Материалдар / Мұғалім беделі - қоғам беделі

Мұғалім беделі - қоғам беделі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің маңызды рөл атқаратыны жөнінде жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қырқүйек 2024
87
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалім беделі-қоғам беделі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында мұғалімдердің қоғамдағы беделін көтеру үшін заң жобасын дайындауды тапсырған болатын.

Осыған орай Мемлекет басшысы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс» деген-ді.

Сондай-ақ Президент жергілікті биліктің «барлық жұмысты мұғалімдердің мойнына артып қоятынын» атап көрсетті. «Не болса, соның бәрі мұғалімдерге жүктеледі. Сайлауды да мұғалімдер өткізеді, үгіт-насихат жұмыстарын да мұғалімдер жүргізеді. Бұл үшін оларға ешнәрсе төлемейді. Олар жұмысын істеп, дайындалуы тиіс. Бұл аз болғандай, оларды тексереді» деуі де бекерден-бекер болмаса керек.

Бұрындары аға-апаларымыз ұстаздарын қалай құрметтегендерін тамсана айтып отырушы еді. Олардың сөзінше, ұстаз өз заманының құрметтісі, ауылдың зиялысы болатын. Мұғалімді қатты қадірлейтін. Бүгінде ұстаздарымызды мұндай құрметке лайықтап немесе сыйлап, әспеттеп жатқан ешкімді көрмейсіз. Мұхтар Әуезов айтқандай, «Халық пен халықты теңестіретін - білім». Сондықтан білім бәсекесіне қабілетті шәкірт тәрбиелеу - педагогтардың алдына қойған басты мақсаты. Бірақ бүгінгі күні мұғалімдердің бұл міндеті кейінге ысырылғандай. Есесіне, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру ұстаздар қауымының мойнында. Бір сөзбен айтқанда, бала санасына білім нәрін сеуіп, шәкіртіне білгенін үйретуден жалықпайтын мұғалімдердің арқалаған жүгі ауыр. Сонда ұстаз беделінің төмендеп кетуіне не себеп?

«Әрине, мұғалімнің өзі» дейді кейбір ата-аналар. Олардың айтуынша, бүгінгінің ұстазы сауатсыз. Оқушыларға білім беруді айтпағанда, олармен қалай қарым-қатынас жасауды білмейді, бала психологиясынан мүлде хабары жоқ. Өз ісіне жүрдім-бардым қарайтын көрінеді. Рас та шығар.

Мұғалімдерімізге құлақ түрсек, олар көп ата-аналардың бала тәрбиесінде өте жауапсыз екенін алға тартады. «Тәрбие - тал бесіктен» десек, баланың тәрбиесі отбасы, ошақ қасынан басталуы тиіс. Әрбір ата-ана баласының күнделікті мектептен кейінгі тәртібін, сабағын қадағалап отыруы керек. Бізде бәрі керісінше. Жұмыстың қауырттығын, яки, шаршағанымызды сылтауратып, балаға мән бермейміз немесе «мектепке не үшін беремін, егер мұғалім бәрін қадағаламаса, сол үшін үкіметтен ақша алып отыр емес пе?» дей­міз. Бұл, әсіресе, жас ата-аналардың тарапынан туындайтын түсінік. Осындай теріс түсініктің салдары ма, оқушыларымыз мұғалімдерге сөз қайтаруға дейін баратын болып жүр.

Ұстаздарды толғандырған тағы бір мәселе - өзгенің бас пайдасындағы тірліктерге араласпау. Қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүретін ұстаздарымыз үшін маңызды іс-шараларға қатысу соншалық қиын шаруа емес. Дегенмен, ұрпақ тәрбиесіне берері жоқ, жөнсіз жерлерде мұғалімдердің жүргені жараспас.

Иә, шынымен де қазіргі уақытта мұғалімдерге жүктелетін міндеттемелер өте көп. Мәселен, аудан көлемінде ұйымдастырылатын қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік шараларды мұғалімдердің қатысуынсыз көзге елестету мүмкін емес. Осындай қосымша жұмыстарды атқарамын деп жүргенде мұғалімдер күнделікті сабағына, жаңа тақырыпқа ізденуге уақыт таппай қалатын сәттерді де жиірек кездестіріп жүрміз.

Ақиқатын айтсақ, қоғамды алға бастыратын - осы мұғалімдер. Білім жүйесі дегеніміз өткен ұрпақтың келер ұрпаққа деген мұрасы. Сол мұраны жеткізетін ерекше әлеуметтік байланыстар. Сондықтан біз мұғалімнің мәртебесін қоғамда нақтыламай, білім жүйесінде үлкен жетістіктерге жету қиын болады. Міне, ұстаздық етуден жалықпай жүрген жандарымыздың уәжі осындай. Қандай мәселе болса да, бір жақты талқылағанымыз дұрыс болмас. Өзіміз өмір сүріп отырған қоғамның өзекті мәселесіне айналған мұғалім беделінің төмендеуіне баршамыз бас қатыруымыз керек сияқты. Мұғалім беделі - қоғам беделі. Себебі, ұстаз - халықтың анасы. Ал, халық сіз бен біз екеніміз айтпаса да түсінікті.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ