Мінез және
келбет
Жер бетінде барлық адамдар әр
түрлі және де өзіндік талғамдары бар. Түр келбет – адам өміріндегі
ең басты визиттік карточка. Кейбіреулерінің түр келбеттері
тартымды, әдемі. Ал кейбір жандардың түрі ажарсыз. Біз сән қуамыз,
талғаммен киінеміз, әдемі өмір сүруге тырысамыз. Әрине, бұның
барлығы өзіміздің жақсы жағымызды көрсету үшін ғана. Әдемі болуды
барлығы да армандайды. Арман-қиялымыз тек сыртқы келбеттің сұлулығы
емес, сонымен бірге ішкі жан дүниеміздің сұлулығын ұмытпасақ
екен... Ендеше осы айтылған ойларға байланысты әңгіме
қозғасақ:
Мұғалім үй тапсырмасына
«Ұлтанқұлдың образын қазіргі өмірмен байланыстыру» атты ауызша
тапсырма берген болатын Гүлден қолын бірінші көтеріп, тақтаға шығып
сабағын айта бастаған еді. Оқушылардың күлкілері тыйылмай, шулап
кетті. Сондағы күлкінің себепшісі болған жағдай-Көркемнің толықтығы
еді. Гүлден оқушылардың мазақ қылғандарына қарамастан, сабақты
жаттанды түрде ойын жеткізді. Ербол қолын көтеріп, өзіндік ойын
қосып:
«Ұлтан құл ертегідегі ең
жағымсыз кейіпкерлердің бірі. Оның түрі де ойы да жағымсыз. Қазіргі
кезде де көзі тиек секілді Ұлтан құлдар көп деп ойлаймын. Мысалы,
базардағы екі сатушы бірдей жемістер сатып тұр. Біреуі өзінің
әдемі, тартымды жүзімен адамдарды баурап алып, халықтың көпшілігі
жүзі жылы сатушыдан жемістің түр-түрін сатып алады. Қабағы түйіліп
тұрған сатушыға ешбір адам жоламай, жемістерінің түрі бұзылып
кеткенін байқаймыз.» Мұғалім екі оқушының екі түрлі ойын
салыстырып, Ерболдың ойының ұшқырлығына тәнті
болды.
-Атың кім
еді?
-Менің атым –
Гүлден.
-Гүлден, көркем әдебиетке
бөтең екен. Гүлденің көзінен жас тамып, орнына жайғасып отырды.
Оның жүзінен әлдебір жағылған үміттің сөнгені
байқалды.
Гүлденнің жаттанды ойы
мұғалімнің көңілінен шықпағаны оның намысына қатты тиген болатын.
Ия, Гүлденнің орнында болған кез келген адам не істер
еді?
Бұл сұраққа мың түрлі жауап
бар шығар. Ал менің жауабым көпшіліктің алдында адамға ауыр тиетін
сөздер айту –дұрыс емес. Ағашқа шегені қағып, сол шегелерді
біртіндеп алып тастасаң, дәл осы секілді ашу үстінде айтылған сөз
адамның жанына жара салады. Сондықтан әдемі сөзімізбен, ісімізбен
әдемі болайық!