Материалдар / М.Мағауин "Бір атаның балалары"повесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

М.Мағауин "Бір атаның балалары"повесі

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Мағауиннің "Бір атаның балалары"повесінің мазмұнын бекіту, әңгіме кейіпкерлеріне талдау жасау;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Мамыр 2018
1101
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:19.04.2018

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы:6«в»

Сабақтың тақырыбы: М.Мағауин "Бір атаның балалары" повесіндегі тарихи шындық

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: М.Мағауиннің "Бір атаның балалары"повесінің мазмұнын бекіту, әңгіме  кейіпкерлеріне  талдау жасау;

Дамытушылық: Әр оқушының өзіндік ой-қиялына  ерік бере отырып, өзінше ой түюге  баулу, шығармашылық жұмыс  жасауға, ой-өрісін,  ойлау қабілетін дамыту;              

Тәрбиелік:  Әңгіме кейіперлеріне талдау жасай отырып,оқушыларды жамандықтан сақтандыру,  адамгершілікке, ізгілікке,  жақсылыққа баулу;

Сабақтың типі: Білім мен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары, екі жақты күнделік,топтастыру;

Көрнекілігі:  Интерактивті тақта, мультимедиялық кешен, үлестірмелі парақшалар;

Пәнаралық байланыс: Ән, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

1.Амандасу, түгендеу

3.Топқа бөлу

І топ «Жеңіс» тобы

ІІ топ «Достық» тобы

ІІІ топ «Бейбітшілік» тобы

ІІ . Қызығушылықты ояту

  • М.Мағауиннің “Бір атаның балалары” повесі қай кезеңді сипаттайды?

  • Соғыс қай мемлекеттердің арасында жүріп жатыр еді?

  • Ауылға неге жетім балалар әкелінді?

  • Ахмет шал неге Зигфридті таңдады?

  • Ахаң неге неміс баласынан бас тартпады деп ойлайсың?

  • Шығарма не себепті “Бір атаның балалары” деп аталған?

ІІІ. Мағынаны ашу

(Священная война» музыкасы орындалып тұрады)

            1941 жылы 22 маусым күні фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Кеңес Одағының  шекарасын бұзып кірді. Неміс фашистері күшті армия жинақтап, халықты құлға айналдыру үшін майдан ашты.кеңес Одағына Ұлы Отан соғысы басталды!..

            Ұлы Жеңістің тарихтан алатын орны ерекше. Бүкіл Кеңес Халқының 20-25 млн астам ержүрек ұлдары мен қыздары құрбан болды.

            Бұл соғыста миллиондаған әйелдер жесір, балалар әкесіз қалды, аналар ұлдарынан айрылды, соғыстың қайғысы өзегін өртемеген оның құрбандығына шалынбаған отбасы қалмады.

            Фашистік қарақшылар 1710 қала мен жұмысшы поселкелерін, 70 мың село мен деревняны құртып жіберді.

Ұлы Отан соғысына Қазақстан 1 млн. 70 мың адам қатысса, олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты, хабар – ошарсыз кетті.

            Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 1418 күнге созылған бұл қатерлі айқастағы халқымыздың жанқияр ерлігі мен жеңіс тарихын ешкім де, ешқашан да ұмытпақ емес. Соғыс өрті қашан да халық есінде.

І топ «Жеңіс» тобы

Шығарма композициясын талдау

1.Оқиғаның басталуы: 

1. Ауылға бір арба жетім баланың келуі, басқарманың жиналыс ашуы

2.Дәуренбектің ел – жұртты балалар жазылған тізіммен таныстыруы.

2.Оқиғаның дамуы: 1. Ахмет ақсақалдың неміс баласын таңдауы

2. Оған қазақша ат қойып мұсылман қылуы

3.Зекеңнің зеректігі, алғырлығы

  1. Оқиғаның шиеленісуі: 1. Ересек балалардың Зекенге күш көрсетуі

                                      2.Егінге малдың түсіп кетуі

  1. Оқиғаның шарықтау шегі: 1. Дәуренбектің Зекенді қуалауы

2.Ахметтің Дәуренбекпен ұстасуы

3.Қызыл жағалылардың ақсақалды ұстап әкетуі

5.Оқиғаның шешімі: 1. Ақсақалдың ауылға қайтуы

2.Зекеннің әке – шешесінің ақталуы

3.«Қызыл ту» колхозына көшуі

ІІ топ «Достық» тобы

Кейіпкерлер

Іс - әрекеттері

Мінездеме

Ахмет

Ахмет Зигфридті таңдайды, ат қойып, той жасайды, бағады, тәрбиелейді.

. Адал, балажан, қонақжай, еңбекқор, мейірімді, парасат - ты, ақылды кісі.

Зигфрид

Тез тіл табысады, тіл үйренеді, еңбекке араласады.

Тіл алғыш, пысық, көпшіл, ақылды, жайдары, бауырмал, кекшілдігі жоқ.

Дәуренбек

таяз ойланады, қыңыр сөйлейді.

Қыңыр, ашушаң, өр мінезді.

Шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме беру.

ІІІ топ «Бейбітшілік» тобы

Соғыс кезіндегі балалар өмірі

ұқсастығы

Біздің замандастарымыз




Салыстыру
Шығарма мәтінімен жұмыс:

І топ «Жеңіс» тобы

Мәтіннен кірме сөздерді теріп жаз:Дедом, фашист, смирно, внимательно, строй, галифе, гимнастерка, солдат, документ, протес, лобогрейка.

ІІ топ «Достық» тобы

Мәтіннен мақал – мәтелдерді теріп жаз:

«Екі жарты – бір бүтін», «Жауды аяған жаралы», «Айтқан сөз – атылған оқ»


ІІІ топ «Бейбітшілік» тобы

Тұрақты тіркестерді тап:Құйысқанға қыстырылма, бауы берік болсын, лықа тою, тоқтау айту, тас бауыр болып кету, тіл тигізу, мызып алу, шарасы таусылу, ғафу өтіну, қызулық жасау, жүзі жылу, іріткі салу, қаһары қайту, тығырыққа тірелу.

  1. Жұмбақ кейіпкер

1  Мынау  кім?

... Менің әкелгенім алты-ақ бала. Бәріңе жетпейді.

Және қазір бауырыма салдым деп алып, ертең өгейсітіп жүрсек тағы қазақшылыққа жатпайды...

 

 №2  Мынау  кім?

 ... Смирна тұрып, внимательно тыңдаңдар.

 Мен таныстырып шығайын.  Тылдағы еңбекшілерге көмекке жіберілген жолдастар төмендегіше...

 

3  Мынау  кім?

 ...  Бұл хульжа Нарым...бет ағамдікі.   Маған тастаған.Соғыста өлген. Сеңкі неше аға өлген.

 

4  Мынау  кім?

 ... Құйылысқанға қыстырылмай, қой, шырағым. Еміске сен үш саусағыңды берсең, мен ұш ұлымды бергем...

 

5  Мынау  кім?

... Тілеп алған жалғызды маңдайыма сыйғызбаған құдай басқаның зәузәтынан опа бермес. Рахмет пейіліңе. Көр аузына тақап отырмыз, бір рет ата – анасынан айырылып аңыраған баланы екінші рет қайтара жетім қалдырып, күнә арқалағым келмейді...
VIІІ. Ой сергіту

Сұрақ қойылады:

  • Балалар, сендер қазір қандай ойын ойнайсыңдар?

  • Соғыс жылдарындағы балалардың ойынын көрсететін жерді тауып оқап, топтастыру әдісімен жазып шығу

Балалар ойыны –Құмнан қорған соғу

                             -балшықтан үй қалау

                           -жапырақ желкен керіп, қамыстан қайық жасау

                            -тас лақтырып, қаймақ жалату

                           - «Айгөлек» ойнау

                             -күресу, алысу

                           -хан сайлау

ІХ. Деңгейлік тапсырмалар:

І. "Соғыс" және "бейбітшілік" деген ұғымдарға сипатама беру

ІІ. "Екінші дүниежүзілік соғыс туралы аталар әңгімесі"  деген тақырыпта ой түйін

ІІІ. Ежелгі дәуір әдебиетінен, ауыз әдебиетінен, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына,Ұлы Отан  соғысына қатысқан  қандай батырларды білесіңдер? Олардың күрестегі мақсаты.

Қорытындылау:

«Әр қашан күн сөнбесін» әнінің қайырмасын хормен айту.

Үйге  тапсырма:

"Бауырластық деген не?"ой толғау жазу.

Бағалау.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!