Материалдар / Мұғалім - мәртебелі мамандық.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұғалім - мәртебелі мамандық.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім мәртебесі туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2019
958
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалім – мәртебелі мамандық. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің діңгегі, түп тамыры мен жүрегі. Өмірдегі көп мамандықтардың ішіндегі жан-жақты біліктілікті, шеберлікті, икемділікті, мейірімділікті, ерекше шәкіртжандылықты қажет ететінде ұстаздық. Олай дейтінім бүгінгі ұстаз жан-жақты болуы тиіс, шәкіртіне білім нәрімен сусындатып қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайына тәрбиелейді. Ұстаз үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып «білсем, түсінсем, үйренсем» деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойынына алған мәртебелі маман. Сондықтан да қазіргі мұғалім ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылық пен жаңашылдықта жұмыс істейтін болуы керек. Бұл нағыз ұстаздың ғана қолынан келетін іс. Оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып адамгешілігі мол, патриотты, рухани бай адамды қалыптастырады. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты да осы деп білемін. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастарлеу арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол өз мектебін, өз пәнін, өз кәсібін, өз оқушыларын шексіз сүйетін адам. Ол өз ісінің шебері атану үшін небір қиын әректтерге барып, әр істе жауапкершілікпен нақты, батыл қадамдарды жасап өзін дәлелдеуі керек. Нәтижесінде талай жеткіншектердің жүрегінде мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір – қасиет, құрметке бөлену, өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен, қарым-қатынас жасауда. Өйткені оның білімі, мәдениеті, сөзі, киім-киісі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті шәкірттерге де, ана-анағада, жұртшылыққа да үлгі өнеге. Ұстаздық – әркімнің қолынан келмейтін, ерекше талантты қажет ететін, қиялға бай адамға ғана тән қасиет. Сондықтан ұстаз өзінің шеберлігін күнбе-күн дамытып, әр түрлі кездейсоқ жайттарды алдын ала сезіп, болжап және оның оң нәтижесін табуға дайын болуы тиіс. Өз кәсібінің майталманы ғана осы мақсатқа рухани күш – жігерін, қуатын салу арқылы жететіні түсінікті. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танитын психолог,әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған мұғаліміне «Ұстазым» деп атайды. Осы тұста Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға»- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. XXІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың осы жылға халыққа жолдауында: «Педогог мәртебесі туралы заңды әзірлеп қолдау қажет деп санаймын....»- деген еді. Ел басымыздың бұл сөзі мұғалімдер үшін қуантарлық жайт. Қай кезде болмасын мұғалімнің мәртебесі биік болуы тиіс. Сол үшін елбасымыздың біздерден күтетіні сапалы білім мен, саналы тәрбие. Әр мұғалім алдына осындай мақсат қоя білсе, біздің елдің Мәңгілік ел болуына ешқандай кедергі жоқ деп ойлаймын. Қорыта айтқанда бойындағы білімімен, мейірімге толы жүрегімен, парасатымен, шәкіртті ақылды, мәдениетті, интелектуалдық өрісі кең, заман талабына сай, жан-жақты ақпараттандырылған, бәсекеге қабілетті заманға еркін енетін белсенді ұрпақ тәрбиелеп, мәртебелі мамандық иесі бола беретініне мен сенімдімін!Санақ Зәуреш СанаққызыБидайық негізгі мектебіЖангелді,Бидайық
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!