Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мінезі қиын балалар проблемасын шешуде психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру әдістемелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мінезі қиын балалармен жұмыс, ойындар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мінезі қиын балалар проблемасын шешуде психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру әдістемелері

«Қиын» оқушы мәселесімен айналысқан педагог – ғалымдарының бірі Архимед Мыңбайұлы Ысқақов. Оның негізгі ұстамы:

Еліміздің өміріндегі сапалық өзгерістерге сай мектептің оқу – тәрбие жұмысында түбегейлі бетбұрыс жасау идеясы. Әрбір жеке оқушының еркін дамуына азаматтық белсенді позицияның қалыптасуына мүмкіндік туғызатын мектептің жаңа моделін құру идеясы. Педагогикалық процесті өріктілік, демократиялық принципке негіздеу идеясын құрған. Көпшілік Архимед мектебін – «болашақ мектебі» дейді [2,14].

Мінезі «Қиын» балаларға педагог тарапынан гуманисттік қасиеттер мен этикалық талап-тілектер қоя білетін педагогтік шеберліктер қажет. Ал ондай мамандардың тапшылығы байқалып жүр.

Мінезі «Қиын» балалар қатарына психикалық дамуы уақытша баяулаған, тез баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатиялық формалар кездесетін, кейде ашулары қайнаған уақытта дәрі-дәрмек беру арқылы қозу күйі тежелетін жеке тұлғалар жатады.

«Қиын» оқушылармен топтық жұмыстарды ұйымдастыру тәсілдері.

Мақсаты: Оқушылардың қарым-қатынасын нығайту нығайтуға арналған жаттығулар.

Топтық ойындар.

«Жұлдызым жоғары» ойыны. Бұл ойын бірнеше этаптан тұрады.

Ойын 1. Мынау жұлдыз. Біздің барлығымызда өзіміздің жұлдызымыз бар. Ол жұлдызыңыздың қақ ортасына өз атыңызды жазып, оның қай жерде орналасып жатырғанын (жерде, аспанда) жарқырап тұрма, әлде шет жақта байқалмайды ма? осыны жазамыз.


Ойын 2. Сіздер білесіздер. Жұлдыздар шамалы уақыттан кейін, тұныққа батып, байқалмайды. Олар бір-бірімен бірігеді. Қазір бізде жұлдызша тәрізді бір-бірімізбен бірігеміз. Бірігу реті (үш, бес, жеті) сияқты сандар аталады. Сонша адамнан тез топ құралып қалу қажет.


Ойын 3. Сіздер қазір топтардың арасынан өз жұлдызшаңызға ұқсас жұлдызды тауып алуларыңыз қажет. Осындай жұлдызы бар адамнан жұп құрып, ол адамнан сұхбат алуыңыз қажет.

  1. Туған күнің қашан?

  2. Сенің қызығушылығың?

  3. Адамның бойындағы бағалайтын қасиетің?

  4. Қандай сыйлықты қалар едің?

  5. Туған күніңдегі қалайтын сыйлығыңыз?


Ойын 4. Орындарымызбен алмасамыз. Барлығы отырады. Бір ғана адам ортада тұрады. Бір уақытта сол адам өзінің ұқсас киімін немесе басқа адамға ұқсас затын атайды. Сол мезгілде мысалы: көйлек киген деген кезде, көйлек кейгендер өз орындарымен алмасады. Ортада тұрған адам тез босаған орынға отырып үлгеруі қажет.


Ойын 5. Сіз енді бұл жұлдызды айдың қасына жақындатып, өзіңнің ұнаған жеріңе қада. Қандай себеппен сен осы жерді таңдадың? Ештеңені өзгеркің келмей ме? Егер осы жер нақ ұнаса, жұлдызыңды қада.


Ойын 6. Біздің барлығымыздың бір ұқсастығымыз бар. Қазір біз сол ұқсастықты білу үшін, допты алып, екінші адамға лақтырып, біздің ұқсастығымымыз мынада деп айтамыз. Ал келесі адамның мақсаты ұқсастық болса, бар деп, ал егер жоқ болса, «Екеумізде ұқсастық жоқ» деп келесі адамға лақтырады.


Ойын 7. Оқушылар біз өзіміздің ұқсастықтарымызды таптық. Ал енді біз жұлдыздарымызды біріктірейік. Енді байқадыңдарма, барлық жұлдыздар бірігіп, аспан кеңістігін құрайды.


«Есіңе сақта» ойыны. Оқушылар дөңгелене отырып, әр –түрлі қимыл-қозғалыстар жасайды. Жүргізушінің белгісі бойынша барлығы қатып қалады. Ішіндегі басшы адамды сыртқа шығарып, ол сыртқа шыққан бойы қимыл қозғалыстарын өзгертеді. Сыртқа шыққан басшы кім қандай қозғалыста болғанын тауып алу қажет.


«Іс қимылды қайталау» ойыны. Оқушылар бір бағытта шеңбер болып тұрады. Барлығының көзі жұмулы тек ғана жүргізушінің көзі ашық. Берілген белгі бойынша жүргізуші өзінің алдында тұрған адамның денесіне қолына, иығына, басына бір қозғалыстар жасай бастайды. Ал келесі адамның мақсаты осы іс әрекетті алдындағы адамға, ал алдындағы адам келесі, адамға осы іс әрекеттерді қайталау қажет.


«Көңіл-күйді таны» ойыны. Топтың ішінен бір адамды есіктің сыртына шығарып, қалғандарына көңіл- күй жазылған кеспе қағаздарын береді. Сол қағаздарда берілген қағаздар бойынша берілген көңіл-күйді бейнелейді. Сыртқа шыққан ойыншыны шақырып, ойыншыларда бейнеленген көңіл күйді табу беріледі. Сыртқа шыққан ойыншы барлығын шешіп болғаннан кейін қалғандары сол қалпында отырады. Ойын 3-4 жалғасады.


«Милиция және киллер» ойыны.

Барлық ойыншыларға билеттер тағайындалады. Ол билеттердің тек ғана екеуінде жазылған. Бірінде «Милиционер», екіншісінде «Киллер». Билеттердің барлығы араластырылып, көрінбейтін пакетке салынады. Сосын араластырылып, болған билетті екі оқушы алады. Сол алған оқушыларды өзгелері білулері қажет. Ал, оқушылардың мақсаттары осы алған рөлдер білдіртпей милиция киллерді ұстау қажет. Ойын бірнеше рет қайталанады.


«Тура және кері» ойыны. Оқушыларға кеспе қағаздар беріледі. Оның бірінде «тура» деген сөз болса, ал екіншісінде «жабайы жан» деген сөз бар. Енді тура деген сөзі бар оқушы басшы болады. Ол барлық ойыншыларға бірдей сұрақтар қояды. Барлығы тура жауап береді де, тек ғана «жабайы жан» кері жауап береді. Тура деген сөзі бар адам «жабайы жан» деген сөзді тапқан бойы ойын аяқталады.


«Жұмбақ» ойыны.

Мақсаты: қарым-қатынасты нығайту, бірізділікке баулу. Жүргізуші қатысушылардың барлығын шеңбер бойына отырғызып, осы топтың

ұсынған адамын есіктің сыртына шығарып, топ ішінен бір адамды таңдап алып, ол адамның, өзіндік сипатына анықтама береді. Оны ауа-райымен немесе сұлу табиғатпен салыстырып, оның аты- жөнін айтпай сыртқа шыққан адамды айнала бастайды. Сыртқа шыққан адамның мақсаты сол бейнеленген адамды қатесіз табу қажет. Сөйтіп ойын осылай жалғаса береді.


«Белсенді топ» жаттығу. Топ ішіндегі қатысушылар көздерін жұмып, аудиторияны, ызыңдап айнала бастайды. Белгі берілген уақытта барлығы тоқтап қалады. Көзді жұмулы қалпында бір-бірін қолдарынан, сипап шеңбер құра бастайды. Соңында топ шықпайды, бірақ ынтымақтасты жұмыс істеуге баулиды.

«Қарандаш» ойыны. Барлығы шеңберлене тұра бір –бірін қарандаш арқылы байланыстырып тұрады. Сосын алма- кезек, оң қолмен, оң аяқпен, би қозғалыстарымен әр түрлі қимыл- әрекеттер көрсетеді.


«Үсінгендер» ойыны. Шеңберлене отырған адамдардың барлығы бір мезетте тастай үсінген адам ретінде қатып қалады. Жүргізушінің мақсаты осы адамдарды қалыпқа келтіру үшін әр- түрлі эмоциялармен, сөздермен келтіруге тырысады. Кім іс- әрекетке дыбыстап, қозғалып қойса, онда сол жүргізушінің қасына келіп, көмектеседі.


«Түсініксіз дыбыстар» ойыны. Топ ойыншыларының барлығына кеспе қағаздар беріледі. Ол қағаздарда әр түрлі жануарлардың аттары жазулы тұр. Сол жазылған аттардың дыбыстарын салады. Мысалы: мысық, ит т.б. Сөйтіп, әрқайсысы өз топ мүшелерін тауып алады.


«Шапалақ» ойыны. Оқушылардың барлығы шеңберлене тұрады. Ішінен бір оқушы ортаға шығып, өзі қалаған адамның қасына барып, қолын шапалақтайды. Сөйтіп, екеуі келесі адамды таңдап оған шапалақтайды. Ойын барлығы шапалақтап болғанша дейін жалғаса береді. /31,32,33/


«Ия, жоқ» ойыны. Оқушылар екіге бөлініп, бір топ ия деп, келесі топ жоқ деп айтады. Сөйтіп екі ортада, шу басталады. Бір бір-бірімен айтысып болғаннан кейін шамалы уақыт үзіліс болады. Сол үзіліс мерзімінде оқушылар шудан қаншалықты демалып қалғандарын байқайды. Ендігі кезекте оқушылар орындарымен ауысып, қайтадан бір бірімен сөз таластыра бастайды.


«Карусель» ойыны. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бір бірімен қарама-қарсы тұрып, сатушы мен сатып алушының арасындағы немесе автобустағы сөйлесу диалогын құрайды. Сөйтіп, сол диалогты ойнап көрсетеді.


«Уақытты қысқарту» ойыны. Оқушылар шеңбер жасай тұрады. Мақсаты допты бір-біріне беру. Доп тек ғана бір рет берілу керек және еш уақытта жерге түспеуі қажет, сонымен қатар допты тек ғана бір адам ала алады. Осылай ойын басталған сайын жүргізуші оқушыларға «Жарайсыңдар, бірақ сіздер бұны одан тезірек істей аласыздар деп айтады». Егер ойыншылар алақандарын ашып, аяғын сәл бұғып отырып, жерге түспестен бұрын допты қағып алса, онда оған жарты секундтай уақыт кетеді. Сөйтіп ойын аяқталады.


«Пішіндер» ойыны. Ойыншылар дөңгелене жасалған арқанды жұмулы көзімен қасындағы ойыншыларға барып қалаған пішінін жасауға келіседі. Сөйтіп командалар арасында жарыс болады. Ойын барысында (төртбұрыш, шеңбер, үшбұрыш) жасалады. Егер пішіннен тыс шырша немесе одан басқа да, қиын фигуралар жасалса, онда ойын барысында, келісім жасауға болмайды. Егер келісім жасалып, көз ашылса сол топ жеңіліп қалады.


«Дөңгеле тұрамыз» ойыны. Бұл ойындарды партаны артқа ысырып ойнайды. Жүргізуші оқушыларды өзінің жанына шеңберлене тұрғызады. Белгі бойынша оқушылар аралар тәріздес бөлмеде бал іздегендей жүруі қажет. Бірақ, ойын барысында ешкімнің аяғын басуға айғайлауға болмайды. Біраз уақыттан кейін жүргізуші екі шапалақпен белгі береді. Сол уақытта ойнап

жатқан оқушылар сол қалыпында қатып қалулары қажет. Шамалы уақыттан кейін жүргізуші тағы да алақанымен екі рет соққанда оқушылар жайлап, бірте- бірте шеңбер құра бастайды. Біраз уақыттан кейін жүргізуші ойыншыларға көзін ашып қарауға рұқсат береді. Егер топтың ынтымақтасы мол болса, онда тез-тез еш қиындықсыз шеңбер құрады. Ал егер оларда, ынтымақтастық жоқ болса, онда ойын бірнеше рет қайталанбағанға шейін, шеңбер жасау қиынға соғады. Айта кететіні бұл ойынды бірнеше рет ойнағаннан кейін оқушылардың қарым- қатынастарындағы өзгешеліктерді байқауға болады.


«Бой-бойымызбен тұрамыз» ойыны. Ойын жұмылған көздері мен бөлмелерде еркін жүруден басталады. Белгі берілген уақытта ешқандай дыбыссыз көздерін ашып, бой- бойларымен шеңберлене тұрулары қажет.


«Орындықпен қозғалу» ойыны. Жүргізуші оқушыларға орындықтарыңмен бірге шеңберге тұруға шақырады. Біраз уақыттан кейін оқушыларға белгі береді. Оқушылар бой-бойларыңмен және альфавит бойынша тұрулары қажет. Ойынның ең басты мақсаты орындықтар бір-біріне соқтығыспай тез- тез орындарына тұрулары қажет. Бұл ойынды топтарға бөліп, жарыс ретінде өткізген өте қызық.


«Онға дейін санау» ойыны. Оқушылар еркін тұрады. Олардың қолдары және иықтары бір-бірлеріне тимеуі қажет. Көздерін жұмып тұрған оқушылар онға дейін санаулары қажет. Санау барысында, олар бірінен кейін бірін рет-ретімен санаулары қажет. Мысалы 1- оқушы-1, ал екіншісі-2 т.с.с Егер оқушылар шатасып қалса немесе айтылған санды қайталаса, мұндай жағдайда ойын тоқтатылып, біраздан кейін қайта ойнауға болады.


«Гомеостат» ойыны. Жүргізуші ортаға оқушыларды шақырады. Оқушылар ортаға шығып, жүргізушінің белгісі бойынша барлығы бірдей қылып саусақтарын көрсетулері қажет. Мысалы: 1-ші оқушы 5-саусағын көрсетсе барлығы бірдей, бір-біріне қарай сол 5- саусақты көрсетулері қажет. Бұл

арқылы психолог маманы топтағы лидер балалар мен топтан алшақ балаларды бірден анықтай алады. Және бұл ойын бір-бірін сыйлап, ұжымдастыққа үйретеді.


«Дөңгелек» ойыны. Оқушылар бір- бірінен, бір қадамдай алшақ тұрады. Жүргізуші барлығына бірдей, орындарыңда бұрып, 200 градусқа, 360 градусқа, 280 градусқа т.с.с тапсырмалар береді. Оқушылар осы тапсырмаларды орындай отырып, барлығы бір бағытта соңында айналулары қажет. Сол уақытта ғана ойын аяқталады.


«Секіру бұрылу» («Айналма») ойыны. Ойынға қатысушылар бір-бірінен 50 см қашықтықта тұрады. Олардың барлығы бір бағытта бұрылып тұрады. Барлығына бірдей 90, 180, 240, 360 градустарға бұрылулары қажет. Берілген белгі бойынша 90 градустан бастап бұрылады. Соңында ойыншылар бастапқы бағытқа келулері қажет. Бұрылған кезде секіріліп бұрылады.


«Айдахар құйрығын қуады» ойыны. Оқушылар шеңберлене тұрады. Осы топты екіге бөліп, бір жағын басы, ал екінші жағын құйрығы қылып қояды. Басы өз құйрығына жету керек. Топта барлығы бір-бірінің қолынан ұстап, ажыраспай шеңбер бойымен жүгірулері қажет.


Өзі туралы сын пікірді білуге арналған ойындар.

«Дос әзірлеу әдісі» ойыны. Оқушылар екіге бөлінеді. Әр оқушы өзінің қасындағы адамын зерттейді. Оның отбасын, достарын, мінезін, жеке ерекшелігін, киімін, түрін. Әбден зерттеп болғаннан кейін, бір ақ парақ алып, оған дос әзірлеудің барлық сырларын жазады. Оның бойындағы қасиеттерін, киетін киімін. Мысалы: Ержан ол әдемі, ашық, жылы жүзді, сымбат да, денелі, үнемі күліп жүреді. Егер оған күлкі қоспасаң онда Ержанды шығара алмайсың. Оқушылар өз достарын әзірлеп болғаннан кейін, жүргізушіге береді. Жүргізуші, оның барлығын толық оқып болып, ішіндегі оқушылардың берілген мінездерін, киімдерін оқып жасырады. Ал, қалғандары жасарылған оқушыны табулары қажет.


«Ысқырық» ойыны. Оқушылардың мінезіне қажетті нәрселер жазылған қағаз беріледі. Әр оқушы өзінің қасындағы досының мінезіне сай келетін сипаттарды жазып алады. Оқушылар, сол қағаздардың ішінен ең қажетті он нәрсені 1 минуттың ішінде жазып алады. (жағымды және жағымсыз сипаттар жазылған)


«Сен маған ұнайсың» немесе «Өрмек» ойыны. Оқушылардың барлығы шеңберлене отырады. Тоқыма жіпті алып жүргізуші ішіндегі ресми емес лидерге сол жіпті лақтырып, оның қай жері жақсы екендігін айтып, тоқыма жіпті алақанына орап, сол оқушыға жібереді. Ол оқушы тап сол әрекетті қайталап, өзі қалаған оқушыға тағыда жіпті лақтырып, ойын айтады. Соңында, үлкен өрмек шығады. Ол өрмек оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтып, достық ылтипатты туғызуға ықпал етеді.


«Чемодан» ойыны. Шеңберлене отырған ойыншылардың біреуін сыртқа шығарып, сол адамға 3- сөйлемнен тұратын, жағымды, жағымсыз баяндама жасаймыз. Келген адам, өзі туралы мәліметті болады.


«Данышпан үкі» ойыны. Оқушыларға данышпан сөзі деген қандай мағынаны білдіретіндігін сұрайды? Оқушылар осыған толық жауап тапқаннан кейін, әр адам сол жүрер кезде оған кеңес қажет болады. Осы жолда қаншалықты сіз көрсете алатындығыңыз, қазіргі берілген тапсырма бойынша шешіледі. Барлық оқушыға әр түрлі шешендік, нақыл сөзі бар үкінің мәтіні беріледі. Ол мәтіндер аяқталмаған. Оқушылардың мақсаты сол берілген мәтінді аяқтаулары қажет. Кім ең бірінші анықтайды, сол данышпан үкінің досы болады. Сол адам барлығынан батыл, әрі қиындықтан шыға алатын, батыр болады.


«Гвалт» ойыны (Сындар). Барлығы екіге бөлініп, ортаға бір ойыншы шығады. Екі жақтың адамдары (сол жақ, жамандайды, ал, оң жақ мақтайды) сол сөздердің арасынан еркін өту қажет. Кімде- кім еркін өтсе, сол адам, өзінің ішкі дүниесіне сенімді.


«Бос орын» ойыны. Өтілу уақыты 10 минут.

Мақсаты: шаршағанды кетіру, оқушылардың қалыпты жағдайын ұстау.

1-2 бөлініп саналамыз.

1-ші нөмірдегілер дөңгеленген орындықтарға отырады. 2-ші нөмірдегілер оның сыртына айналып тұрады. 1-орындық артық болуы қажет. Бос орынның артында тұрған оқушының мақсаты, өзінің бос орнына көзбен келесі адамды шақыру. Ол адамның артында тұрған адам, отырғанды жібермеуі қажет.


Ашуланғанда, шаршағанда ойналатын ойындар.

Мақсаты: Оқушылар шаршағанда, ашуланғанда, режігенде, көңіл-күйді қалыпқа келтіру.

«Теңіз толқындары» ойыны. Оқушылар шеңберлене тұрады. Оқушылардың барлығы бірігіп, мына сөздерді қайталайды.

Теңіз толқиды бір,

Теңіз толқиды екі,

Теңіз толқиды үш,

Қуанышты мүсінді піш. (жылаған, ашуланған, таң қалған т.б.) Оқушылар осы сөздерді айтқаннан кейін, орындарында қатып қалулары қажет.


«Пропеллер» ойыны. Ойыншыларға қарандаш беріледі. Жүргізушінің белгісі бойынша барлық саусақтарының арасынан құлатпай өтіп шығу қажет. Кімнің қарандашы құлап қалады. Ол ойыншылар бірте-бірте ойыннан шыға бастайды.


«Жабысқақ» ойыны. Ойыншылар тез ойналатын әуен қосып, әр түрлі қимыл қозғалыстарын көрсетіп, аудиторияны айналу тапсырылады. Ішінен екі оқушыны шығарып, «мен жабысқақпын, жаныма қоспақпын» деп бір-бірінің қолынан ұстатып, қалған оқушыларды ұстауға жібереді. Жабысқақтар ұстап алған оқушылар жабысқақ болып, келесі оқушыларды бірігіп ұстайды.


«Қырықаяқ» ойыны. Оқушылардың барлығы біртізбек болып тұрады. Жүргізушінің белгісі бойынша барлығы бір-бірінің белінен ұстап, берілген қиыншылықтардан, өтеді. Ойын барысында тізбекті үзуге болмайды. Бұл ойынды сырттан қараған да қырықаяқ тәрізді болып көрінеді.


«Паравоз» ойыны. Оқушылардың барлығы біртізбек болып тұрады. Жүргізушінің көзі ашық болады да, ал қалған ойыншылардың көздеріжұмулы болады. Әуеннің ырғағымен бірінші жай кейін тез қозғала бастайды. Көзі жұмылған оқушылар топты бұзбай, бір тізбекпен жүріп жүгірулеріқажет.


«Қозғалыс жаны» ойыны. Елестетейікші шығыс билері қандай тамаша. Шығыста тек ғана адамның бейне сұлулығына ғана емес, сонымен қатар қозғалыс сұлулығына аса зор мән береді. Ал қазір біз белдерімізге орамал тартып, шығыс бишілері тәріздес билей бастаймыз. Біз өте әдемі билейміз.


«Маска» ойыны. Оқушылар әр қайсысы өзіне арнап маска жасайды. Олар өзіне қажетті түспен, ою өрнектерді қолданып, ұнаған маскасын жасайды. Ол маскасын жасап болғаннан кейін, масканы киіп өзінің қандай екендігі айтады. Айтып болғаннан кейін, маскасын қасындағы досына береді. Ал, досы сол масканы жасаған адамның айтқан сөзін, сол адамға қарап қайталап айтады. Сөйтіп, барлық оқушылар өз атынан және өзгенің атынан өз бойындағы қасиеттерін атап шығады.


Топқа кір ойыны. Балалар үлкен топ құрады. Олардың барлығы бір-бірінің қолынан ұстап тұрады. Ал сыртта бір адам қалып, ішке кіруді мақсат тұтады. Өйткені топты жарып кіре алмаған адамның досы болмайды. Сол

себептен ол адамға топқа күшімен кіріп, өз орынына жарып шыққан адамның қасындағысын жібереді. Ойын барлық ойыншылар қатысып болғанша дейін ойналады.


«Қар» ойыны. Ойынның өтілу уақыты 5 минут. Екі топқа бөлініп, газеттерден жасалған қарларды қарама-қарсы топтарға лақтырады. Қай топ көп қар лақтырса, сол топ жеңеді.


«Телпек» ойыны. Ойын -10 минут өтіледі.

Мақсаты: шаршағанды кетіріп, қалыпты жағдайға келтіру.

Біз бәріміз бірге қайталаймыз.

Телпегім менің үшбұрышты.

Телпегім менің үшбұрышты. Осыны есімізге сақтап, телпек дегенде басымыз, менің деген кезде өзімізді, үшбұрышты деген кезде үш саусағымызды көрсетеміз. Қорытындысы барлығының көңіл-күйін көтеру.


Қорқынышты жеңуге арналған ойындар.

Мақсаты: Оқушылардың бойындағы кездесетін кей қорқыныштарды жеңуге өз-өзін бағалау деңгейін реттестіру.


«Маятник» ойыны. Оқушылар үш-үштен бөлінеді. Екі оқушы қолын қатты ұстап шеңберлене тұрады. Ал үшіншісі маятник болады. Маятниктің мақсаты: осы екі адамның ортасында (шеңбердің ішінде) өзі қалаған бағытта айналып құлай береді. Екі оқушының мақсаты: осы маятникті құлатпау.


«Биіктен құлау» ойыны. Оқушылар екі-екіден бөлініп тұрады. Бірінші оқушы орындықтың ұшында тұрып, екінші оқушыға құлайды. Екінші оқушы бірінші оқушыны міндетті түрде құлатпауы қажет. Ойын барысында екі оқушының ара қашықтығы 60-70 см болу қажет. Ендігі кезекте екі оқушы орындарымен алмасады.


«Саусақ ұшында» ойыны. Оқушылар ішінде қалағаны, партаға жатады. Сол оқушыны 10 оқушы алақандарын ашып көтереді. Биіктігі иықтың көлеміндей қылып, көтере бөлмені аралып шығады. Сол уақытта көтеріліп жатқан адам саусақ ұшындағыдай болады. Көтерген оқушыны алып келгеннен кейін, көңіл-күйін сұрайды.


«Лақтыру» ойыны. Өтілуі-5 минут.

Оқушылар біздің арамызда өз-өзіне сенбейтін, қорқатын, оқушылар бар. Қазір солармен жұмыс жүргіземіз. Ең алдымен біз, басқа оқушылар сияқты қарапайым оқушымыз, бізде жақсы бола-аламыз. Ол үшін бірінші білезіктен бастап сілкінеміз. Кейін саусақтарымызды, мойындарымызды, аяқтарымызды, іштерімізді, басымызды сілкіндіріп, ішіміздегі барлық жағымсыз ойларды лақтырып, тастаймыз. Ендігі кезекте, өзіміздің даусымыздың қаншалықты өзгере бастағанын байқаймыз.


«Ұқсастық» жаттығу. Шеңберлене тұрған адамдар бір – бірін ұқсасзаттарын атап, допты лақтырады. Ал, келесі адам, басқа ойыншыға лақтырып, өзінің сол ойыншымен ұқсастығын атайды. (киім, мінез, түр)


«Шалшық судан өту» ойыны. Бұл ойын көбіне сабақтан кейін ойналады. Ойынды өткізу үшін кішкентай тақташалр мен жәшіктер қажет. Ойыншылар зерттеушілер мен Африка тұрғындары. Олар шалшық суға барып, ондағы періні қарағысы келді. Пері 20 минут сайын судың қасындағы тірі жандардың барлығын жеп қояды екен. Бұл жәшіктер бірінен кейін бірі жалғасып тұр. Ал зерттеушілер осы жәшіктердің арқасында судан өтулері қажет.


«Кедергіге келген кеме» ойыны. Оқушылардың барлығы шеңберлене тұрады. Олар су жағасы. Судың жанжағында, таулар, кедергілер бар. Сол себептен бұлжай ғана су емес кедергіге толы су. Осы судың ішінде кеме мен басшы бар. Басшы кемені осы судан аман сау алып шығуы қажет. Ойынды бастамастан бұрын кемені шығарайық. Кім қалайды, сол адамдарды кеме және басшы қылып шығарайық. Кеменің көзін байлаймыз. Ал басшы кемеге жол жүру бағытын айтып отырады. Сонымен қатар кедергі таулы, тастар, оқушылардың қалағаны болады. Олар орындықтарын қойып, сол кемеге кедергі жасайды. Ал кеме соқпай, тим

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2021
254
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12