Мұғалім - мектептің жүрегі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалім - мектептің жүрегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренингке қатысушыларға айналасындағы адамдармен, қоршаған орта, өзін-өзі қалыптастыру барысында талдау жасауда сүйенетін психология ғылымынан мәлімет беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды облысы

Шет ауданы

Алтайбаев негізгі орта мектебі

Түгелбаева С.М педагог-психолог


Тақырыбы: Мұғалім – мектептің жүрегі

Мақсаты: Тренингке қатысушыларға айналасындағы адамдармен, қоршаған орта, өзін-өзі қалыптастыру барысында талдау жасауда сүйенетін психология ғылымынан мәлімет беру.
Қажетті құралдар:суреттер, нақыл сөздер, тренинг ережесі, шар, маркер, ақ парақ, бейджик, скотч, геометриялық фигуралар.


Тренинг жоспары:
1. «Менің жаңа есімім...»
2. Психогеометриялық тест
3. «Менің белгім» анкета толтыру
4. Энергоджайзер «Шеңбер»
5. Топқа бөлу
6. Топпен жұмыс «Қазіргі мұғалім моделі»
7. Ойын «Керемет жаман сурет»
8. Рөлдік ойын «Педситуация»
9. «Сіз кімсіз?» ойын-тест
10. «Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы
11. «Тату алақан» жаттығуы
12. Рефлексия

Барысы:
 

«Менің жаңа есімім...» Әр қатысушы өзін осы тренинг бойы кім деп атағанын қалайды, сол есімді қағазға жазып, бейджикке кіргізеді. Бұл есім тренинг барысында сол адамның есімі болады.

Психогеометриялық тест. Әр қатысушы өзі таңдаған фигураға байланысты мінездемесі оқылады.

Шаршы – ұйымдастырғыш, дәлдік бақылауға қатал, қадағалайтын, ойлаушы, нұсқаушы, ақпаратқа байқампаз, хабаршыл, жазбаша сөздікке ынталы, ұқыпты, тазалық сүйгіш, сақтанғыш, суық, үндемейтін, қырсық, табанды, еңбексүйгіш, эрудициясы басым, бас саясаткер, достары мен таныстары шағын, еңбекқор адам.

Үшбұрыш – көшбасшы, билікке талпынғыш, тазалықты сүйгіш, жеңісе құмар, өз-өзіне сенімді, шешім қабылдағыш, батыл, сезімі күшті, энергиясы жеткілікті, қауіп-қатерге жақын, лауазымды қызметкер, шыдамсыз ,саясаткер, сөз тапқыш, ортадағы қарым-қатынас кең, жақын достары мен ортасы шағын, көшбасшы адам.

Тіктөртбұрыш – көңіл-үйі өзгермелі, өз-өзін қадағаламайды, қозғыш, көп нәрсені білгенді ұнатады, батыл, өз-өзін төмен бағалайды, өз-өзіне сенімсіз, басқаларға сенгіш, жылдам, көңіл-күйі жылдам өзгереді, дау-дамайдан қашады, тиянақсыз, ізденімпаз адам.


Шеңбер – қарым –қатынасты жоғары бағалайтын, өзгелерді қадағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, шыдамды, эмоцианалды, сезімтал, сенгіш, тез шешім қабылдай алмайды, бас саясаткер, әңгіме айтқанды ұнатады, біреуді көндіре алады, өзгелерге көзқарасын дәлелдей алады, өткен өміріне көп көңіл бөледі, көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, мейірімді адам.

Зигзаг – көңіл-күйі өзгеруге бейім, креативті, білімге ынталы, түйсігі жақсы дамыған, өз идеяларына ұстамды, арманшыл, болашаққа талпынысы жоғары, барлық жаңа өзгерістерге қызығущылығы жоғары, қағаз жұмыстарын ұнатпайды, адамдардың ортасында бірқалыпты, ойын-сауыққа құмар, қаржы мәселесіне немқұрайлы қарайды, шығармашыл адам.

«Менің белгім» анкета толтыру, таныстыру

Мынадай 4 сұраққа жауап жазады (сөзбен, сурет арқылы):

Менің отбасым
1. Менің жақсы мінезім, жағымсыз мінезім
2. Менің белгім
3. Мұғалім ол -...

Энергоджайзер «Шеңбер».Барлық қатысушы шеңберге тұрып, көзін жұмып, әртүрлі қимыл жасайды.
Алақанды екі рет соққанда көздерін ашпай, ешкіммен сөйлеспей, шеңбер жасаулары кере. Алақанды 3 рет соққанда көздерін ашады. Бірігіп жұым істей алатын адамдар және бір-біріне сене алатын адамдар тез шеңбер құрады.

Топқа бөлу.Суреттің қиындылары бойынша топ құрау.

Топпен жұмыс«Қазіргі мұғалім моделі. Ол қандай?».
 

Презентация


Ойын «Керемет жаман сурет».Топтар бір-біріне сурет салып береді, келесі топ оны жаман қылып өзгертіп қайтарады,қайтарылған суреттерін топтар қайтадан әдемі сурет етіп салулары керек.
Топпен жұмыс. Рөлдік ойын «Педситуация».Әр топ өз тәжірибесінде болған бір ситуацияны сахналайды, қалған топтар оның шешімін айтуы керек. Сосын шешімдер салыстырылады.
«Сіз кімсіз?» Тест.Қатысушыларға жай адамның бойында кездеспейтін керемет қабілеттердің бірін таңдау ұсынылады. Содан кейін қорытындысы оқылады.
Биікке ұша білу қабілеті. Сізге болған жағдайды сол қалпында қабылдау оңай, іс-әрекетте тәуелсіздікті ұнатасыз, өз бетіңізбен шешім қабылдағанды жақсы көресіз, оның ішінде қауіпті шешімді де. Сізден жақсы ұшқыш немесе саясаткер шығаді. Әлемді өзгертетін жаһандық жоба туралы ойланыңыз.
1. Өткен ғасырларға саяхат жасай алу қабілеті. Сіздіболған жайттың себептері қатты қызықтырады. Өткен қателіктерден сабақ алып, үйренуді ұнатасыз.
Сізден жақсы сарапшы, тарихшы, жазушы, археолог, ғалым шығуы мүмкін.
2. Көрінбей қалу қабілеті. Көлеңкеде қалып, айналада не болып жатқанын білуге құмарсыз. Проблеманың түбірін тауып, мән-жайдың себебін анықауды жөн көресіз. Басқалар тіпті ойламаған істің шешімін табуға қабілеттісіз. Физика, математика, саясат, медицина – назар салар кәсіп салалары.
3. Басқа адамдардың, аңдардың, заттардың бейнесіне айнала алу қабілеті. Сіз кез келген ортаға, жағдайға оңай сіңісіп кете аласыз. Басқа адамның көңіл-күйін, қайғысын ұғу, өзіңізді соның орнына қою оңай. Жазушы, актерлік мамандықтары сізге сай келуі мүмкін.
4. Басқа адамдардың ойын оқи алу қабілеті. Сіз сөздің артында нақ не тұрғанын сезе білесіз. Адамды жарты сөзден түсіну, басқа адамның мінез-құлқын есепке алып, оның әрекетін алдын-ала көре білесіз. Басқа адамдардың не сезіп, не ойлайтыны бұл адамға маңызды. Мамандықтары – заңгер, психолог, мұғалім, социолог.

«Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы. Қатысушылар кезекпен конверттен бір-бір сөйлемнен алып, сол сөйлемді аяқтайды.


«Тату алақан» жаттығуы. Әр қатысушы өз парағына алақанының суретін салады да, өз орнында қалдырып кетеді, келесі қатысушының орнына барып, оның алақаны салынған суреттің ішіне оған жақсы тілек жазады. Осылай шеңбер бойымен барлығы бір-біріне тілек жазып шығады.

Рефлексия. «Қосу» деген сөздің астына тренингтен не ұнағанын, ал «дельта» деген сөздің астына қандай өзгерістер енгізу керектігін жазады
.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.06.2018
385
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі