Материалдар / Минералды тыңайтқыштарды қолдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Минералды тыңайтқыштарды қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Минералды тыңайтқыштарды қолдану туралы толыққанды ақпарат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2024
144
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Өсімдіктерді қорғау агрономиясы

Группа: 31 «АЗР» 3-курс

Тақырып: Минералды тыңайтқыштарды қолдану. 11.06.2020ж



МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАР

Минералды тыңайтқыштардың құрамында сан алуан минералды тұздар түріндегі құнарлы заттар болады, сондай-ақ олар қарапайым және күрделі (кешенді) болып бөлінеді. Қарапайым минералды тыңайтқыштар бір құнарлы элементтен тұрады және оның түріне байланысты азоттық, фосфорлық және калийлік тыңайтқыштар болып бөлінеді. Кешенді тыңайтқыштар құрамында бірнеше ( екі, үш) құнарлы элемент болады (азот және фосфор, азот, фосфор және калий және т.б.).

АЗОТТЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАР

Азот – өсімдіктерге қажетті негізгі (ең басты деуге де болады) элементтердің бірі. Ол барлық қарапайым және күрделі белоктардың құрамына кіреді. Өсімдіктерді құнарландыруға қажет азоттың басты көзі – азот қышқылының тұздары (селитра) мен аммоний тұзы болып табылады. Азот тыңайтқыштарын қолдану ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігін арттыруда шешуші роль атқарады. Азот – өсім элементі, сондықтан құрамында азоты бар тыңайтқыштарды пайдалану өсімдіктің вегетативтік (жер үстіндегі) биомассасының өсімін қамтамасыз етеді. Өнеркәсіптік жолмен азот тыңайтқыштарының мына түрлері өндіріледі: карбамид (несепнәр), аммиак селитрасы (аммоний нитраты), күкірт қышқылды аммоний (аммоний сульфаты), хлорлы аммоний, кальций және натрий селитралары. Ең көп тарағандары несепнәр мен аммиак селитрасы.

ФОСФОРЛЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАР КЕШЕНДІ МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАР

Микроэлементтердің жетіспеуі – өсімдік ағзасына бірқатар аурулардың тарап кетуіне әкелуі мүмкін. Фосфор да өсімдік қорегі үшін аса маңызды әрі аса қажет элемент. Фосфордың қышқылданған қоспалары барлық тірі ағзаларға қажет. Фосфор қышқылы болмаса бірде-бір тірі жасуша өмір сүре алмайды. Фосфор өсімдіктердің тамыр жүйесінің дамуына, өнім сапасын жақсартуға ықпал етеді. Фосфор тыңайтқыштары азот тыңайтқыштарымен бірлесе отырып, дақылдардың өнімділі жоғары болуын қамтамасыз етеді. Өнеркәсіптік жолмен азот тыңайтқыштарының мына түрлері өндіріледі: қарапайым және қосарлы супер-фосфат, кальций метафосфаты, преципитат, фторсыздандырылған фосфат және фосфат қалдықтары.

Калий – өсімдіктердің дұрыс өсіпжетілуі, жоғары сапалы мол өнім қалыптастыруы үшін қажет қоректік макроэлемент. Сондықтан, азотфосфор тыңайтқыштарымен қатар, өсімдіктерге калий тыңайтқыштарын енгізу қажет. Калий ролінің маңыздылығы - өсімдіктің қоршаған ортаның күйзелісті факторлары мен ауруларға төзімділігін арттыратыны. Калий жасушадағы суды ұстап тұруға ықпал ететіндіктен өсімдік уақытша құрғақшылыққа жақсы төзеді, оның қысқы суыққа төтеп беру және саңырауқұлақтық және бактериялық ауруларға қарсы тұру қаблеті артады. Калия ықпалымен көкөністердің құрамына моносахаридтер жинақтау қаблеті күшейеді. Калий тыңайтқыштары құнарландырылған (хлорлы калий, күкірт қышқылды калий, калий тұзы, калимагнезия, калий-магний концентраты) және шикі тұздар (сильвинит, каинит) болып бөлінеді, олардың ең көп тарағандары - хлорлы калий мен күкірт қышқылды калий.

Кешенді (күрделі, құрама) тыңайтқыштар арасында ең тиімділері: - аммофос (NH4H2PO4), құрамында 10-12% азот және 46-60% фосфор бар; - диаммофос (NH4)2HPO4, құрамында 18% азот және 50% фосфор бар; - калий селитрасы, KNO3, құрамында 13% азот және 45% калий бар; - нитроаммофос, құрамында 23% азот және 23% фосфор бар; - нитроаммофоска, құрамында 16% азот, 16% фосфор және 18% калий бар. Бұл тыңайтқыштардың артықшылықтары – өсімдіктерді екі немесе үш көректік макроэлементтермен қамтамасыз ететіндіктері.

ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ ҚОЛДАНУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Тыңайтқыштардың тиімділігі ең алдымен оларды қолдану технологиясына байланысты, ал оған тыңайтқыштарды енгізу амалдары, тәсілдері, мерзімдері және тыңайтқышты дайындау жұмыстары кіреді. ТЫҢАЙТҚЫШТАР ЕНГІЗУ АМАЛДАРЫ Оның үш амалы бар: негізгі ( егіске дейінгі, егіс алындағы), жүйектелген (егіс қарсаңындағы) және құнарландыру (егістен кейінгі). МИКРОТЫҢАЙТҚЫШТАР Микроэлементтер – өсімдіктер құрамында пайыздың мың-жүз мыңдық бөлігінде ғана болғанымен, оның тіршілік ету үдерісінде маңызды міндеттер орындаушы аса қажетті қоректік элементтер. Көшет Вегетативтық өсу Гұлдену/тұқым салу Тұқым пісу Пісу дәрежелері 15:15:15 30%N, 100%PO, 30-70%KO 20% жалпы мөлшерінен N 30% жалпы мөлшерінен N 20% жалпы мөлшерінен N 20% жалпы мөлшерінен K2 O 20% жалпы мөлшерінен K2 O 20% жалпы мөлшерінен K2 O 1. НЕГІЗГІ ТЫҢАЙТҚЫШ өсімдікті бүкіл өсіп-өну кезеңінде, әсіресе қарқынды өсім мен даму уақытында, яғни олар нәрлі заттарға аса зәру кезде қажетті қорекпен қамтамасыз етеді. Негізгі амал бойынша тыңайтқыш әдетте алдын-ала күз мезгілінде, сүдігер астына (негізінен – фосфорлы-калийлі) және (немесе) көктемде қайта айдау немесе терең қопсыту кезінде (негізінен – азотты) қолданылады. Ал егер ұйымдастырушылық немесе экономикалық қиындықтар салдарынан тыңайтқыштар күзде енгізілмеген болса, оларды көктемде көкөніс дақылдарын екпес бұрын қолдануға болады. Бұл жағдайда азоттық тыңайтқыш нормасының 2/3 бөлігін, фосфорлық қоректің ¾ және калийлік тыңайтқыш нормасын толығымен қолдану қажет. 2. ЖҮЙЕКТЕЛГЕН ТЫҢАЙТҚЫШ тікелей көкөніс дақылдарын егу барысында, азғантай мөлшерде (әдетте, қоректің әр элементінің 10%-нан 25%- на дейін) қолданылады. Бұл амал негізгі амал қолданылмаған жағдайда немесе аз мөлшерде қолданылғанда аса тиімді болып табылады. Ал негізгі (егіске дейінгі) тыңайтқыштар көп мөлшерде қолданылған болса, егіс алдындағы тыңайтқыштың тиімділігі аса әлсіз болады, кейде тіпті мүлде сезілмейді. Тыңайтқышты тікелей егіс алдында енгізудің мақсаты жас өсімдіктерді көктей бастауының алғашқы кезеңі мен одан әрі даму барысында қорек элементтерімен көбірек қамтамасыз ету болып табылады. 3. ТЫҢАЙТҚЫШПЕН ҚҰНАРЛАНДЫРУ – көкөніс шаруашылығында жиі қолданылатын амал. Көптеген көкөніс дақылдары топырақтағы тұздың аса көп болғанына тым сезімтал келеді, ал мұндай жағдай негізгі тыңайтқыштың мол салынуынан туындайды. Тыңайтқыштың бір бөлігін құнарландыру ретінде қолданады. Бұл үшін әдетте азотты, сондай-ақ – азоттыфосфорлы тыңайтқыштарды қолданады. Құнарландыру негізгі немесе егіс алдындағы тыңайтқышты толықтыратын амал болып табылады және өсімдіктердің қарқынды даму кезеңінде минералдық қорегін күшейтуге және нәрлі заттармен азықтандыруға бағытталған. Құнарландыруды күндізгі уақытта гектарына 15-30 келі мөлшерде жүзеге асырады. Негізгі тыңайтқыш ретінде нашар еритін минералдық тыңайтқыштардың алуан түрлерін, оларға азоттық қажеттіктің 20%- ын, фосфорлық тыңайтқыштың 70%-ын, калийлық тыңайтқыштың 30-50% -ын қосып пайдалануға болады . Фертигация тәсілімен енгізілетін тыңайтқыштар жақсы ерітілген болуы тиіс. Олардың мөлшері өсімдіктерді өсіру мерзімі, олардың даму кезеңі бойынша бөлінеді, сондай-ақ өсімдіктерді қоректендіру сызбасы жасалады да, оған өсімдіктің өсіпөну барысында сыртқы түрі мен жапырақтар санына байланысты түзетулер енгізіліп отырады.



МАГНИЙ Магний тапшылығы жағдайында, оның белгілері негізінен жапырақ жолақтары арасында хлоротикалық дақтардың пайда болып, дами бастауынан байқалады. Ол сондайақ жапырақ бетінің тыржиып қатпарлануына алып келуі мүмкін.

МАРГАНЕЦ Өсімдікке марганец жетіспеген жағдайда, оның жапырақтарында аздаған жолақаралық хлороз байқалады. Марганец тапшылығы көбірек сезілгенде, жапырақ жылтыр сұрметалл түске боялады.

МОЛИБДЕН Мына жапырақтарда дақтар мен аздаған жолақаралық хлорозды көреміз. Молибден тапшылығының алғашқы белгілері азот тапшылығы белгілеріне ұқсайтын жалпы хлороз болып табылады, бірақ бұл жағдайда жапырақтардың төменгі жағында қызғылт реңк болмайды

АЗОТ Мына жапырақтағы хлоротикалық белгі азот тапшылығынан пайда болған. Азот жетіспеген жағдайда ескілеу жапырақтардың түсі біртіндеп үйреншіткі жасыл түсін бозарта бастайды. Ал тапшылық қатты сезілгенде, ескі жапырақтар бір тегіс сары түске (хлоротикалық) боялады.

ФОСФОР Әдетте фосфор тапшылығы белгілері бірден көзге көрінбейді, сондықтан оны байқау қиын. Қызанақ секілді дақылдардың сабақтары мен жапырақтарының төменгі жағы ерекше күлгін түске боялады.

КҮКІРТ Мына жапырақтан жалпы хлорозды көріп отырмыз, алайда ол жасыл түсін сақтап қалған. Жолақтары мен сабақтарында қызыл реңк байқалады.

МЫРЫШ Мына жапырақта талшық аралық некроздың асқынған түрін көреміз. Мырыш тапшылығы енді басталған кезде жас жапырақтар сарғаяды да, ескі жапырақтардың жоғары бетіндегі талшық араларында ірі дақтар пайда болады.

КАЛЬЦИЙ Мына суреттегі кальций тапшылығынан зардап шеккен жапырақтар түбірінің некрозға ұшырағанын көреміз. Олардың жиектері ортасымен салыстырғанда баяу өсетіндіктен жиырылып қалады.

ТЕМІР Мына жапырақтар түбірлерінен жасыл торлары бар асқынған хлороз көрінеді. Темір тапшылығының ең көп тараған белгісі – өте жас жапырақтардың талшық аралық хлорозынан басталады. Олар кейін жалпы хлорозға айналады да, ақыр аяғында жапырақтың түсін жоғалтуына алып келеді.

ХЛОРИДТАР Талшық аралық хлорозға ұшыраған мына жапырақтардың сыртқы пішіні өзгеріске ұшыраған. Жалпы хлор тапшылығы көбінесе жас жапырақтардың хлорозға ұшырап, ерте солып қалуына алып келеді.

БОР Бор тапшылығынан зардап шеккен жапырақтарда аздап байқалатын жалпы хлорозды көруге болады.

КАЛИЙ Мына жапырақтардың кейбірінде жиек некрозының (жиегінің күйікке ұшырауы) белгілерін көреміз, ал калий өте аз болған жағдайда, талшық аралық хлорозбен қатар, негізгі талшықтардағы талшық аралық некрозды да көреміз.

МЫС Мыс жетіспеуі салдарынан мына жапырақтар, жиырылып қалған, ал бұтақтары төмен қарап, салбырап тұр.



Үй жұмысы: Тыңайтқыштармен жұмыс жасаған кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!