Тақырып бойынша 11 материал табылды

М.Мағауин. «Бір атаның балалары» шығармасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: М.Мағауин. «Бір атаның балалары» шығармасы

Мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың алған білімдерін пысықтай отырып, Мұхтар Мағауиннің өмір жолымен таныстырып, шығармадағы мейірімді адамдардың панасыз қалған балалардың ұлтына, тіліне қарамай,жатсынбай қамқорлыққа алу жолындағы қиындықтарды жеткізе білу. Дамытушылығы: Оқушыларды татулық,достық тақырыбының өміршеңдігі туралы ұғымды, шығармашылық қабілеттерін, сын тұрғысынан ойлау жүйесін дамыту,салыстыру, сұрақтар арқылы өз пікірін ашық, еркін жеткізе дағдыландыру. Тәрбиелігі: Өз ойын жүйелі айта білуге, қайсарлыққа, бауырмалдыққа, ұлттық құндылық пен намысымызды қорғай білуге үйрету, ұлтжандылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері: 1.Оқушылар шығарма кейіпкерлерін жан-жақты талдап, олардың арақатынасын анықтайды. 2. Әр оқушы кейіпкерге сын тұрғысынан баға беріп, зерттеу жүргізеді, ой- пікірін білдіре алады. 3. Бірлесе отырып, ынтымақпен жұмыс атқарады,біріге қорытынды жасайды.

Сабақтың түрі: өз бетінше жаңа материалды меңгеру, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.

Әдіс-тәсілі: ізденіс, қызығушылығын ояту, СТО жобасы, өз пікірін қорғау,сұхбаттасу

Сабақтың формасы: жеке,ұжыммен

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, портрет, оқулық, кеспе қағаздары, АҚТ, бағалау парағы т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, музыка, бейнелеу

Қолданылған әдебиеттер: оқулық, қазақ әдебиеті энциклопедиясы

Күтілетін нәтиже: Бірін-біріне ортақ шешім қабылдауға үйренеді.

Сабақтың нақылы: Адам баласын бауырым деу-жүрек ісі. Адам баласына адам баласының бәрі – дос, жолдас, бауыр. /Абай Құнанбаев/

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі

А) амандасу әдісі

Ә) психологиялық дайындық / біз біргеміз, шаттық шеңбер /

ІІ.Үй тапсырмасын бекіту

А) автор орындығы әдісі бойынша

Ә) ой түйін

ІІІ. Мағынаны ашу

/ ассосация әдісі /



Shape2 Shape1 Мұхтар Мағауин Мақанұлы

Shape4 Shape3 Шығармалары баспасөз

1940 жылы Семей обл бетінде алғаш рет 1959ж Шұбартау ауданында көрінді

туған.



1962 жылы Қазақ мемлекеттік 1967-1971ж «Жазушы» баспасында

университетінің филология факультетін бас редактордың орынбасары, М.Әуезов

бітірген атындағы Әдебиет және өнер институтында

аға ғылыми қызыметкер болып жұмыс жасайды



IV. Кітаппен сұхбаттасу әдісі

/ 7 минуттық үңілу /

( М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасын оқып, талдау)

V.Сөздікпен жұмыс

( Тақтамен жұмыс. Мақсаты: жаңа сөздерді оның түсініктемелерімен сәйкестендіру)

Детдом- жетім балаларды тәрбиелейтін үй

Гимнастерка – әскер киім, тығыз матадан тігілген киім

Протез – адамның жоқ дене мүшесінің орнына ыңғайлап жасалған жасанды дене мүшесі

Лобогрейка – егін шабатын техника

Раса – нәсіл ( жер бетіндегі адамдардың өғ-ң-түсіне байланысты бөлінуі)

Галифе – тізеден жоғары жағы делдиген тар балақты шалбар

Сұлбасы-бейнесі

Зәузатынан- ұрпағынан





VI. Постермен жұмыс

( оқыған шығарманы постер бетіне түсіріп, қорғау)





VIІ. Дәптермен жұмыс

/ кестемен жұмыс/

Шығарма кейіпкері

Мінез-құлқы

Портреті

Ахмет

Ашушаң,молданы үйінен қуып шығады. Балажан, бауырмал, қайсар және алған бетінен қайтпайды.

Ширатылған ұзын, бозғылт мұрт, шоқша сақалды, өңі жел мен күнге тотыққан ақ сұр шал

Дәуренбек

Жауға деген өшпенділігі мол, тез ашуланып, қырсығып қалады.Өте қызу қанды

Қара галифе шалбарлы,әскери гимнастиркалы жігіт,келбеті қатал,яғни немістерге деген өшпенділігі артқан

Зигфрид

Жайдары,жомарт, ұғымтал,кекшілдігі жоқ,ақылды

Көк көзді,жалбыраған ұзын сары шашты, сары бала. Кірпігі мен қасы да сары.



VIIІ. Сергіту сәті

/ музыка ойналады /

IX. Ой толғау

«Қайырымды бола біл...» эссе жазу



X. Қорытынды бөлімі

Иә, балалар, адамгершілігі мол,мейірімді, жақсы болу үшін ешқандай шекараның,нәсілдің,ұлт-тың, білімнің қажеті жоқ екеніне, қазақ халқының пейілінің кеңдігіне біз осы шығарма арқылы көзіміз жете түсті. Оның дәлелі, бүгінде көп ұлтты мемлекетіміздің бірлік пен татулықта өмір сүріп жатқандығын айтуға болады.Жүрек жылуы болса, жеткілікті екен. Негізгісі – атаның емес, адамның ұлы бола білу.

/ кері байланыс әдісі/

XI. Бағалау

/ бағалау парағына қорытынды жасау/

XII. Үйге тапсырма:М.Мағауин «Бір атаның балалары»

































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2018
943
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі