ше көңіл бөліп келе­ді. Расында да, бү­гінгі әйел­дердің саяси және эконо­ми­­ка­лық мәр­тебе­сін арттыру – уа­қыт тала­бы. Бұл мақ­­сатқа же­ту жо­лында Астанада бір­­қатар жұмыстар атқарылуда.Бүгінгі таңда қалалық мәслихат пен тексеру комиссиясын қосқанда Ас­танада 32 жергілікті атқарушы ор­ган жұмыс істейді. Онда қызмет ат­қаратындардың 55 пайызын әйелдер құрап отыр. Мұндағы әйелдердің 40 пайызға жуығы бас­қарушы қызметтер атқарса, қалған 60 пайызы, яғни, 264 қыз-келіншек атқарушы қыз­метте істейді.Мемлекеттік қызметтегілер­дің орташа жасы – 33, барлығы да жоғары білім­ді. Олардың бі­реуі «Болашақ» бағ­­дар­лама­сы­ның түлегі, біреуі ғы­лым док­торы болса, үшеуі ғылым кан­­­ди­­даттары екен.

Елімізде 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясында мемлекеттік органдар басшыларының арасындағы әйелдердің үлесін 30 пайызға жеткізу міндеті қойылған болатын. «Астана қаласы әйелдер көшбасшылығы мектебін ұйымдастыру» жобасы аясында Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы мен Қазақстан әйелдері» ассоциациясы семинар ұйымдастырып, онда дәл осы мәселе әңгіме арқауына айналды. Әйелдердің қазақ қоғамын­дағы ор­нын атап өткен баянда­ма­шы ген­дер­лік теңдік бағдар­ла­ма­сына сәйкес, ел­ор­да­лық әйел басшылардың үлесі қа­зір­гі кезде 30 пайызға жетке­нін, оларды елдің қоғам­дық-саяси өмі­ріне белсене аралас­тыру мақ­сатында түрлі бағдарла­ма­лар­ға жол ашылғандығын айтты.Қысқасы, қазіргі замандағы қазақ­стан­дық әйелдер қызмет істеуге ұмты­луы керек. Бұл ретте жоғары са­нат­ты психолог, Астана қаласы әкім­дігінің жанындағы әйелдер ісі және отба­сылық-демографиялық саясат жөнін­дегі комиссияның мүшесі Наталья Семененко қаладағы белсенді әйел­дер қауымына тренинг өткізді. Кіш­кентай кезінде қыздардың бел­сенді болатынын, мектепішілік шара­ларға да қыз балалардың көбі­рек қа­ты­са­тынын, бірақ уақыт өте келе, бұл көш­бас­шылық қасиет ер бала­лар­ға беріліп, жұмыста ерлер бас­­шы, ал қыз­дар қабілеті мен білімі анағұр­лым жоғары бола тұра, атқарушы болып қала береді деп пайымдаған ол арулардың көшбасшылық қасиетін сақтап қалуы үшін ықпал ететін әлеуметтік және отбасылық факторлар туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, семинар барысында көшбасшылық мектеп жанынан әйелдерге психологиялық және құқықтық кеңес беру қызметтері көрсе­тілді.

11.Мемлекеттік қызметкерлер­дің орташа жасы.

А) 35ж В) 32ж С) 33ж Д) 40ж Е) 38ж

12. Ас­танада қанша жергілікті атқарушы ор­ган жұмыс істейді?

А) 40 В)20 С)30 Д)32 Е)33

13. Мемлекеттік органдар басшыларының арасындағы әйелдердің үлесі қанша?

А) 50 В) 40 С) 30 Д) 20 Е) 33

14. Семинар барысында көшбасшылық мектеп жанынан әйелдерге психологиялық және құқықтық кеңес беруқызметтері көрсе­тілді.

А) педагогикалық В) психологиялық С) құқықтық Д) саяси Е) психологиялық және құқықтық С) экономикалық

15. Әйелдердің қанша пайызы бас­қарушы қызметтер атқарады?

А) 30 пайыз В) 40 пайыз С) 25 пайыз Д) 35 пайыз Е) 50 пайыз


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз»


4.Өмірдің  сәні мен салтанаты -әйелдер

 Қазақтың көшпелі дәуірінде қыздарды, әйелдерді жоғары бағалаған.

Оларға «өмірдің  сәні мен салтанаты, ер адамдардың ақылшысы, балалардың тәрбиешісі» деп қараған. Ата бабаларымыз әйелді құрмет тұтқан. Содан да болса керек, ұрпақ тәрбиесін әйел-анаға жүктеген. Cоңғы жылдары еліміз батыстық үлгідегі гендерлік саясатты пайдаланып, қыз-келіншектердің құқығын қорғап, олардың қоғамдағы рөлін көтеру ісімен мемлекеттік деңгейде айналыса баста­ды. Осының нәтижесінде елімізде гендерлік саясат сәтті орындалып, билік тізгінін ұстаған қыз-келіншектердің саны арта түскені жасы­рын емес.

            Бүгінгі әйел билік басында еркекпен иық тірестіріп жұмыс істеп жүр. Әйел — қоғамның тең құқылы мүшесі. Әйел отбасы, ошақ басы, қазанның жанында отыратын уақыт көшпелі дәуірде қалды. Егер қолынан келсе, нәзік жандылардың билікке араласуына әбден бо­лады. Қазір ғылым, білім, тех­ника, ақпарат, сауаттылық заманы. Ерлердің ісі болып есептелетін салада әйелдердің саны артып келе жатқандығын кім де болса мойын­дайды. Әйел көлікті де жүргізе алады, ұшақты да басқарады. Саясат пен басқару саласында әйелдердің өз орнын табуына мүмкіншілігі жеткілікті, өйткені саясатта қара күш емес, біліктілік пен қабілеттілік қажет. Ген­дер мәселесіне жан-жақты қарау керек. Ал, гендерлік саясат дегеніміз, әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу болып табылады.

16.Ұрпақ тәрбиесін кімге жүктеген?

А) ерлерге В) анаға С) қыздарға Д) үлкендерге Е) әйел-анаға

17.Әйелдерді жоғары бағалау қай кезеңнен басталған?

А) тас дәуір В) қола дәуір С) құл иеленуші Д) фодалдық Е) көшпелі

18.Саясатта не қажет?

А) ақыл В) білім С) қайрат Д) төзімділік Е) біліктілік пен қабілеттілік
19. Қазір қандай заман?

А) технология В) жаңалық С) сауаттылық Д) салауатты Е) ғылым,білім,техника

20. Отбасында алдын алу ісі

А) маскүнемдік В) ұрлық С) азғындық Д) нашақорлық Е) зорлық-зомбылық



Оқу сауаттылығы

ІV Нұсқа


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз»


  1. Ғылым этикасы: Киборгтар мен клондау

 Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады. Есепшоттың пайда болған уақытын осы кезге дейін ешкім айта алмайды. Деректерге қарағанда есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері — Қытай және Греция.17-ғасырдың басында шатландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады. Екі ғасыр бойы әр елдің оқымыстылары логарифм функциясының негізінде жасалған есептеу құралын жетілдірумен шұғылданды. 1642 ж француз математигі Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет «қосу машинасы» деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдің машинасында көп мәнді сандарды қосу мүмкін болды. Атақты неміс математигі Лейбниц Паскаль өзінің механикалық есептеу машинасын-арифмометрді құрастырды.Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізуімен қатар, сандарды бөлу көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды.Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л.Чебышев пен В.Т.Однер көп еңбек етті.

Есептеуіш техникаларының қарқындап дамуы 19-ғасырдан басталды. Есептеуіш техниканың дамуындағы келесі қадам алдын ала жасалған бағдарлама бойынша адамның қатысуынсыз есептеулер орындайтын құрылғылар жасау болды. Мұндай алғашқы есептеуіш автоматтың авторы ағылшын оқымыстысы Чарлз Бэббидж еді, сондықтан көптеген адамдар оны қазіргі «компьютердің атасы » деп атайды. 1833 жылы ол бағдарлама арқылы басқарылатын «Аналитикалық машина» жобасын жасады. Бұл машинада қазіргі компьютерлерде бар барлық негізгі құраушылар: бастапқы сандар мен аралық нәтижелерді сақтауға арналған жад, жадтан алынған сандар мен амалдар орындайтын арифметикалық құрылғы, берілген бағдарлама бойынша есептеу барысын қадағалап отыратын басқару құрылғысы деректерді енгізу мен оларды басып шығару құрылғылары болды. Бэббидждің идеясы өз уақытынан озық еді. Оны машинасы өте күрделі құрылғы болғандықтан, ол кездегі техникалық мүмкіндік мұны жүзеге асыра алмады.

1.Алғашқы есеп құралы қай жылдары пайда болды?

А) 2000 ж В) 5000ж С) 3000ж Д) 2200ж Е) 2000-5000ж

2. Логарифм түсінігін кім енгізді?

А) Блез Паскаль В) Лейбниц Паскаль С) П.Л.Чебышев Д) В.Т.Однер Е) Джон Непер

3. «Компьютердің атасы» кім болды?

А) В.Т.Однер В) П.Л.Чебышев С) Джон Непер Д) Блез Паскаль Е) Чарлз Бэббидж

4. «Аналитикалық машина» жобасы қай жылы жасалды?

А) 1830ж В)1840ж С)1833ж Д) 1890ж Е) 1835ж

5. Бэббидждің идеясы неге іске аспады?

А) өз уақытынан озық еді. В) күрделі С) қарапайым Д) қара дүрсін Е) мүмкіндік болмады.


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз»


2. Киборг

   Киборг — ағылшын тіліндегі cyberneticorganism деген  сөздердің қысқартылған түрі, яғни кибернетикалық организм, ағза. Медицинада бойында механикалық не электрондық құрамдас бөліктері бар биологиялық денені айтады. Ғылыми фантастикада кейбір жағдайларда андроидтар — адамға ұқсайтын роботтарды айтады.  Жаңағы механикалық не электрондық құрамдас бөліктер адамның табиғи қабілетін арттыруға қолданады.  «Болашақта біздің тәніміз түбегейлі генетикалық өзгеруге ұшырайды. Ал айналамызда саналы адам тектес роботтар жүреді. Роботтар мінсіз болады, оларды күнделікті өмірде кімнің адам, кімнің робот екенін ажырату қиынға соғады». Осылай The Times газетіне берген сұхбатында американдық профессор Митио Каку жақын және алыс болашақта өмір қандай болатынын сипаттады. Профоссордың болашақ туралы пайымдары фантаст шығармалары мен көріпкелдердің болжамына емес, қазіргі шынайы ғылыми жаңалықтарға негізделген.  Американдық профессор айтқандай, 2030 жылы әлемде интернетке кіруге болатын контакты линзалар пайда болады. Осындай жабдықтың прототипін жасаумен Вашингтон университетінің профессоры Бабак Парвиз жұмыс жасап жүр. Бұл линзаны көзі нашар көретін адамдар ғана пайдаланбайды. Олардың фунциясы өзгеше: ғаламторға кіруге болатын көзілдірік интернет пайдаланушының көз алдына виртуалды өмірді паш етеді. Бұл жабдықта адамдарды бет әлпенінен танитын функциясы және шет тілді жедел аудару қызметі болады.

Бүгінгі күні биотехнология деңгейі зертханада мұрын, құлақ, қан тамырларды, жүрек клапандарын т.б «өсіріп шығаруға» мүмкіндік беріп отыр. Арнайы «гупка» тәріздес пластикалық ыдысқа науқастың ДНК-сы мен жасушалары егіледі. Осы жасушаларға католизатор қосылғанда, олар тез көбейіп өседі. Дәл осылай бір ағза мүшесі, орган пайда болады. Осындай технология туралыУэйк-Форест университетінен Энтони Атала сөз етті. 2070 жылы ғалымдар фаунаның жойылып кеткен бірнеше өкілдерін қайта тірілтпек. Бразилияда осыдан 25 жыл бұрын өлген жануардың ДНК үлгілері арқылы клон жасап, бүгін қайта тірілітті.

6.Киборг дегеніміз не?

А) механика В) зертхана С) интернет Д) ағза Е) линза

7. Американдық профессор Митио Каку өмірді неге негіздеп сипаттады?

А) фантастика В) шындық С) реализм Д) романтика Е) ғылыми жаңалықтар

8.Интернетке кіруге болатын контакты линзалар қашан пайда болды?

А) 2035ж В) 2030ж С) 2037ж Д) 2036ж Е) 2040ж

9. Биотехнология деңгейі зертханада не өсіріп отыр?

А) аяқ В) қол С) жілік Д) қарын Е) мұрын

10. Ғалымдар фаунаның жойылып кеткен бірнеше өкілдерін қай жылы қайта тірілтпек?

А) 2050ж В) 2030ж С) 2040ж Д) 2070ж Е) 2035ж


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».


3.Әлем елдері үйлену тойына не сыйлайды?

«Әр елдің салты басқа» дегендей, әр ұлттың неке қию салтанатында сый жасау үрдісі әрқилы.Той жасау біраз шығынды талап еткендіктен, жапондықтар жас жұбайларға ақша салынған конверт сыйлайды. Алайда, сыйдың көлемі емес, оның қалай тартылғаны аса маңыздырақ. Сый берген қонаққа жас жұбайлар тұрмысқа қажетті бұйымдарды тартады. Бірнеше ақша қағаздарын жинақтап, қонақтар желпеуіш (веер) жасайды. Содан кейін желпеуішті алып, жас жұбайлардың үстін қағады. Осылайша, олар жаңа отбасына байлық пен береке самалын желдетеді.Тәтті тоқаштары мен бәліштері арқылы кеңінен танымал Франция елі неке қию салтанатында миндаль кәмпиттері мен нан-тоқаштарын сыйға тартады. Бұл дәстүр XVI ғасырда бастау алған. Француздықтардың нанымы бойынша, әдемі қорапқа салынған тағамдар жас жұбайларға балдай тәтті өмір мен құт-береке әкеледі.Қытай халқының ерекше құрметтейтін түсі – қызыл. Қызыл түс – ырыс пен бақтың нышаны. Сондықтан да, қытай халқы кез келген сыйды қызыл түсті қорап пен қағазға орайды. Әдетте, үйлену тойына олар байлық, бақыт, ұзақ ғұмыр,  шаттық сияқты тәңірлердің мүсіндерін сыйлайды.Малайзия елінде жас жұбайларға піскен жұмыртқа сыйлау дәстүрі бар. Наным бойынша, жұмыртқа жаңа шаңыраққа байлық пен бақ әкеледі. Сондай-ақ, үйлену тойы кезінде жас жұбайлар бір-бірлеріне гүлдермен безендірілген жеміс-жидектерге толы шара сыйлайды.Грузия елінде үйлену тойына «чирагдани» деп аталатын ағаштан жасалған әшекей бұйымдарды сыйлайды. Бұл «байлық пен өмірдің ағашы» болып саналады. Чирагдани жас жұбайлар ғұмырлы, ұрпағы көп болсын деген ниетпен тартылады.Вьетнам халқы жас жұбайларға қарбыз дәнін сыйға тартады. Бұл ұрпақ санының көбеюіне оң әсерін тигізеді деген сенім бар.Папуастардың пайымдауынша, үйлену тойына шошқа, құс терілері мен теңіз ұлу қабыршақтарын сыйлау керек. Шошқа Жаңа Гвинея елінде киелі жануар болып саналады. Ал оның терісін сыйға алу үлкен мәртебе. Шошқа терісі байлық әкеліп, ұрпақ санының артуына оң ықпал етеді деген наным бар.  

11.Жапон еліндегі жас жұбайларға берілетін сый

A) әшекей

B) ағаш

C) тағам

D) жануар

E) ақша

12.Жас жұбайларға ұсынылатын сыйлықтар ұғымына тән емес мақал

A) Балалы үй базар, баласыз үй мазар.

B) Ырыс алды – ынтымақ.

C) Туған үйдің түтіні ыстық.

D) Бас екеу болмай, мал екеу болмас

E) Үйлену оңай, үй болу қиын.

13.Үйлену тойындағы ұрпақ санын арттыруға қатысы бар сыйлық

A) ұлу

B) ақша

C) қарбыз

D) мүсін

E) ағаш

14.Ырыс пен бақ нышанын негізге алатындар

A) папуастар

B) жапондықтар

C) қытайлықтар

D) грузиялықтар

E) малайзиялықтар

15.Сыйлықтың қорабына мән беретін елдің сыйлығы

A) ағаш

B) жұмыртқа

C) ақша

D) тағам

E) мүсін


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».


4. Ер Төстік

Қазақтың қиял-ғажайып ертегілерінің ішіндегі ең бір қызықтысы – «Ер Төстікті» көпшілік

біледі. Онда жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, махаббат пен зұлымдық

арасындағы қиян-кескі күрес бейнеленеді.Ертегінің басты кейіпкері – Ер Төстік. Ол

халық қиялынан туған, жердің асты мен үстін бірдей кезіп жүретін ғажайып батыр,

ақылды ер. Өзі туа сала ер жетеді: бір күні – бір апта, бір аптасы – бір ай, бір айы –

бір жылға татады.Ер Төстікке қарсы қаракүш иелері де осал емес. Олар: перінің қызы

Бекторы, тауды қаңбақтай ұшырып, тасты бұршақтай жаудыратар жалмауыз кемпір,

жанын басқа жерде сақтайтын Шойынқұлақ. Бұларды жеңіп, мерейі үстем болу үшін

Ер Төстіктің бір басының батырлығы мен ақылдылығы аздық етуі мүмкін ғой.

Сондықтан халық қиялы оған ғажайып алыптар мен өнерпаздардыжолдас етеді.

Олар адамша сөйлейтін ат – жел жетпес жүйрік Шалқұйрық, екпінін тежеу үшін аяғына

қара қазандай төс байлап жүгіретін Желаяқ. Жердің асты-үстінің сыбырын естіп

қалт жібермейтін Саққұлақ, Қақпақыл қылып ойнататын Таусоғар, бір көлдің суын

бір-ақ рет ұрттайтын Көлтаусар сияқты Ер Төстіктің адал достары. Ер Төстік осы

серіктерінің және өзінің ақылдылығы мен ғажап батырлығының арқасында зұлымдық

өкілдерін жеңіп, еліне аман-есен оралады.

16.Сенімді серігі Шалқұйрыққа байланысты мақал-мәтел

A) Жылқы – ер қанаты. B) Жақсы сөз – жарым ырыс. C) Жүйрік ат аяғынан қалады.

D) Мәуелі ағаш – майысқақ. Е) Талапты ерге нұр жауар.

17.«Ер Төстік» ертегісінің түрін анықта

A) жан-жануарлар туралыB) қиял- ғажайыпC) шыншыл D) тұрмыс-салтЕ) Аңыз әңгіме

18. Ер Төстіктің достары

A) жалмауыз кемпір, Саққұлақ, Таусоғар, Шалқұйрық, Желаяқ

B) Бекторы, Кенжекей, жалмауыз кемпір, Көлтаусар, Саққұлақ

C) Шалқұйрық, Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Көлтаусар

D) Шойынқұлақ, Таусоғар, Бекторы, Желаяқ, Көлтаусар, Таусоғар

Е) Бекторы,жалмауыз кемпір, Желаяқ

19. Ер Төстік қандай қасиеттерімен жеңіске жетті?

А) батырлық

В) ерлік

С) ақылдылық

Д) айлакерлік

Е) зұлымдық

20. Ер Төстіктің қас дұшпандары кімдер еді?

А) перінің қызы Бекторы

В) мыстан кемпір

С) желаяқ

Д) таусоғар

Е) саққұлақ


Оқу сауаттылығы

V нұсқа


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз»


  1. Зиялы қауым

Зиялы топты қай саладан, қандай топтың арасынан іздеу керек, басқалай айтқанда, зиялы топ тек билік бағытында не болмаса экономика бағытында деген сияқты белгілі бір бағытта қалыптаса ма, әлде қалай?.. Өйткені халық ұғымында «зиялы қауым» дегенде алдымен ақын-жазушылар аталады. Біздің елімізде бір қарағанда қарапайым көрінгенімен мәселелің осындай қырларын айқындап, аражігін түсіндіретін ешкім жоқ. Әйтеуір «зиялы қауым», «зиялы топ өкілдері» дей береміз, ал астарына, егжей-тегжейіне бойламаймыз...

Кеңес дәуірі тұсындағы зиялылар дегенде ақын-жазушыларды елестетеміз. Тоталитарлық жүйеде ойыңды, пікіріңді ашық жеткізу болмады. Сол кезде ақын-жазушылар өзінің әдеби амал-тәсілдерімен қоғамдық шындықты көркемтілмен астарлап жеткізді.

Қандай да бір елдегі зиялы топтың қалай пайда болуы, қандай бағыт жолдар бойыншадамитыны турасында Хангелді Әбжанов, Мәмбет Қойгелді және т.б. сияқты белгілі қоғам қайраткерлерінің бергісі мақала, әрісі кітап жазып, түсіндірмелер беріп жүр. Десек те, осы мәселенің насихаттық, түсіндірмелік жұмыстар жағы жас ұрпақты тәрбиелеу бағытында жұмысын атқара алып жүр ме деген ойлар бүйірден түртпектейді. Осы орайда, зиялы кім, оларды қалай айтамыз деп уақыт жоғалтып жатудың қажеті жоқ. Зиялы топтың өзі интеллектуалды, мәдени, саяси, элиталық болып бірнеше түрге бөлінеді.

Қайсысы ұлт үшін, халық үшін қызмет етіп жүрсе, халық оны өзі көреді. Қашанда күрескерлерді қолдайды. Күрескерліктің бірнеше формасы бар, ол тек билікпен бұйрықтың пәрменін жүргізу ғана емес, қолында үлкен күші бар қоғамдық пікір туғызу.

Мәселен, бүкіл ғалымдар келісіп, «Біз қателесіп кеткен екенбіз, жер төрт бұрышты екен» десе, бұны Қазақстандағы 6 мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралдары жарылса 1 ай жазса, адамның барлығының пікірі өзгереді. Зиялы қауым қолында шенеуліктің тетігі, билігі болмағанымен, оның аузында дуалы сөзі бар. Сөзі арқылы қоғамдық пікір қалыптастыра алады. Қазір де әлеуметтік тілдік, рухани елдік мәселелер тынбай күресіп жатыр... Біздің еліміз алып территорияға, қуатты шикізат ресурстары мен теңдесі жоқ пайдалы қазба қорларына ие болып отыр. Ендігі жерде демократиялық, құқықтық мемлекет құруға ұмтылған кезде ұлттың ұлттық зиялы тобын тәрбиелеп шығаруға баса назар аударайық!

1.Зиялы қауым дегеніміз кімдер?

А) жазушылар В) әншілер С) мемлекет қызметкерлері Д) дәрігерлер Е) мұғалімдер

2. Зиялы топ нешеге бөлінеді?

А) бір В) екі С) үш Д) төрт Е) бес

3. Зиялы қауымның қолында бар

А) ақша В) сөз С) билік Д) қызмет Е) күш

4. Біздің еліміз ие

А) пайдалы қазбаға В) ақшаға С) билікке Д) жан-жануарға Е) ресурстарға

5. Неге баса назар аудару керек?

А) оқымыстыларға В) студенттерге С) оқушыларға Д) ұлттық зиялы топқа

Е) жазушыларға


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз»


2. Зиялы ұрпақ – ел ертеңі

«Нұр Отан» ХДП жанындағы Құқықтық кеңес Мәдениет министрлігімен және «Әріптес» үкіметтік емес ұйымдардың Алматы конфедерациясымен бірлесіп, «Зиялы ұлтты қалыптастырудағы отбасының рөлі» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел отырысын өткізді. Дөңгелек үстелдің жұмысына Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері мен Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының, жастар ұйымдарының өкілдері және ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Қазақстандық зиялы ұлтты қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі ретінде алғаш рет Елбасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылғы қазанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жасаған жария дәрісінде көтеріліп, қоғам алдына осы міндет қойылған болатын. Отырысты осылай деп бастаған Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіров сөзін: «Зиялы ұлтты» қалыптастыру – XXI ғасырда қоғамды жаңғыртудың жолы, онда дамудың басты көзі креативті адам болады. Шығармашылық – бұл адамның өзін өзі жұмылдыру үдерісі, ол әркімнің өзінің рухани байлығы болуын, жеке тұлғаның даралығы мен төл қасиеттерінің болуын көздейді. Сондықтан да бағзы заманнан бүгінге дейінгі тарихи-мәдени мұраның барлық саналуандығы болашақтың рухани негізі мен қайнар көзі болып шығады, оларды сақтау мен толықтыру үрдісімен біздің «зиялы ұлтқа» ұмтылған жолымыз да шын мәнінде басталып кетті деуге болады. Сондықтан зиялы ұлтты қалыптастыру сияқты жаһандық проблема туралы әңгімелесу үшін отбасы тақырыбының таңдалуы тегін емес. Бұл ретте зиялы ұлт білім мен дағдыларды қолдану ретіндегі технократтық құбылыс тұрғысында ғана бейнеленбеуге тиіс. Ол ұлттық мәдениет ретінде танылып, ал оны қалыптастыру біздің қоғамымыздың мақсаты болуы тиіс», деп жалғастырған еді. Дөңгелек үстел отырысында Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Әлібек Асқар, Президент жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі Рәшида Нәубетова сөйлеп, шешендер қазіргі күні әлемде еңбектің жаңаша бөлінісі орын алып отырғанын, ал зияткерлік еңбек саласында, ғылыми және мәдени өндіріс пен қызмет көрсету саласында білім экономикасы туындайтынын айтып, адам капиталының алға шығатынына тоқталды.

6. «Нұр Отан» ХДП жанындағы Құқықтық кеңес Мәдениет министрлігімен

және «Әріптес» үкіметтік емес ұйымдардың қандай тақырыпта дөңгелек стол болды?

А) зиялы ұлт В) зиялы ұлттың болашағы В) зиялы ұлттың жағдайы С) зиялы ұлтты қалыптастыру Д) ұлттық мәдениет Е) зиялы ұлтты қалыптастырудағы отбасының рөлі.

7. Дөңгелек үстелдің жұмысына кімдер қатысты?

А) министрлер В) оқушылар С) мұғалімдер Д) жұмысшылар зиялы қауым Е) Парламент депутаттары.

8. Дөңгелек үстел отырысында ең маңызды

А) ғылым мен білім В) экономика С) мәдениет Д) қызмет көрсету саласы Е) адам капиталы.

9.Ұлттық мәдениетті қалыптастыру кімнің міндеттері?

А) қоғамның В) капиталдың С) зияткерлер Д) әркім Е) министрлер.

10. Қазақстандық зиялы ұлтты қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі ретінде алғаш рет кім көтерді?

А) ғалымдар В) зиялылар С) Елбасы Д) министрлер Е) мәдениет қайраткерлері



Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз»


3. Экология

Білімнің барлық салалары сияқты, экология үздіксіз дамып келді, бірақ ол бірде тез, бірде баяу болып отырды. Гиппократтың, Аристотельдің, басқа да көне грек философтарының еңбектерінде айқын экологиялық сипаттағы деректер бар. Сонымен бірге гректер «экология» деген сөзді білмеген. Бұл салаға «биологиялық қайта өрлеудің» (XVIII – XIX ғғ.) көптеген ұлы қайраткерлері де өз үлесін қосты. Мысалы, XVIII ғ. басындағы алғашқы микроскоппен зерттеушілердің бірі ретінде көбірек танымал болған Антон ван Левенгук, сонымен қатар осы күнгі экологияның маңызды екі саласын –

«қоректік тізбектерді» және популяция санының динамикасын зерттеудің пионері болып табылады. Дербес ғылым ретінде экология шамамен 1900-шы жылы қалыптасты. «Экология» терминін 1869 ж. неміс биологы Эрнест Геккель ұсынған болатын. Демек, бұл біршама жас ғылым, сонымен қатар экология қазір қауырт өсу кезеңін басынан кешіріп отыр. Экология (грекше oicos – мекен, үй және logos -ғылым) сөзбе-сөз аударғанда – тіршілік мекені туралы ғылым. Экология ғылымына берілген көптеген анықтамалар бар, дегенмен, осы заманғы зерттеушілердің басым көпшілігі экология – организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым деп есептейді. Экология түсінігі өте ауқымды, сондықтан қай қырына баса мән берілуіне қарай, оның анықтамаларының тұжырымдалуы да өзгеріп отырады. Отандық экологтардың бірі А.С. Данилевский: «Экология – экологиялық дүйелердың құрылымы мен қызметі туралы және олардың гомеостазисін қамтамасыз етуші механизмдер туралы ғылым» деп анықтама берген. XX ғасырдың ақырғы онжылдыктары үшін Уэбстердің толық сөздігінде келтірілген: «Экология пәні – организмдер мен орта арасындағы байланыстардың жиынтығы немесе құрылымы» - деген анықтама экологияның мәніне көбірек сәйкес келеді. Автолар неғұрлым дәл және қысқа тұжырымдама беруде бір-бірімен жарыса отырып, бұл ғылымға ең толық анықтаманы Эрнест Геккельдың өзі бергенін естерінен шығарып алады: «Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді – жануардың оны қоршаған органикалық және органикалық емес ортамен, әсіресе оның өзімен тікелей немесе жанама қатысатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеуді түсінеміз. Бір сөзбенайтқанда, экология – Дарвин тіршілік үшін күресті туындатушы жағдайлар деп атаған, барлық күрделі қарым-қатынастарды зерттеу болып табылады»

11.Экология дегеніміз не?

А) механизм В) организмдер С) құрылым Д) тіршілік мекені Е) орта

12. Экологияға ең толық анықтама берген ғалым

А) Аристотель В) Гиппократ С) А.С. Данилевский Д) Дарвин Е) Эрнест Геккель

13.Экология туралы не білесің?

А) білемін В) білмеймін С) оқып жатырмын Д) зерттеудемін Е) қызықтырады

14. Қазақстанда экология мәселесі маңызды ма?

А) жоқ В) иә С) маңызды Д) сақтауға тырысады Е) өте маңызды

15. Біздің елдің экологиянысын шет елмен салыстыр.

А) айырмашылық жоқ В) шет елде жоғары С) біздң елде жоғары
Д) біздің елде үнемі сақталмайды Е) шет елге жетуге тырысады.


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз»


  1. Миграция

Миграция – [лат. migratio – көші-қон, қоныс аудару] – адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі. Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі – қандай да бір аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала және т.б.). Осы негізде ең алдымен,халықаралық (мемлекетаралық) және ішкі миграцияны анықтайды. Көші-қон ел халқының жалпы санын өзгертпейді, халықаралық көші-қон әлем елдеріндегі халық санының өзгеруіне әкеледі, көбіне азаматтықты өзгерту орын алады. Сондай-ақ қала ішіндегі аумақтық көші-қондар («қала-қала»), ауылдық

жерлердегі («ауыл-ауыл»), қалалық және ауылдық жерлердің өзара көші-қон алмасуы («ауыл-қала», «қала-ауыл»). Мерзімдік белгілеріне қарай қайтып оралмайтын (ішкі көші-қон, эмиграция, иммиграция) және қайтып оралатын миграция (ұзақ мерзімді, мезгілдік, үздік- создық, ауық-ауық көші-қон) түрлері анықталған. Түрлеріне қарай ерікті, мәжбүрлі, заңсыз көші-қон болып бөлінеді. Халықтың көші-қоны себептеріне қарай жіктеу де аса маңызды. Келесідей себептер анықталады:

- экономикалық;

- әлеуметтік;

- әскери;

- демографиялық (отбасы бірлесуі, некелік миграция);

- мәдени;

- саяси;

- діни және;

- этникалық.

Халықтың көші-қонын жекелеген елдердің, аймақтардың және жалпы әлемнің экономикалық-демографиялық дамуына елеулі әсер етеді.

16.Миграция дегеніміз не?

А) жер аудару В) қоныс тебу С) қоныс аудару Д) жаңа жерге көшу Е) басқа жерге бару.

17. Миграция сөзі қай тілден шыққан?

А) грек В) өзбек С) латын Д) француз Е) орыс

18. Миграцияның қайтып оралмайтын түрі

А) бір В) екі С) үш Д) төрт Е) бес

19. Қайтып оралатын миграция нешеге бөлінеді?

А) бес В) үш С) төрт Д) алты Е) жеті

20. Халықтың көші-қонын жекелеген елдердің дамуына қалай әсер етеді?

А) жақсы В) әсері жоқ С) әсер етеді Д) елеулі Е) көп.


Оқу сауаттылығы

VІ нұсқа


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз»


  1. Әлем

Әлем – басқаша ғалам. Ғалам – алуан түрлі формада болатын әрі ұдайы өзгеріп отыратын, кеңістік пен уақыт бойынша шеті де, шегі де жоқ бүкілдүние. Ғаламды (араб сөзінен) зерттеумен тікелей шұғылданатын ғылым –астрономия. Ал барлық ғылыми білімге негізделген ғалам жөніндегіпайымдаулар космологияның мәселесі болып есептеледі.Ғаламның шексіздігі туралы алғашқы пікір біздің заманымыздан бұрынғы

V ғасырда өмір сүрген ежелгі дәуірдегі грек ғалымы Гераклиттің (біздіңзаманымыздан бұрынғы V ғасыр) еңбектерінде кездеседі. Гераклиттіңкөзқарасын Демокрит, Эпикур және Лукреций одан әрі дамытып, кейінгідәуірлерде Жердің шар тәрізді екенін және аспан шырақтарының бір-біріненалшақтылығын анықтауға байланысты зерттеулер (Пифагор, Аристотель,Эратосфен) жүргізілді. Бірақ шіркеу мен дін үстем болған дәуірде мұндай озықойлар қолдау таппай, тек Қайта өркендеу дәуірінде Николай Коперниктің

«Аспан сферасының айналысы туралы» атты кітабы космогонияда ғылыми зерттеуге жол ашты. Біз мекендеген Жер де, басқа планеталар, құйрықтыжұлдыздар мен метеорлық денелер тәрізді, Күн жүйесінің құрамына енеді. Күнжүйесінің диаметрі он миллиард шақырымдай. Ғалам кеңістігінде біздіңГалактика тәріздес миллиондаған басқа да галактикалардың бар екендігіанықталды. Зерттелген галактикалар жиыны Метагалактика деп аталады.Әлем ─ уақыт пен кеңістік бойынша шексіз және өзінің даму процесіндематерия қабылдаган нысандары бойынша ақыры жоқ сан алуан бүкіл бар

материалдык дүние. Қазіргі түсінік бойынша, Әлемнің жасы 15 млрд жыл шамасында. Әлем ─ бұл нақты өмір суретін, уақыт пен кеңістік бойынша шексіз және өзінің дамуы барысында барлық мүмкін болатын пішін қабылдайтын материялық әлем.Қазіргі құралдармен бақыланып отырған әлемнің бөлігі Метагалактика депаталады. Бұл біздің Әлем. Оның өлшемі бақыланатын ең алыс денелерге дейінгіқашықтықпен шектеледі. Әлем көптеген метағаламнан тұруы мүмкін.

1.Гераклиттің көзқарасын кімдер дамытты?

А) Пифагор В) Аристотель С) Эратосфен Д) Демокрит, Эпикур. Е) Галилей

2. Күн жүйесінің құрамына кіреді

А) Венера В) Марс С) Темірқазық Д) Ақбозат Е) Жер

3. Күн жүйесінің диаметрі

А) бес миллиард В) жеті миллиард С) он миллиард Д) он бес миллиард

Е) жиырма миллиард.

4. Әлем дегеніміз...

А) жер В) спутник С) планета Д) материялық әлем Е) метағалам.

5. Ғалам кеңістігінде не бар?

А) жұлдыздар В) ай С) күн Д) планета Е) галактика


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз»


  1. Адам және табиғат

Бір кезде Құдай адамды жаратты. Бұны Ол ненің құрметіне, не мақсатпен жасады? Неге жеткісі келді? Бәлкім, Ол жалғызсыраған болар және оған әңгiмелесушi керек болған шығар, әлде жай қозғалып, тұтынып қана емес, ойланып, толғанып, жаңа бір нәрсе жасап шығаратын қуыршақ керек болды ма екен? Олай болса, Ол оны негізгі ақиқаттан айырып, өзіне ұқсатып жаратқан болар еді. Адам Құдай болмас үшін, Оның орнын басуға тырыспас үшін, Ол адамды барлық нәрседегі ақиқаттан айырар еді. Жаратушы адамға жәннатты сыйлады, ештеңеге зарықпас үшін барлық нәрсені берді. Ал содан кейін, бір

керемет шақта, Ол басқа әлемдерді жарату үстінде, адамды ұмытып кетті. Адам қараусыз, өзімен-өзі қалған кезде, қалағанындай өмір сүре бастады. Ақиқатты білмегеннен соң, адам қателіктер жасай бастады, олар күннен-күнге арта түсті, және ақыр аяғында Құдайдың жаратқан жәннаты өзінің келбетін жоғалтып, бұрынғы түріне ұқсамай кетті. Бұны түсінген адам өзінің жаратылу себебін, өмірінің мәнін іздей бастады және Құдайды, Оның ақыл-өсиеттерін, нұсқауларын есіне алды, бірақ бәрібір өзінің қателіктерінің хақ себебін түсіне алмады, Жаратушыға өз зарын естірте алмады және жәннаттың

құлдырау үрдісін тоқтата алмады. Сол кезде адам жерге түсті. Жер бір ғана адам үшін тым үлкен болды және адам өзінің көп болатынын шешті. Осылайша адамзат пайда болды.

Адамзат жер бетіне қоныстана бастады, жерді бөліп, бір-біріне ұқсамас үшін, әртүрлі тілдер, киімдер, түрлі терінің, көздің, шаштың түстерін жаратты, және сайып келгенде мемлекеттер құра бастады. Басқалардың жері кеңірек, құнарлығы молырақ екенін түсінгенде, адамдарда тартып алып, өзгенікін иемдену тілегі туындады, сол себепті олар өздеріне ұқсастарды жойып жіберу қаруларын жасап үйренді, уақыт өте келе бұл қарулар одан да қорқынышты, одан да мейірімсіз бола түсті. Бұдан кейін, соғыстар, байлықты мақсат тұтқан соғыстар басталды, өйткені адамға түсініксіздікпен және өмірдің мәні мен ақиқатты танымағандықпен бірден келген сараңдықтың шегі жоқ болып шықты. Осылайша, адам өзінің шексіз адасушылығы мен қателіктерінің нәтижесінде өзі тұратын тозақты жаратты, кеудені өкініш жаулаған минуттарда адамның сол тозақтан құтылып, сытылып шыққысы келеді, бірақ нәпсі мен қажеттілікке ауырлаған күйде надандық пен қараңғылықтың батпағына одан да терең батады. Кейде, тығырыққа тірелгенде ол Құдайға жалбарынады, алайда көптеген конгломераттарға, конфессиялар мен тілдерге бөлінген дауыс гүбірлеп, анық шықпайды, қарама-қайшылық пен қарсы тұрушылыққа батқан ол дауыс, Жаратушыға естілетін бірыңғай қуатты үндеу тудырмайды. Не істеу керек? Барлығы қарапайым, ақиқатты өзіңнен табуың керек, Құдайды өзіңнен іздеуің керек, барлығы біртұтас, бөлінбейтін бүтін екенін, Жаратушыны және жәннатты тек бірге ғана қайтаруға болатынын түсінуің қажет. Тек бір-бірімізге қол созып, бірыңғай хорда мәңгілік құндылықтарды: жақсылық пен әділеттілікті, мейірімділік пен махаббатты, бейбітшілік пен татулықты асқақтатуымыз керек. Иә, бұл қиын, тіпті еңсерілмейтін жол, дегенмен, біз ол жолмен жүріп өтуге міндеттіміз, себебі басқа жол жоқ

6.Бізді кім жаратты?

А) галактика В) жер С) планета Д) алла Е) құдай

7.Соғыстар неге туды?

А) сараңдықтан В) ақымақтықтан С) көре алмаушылықтан Д) қызғаныштан

Е) байлықтан.

8.Тығырыққа тірелгенде кімді есіңе аласың?

А) құдайды В) анамды С) әкемді Д) жолдастарымды Е) туған-туыстарды.

9.Бір-бірімізге не істеуіміз керек?

А) амандасу В) қоштасу С) мейірімді Д) қол созу Е) қатал

10. Жолдан қалай өтуіміз керек?

А) қиындықпен В) жеңіл С) қол ұстасып Д) құшақтасып Е) жүріп өту


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз»


3.Рухани құндылықтар – әлеуметтік танымның өлшемі

Қазіргі кезеңде мемлекетіміз үшін азаматтар бойындағы өзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей жаңа қасиеттерді, дербестікті және таңдау мен шешім қабылдау жағдайындағы жауапкершілікті тұлғааралық барабар қарым-қатынас орнатуға, қоғамдағы тиімділікті арттыруға әсер ететін білім, білік, дағдыларды ұлттық мәдениет аясында қалыптастыру мәселесі тұр. Осыған байланысты адамдар арасында толеранттық мінез-құлық қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оған қарсы әрекет ету шаралары қазіргі көп ұлтты еліміз үшін түрлі шаралар ұйымдастырылып, жүзеге асырылуда. Мемлекет жүргізіп отырған ұлтаралық келісім мен ұлтаралық бірлікті дамытуға бағытталған нақты саясат аға буын мен кіші буын арасындағы өзара түсіністікті, ең бастысы, ата-ана мен бала арасындағы бірлікті, жастардың ішкі мәдениетінің дамуын ұлттық сана-сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық құндылық тұрғысынан қамтиды.

Өкінішке орай, бүгінде жалған діни ағымдардың қатері жастарға қаупін төндіруде. Діни ағымдар адамдардың денсаулығына, психикасына әсер етіп, әр түрлі психологиялық амал-тәсілдерін қолданып жатыр, олар: гипноз, медитация, шексіз бір қалыпты сыйынулар. Осындай топқа түскен адамдар оның әсерінен біржола құтылу жолдары күрделі болмақ. Адам мұндай тығырықтан шығу жолында жалғыз өзіне көптеген қиындықтарға әкеп соқтырады. Тағдыр талайында адасып жүргендерге мемлекет, қоғамдық мекеме, мамандар өз тараптарынан аянбай көмектерін беруде. 2008 жылдан қызметін бастаған «Виктория» орталығы мемлекеттік емес мекемесі теріс діни әрекеттерден зардап шеккен адамдармен белсенді түрде жұмыс жасауда. Бастапқы кезде«Виктория» орталығының кеңсесінде сондай адамдарға кеңестер берілген болатын. Қазіргі таңда Қарағанды облысы «Ішкі саясат басқармасы» ММ-нің қолдауымен оңалту орталығы өз қызметін атқарып, «Виктория» орталығының мамандары оңалту орталығының құрылуы мен ашылуы негізінде ұйымдасқан ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізуде. Орталықта өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Теріс діни әрекеттерден

зардап шеккен адамдардың оңалту кезеңі педагогикалық, әлеуметтік, психодиагностикалық, психокоррекциялық іс-шаралар жүйесін құрап, психологтар, педагогтар, әлеуметтік жұмыскерлер, дінтанушылар және заңгерлер өз міндеттерін атқаруда. Орталыққа түскен адамдар тазалық процедураларынан басталып, міндетті түрде медициналық қызмет түрлерінен өтеді. Бірақ үйі-күйі жоқ адамдар үшін қиыншылықтар таусылмайды. Өмір бойы жиылған мәселелер үш айда нақты нәтижелер береді деп айту қиын. Сондықтан да «Виктория» орталығында теріс пиғылды діни бірлестіктердің әсерінен сақтану амалдарын түсіндіретін еріктілер тобы құрылған. Оңалту орталығындағы басты құрылымдарының бірі зардап шегушінің отбасымен жұмыс жасау. Көп жағдайларда басқа ағымдардың жетегінде кеткен адамдардың туыстары, жақындары дабыл қағады. Психологтар отбасы мүшелерімен жұмыс жасайды. Жұмыстың нәтижесінде отбасындағы өзара қатынастар дұрысталып, шешімін тауып, ең соңында «Виктория» орталығына

келеді. «Виктория» орталығының басты бағыты діннің қоғамда, адам өмірінде қандайлықмаңызға ие екендігін айғақтап беру ғана емес, бұған қоса, қандай дінді ұстанғандығы мен қандай сенімде болғандығына қарамастан, адамдар санасын келісім, түсіністік, достық ұғымдарын мейлінше молынан сіңіру екендігін баса айтуымыз қажет.

11.Діни ағымдарға кімдер тез түседі?

А) жастар В) балалар С) егде адамдар Д) студенттер Е) үй-күйі жоқ адамдар.

12.Діни ағымдардың адамға әсері

А) денсаулығына В) психикасына С) сана-сезіміне Д) адамгершілігіне Е) мінезіне.

13. Қай жерде орталық ашылды?

А) Маңғыстауда В) Алматыда С) Қарағандыда Д) Атырауда Е) Ақтөбеде

14. Тағдыр тәлкегінде адасып жүргендерге кімдер көмектеседі?

А) мемлекет В) қоғам С) психологтар Д) дәрігерлер Е) туыстар.

15.Оңалту орталығы кімдермен жұмыс атқарады?

А) зардап шегушімен В) туған-туыстарымен С) жолдастарымен Д) жанұясымен
Е) балаларымен


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз»


  1. Рухани құндылық

Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан рухани құндылықтары бізге сол мәдениет, эстетикалық-этикалық талғамдарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрыпы, салт-дәстүрлері, әдеби мұрасы арқылы жетіп отыр. Әр адам өзінің ұлттық тамырын әдет-ғұрпынан, мәдениетінен көре алады. Өз Отанына деген сүйіспеншілігі, туған жеріне, халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып ұштасып біте қайнасып жату керек. Халықтық әдет-ғұрып, салт-сана, патриоттық сезімге еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастырады. Міне, осының бәрі-рухани құндылықтарға жатады. Оның қайнар көзі, бастамасы әрине отбасы. Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Қазақ халқында білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Қазақ отбасында адам зиялылығының негізі – ақыл ой тәрбиесі деп есептелінеді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, рухын асқақ ету, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешіледі. Қазақ халқында ерекше құрметтелетін отансүйгіштік, ар-ұят, намыс, әділдік, адамгершілік пен имандылық сияқты түсініктер отбасында бала санасына берілетін еді.

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Бұл мәселенің басында тұрған дүние – рухани құндылықтар. Рухани құндылықтар – ұлттың тірегі, ұлттың моральдық жетекшісі. Егер жетекшісі адасса, артындағы топ та соның артынан кетпек. Сонда көкейде бір сұрақ туады: «Бүгінгі таңда жастарымыздың рухани құндылықтары не? Оның жай-күйі қандай?». Жауап әрине көңіл қуантарлық емес. Қазіргі қазақ жастардың көпшілігі жаhандану заманына сай боламыз деп, өздерінің адами келбеттерін, ұлттық санасын ақсатып алған. Кітап оқуды мүлдем естен шығарған. Абай атамыз «Артық білім кітапта», – деген. Өз интелектісін өрлетпек боп жүрген бірі де жоқ. Тіпті олардың тыңдайтын шет елдік әуендері біздің менталитетімізге тым жат, кейбіреулері тіптен мәнсіз. Туған жерге деген сүйіспеншілік жоқтың қасы. Сонымен қоса әр түрлі жұлдыздарға еліктеулері де

оларды өздерінің идеалдары санауы. Бұрынғының идеалдары Абай, Шоқан, Мұхтар, Бауыржан тағы басқа зиялы тұлға болса, қазіргі жастарда бізге жат шетелдік әнші мен актерлер ғана. Соларға ұқсағысы келіп өздерінің шынайы қазақы болмысын жоғалтуда. Бұл да рухани азуды көрсетеді. Ал рухани байлығын, адами және мәдени құндылықтарын, ұлттық санасын, дәстүрін жоғалтқан ұлттың болашағы әрқашан бұлыңғыр болмақ. Егер болашағымыздың жарқын болуын қаласақ, осы мәселелерді шешуіміз керек. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу міндет.

16.Рухани құндылықтарға не жатады?

А) әдет-ғұрып, салт-сана

В) мораль

С) мінездер

Д) әдеттер

Е) ақыл-кеңес.

17.Абай атамыздың ұлы сөзі

А) білгенге –маржан

В) білмеске-арзан

С) сабырсыз, арсыз, еріншек
Д) артық білім кітапта

Е) жалқаулық аздырар адам баласын

18. Қазір қандай заман?

А) ХХІ ғасыр

В) жаңа

С) жаһандану

Д) жаңа технология

Е) ақыр заман

19.Бұрынғылардың идеалдары

А) ақындар

В) Мұхтар, Бауыржан

С) жазушылар

Д) әншілер

Е) ғұламалар.

20.Рухани азу дегеніміз ... жоғалту.

А) ұлттық санасын

В) байлығын

С) туысын

Д) отбасын

Е) жолдастарын


Оқу сауаттылығы

VІІ нұсқа

Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».

  1. Жыраулар поэзиясы

Жыраулық поэзия - 15-18 ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы. Біздің дәуірімізге, негізінен, ауызша жетті. 15 ғасырдың орта шенінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халкының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулық поэзия қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан төр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қоғам, дін, этика, адамгершілік, қарыз бен парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік, дүние мен дүние жайлы сан-салалы ойлар тоғысқан философиялық туындылар жыраулық поэзияның терең дүниетанымдық сипатын аңғартады. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшақка даңқы жеткен Қодан Тайшы, Сыпыра жырауАсан ҚайғыҚазтұған жыраулар жаңа әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп те саналады. Асан қайғы туралы аңыздар ноғай, қырғыз, карақалпақ халықтарында да сақталган. Асан Қайғы - көптеген нақыл сөздердің, философиялық толғаулардың авторы. Ол өз өлең, толғауларында мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды. Сахара эпосын тудырушылардың бірі, ірі эпик ақын, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы әрі нәзік лирик болған Қазтуғанның (15 ғ.) біздің дәуірімізге жеткен жырлары табиғат аясындағы көшпендінің болмыс, тіршілік, өзін қоршаған орта туралы түсінігін бейнелейді. Қазтуғанның ұлттық бояуы қанық, афоризмдерге, көркем түстерге бай толғаулары туған әдебиетіміздің таңдаулы үлгілері қатарына жатады. Жыраулық поэзияның дамып, өркендеуіне Доспамбет пен Шалкиіз шығармалары айрықша әсеретті. Жорық жыршысы болған Доспамбет жырау (1523) шығармаларынан ортағасырлык жауынгер көшпендінің ер тұлғасы, ерлік кейпі көрінеді. Доспамбет толғаулары 19 ғасырдың 80-жылдарынан бастап баспа бетін көре бастады. Жыраулық поэзияның ең көрнекті өкілі - Шалкиіз жырау Тіленшіұлы (1465- 1560). Шалкиіздің толғаулары ең алғаш 1875 жылы хатқа түсіп, баспа бетінде жарияланыпты. Жырау мұралары ерте жиналуына байланысты бүгінгі күндерге бір сыдырғы толық жетті. Жиембет жырау (17 ғасыр) мен Марқасқа жыраудың (17 ғасыр) өмір жолы Есім хан тұсындағы тарихи оқиғаларға тікелей қатысты. 

1. «Таза мінсіз асыл тас» жыры қай жыраудікі?

А) Қазтуған жырау

В) Үмбетей жырау

С) Доспамбет жырау

Д) Асан қайғы

Е) Ақтамберді жырау

2.Жыраулар поэзиясы қай ғасырды қамтиды?

А) 15-17ғ

В) 12-15ғ

С) 10-15ғ

Д) 15-20ғ

Е) 12-13ғ

3.Тайпалар көсемі,әскербасы,отты би болған 15ғасыр жырауын анықтаңыз.

А) Қазтуған жырау

В) Асан қайғы

С) Тоныкөк

Д) Ақтамберді

Е) Шортанбай

4.Өлең шумағының авторы кім?

Ғадыл төре ел бастар,

Батыр жігіт жау бастар,

Аға жігіт қол бастар,

Шешен адам сөз бастар.

А) Доспамбет жырау

В) Шалкиіз жырау

С) Шал ақын

Д) Сыпыра жырау

Е) Бұқар жырау

5.Үмбетей жырау қайда қайтыс болды?

А) Қаратау өңірі

В) Еділ бойында

С) Ерейментау ауданында

Д) Жайық бойында

Е) Көкше өңірінде


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».


2. Өсімдіктер әлемі

Өсімдіктердің 375 000-ға жуық түрі бар. Өсімдіктер тұқымтобының ең үлкені гүлдейтін немесе жабық тұқымды өсімдіктер. Олардың 250 000-нан астам түрі бар. Өсімдіктер күн сәулесінің көмегімен (фотосинтез) өз қорегін табады. Саңырауқұлақтар бұрын өсімдіктер қатарына жатқызылатын, алайда өз қорегін өндірмейтін болғандықтан, қазір олар жеке класқа жіктелген. Олардың 100 000-ға жуық түрі бар. 20 ғасырдың

ортасына дейін өсімдіктерді төмен сатыдағы (бактерияларбалдырлар, кілегейлілер,саңырауқұлақтар,қыналар) және жоғары сатыдағы өсімдіктер (ринийлер, мүктәрізділер, псилофиттер, плаун, қырықбуындар,  қырыққұлақтәрізділерашықтұқымдылар және гүлді өсімдіктер не жабықтұқымдылар) деп бөлді. 20 ғасырдың аяғында бактериялар мен саңырауқұлақтар өз алдына жеке патшалық болып бөлінді. Соңғы жүйеленім бойынша өсімдіктер 3 патшалықтармағына жіктеледі:

Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілер пайдаланылады. Солар арқылы өсімдіктердің біріне-бірінің туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады.Құрылымы, тіршілік етуі жағынан бірдей және өз ата-енелеріне ұқсас, жеміс беретін, ұрпақ түзе алатын дарақтар бір түрге жатқызылады.Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Жақын туыстар бір тұқымдасқа олардың әрқайсысын қандай да бір класқа жатқызады.

Өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен, әсіресе топырақпен және климатпен тығыз байланыста болады. Жасыл өсімдіктер ауадан көмірқышқыл газынкүннен — энергияны, ал топырақтан — су мен минералдық тұздарды алады. Көмір қьшқыл газының ауадағы мөлшері 0,03%-тен аспайды, ал өсімдікке қажетті тұздар мен судың мөлшері топырақтың құрамында өте аз және шашыраңқы түрде болады.

6.Өсімдіктер дүниесін зерттейтін ғылым.

А) геология

В) география

С) биология

Д) зоология

Е) ботаника

7.Адам өміріне маңызы зор өсімдіктер.

А) жапырақты

В) сабақты

С) бұршақ дәнді

Д) гүлді

Е) жемісті

8.Өсімдікті топырақта ұстап,бекітіп тұрады

А) сабақ

В) тамыр

С) сағақ

Д) түйнек

Е) жапырақ

9.Барлық жануарлар,өсімдік жасушаларында міндетті түрде болады

А) ядро

В) плазма

С) вакуля

Д) бактерия

Е) микроплазма

10.Майлы өсімдіктер

А) бидай,сұлы,арпа,жүгері

В) қауын,қарбыз,қызанақ

С) картоп,сәбіз,жуа

Д) күнбағыс,зығыр,мақта,соя

Е) ас бұршақ,үрме бұршақ


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».


  1. Қазақтың ұлттық тағамдары

Қазақ өте қонақжай халық. Қонақтың алдына барлық тәтті тағамды қойған. Бұл дәстүр ұрпақтан-ұрпақққа жалғасуда. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. «Ас-адамның арқауы», «Ас атасы-нан», «Жаман ауруға-жақсы ас» деп халық тегін айтпаған. Асқа байланысты салт-дәстүрлер: қонақасы, табақ тарту, сарқыт, асар, т.б. Ырым бойынша дастарқанға қойылған дәмнен ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақ дастарқанына ұннан, сүттен, еттен жасалған тағамдар қояды.Қазақтың ұлттық тағамдарының ішінде еттің орны ерекше. Eт дәмділігімен және өзінің құрамындағы адам организміне пайдалы белоктық заттармен құнды. Үлкен тойларда, тағы басқа жиындарда мал сойылып, меймандарға табақ тартылады. Алуан турлі қуырдақ, қазақша ет, бұқпа, көмбе, сырбаз секілді тағамдар дастарқанымыздың қадірін арттыра түседі.Ұлт тағамдарының негізі болып табылатын сүттің орны бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен «ақ» деп атайды. Сүттен қымыз, шұбат, қатық, малта, май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ, айран сияқты тағамдар жасаған.Сүт тағамдарының қасиеті мол, әрі денсаулыққа пайдалы.Ұннан жасалатын тағамдар: бауырсақ, шелпек, құймақ, күлше, таба нан. «Дәнді шашпа, нанды баспа» деп халқымыз нанды аса құрметтеген.Бұл тағамдардың бәрін ысырап етпей пайдалана білген.

Қазақша ет. Біздің халқымыздың құрметті кісілерге ұсынатын кәделі, әрі орны бөлек тағамдарының ең бастысы – қазақша ет немесе бешбармақ. Қазақтар сыйлы қонақтарға мал басын көрсетіп, табақ-табақ ет тартқан. Табақ тарту да үлкен өнер. Әр табақ қонақтың дәрежесі мен жасына, іліктік жолына (нағашы, жиен, құдағи, қыз, бала, т.б.) сәйкес келуі керек. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Аталған табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға  асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының  шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды. Қуырдақ. Қуырдақ  - соғыммен бірге жасалынатын кәделі әрі дәстүрлі тағам. Соғым сойылған үйде қуырдақтың дайындалмауы мүмкін емес. Әзірленуі қиын емес және тез піседі. Қуырдақты сұрп ет пен өкпе бауырды, бүйректі майлы ішек-қарынға араластырып, қуырып пісіреді. Жас етті кейде апаларымыз қаймаққа да қуырып пісіреді. Мұны «бал қуырдақ» дейді.    
11.Мақалдағы қалып қойған сөзді толықтырыңыз?

Ас тұрған жерде ........ тұрмайды.

А) жаман

В) жақсы

С) ауру

Д) адам

Е) үлкен

12.Сүт тағамдарын көрсетіңіз

А) іркіт,сары май,қуырдақ

В) сүзбе,салма нан,таба нан

С) қатық,қойыртпақ,қымыз,кілегей,құрт

Д) қазы,шұжық,жая

Е) уыз,шелпек,бауырсақ

13.Бас табаққа қандай еттер салынады?

А) жамбас,омыртқа,қазы

В) жауырын,қарта

С) қарын,асықты жілік

Д) жілік,жүрек

Е) бауыр,төс

14.Мипалау деген не?

А) күріштен жасалатын тағам

В) ұннан жасалатын тағам

С) еттен жасалатын тағам

Д) картоп пен күріштен жасалатын тағам

Е) мидан дайындалатын тағам

15.Таба нан-

А) тандырға пісірген нан

В) отқа көміп пісірген нан

С) қазанға қарып пісірілген нан

Д) табаға пісірілген нан

Е) табаға пісірілген жұқа нан.


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».


4.Опера

Опера (итал. ореrа - дәлме-дәл шығарма, лат. ореrа - еңбек, бұйым, туынды) — музыкалық өнер жанры.Операның әдеби негізі (либретто) музыкалық драматургия және ең алдымен вокалдық музыка формаларының тәсілдері арқылы өзінің көркемдік шешімін табады. Ол - вокалдық пен аспаптық муз., драматургияхореография (балет) және бейнелеу өнерінің (декорация, костюм) бірлестігінен туған театр шығармасы, яғни осындай әртүрлі өнер түрлерін біртұтас театр әрекетіне біріктіретін синтезді жанр. Жеке айтылатын ән (арияариозокаватинамонологбаллада), речитатив (тақпақ сазды қысқа әуен), ансамбль (дуэттриоквартетквинтет), хор көріністері, би, оркестрлік нөмірлер (увертюра, антракт) опералық музыканың түрлеріне жатады.

Операның тарихи даму барысында оның түрлі жанрлары қалыптасты: эпикалық-қаһармандық, тарихи-қаһармандық, тарихи-романтикалық, тарихи-тұрмыстық, лирикалық-тұрмыстық, драмалық, комедиялық және сатиралық опералар. Сондай-ақ, Италияда опера-сериа мен опера-буффа, Францияда комедиялық және лирикалық, ал Англияда балладалық опера жанрлары өмірге келді. Бұдан басқа муз. драма, опера-балет секілді жанрлары болды. Опера тарихы адамзат қоғамы тарихы мен мәдениетінің даму жолымен тығыз байланысты. Музыкалық театрдың негізгі халықтық ойын-сауыққа саяды. Алғашқы орыс опералары 18 ғасырдың 70-жылдары пайда болды. Классикалық орыс операсының негізін салған М.И.Глинка. Оның халықтық-патриоттық тақырыпқа жазылған "Иван Сусанині" (1836) мен "Руслан мен Людмиласы" (1842) реалистік опера өнерінің үлгілері болып табылады. Ресейде тұңғыш әлеуметтік-тұрмыс драмасын А.С. Даргомыжский ("Русалка", 1855) жазды. "Құдіретті топ" композиторлары орыс операсын одан әрі дамытып, оның классикалық үлгілерін жасады: М.П. Мусоргскийдің муз. драмалары ("Борис Годунов", 1869, "Хованщина", соңғысын 1883 жылы Н.А. Римский-Корсаков аяқтаған), А.П. Бородиннің "Князь Игорі", (1888 жылы Римский-Корсаков пен А.К. Глазунов аяқтаған), Римский-Корсаковтың "Садкосы" (1881) т.б. Музыкалық театрда П.И. Чайковскийдің опералық шығармашылығы ерекше орын алады. Оның опералары ("Евгений Онегин" 1878, "Қарғаның мәткесі", 1890) нәзік психологиялық әсер-қуатымен, адамның жан дүниесін терең сезінуімен ерекшеленеді. Орыс операсының дамуына мол үлес қосқан композиторлар: А.Г. Рубинштейн, ("Демон", 1871), С.В. Рахманинов ("Алеко", 1892), А.Н. Серов, т.б. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырда әртүрлі музыкалық ағымдар опералық өнерде де бой көрсетті. 1934 жылы Е.Г. Брусиловский казақтың тұңғыш операсы "Қыз Жібекті", одан кейінгі жылдары Жұбанов пен Л.А. Хамиди "Абай" (1944), М.Төлебаев "Біржан - Сара" (1946), Қ.Қожамияров "Назугум" (1956), С.Мұхамеджанов "Айсұлу" (1964), Е.Рахмадиев "Қамар сұлу" (1963) және Ғ.Жұбанова "Еңлік-Кебекті" (1975) жазып, ұлттық операны кәсіби тұрғыда жаңа белеске көтерді. Егемендік алғаннан кейінгі жылдары қазақ операсы жаңа сатыға көтерілді. Е.Рахмадиевтің "Абылай хан" операсы (2004) елеулі оқиғаға айналды. 2000 жылы Астана қаласында Опера және балет театры ашылды. 2013 жылы Астана қаласында жаңа "Астана-опера" ұлттық опера және балет театры ашылды.

16.«Біржан-Сара» операсы қай жылы жарық көрді?

А) 1940ж

В) 1946ж

С) 1958ж

Д) 1936ж

Е) 1940ж

17.Драма және опера театрындағы кәсіби бишінің есімі кім?

А) Ш.Жиенқұлова

В) Б.Төлегенова

С) К.Байсейітова

Д) М.Мұхамедқызы

Е) С.Рахметова

18.Опера кейіпкерлердің оркестр сүйемелдеуімен орындайтын жеке дауысты ән қалай аталады?

А) тон

В) увертюра

С) речитатив

Д) тенор

Е) ария

19.А.Жұбанов пен Л.Хамиди бірігіп жазған операны белгіле

А) «Қамар сұлу»

В) «Біржан-Сара»

С) «Абай»

Д) «Ер-Тарғын»

Е) «Айсұлу»

20.Алғашқы қазақ операсын белгілеңіз.

А) «Еңлік-Кебек»

В)»Назугум»

С) «Ер-Тарғын»

Д)»Қыз-Жібек»

Е) «Біржан-Сара»

Оқу сауаттылығы

VІІІ нұсқа


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».


  1. Қазақтың ұлттық аспаптары

Музыкалық аспаптар– адамның қатысуымен белгілі бір ырғақтағы және тұрақты жоғарылықтағы дыбыстарды шығарып, музыкалық шығармашылыққа мүмкіндік беретін аспаптар. Музыкалық аспаптардың әрқайсысының өзіне тән дыбыс тембрі (бояуы), динамикалық мүмкіндігі (ырғағы), белгілі бір диапазоны болады. Музыкалық аспаптардың дыбыс шығару сапасы аспаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиетіне, пошымына, дыбыс шығару тәсіліне байланысты. Музыкалық аспаптардың алғашқы қарапайым түрлері табиғаттағы түрлі дыбыстарға, адамның, хайуанаттардың дауысына еліктеуден шыққан. Ол ‘‘халықтық’’ және ‘‘кәсіби музыкалық аспаптар’’ болып бөлінеді. Әр халықтың музыкалық аспаптарының өзіндік ерекшеліктері болады. Сондай-ақ өзара этникалық, тарихи-мәдени байланысы бар бірнеше халықтарға ортақ әрі олардың “ұлттық аспабы” болып саналатын музыкалық аспаптар бар. Мысалы, бандура тек Украинадапандури мен чонгури Грузияда ғана болса, гуслижалейкаволынкалар орыстарда, украиндарда, белорустарда да бар; сазтарзурна Әзірбайжан мен Арменияда кездессе, Өзбекстан мен Тәжікстанның бірқатар аспаптары ұқсас болып келеді. 19 ғасырдың аяғында В.В. Андреевтің және оның серіктері С.И. Налимов, Ф.С. Пассербский, Н.П. Фоминдердің көмегімен кейбір музыкалық аспаптар (балалайка, гусли, домрат, т.б.) жетілдіріліп, солардың негізінде орыс халық аспаптар оркестрі құрылды. Қазақтың музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, сыбызғы,даңғара, үскірік, кепшік, шаңқобыз, жетіген т.б.) ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Қазақстанда ұлттық музыкалық аспаптарды жетілдіру мақсатымен бірнеше шеберханалар ашылып (1932 ж. Алматыда, 1947 ж. Осакаровкада, 1957 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясы жанында), осылардың негізінде А.Жұбановтың басшылығымен қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі құрылды. Қ.Қасымов, А.Ермеков, Э.И. Романенко, О.Бейсенбаев, А.Ауқадиев, Д.Шоқпаров, т.б. шеберлер әр түрлі музыкалық аспаптар үлгілерін жасады.

Қазақтың музыка аспаптарын жалпы ұлттық және фольклорлық деп екі топқа бөлуге болады. Негізгі ұлттық музыка аспаптары:домбыра, қобыз және сыбызғы. Домбыраның шанағы қырлы немесе жұмыр болып келеді.Оның мойнынан шанағының түбіне тартылған қос ішегі, бұл ішекті көтеріп тұратын екі кішкене ағаш тиегі болады.Мойнындағы тиек қозғалмайтын болып келсе, шанақтағы тиек жылжымалы болады.Мойнына перне байланады.Пернелердің саны әр түрлі:сегіз, он, он бір, он үш болады.Домбыраның ішегі қой мен ешкінің ащы ішегінен ширатылып жасалады.Домбыра – қазақ арасына кең жайылған, шертіліп ойналатын аспап. Қобыз – қазақ қауымына көп таралған ыспалы аспап.Қобыздың мойны имек, шанағы ожау тәрізді және қуыс, бет жағы ашық, ал түбі көнмен(терімен) қапталады.Екі ішегі және садақ тәріздес ысқыш жылқының қылынан жасалады. Сыбызғы – үрлеп тартатын аспап, оны қамыстан немесе жұмсақ ағаштың ішін үңгіп жасайды.Сыбызғыда саусақпен басып ойнайтын төрт тесік болады.Оның үні майда қоңыр, мұңды келеді.Сыбызғы да қазақ арасында ерте кезден таралған аспаптардың бірі.Ол үнемі алып жүруге ыңғайлы.Сыбызғыны ен далада мал жайып жүрген қазақ малшылары көп тартқан. Фольклорлық халық музыка аспаптарына уілдек, сазген, желбуаз, даңғыра, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл, керней, дудыға, дүңгіршек, тоқылдақ, асатаяқ, адырна, шыртылдауық, сақпан жатады.Осымен бірге бұл топқа құрылысы, жасау әдісі, музыкалық үні, дыбыс шығару тәсілі көрші елдерден алынған сырнай, кепшік, жетіген, бұғышақ, шың, шаңқобыз, ауыз сырнай қосылады. Ұлттық музыка аспаптарының ішіндегі ең бастысы-домбыра.Домбыраның бір өзімен күй орындалады.Оны әнге қосып, сүйемелдеу үшін де тартады.Қазақтың Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрінің құрамында домбыра жетекші орын алды. Сонымен бірге оркестрде қазақ арасында бұрыннан тараған қобыз, сыбызғы, сырнай, дауылпаз сияқты аспаптар да кеңінен қолданылады.Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрі Қазақтың дәстүрлі күйлерімен қатар орыстың және Батыс Еуропаның классикалық және қазіргі кездегі музыкалық шығармаларын сазына келтіріп орындайды.

1.Жеті ішекті аспап

А) домбыра

В) үскірік

С) жетіген

Д) бандура

Е) қурай

2.Қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап.

А) қылқобыз

В) жетіген

С) домбыра

Д) шертер

Е) адырна

3.Сыбызғы қандай аспап?

А) үрлемелі аспап

В) көп ішекті шертпелі аспап

С) ескі үрмелі мүйізді аспап

Д) ұрмалы аспап

Е) үрмелі көне музыкалық аспап

4.Жұмбақты шешіңіз

Жылқыда ерен жүйрік қара арғымақ,

Мойыны жануардың бунақ-бунақ.

Айылын екі жерден мықтап тартып,

Кетеді қамшы бассаң зулап - зулап.

А) дабыл

В) домбыра

С) қобыз

Д) шаңқобыз

Е) кепшік

5.Асатаяқтың ұзындығы

А) 100-105см

В) 110-115см

С) 120-130см

Д) 110-130см

Е) 110-120см


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».


  1. «Абай жолы» роман-эпопея

«Абай жолы» - Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы - қазақтың тұңғыш эпопеясы. 1-кітабы 1942, 2-сі 1947, 3-сі 1952, 4-томы 1956 ж. жарыққа шықты.Эпопеяның «Абай» атанған алғашқы екі кітабына КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949), «Абай жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық (1959) берілді.

«Абай жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. Сөйтіп, 19 ғасырдың 40-50-жылдарын М. О. Әуезов туған әдебиетіміздің даму тарихында бұрын-соңды болып көрмеген ренессансқа айналдырды. Мұның өзі заңды да, өйткені «Абайдай» шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес». «Бұл да аз,- деді француз жазушысы Луи Арагон,- әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын; бұл, менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі». Ең талғампаз суреткерлердің аузымен айтылған осындай орасан биік бағаға «Абай жолы» қандай қасиеттері мен жетті? Бұл сұраққа жауап беру үшін эпопеяға тән негізгі ерекшеліктерді ескермей болмайды. Алдымен, тақырып туралы. Кешегі, яки тарихи тақырып: бүгінгі, яки қазіргі күн тақырыбы деп жүрміз. Бір тұста осылар жөнінде айтыс ашып, дауласып та көрдік. Бәрі шартты нәрсе! (Кеше, бүгін, ертең... Уақыт жалғастығында жік жоқ: таң атса, ертең бүгінге, бүгін кешеге айналады. Демек, кешесіз бүгін, бүгінсіз ертең жоқ). Сондай-ақ бүгінгі қазақ кім? Мұны тану үшін кешегі қазақты білу шарт. Тамыры жоқ ағаш, тарихы жоқ халық болмайдыӘуезов өзінің төрт том «Абай жолы» арқылы бүкіл дүние жүзіне, қала берді - өз отандастарына, керек десеңіз тіпті - қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты. Дәлірек айтқанда, қазақ халқының ұлылығын - оның өткен өмірін - тарихын, тарихының түбірлі кезеңдерін, қазақ мінезі қалыптасқан трагикалық Һәм шығармашылық дәуірлерді ғажайып көркемдік күшпен жарқыратып, ашып, жан-жақты айқындап, терең түсіндіріп берді. Сондықтан да, «Абай жолын» оқыған Бенжамен Матип «қазақ неткен ғажайып халық» деп өзін-өзі ұмыта таңырқаса, Константин Федин «өзінің қалай қазақ боп кеткенін білмей қалған». Сондықтан да бүгінде Л. Н. Толстойды оқымай орысты, О. Бальзакты оқымай французды білдім деу қандай қиын болса, Әуезовті оқымай қазақты білдім деу сондай қиын.

«Абай жолының» бас кейіпкері - Абай. Біз ақын өмірінің елу жылына айғақ боламыз. Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы-қыры, қия-қалтарысымен өріле суреттеледі. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және осы ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігін, оның көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес-тартысын... бәр-бәрін түгел шарлап өтеміз. «Халық» дегенде, бұл ұғымның негізінде ұлттың әдет-ғұрпы ғана емес, ұлттық рухы жататыны сөзсіз. Демек, «Абай жолында» кешегі қазақтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы ғана емес, күллі рухы сайрап білініп тұр.

6. «Абай жолында» Тәкежанның баласы Мақұлбай қайтыс болғанда Абай кімге жоқтау айтқызды?

А) Қаражан

В) Еркежан

С) Ұлжан

Д) Әйгерім

Е) Айғыз

7.М.Әуезовтің «Абай жолында» Құнанбайды Дәркембайдың оғынан арашалап алған кім?

А )Байсал

В) Абай

С) Ізғұтты

Д) Бөжей

Е) Базаралы

8. «Абай жолында» Құнанбайды соқыр,Алшынбайды таз деп айтқан ақынды табыңыз.

А) Тезек төре

В) Сүйінбай

С) Кемпірбай

Д) Дәркембай

Е) Шөже

9. «Абай жолында» Абай мына жолдарды қай ақынға айтты?

Менің әкемнің де сүйетін өлеңі болар.Жалғыз-ақ сіздің есіңізде қалғаны,әлгі бір «Шұбарым,арғымағым,кер маралым,өз заңынша болкендік жандаралым!» - деген өлеңді жақтырмай,сынап сөйлеген сөзі болмаса.

А) Қадырбай

В) Біржан

С) Шөже

Д) Барлас

Е) Біржан

10.Абай дүниеден өткенде, М.Әуезов неше жаста еді?

А) 7 жаста

В) 11 жаста

С) 10 жаста

Д) 5 жаста

Е) 18 жаста


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».


3.Мақал мен мәтелдер

Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).

Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

11.Бос орынға қай сөздер сәйкес келеді?

Бала – ата-ананың ----

А) үкілі үміті

В) бауыр еті

С) жалғыз мирасқоры

Д) жарқын болашағы

Е) аспандағы жұлдызы

12.Мәтелді табыңыз.

А) Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің

В) Жігіттің екі сөйлегені – өлгені

С) Айдағаны бес ешкі,ысқырығы жер жарар

Д) Жігітті намыс өлтіреді

Е)Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей

13.Мақалдағы көркемдік тәсілді табыңыз.

Терін төксе жеріне,жер тілеуін береді.

Елін сүйген еріне,ел тілеуін береді.

А) синтаксистік параллелизм

В) эпитет

С) инверсия

Д) теңеу

Е) метафора

14.Отанды сүю туралы мақалды табыңыз.

А)Атаның баласы болма,адамның баласы бол

В)Жігітке жетпіс өнер де аз

С)Ерте тұрған еркектің бір ісі артық,ерте тұрған әйелдің ырысы артық

Д)Ер жігіт елі үшін туады,елі үшін өледі

Е)Жақсы сөз – жарым ырыс

15. «Асырауын тапса адам болар» мақалының тақырыбын белгілеңіз.

А) еңбек туралы

В) тәлім-тәрбие туралы

С) тіл өнері туралы

Д) ел,халық туралы

Е) өнер – білім туралы


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».


  1. Шоқан Уәлиханов

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия1835Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Құсмұрын жері 10 сәуір 1865Көшентоған, Жетісу) - қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушытарихшыфольклоршыэтнографгеографағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын жерінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген.«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады.Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең-жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті.

16.Ш.Уәлиханов кімнің ұсынысымен орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болған?

А) Семенов – Тянь – Шансьский

В) И.Н.Березин

С) С.Ф.Дуров

Д) Ф.М.Достоевский

Е) Г.Н.Потанин

17.Ш.Уәлиханов қай жылы Қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысқан?

А) 1856 ж

В) 1850 ж

С) 1855 ж

Д) 1851 ж

Е) 1853 ж

18. «Сот реформасы туралы жазбалар», «Жоңғария очерктері» еңбектерінің авторы кім?

А) М.Дулатов

В) Ы.Алтынсарин

С) Ш.Уәлиханов

Д) Ә.Бөкейханов

Е) А.Байтұрсынов

19.Ш.Уәлиханов қай жылдары өмір сүрген?

А) 1830-1860 ж

В) 1840-1870 ж

С) 1835-1865 ж

Д) 1833-1863 ж

Е) 1845-1875 ж

20.Ш.Уәлиханов қайда қайтыс болды?

А) Қаратауда

В) Талас бойында

С) Омбыда

Д) Қырғыз жерінде

Е) Жетісуда


Оқу сауаттылығы

ІХ нұсқа


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».


  1. Абайдың қара сөздері

Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздеріАбайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.

Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орысқытайфранцуз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы" деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды.Осы себептен де Абай"... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді",— деп қайыра түсінік беріп отыр...

1.«Мінез» - ақыл мен ғылымды сақтайтын сауыт» деген нақыл сөз Абайдың қай қара сөзінен алынған?

А) Отыз екінші

В) Он бесінші

С) Тоғызыншы

Д )Он төртінші

Е) Отыз төртінші

2. Абайдың 38 - қара сөзінде адам баласының өсіп-өну жолындағы ізденер ісінің алды не болып табылады ?

А) қастық қылмақ

В) дос көбейтпек

С) өзгені кемітпек

Д) басқаны күндеу

Е) өзін-өзі артық көрсетпек

3. Абай «естіген нәрсені ұмытпаудың төрт себебі» жайлы қай қарасөзінде жазған ?

А) 17

В) 13

С) 31

Д) 18

Е) 7

4. Абайдың «Он жетінші» қарасөзінде адамға қандай қасиет толық керектігі айтылады ?

А) намыс,ой,қайрат

В) сана,парасат,күш

С) қайрат,намыс,байлық

Д) қайрат,ақыл,жүрек

Е) жүрек,сезім,ой

5.Абайдың қай қара сөзінде адамның екі мінезі болатыны,бірі – жан құмары,бірі – тән құмары екені айтылады ?

А) он сегізінші

В) отыз сегізінші

С) он бірінші

Д) тоғызыншы

Е) жетінші


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».


  1. Құрманғазы Сағырбайұлы

Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орны – Астрахан облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер.

Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс биМахамбет ақынИсатай батыр бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары.[2] Құрманғазының әкесі Сағырбай (шын аты Дүйсенбай деген сөз бар) өнерге мойын бұра алмаған, шаруа адамы болыпты. Құрманғазының бесінші атасы Балтабай әулеті шетінен домбыраға тіл бітірген өнерпаз болса керек. Ал жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ аңызды, сөз дарыған адам екен. Күні бүгінге дейін ел ішінде «Ершінің еркегін қойып, әуелі әйелімен айтысып ал» деген сөз бар. Құрманғазының нағашы жұрты - Беріш руы. Ерлік пен еркіндікті дәстүр еткен елдің қызы, Құрманғазының анасы Алқа да келін болып түскенше даланың ерке желіндей еркін өciп, еркек - шора болып, ойын - тойдың шырайын келтірген. Кейін Игіліктың қызы Әуеске үйленгенде Құрманғазы үшін Беріш руы енді қайын жұрты болады. Құрманғазының бала кезінен - ақ ең айткыш тілі, ең сезімтал тілі қос ішекті домбыра көмейінен шығатын күй тілі еді. Сондықтан да, ол сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанды алғаш көpiп тыңдасымен-ақ домбырасынын тілін мен дінін түсініп, ұйып тыңдайды. Сондықтан да, өзінің замандастары Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін құныра тартып, сол күйлерден уақыттың ең шыншыл сырын ұғады. Ал Құрманғазының ұстазы - Ұзақ болатын. 1830 жылы Беріштен шыққан Исатай Тайманұлы және оның жан досы, дауылпаз ақын, дәулескер күйші Махамбет Өтемісұлы бастаған Жәңгір-ханға шаруалар көтерілісінде Құрманғазы да болады. Сол жылдарында «Кішкентай» деген күй шығарады. 1857 жылы Құрманғазыны түрмеге отырғызады. Сібірге айдатайын деп жатқан жерден ол қашып құтылады. Екінші рет оны Орынбор түрмесіне қамайды, бірақ генерал-губернатор Перовскийдің қолдауымен құтқарылады. Түрме тақырыбына бірталай күй шығарады: «Қайран шешем», «Ертең кетем», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Арба соққан», «Перовский маршы», «Не кричи не шуми», «Машина». 1880 жылы Астрахан түбіндегі Сақмар елді мекеніне қоныс аударады. Қауым арасында ерекше құрметке бөленген Құрманғазы Дина Нүрпейісова, Ерғали Есжанов, Меңдіғали Сүлейменов сынды мирасқорларын жинайды. Сол дәуірде әйгілі болған Көкбала, Менетай, Менқара, Сүгірәлі, Торғайбай, Шора сынды домбыра тарту шеберлері де Құрманғазыны ұстаз тұтқан. Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты.

6.Құрманғазының алғашқы ұстазы

А) Ханбазар

В) Ұзақ

С) анасы Алқа

Д) Есжан

Е )А.Жұбанов

7.Құрманғазының сақталған күйлер саны

А) 20

В) 40-тан астам

С) 50-ден астам

Д) 60-тан астам

Е) 100-ге тарта

8.Құрманғазының туған жерді,кең байтақ даланы сипаттайтын күйі

А) «Серпер»

В) «Сарыарқа»

С) «Адай»

Д) «Кісен ашқан»

Е) «Машина»

9.Құрманғазының Исатай Тайманұлына арналған күйі

А) «Кішкентай»

В) «Бозшолақ»

С) «Ақбай»

Д) «Демалыс»

Е) «Көбік шашқан»

10.Құрманғазының шәкірттері

А) Ұзақ

В) Исатай Тайманұлы

С) Дина,Сүтірәлі,Көкбала

Д) Шора,Естай

Е) Дина,Шөже


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».


  1. Діни әңгімелер

Діни қиссалар - Пайғамбарлар мен әулие-әмбиелер, періштелер мен сахабалар, т.б. өмірі мен олардың дін жолындағы іс-әрекетін бейнелеген шығармалар. Діни қиссалар сюжеті Құран Кәрімнен алынған. Өйткені Құран Кәрім тек діни кітап қана емес, сонымен бірге, араб классикалық әдебиетінің де ғажайып үлгісі. Негізінен, қара сөз түрінде айтылатын ертегілер мен әңгімелердіаңыздар мен әпсаналарды араб тілінде қисса десе, парсы тілінде «дастан» деп атайтыны мәлім. Алайда қазақ қауымы Шығыс хикаяларының өлең жырға айналдырған үлгілерін ғана «қисса» немесе «дастан» деп таныған. Құран Кәрімде барлығы 114 сүре бары мәлім. Солардың әркайсысына көркем түсініктеме ретінде берілген хикаяларды Адам ата мен Хауа анадан бастап (барлығы 25 пайғамбар), ең соңғы Мұхаммед Пайғамбарға дейінгі бүкіл адамзат баласы тарихының елеулі кезеңдері қамтылған. Құран Кәрімдегі түрлі діни хикаяларды барынша көп қамтып, әрі оны мейлінше кең көлемде таратып түсіндіретін осындай қиссалардың бірі - Бурхонуддин Рабғузидің (XIV ғ.) «Қиссаси Рабғузий» немесе «Қисса-с ул әнбия» деп аталатын прозалық шығармасы. «Қиссаси Рабғузи» - Пайғамбарлар мен әулиелер, сахабалар мен жын-шайтандар, т.б. туралы әңгімелер жинағы. Мұнда барлығы 79 хикая бар. Солардың барлығын идеялық мазмұны жағынан үш топқа бөліп қарастыруға болады:

Құран немесе Құран Кәрім (араб.القرآن‎ ) — Ислам дініндегі негізгі киелі кітап. Мұсылмандар оның Мұхаммед пайғамбарға ақиқатты баян ету үшін түсірілгендігіне, адамзатқа одан үзілместен жеткен Аллаһтың сөзі екендігіне сеніп[1]иман келтіреді. Оны оқу (тиләуәт) арқылы Аллаһқа құлшылық қылады. Құран Тәурат пен Інжілден кейінгі аспандық кітап ретінде және араб тіліндегі кітаптардың ішінде шешендік тұрғысынан ең байы саналады. Құран уахидың түскен жері мен уақытына байланысты меккелік және мединелік боп бөлінген 114 сүреден тұрады.

Мұсылмандар Құран Мұхаммед пайғамбар 40 жасқа жеткеннен бастап өліміне шейін (632 жыл/11 һ.ж.) 23 жыл бойы Аллаһ тарапынан Жәбірейіл періште арқылы түсірілгеніне сенеді. Сонымен қоса мұсылмандар Құранның сахабалармен дәлме-дәл сақталғанына, оның аяттарының анық және баяндалған екендігіне, оның барлық замандағы күллі адамзатқа уағыз ретінде жіберілгеніне сенеді.

11.Құранда қанша сүре бар?

А) 116

В) 100

С) 112

Д) 114

Е) 65

12.Ислам діні қай қалада дүниеге келген?

А) Қазақстанда

В) Қытайда

С) Арабияда

Д) Африкада

Е) Жапонияда

13.Құран Кәрім қай тілде жазылған?

А) арабша

В) қазақша

С) парсыша

Д) немісше

Е) қытайша

14.Құран Кәрім дегенде ойымызға не келеді?

А) әділдік

В) шариғат

С) әдет – ғұрып

Д) әдебиет

Е) тазалық

15.Мұсылмандардың қасиетті кітабы қалай аталады?

А) Інжіл

В) Атилла

С) Даналық кітабы

Д )Ислам діні

Е) Құран

Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».


  1. Қазақтың ұлттық ойындары

   Қазақ халқының салт-дәстүрінде ұлттық ойындардың орны ерекше. Ертеден келе жатқан ұлттық ойындарымыз бір кезде ұмыт болып,кейінгі жылдары қайта жаңғырып,ел арасында кеңінен таралып жүр.Ұлттық ойындарымыздың тәрбиелік мәні, оған қосымша рухани байлық пен денсаулық үшін пайдасы орасан зор. Соған байланысты оларды ата - бабаларымыз бірнеше топтарға жіктеген. Мысалы, ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары: ақ сүйек, сақина салу, тымпи, бастаңғы,ине жасырмақ, алтыбақан, тоғызқұмалақ, асық ойыны; жануарлар дүниесіне, аңшылыққа байланысты ойындар; көкпар, аударыспақ,  қыз қуу, теңге ілу, алтын қабақ (жамбы ату),  асау үйрету;дене шынықтару спорт ойындары: күрес, мойын арқан және т.б болып бөлінеді.Ара жігін ажыратып көрсетсек олар мыналар: Көкпар –көкпарда «Дода және жеке тартыс» аталатын екі түрлі әдіс қазақ арасында көп қолданылады. Екеуінде де ат пен жігіт сынға түседі. Қазір көп жерде дода тартыс қана ойналып жүр. Жеке тартыс әдісі ұмытылған не іске қосылмаған. Көкпардың бұл түрі көреременді қызыққа бөлейтін әдіс.

Күрес–қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ойын. Адамның жеке күш-қайраты сынға салынады.Бұл тұста ел жастарды «Күш – атасын танымас» деп қайрайды. Бұл күштілерді дарақылыққа итермелеу емес. Жігіттер сайыс майданына түскен кіммен болса да тайсалмай күресуге тиіс. Қарсыласқысы келгеннен аянбау керек. Курес қазақ арасында күні бүгінге дейін сақталып келеді. Халық оның тәлімдік маңызына ерекше көңіл боліп, дәріптеген.

Ақсүйек - ай сүттей жарық түндері, жазды күні қыздар мен жігіттер, балалар араласып ойнай береді. Кешке мал келіп, қораланып болғаннан кейін күзет түрінде ауыл шетінде ойын басталады. Ойынға ерте кезде  ірі қараның қу жілігі пайдаланылған. Күн көзінде ұзақ жатқан жіліктің қурап, ақсөңке болып қалатыны белгілі.  Ол кезкелген жерден ұшырайды. Соған орай ойын-«Ақсүйек» атанған.  Ойынға келгендер екі топқа бөлінеді. Бастаушы ақсүйекті әуелетіп, алысқа лақтырады. Басқалар ай сәулесіне шағылыса жарқылдаған ақ сүйектен көз айырмай қарап, қай шамаға түсетінін бақылайды. Ақсүйек жерге түскен соң, бастаушы: «Ал, іздеңдер»  деп бұйырады. Бәрі іздейді. Ақсүйекті тапқаны: «Мен таптым!» деп айқайлайды да, ақ сүйекті жоғары көтеріп көрсеткеннен кейін сөреге қарай жүгере жөнеледі. Қарсыластары оны қуып жетіп ұстап алуға тиіс. Ұсталып қалса, ол ақсүйекті өзін ұстаған ойыншыға береді. Ол әрі қарай жүгіреді. Сөйтіп ақсүйекті қай топтың ойыншысы сөреге жеткізсе, қарсы топтағылар жеңілген  есебінде ән салып береді. Ойын осылайша жалғаса береді.

Күш сынаспақ. Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен  орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса  сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.

Арқан тарту. Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады.Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа  бөлінген балалар тартысадыҚай топ арқанды өз жағына тартып,алып, кесе сол топ жеңіске жетеді.Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екіші баланы құлатса ,құламаған бала жеңіске жетеді.

Қыз –қуу.Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды(ағаш атпен)қуады.Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені.Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.

16.Спорт ойынын көрсетіңіз

А) арқан тарту,аударыспақ

В) бастаңғы,кім жылдам

С) сиқырлы таяқ,соқыр теке

Д) көк сиыр,қой бағу

Е) алтыбақан,доп тебу

17.Қазақтың ұлттық ойындары негізінен неге негізделген?

А) ұтқырлыққа

В) шешендікке

С) тапқырлыққа

Д) күштілікке

Е) логикалық ойлау мен математикалық ойлануға,жылдамдыққа,өнерлі болуға

18. «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады» -деп кім айтқан?

А) Әуезов

В) Веселовский

С) Пушкин

Д) Сухомлинский

Е) Толстой

19.Қазақтың ұлттық ежелгі ойыны

А) асық ату

В) алтыбақан

С) жамбы ату

Д) ұшты - ұшты

Е) жасырынбақ

20. Салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы қалай аталады?

А) найза ату

В) жамбы ату

С) аударыспақ

Д) теңге алу

Е) қыз қуу


Оқу сауаттылығы

Х нұсқа

Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».

1. Өмір мен өнер

Әрбір адамның әйтеуір бір өнермен байланысы бар, біреулер өнердіңжілігін шағып, майын ішеді, біреулер өнер десе, ішкен асын жерге қояды,жанын беріп тыңдайды, насихаттайды, өнермен демалады, өзін тәрбиелейді. Бірданышпандар «Өмір мен өнер егіз ұғым» дейді емес пе? Бұл сөздіңқаншалықты рас екенін білмеймін, бірақ, өнерді тудыратын өмір екенін,өнердің өмірге қызмет ететінін де мойындаймын.Мектепте жүріп ән де айттым, би де биледім, сахналық қойылымдарда даөнер көрсеттім.

Бірақ мұның бәрі әрбір адамда кездесетін жай ғанақызығушылық, кейде мәжбүрліктен болатын оқиғалар ғой. Содан кейін өлеңоқитынмын. Ешкім жоқ жерде айқайлап өлең оқу маған бір қанат бітіретіндей. Прозаға ден қойдым. Шағын әңгімелер жазып, газет-журналдарға жариялайбастадым. Кейін ол да қалды. Өнер таза нәрсе, ол мен сияқты епсіздердіқабылдамады. Жаңа қалаға, жаңа ортаға келіп осыны түсіндім, өнерді, өнерлінішын бағалауды үйрене бастадым. Жай ғана өнердің жанкүйеріне айналдым.

Кітап оқуды бала кезден жақсы көретін едім. Адамның миы шексіз нәрсеемес, ол да толады. Сондықтан, кітапты таңдап-талғап оқу керек.Дәстүрлі әндерге деген қызығушылығым пайда болды. Домбыраны шынқұрметтей бастадым. Кішкентайымыздан үйде домбыра болды, бірақ, сонытаптап жүре береді екенбіз, үйрену де ойға келмепті. Ортаңғы курста гитара, домбыра өнеріне деген махаббатым оянды. Қызық екен, екеуі де аспап, екеуі де бірәнді орындайды, ал беретін әсері мүлде ұқсамайды.Театр өнеріне ғашық болдым . Соңғы тиынымды театр билетінежұмсайтынмын, әрбір жаңа қойылымға жаңа көйлек алып киетінмін (ол кездебір стипендияға қарайтын кезіміз ғой). Жаныма еріп баратын адамдарға даерекше назар аударатынмын. Ал шыққаннан кейін, менің бойымда бір өзгерісболатын. Трагедия болмаса да, еріксіз жылағым келеді. Ешкімді жақтырмай,

ешкімге сөйлегім келмей қалады... Жанның тазарғаны осы шығар, құлшылықтан кейінгіге ұқсамайды, бірақ, өз күші бар, әйтеуір...Ал соңғы кезде операға, симфониялық оркестрге деген қызығушылығым ояна бастады. «Неге бұрын бармағанмын?», – деп таң қалдым. Операны өнердіңбиігі деп жатады ғой, менің санам оған тым төмен болғаны шығар, бәлкім...Жақында «Астана-Операның» концертіне барғанымда, өзім секілді бірқазақтың жоқтығына таң қалдым, өзімді сондай артық сезіндім. Біреулер, операмен балетті түсінбейтіндіктерін айтып сылтау етеді, шындығында, өзім десолай ойлайтынмын. Бірақ, сол залдың атмосферасы адамды көп нәрсегетәрбиелейді, рухани азық сыйлайды екен.

Мұның бәрін неге айтып отырмын.Мақтанғаным емес,өткенімді еске түсіргім келіп отырған жоқпын.Аз да болса кеңесімді айтқым келеді.Осы бастан өздеріңізді тәрбиелеңіздер,тұлға болып қалыптасыңыздар.Бұл жолда ата-ананың,ұстаздың рөлі бір бөлек,өнердің рөлі бір бөлек.Бірі болмаса,бірі жаныңызға керекті береді,танымыңызды арттырады.

1.Өнер түрлерінің негізгі неше тобы бар?

А) бір

В) екі

С) үш

Д) төрт

Е) бес

2. «Өмірім халқымдікі,өлімім ғана өзімдікі»деген қанатты сөздің авторын табыңыз.

А) Әйтеке би

В) Б.Момышұлы

С) Аристотель

Д) Демокрит

Е) Ғ.Мұстафин

3. «Өмір» деген 4-ақ әріптен тұратын....

А) етістік

В) сын есім

С)з ат есім

Д) үстеу

Е) сынақ

4.Мақалды аяқтаңыз.Өнер білсең-

А) сүйкімдісің

В) талмайсың

С) қалмайсың

Д) бақытқа жол

Е) өлмейсің

5.Мәтіндегі негізгі түйінді ой:

А) Ән айтып,би билеу

В) Прозаға ден қою

С) Дәстүрлі әнге деген қызығушылық

Д) Өнердің түрлері өте көп.Оған қызығушылық танытып,өзіңізге керегіңізді алып,өнеріңізді таныңыз.

Е) Театр өнеріне ғашық болу.


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».


2. Зиманов Салық- ұлы ғұлама

Зиманов Салық 1990–95 жылдары Қазақстан Республикасы ЖоғарғыКеңесіне халық депутаты болып сайланып, Жоғарғы Кеңес Төралқасының,Сыртқы қарым-қатынастар мен парламентаралық байланыстар мүшесі,Ардагерлер мен мүгедектер жөніндегі комитетінде болды. Білікті маманретінде егемендік, тәуелсіздік жолын таңдаған Қазақстанның халықаралыққарым-қатынастарын заңдастырып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру,президенттік басқару институтын енгізу, құқықтық-демократиялықреформаларды жүргізу ісіне т.б. белсене араласты. Ол 1992-93 жылы ҚазақстанРеспубликасы Президенті жанындағы Консультативтік кеңестің, мемлекеттік

саясат жөніндегі кеңестің мүшесі болды. 1986 жылы Желтоқсан айы кезінде деол азаматтық ерлік көрсетті. Империялық орталықтың үлкен лауазымдыөкілдерінің қазақ халқы атына айтқан астам пікірлеріне тайсалмай қарсышығып, ұлт намысын, ел намысын нақты да кесімді дәлелдермен дәлелдеп, ҚазақстанРеспубликасы құрылғаннан кейін зауытың ғылыми және қоғами-саясиқызметінің жаңа кезеңі басталды. Қазақстанның Жоғарғы Кеңісінде көптеген жаңазаңдарды қабылдауға тиіс болды. Осы жауапты тарихи кезеңде Зиманов Салықбілімділік, қайраткерлік қырымен көрініп, Қазақ мемлекеттігі мен қазақ халқының шешуші рөл атқарған «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралыДекларацияның» (25. 10. 1990 ж.) жобасын дайындау жөніндегі комиссияныбасқарды. Ел тарихындағы екінші бір аса ірі саяси актінің – «ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның(16. 12. 1991 ж.) жобасын дайындау жөніндегі комиссияның жетекшімүшелерінің бірі болды. Ол Жоғарғы Кеңестегі Қазақстан Республикасыныңжаңа Конституциясын әзірлеу жөніндегі Конституциялық комиссияныңмүшесі болды, мұнда ол сарапшылар тобын басқарды.Зиманов Салық 10 томдық «Қазақтың ата заңдары» энциклопедиясына жетекшілік жасады.

6.Салық Зимановтың дүниеге келген жылын анықтаңыз.

А) 2сәуір 1921

В) 12 сәуір 1921

С) 15мамыр 1920

Д) 2 қаңтар 1920

Е) 12сәуір 1922

7.Зиманов Салық Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік және келісім сыйлығымен қай жылы марапатталған

А) 1996ж

В) 1993ж

С) 2002ж

Д) 1998ж

Е) 1990ж

8.Зиманов Салық қанша томдық «Қазақтың ата заңдары» энциклопедиясына жетекшілік жасаған?

А) 1

В) 2

С) 3

Д) 5

Е) 10

9.Академик Зимановтың қанша баласы бар?

А) 1

В) 2

С) 3

Д) 4

Е) 5

10.Ірі қайраткер,көрнекті ғалым,ұлағатты ұстаз С.Зиманұлы қай салаға өлшеусіз үлес қосқан?

А) ғылым

В) заң

С) өнер

Д) білім

Е) еңбек




Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».

3. Нанотехнология

Қазіргі таңда нанотехнологиялар үлкен сұранысқа ие болып отыр.Нанотехнологиялардың арқасында заманауи есептеуіш машиналар менөндірістік технологиялардың, тіпті, дәрі-дәрмектердің де өндіріліп жатқаныбаршамызға құпия емес.

Нанотехнология – бұл адамның көзіне көрінбейтін майда бөлшектердібелгілі бір ретке келтіре отырып, оның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беруарқылы әлдебір құрылымды қарастыруға қажетті жекелеген атомдардыыңғайлап орналастыру. Нанометр дегеніміз бір метрді миллиардқа бөлгендегіұсақ бөлігі. Нанотехнология – осындай кішігірімөлшемдермен айналысатын ғылым.«Нанотехнология» деген сөзді өзіміздің қазақ тілінде түсіндіретін болсақ,«кішкентай өлшемді технология» дегенді білдіреді. Бұл жерде «нано» сөзі«миллиардтың бір бөлшегі» деген мағынаны береді. Қысқасы, кез келгензаттың миллиардтан бір бөлшегі бастапқы тегінен ерекшеленеді де, басқафизикалық қасиеттерге ие болады. Міне, осы заңдылық арқылы, яғни,материяның белгілі бір күйден екіншісіне өту кезіндегі өзгерістер арқылыөмірге, бұрын ешкімге белгісіз жаңа технология еніп жатыр. Қазіргі заманауи«сандық» технологиялармен үйлесімді жұмыс істейтін электронды құрылғылар– осы нанотехнологияның жемісі десек, қателесіп отырған жоқпыз. Бұғанмысал ретінде байланыс саласындағы талшықты-оптикалық жүйелердіжатқызуға болады. Яғни, ешқандай сым-баусыз ақпараттарды бір нүктеден

екінші нүктеге ауа ағынындағы талшықтарды өз еркіміз бойынша басқаруарқылы оп-оңай жеткізе аламыз. Менделеев кестесіндегі көптеген химиялықэлементтер нанотехнологияның әсерінен өзгерістерге ұшырап, басқа да бірқасиетке ие болып жатқаны осылайша анықталған болатын. Қысқасы,нанотехнология адамзат өміріндегі ең төңкерісті жаңалықтардың бірі болдыдесек, артық айтқандық емес. Ал оның бүгінгісінен болашағы әлдеқайда«жемісті». Қазақ жерінде нанотехнологияларды дамыту мақсатымен мемлекеттарапынан қолдау көрсетіліп жатыр.2003 жылдан бастап қазақ ғалымдары жоғарыда айтылған ғылымсаласында жаңалық ашуға қолдарындағы бар күшті салып келеді. Елімізденанотехнологиялық зерттеулерді жүргізетін зертханалар бой көтеріп, арнайығылыми ұжымдар құрылған болатын. Алайда, еліміз нанотехнология саласында

ғылыми терең зерттеулер жүргізуге арналған қымбат құрылғыларға қол жеткізеалмай жүр. Осының салдарынан біздің ғалымдарға зерттеулерді көршімемлекеттердің ғылыми-технологиялық зертханаларында жүргізуге туракеледі. Қазіргікезде әлемде тек фосфоры мол кеніштерден ғана фосфор тыңайтқыштарынөндіреді. Ал микротүйіршікті кеніштерден тыңайтқыш еш жерде өндірілмейді.Өйткені, оған сай келетін лайықты технология жоқ. Біздің елдегі фосфорлыкеніштердің бәрі микротүйіршіктілер.

11.Нанотехнология терминін қолданысқа алғаш рет енгізген қай елдің физигі?

А) неміс

В) жапон

С) украин

Д) ағылшын

Е) француз

12.2025 жылы дайын атомнан кез келген затты құрастыруға қабілетті алғашқы қандай зат жасалмақшы

А) нанороботтар

В) өрмекші робот

С) робот

Д) машина

Е)электронды құрылғылар

13.Қай мемлекет нанотехнологияны дамытуға бір миллиард АҚШ долларын бөліп,зертханалар ашуда

А) АҚШ

В) Қытай

С) Ресей

Д) Қазақстан

Е) Жапония

14. «Нанотехнология» деген сөзді қазақ тілінде түсіндіретін болсақ...

А) кішкентай өлшемді технология

В) көзге көрінбейтін ұсақ бөлшек

С) қолданбалы ғылым

Д) қиял мен әуестік

Е) көзге көрінбейтін атомдар

15.Нанометр (1нм) бір метрден қанша есе кіші болған өлшем

А) миллиард

В) триллион

С) миллион

Д) мың

Е) жүз елу мың


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».

4 Қорқыт ата

Ол-қобыз атасы,күйші,жыршы,қазақтың алғашқы ақыны (Ш.Уәлиханов).

Оғыз мемлекетінде билік құрған оғыз тайпасынан шыққан.Оғыздардың ақылшысы,данышпан сәуегейі болған.Өмірі жайлы нақты деректер жоқ.Ол туралы көптеген аңыздар жеткен.1980ж.Қызылорда облысының Қармақшы станциясынан 18 км жерде,Қорқыт разъезінің түбінде Қорқыт атаға ескерткіш орнатылды.Авторлары-сәулетші Б.А.Ыбыраев,физика ғалымы С.И.Исатаев.Қорқыт туғанда Қаратауды қараңғылық басып,сұрапыл дауыл соққан.Содан Қарааспан тауы аталған.Қорқыт жиырма жасында көрген түсінде ақ киімді кісі оған: «Қырықтан артық өмір сүрмейсің»,-дейді.Содан желмаяға мініп,мәңгілік өмір іздеп шығады.(Қазақта желмаяға мініп,жайлы жер,мәңгілік өмір іздегендер:Қорқыт пен Асан қайғы).Қорқыт жолда қазылған көрді кездестіреді. «Бұл не?»-деп сұраса, «Қорқыттың көрі»-деген жауап естиді.Қайда барса,алдынан қазылған көр шығады.Жан сақтауға жер қалмаған соң,Сырға кілем төсеп,қобызын тартып отырады.

16. «Қорқыт ата кітабының» Ватикан нұсқасында неше жыр бар?

А) 6В) 10С) 13Д) 14Е) 11

17.Қорқыт кім болған?

А) Батыр,атақты ақын,күйші,аңыз кейіпкері

В) Жырау болған адам

С) Абыз,бақсы

Д) Өмірде болмаған,ол тек аңыз кейіпкері

Е) Тек қана күйші

18.Қорқыт ата қашан және қайда өмір сүрген?

А) VI-VII ғ,Сыр бойы

В) VII-VIII ғ,Іле аңғары

С) VIII-IX ғ,Сыр бойы

Д) IX-X ғ,Шу бойы

Е) Өмір сүрген жылдары белгісіз,Сыр бойы

19.Қорқыт келешек ұрпақ үшін қандай жыр толғаулар қалдырды?

А) ерлік,батырлық туралыВ) егемендік туралыС) адам өмірі,мінез-құлық,тағдыр туралы

Д) махаббат туралыЕ) балалық шақ туралы

20.Қай тұлға VIII ғасырда Сыр бойында өмір сүрген?

А) А.Йассауи

В) М.Қашқари

С) С.Сараи

Д) Ж.Баласағұн

Е) Қорқыт



Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы: «Қазақстанжолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», 17.01.2014 ж. - [Электрондық ресурс]: http://www.akorda.kz.

2.ҚазақстанРеспубликасының «Білімтуралы» Заңы (жаңабасылым) (27.07.2007,

N 419-III). – [Электрондық ресурс]: http://www.edu.gov.kz.

3.ҚазақстанРеспубликасындабілімберудідамытудың 2011–2020 жылдарға

арналғанМемлекеттікбағдарламасы. – [Электрондық ресурс]:http://adilet.zan.kz.

4.Ана тілім-азығым,адастырмас қазығым. М.Шәбжантайқызы Көкшетау-2002 жыл,

50-60 бет.

5.Жан сөзі. Мағжан Жұмабаев Алматы «Раритет» -2005жыл,139 бет.

6.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010

жыл.ISBN 9965-26-096-6.

7.Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8.

8.Абай атындағы ҚазҰПУнің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 

2013ж 353.

9. Садуакасов, Қ. Д.  15 Күй-ғұмыр: К. Д. Садуақасов - Қарағанды: «Гласир» баспасы, 2014. - 168 б.

10. Адырбек, К. Тәуелсіздікке талпыныс : публицистикалық мақалалар / К. Адырбек. – Алматы : Айғаным, 2016. – 380 б.


































PAGE \* MERGEFORMAT2 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!