400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздар қауымына...
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім- мәңгі нұрдың қызметшісі.





Өзіңіз сүйетін ісіңізбен айналыссаңыз

және одан да жақсы болуға ұмтылсаңыз,

нәтижеге жетесіз.

Брайан Трейси.


"Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады." -деп Елбасымыз Н.Назарбаев ұстаздар қауымына үлкен міндет артып отыр.Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу – біздердің, яғни ұстаздардар қауымының борышы.Ендеше ұстаз міндеті өз пәнін шәкірттеріне жақсы үйретуден де тереңірек жатыр.Ең бастысы, мұғалім шын мәнінде баланы жан тәнімен беріле сүйіп, рухани қуат беруі керек.

Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, ұстаз деген киелі мамандықтың сырын ашып, өз еңбегімнің жемісін көріп, мектеп деген үлкен өзенде жүзіп келе жатқаным - өз мамандығымды шексіз сүюден болар. Біріншіден - өз мамандығымды сүйдім, сол өз мамандығымды сүю арқылы өз шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып, оларды өз істеріме сүйсіндіре білдім.

Ұстаз деген құрметті атқа ие болудың өзі бір бақыт. Ұстаз - өмірлік тәжірибесі мол, нағыз еңбекқор, ізденімпаз, ұшқыр ойлы жан. Жақсы ұстаз шәкіртінің мәңгілік мақтанышына айнала алады. Бүгінгі ғасырдың жаңашыл шәкірттері тәрбиелеуші ұстаздардың еңбегімен сусындаған жандар. Бүгінгі таңдағы ұстаздар қауымының жан-жақты дамыған, баланы жеке тұлға етіп қалыптастыруда атқарып жатқан еңбектері ұшан теңіз.

Ұстаз – үздіксіз ізденуші. Кез келген тосын сұраққа жауап беріп, кез келген жағдаяттан шыға алатын, білімдар жан. Ізденіс негізінде ол әрқашан теориялық білімін кеңейтіп, әдістемелі шеберлігін арттырады. Ұстаз өз ісіне деген сүйіспеншілікті балаға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана нағыз ұстаз болмақ. Ескендір Зұлқарнайын бірде «Данқ пен абыройға кеңелуіме мен бір адамға қарыздармын, ол- өз ұстазым – Аристотель» десе, ал Шәкәрім ұлы ақын Абайды Ұстазым деп құрметтеп өткен.Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі, тұңғыш педагогы.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Менің ойымша, ұстаз болу - кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Нағыз ұстаз шәкірттерін «біз жақсы ұстаздан сабақ алдық» деп айтатындай дәрежеге жеткізу керек. 

Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын, сындарлы ойлайтын, идеялар мен өнімді пікір ұсына алатын және командада, топтарда тиімді жұмыс істейтін икемді, креативті және бастамашылық қабілеті бар жастар қажет. Күрделілігі күн сайын артып, өзгеріп және тез жетіліп келе жатқан, біз өмір сүріп жатқан әлемде «Білімнің болуы» бүгінгі күні жеткілікті емес. Адамдардың өмір бойы білім алуын оңтайландыру үшін жастардың жеке қабілетін жан-жақты дамытып, оларға жан-жақты білім беру шеңберінде тиімді ойлау қабілетін сіңіру қажет екені сөзсіз.

Осы әдістемелік құрал оған енгізілген әдістермен шектеліп қалмауға тиіс, ол мұғалімдер өздерінің күнделікті педагогикалық қызметіне енгізгісі келетін әртүрлі әдістер туралы оларға тәжірибелік кеңес беру үшін құрылған. Бұл жинақ мұғалімдер үшін жоспарлау барысында, оқушылар мен мұғалімдерге арналған ынталандырушы, байытушы, батыл және шоғырландырушы ортаны құруда пайдалы құрал болады деп күтіледі.

Сондай-ақ бұл оқу-әдістемелік құралда жинақталған әдістер мен тәсілдер мұғалімдер жүргізіп отырған тәжірибелік жұмыстың нәтижесі ретінде алдағы уақытта оқыту және оқу мәнмәтініне сәйкес пайдаланылады және әзірленеді деп болжанумен қатар, бұл мұғалімдердің көшбасшылығын нығайту әдісі болып табылады. Белсенді оқыту мен оқу әдістерін таңдау, пайдалану және әзірлеу-оңай жұмыс емес, өйткені мұғалімдерді қандай да бір тәсілді қолданардың алдында көптеген сұрақтар туындайды, мысалы:

  • Осы сабақ білім алушылардың жасына сәйкес келе ме?

  • Сыныпта қандай балалар жиналған, мысалы, қабілеттерінің деңгейлері әртүрлі, саны, жынысы және т.б.

  • Жекелеген оқушыларда жоспарлау барысында ескерілуі тиіс, белгілі бір мұқтаждық, өзіндік мән-жайлар бар ма?

Белсенді оқыту мен оқудың белгілі бір әдісін пайдаланардың алдында мұғалімдер өздеріне әртүрлі сұрақтар қойып, өзінің үдерістегі рөлі мен іс-қимылын ұдайы ойластырып отыруы керек.

1-кесте.Сыныпта белсенді ахуал құру үшін мұғалім мен оқушының рөлін өзгерту

Оқыту ортасында мұғалім тұратын сынып

Оқыту ортасында оқушы тұратын сынып

Мұғалім «білім көзі» ретінде

Мұғалім білімнің ұйымдастырушысы ретінде

Мұғалім балалар үшін «орындаушы» ретінде

Мұғалім жәрдемдесуші «дәнекер» ретінде

Оқушылар-білімді «енжар» алушылар

Оқушылар белсенді және бірлескен

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Оқушылар сұрақ қояды

Оқушылар «шектен тыс қамқорлыққа алынған»

Оқушылар өздерінің рефлексивті оқуы үшін жауапты болады

Оқушылар бір-бірімен бәсекелеседі

Оқушылар оқу үдерісінді бірігеді

Оқушылар өз пікірлерін білдіреді

Оқушылар басқалардың пікірлерін белсенді тыңдайды

Осы қағиданы әрбір сабағымды жоспарлар алдында басшылыққа алып отырамын.

Оған дәлел ретінде өзімнің 5 «а» сыныбында өткізген «Теңдеудің көмегімен мәтін есептерді шығару» сабағыма тоқталып өтсем.

Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.

Осы тұрғыда мен өзімнің әрбір сабағымда сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін оқушы қызығушылығын оятатындай тиімді пайдалануға тырысамын.

«Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес», – деген мақалды басшылыққа ала отырып, бұл сабағымды мен оқушыларымның мәтін есептерді талдай отырып, теңдеу құра білуге және сол теңдеуді шеше отырып, адам денсаулығына алманың пайдасы туралы білуіне, өздерінің ізденуіне және функционалдық сауаттылығын арттыруға жол аштым. Сабақтың басталу кезеңінде сабақты өткен сабақпен байланыстыра отырып, жеміс сусынын жасау мәтініне берілген есепті талдата отырып, шығарылу жолына тоқталдық.Топқа бөлуді де бүгінгі сабағымыздың барысына қарай алманың түстері бойынша іске асырдым. «Қара жәшік» әдісі бойынша бүгінгі сабағымыздың адам денсаулығына пайдасы мол алма тақырыбына арналатын анықтадық. Осыдан кейін оқушыларға ғаламтор желісі арқылы «Алманың пайдасы» туралы мағлұмат іздеу тапсырылды. «Ойлан, топтас, бөліс» әдісі бойынша оқушылар ғаламтормен жұмыс істеп, өздері тапқан мәліметтерімен сыныптастарын таныстырды. №1 топ алманың құрамындағы витаминдармен таныстырса, №2 топ алманың адам ағзасына тигізер пайдасымен таныстырды.Ал 3-топ «Алматының апорты» туралы жеке тоқталып кетті. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды өте жоғары дәрежеде орындап, қызығушылықтарын білдірді. Келесі кезеңде топтарға теңдеулер жазылған үлестірме қағаздар беріліп, теңдеуге сәйкес суреттер салынып, салынған суретке сәйкес есеп құрастыру тапсырылды.Оқушылар қызығушылықпен, ынтымақтастықпен жұмыс істеді. Осыдан кейін оқушыларға «Бірге ойланайық» әдісі бойынша жұппен жұмыс берілді.Мәтін алманың құрамындағы витаминдердің мөлшерін табуға құрылған. Жұппен жұмыста өз дәрежесінде орындалды.

Технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория-Л.С.Выготскийдің "оқыту процесінде оқытушының ақыл-ойының дамуы "актуалды даму" аймағынан "жақын арадағы даму" аймағына ауысу" туралы теориясы.Бұл ауысу-тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Жұмыс дәптерімен жұмыс істей отырып, әрбір оқушы деңгейлік тапсырмаларын басынан бастап бірінен соң бірін орындау арқылы оқу материалының әр түрлі деңгейіне көтеріледі. Осы тұрғыда оқушылар білімін тексеру мақсатында «Детальдарын қою» стратегиясы бойынша оқушылардың теориялық білімін бақылай отырып, 2-деңгейде бүгінгі сабақ бойынша мәтін есептерге теңдеу құра отырып шешілетін тест жұмысын алыдым.3-деңгейде күрделі теңдеуді зерттей отырып, дұрыс нәтижеге жете алуға жетелейтін жұмыс алып, оқушыны ізденіспен, шығармашылыққа жетеледім.Сабақ барысында топтық жұмысты «екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен, жұппен жұмысты өзара бірін- бірі бағалау арқылы, жекеленген жұмыста өзін-өзі тапсырма соңындағы дескриптор арқылы бағалау қолданылды.«Табыс» ағашы арқылы кері байланыс жүргізіледі.

Сабақ мақсатына жетті.Оқушылар мәтін есептерге теңдеу құруды, оны шешуді және өмірде қажеттілігін білді.Оқушылар белсенділігі жоғары, қалыс қалған оқушылар болған жоқ.Мен жоспарлаған тапсырмалар оқушыларға пайдалы болды. «PISA» тапсырмасы арқылы алманың адам денсаулығына пайдасы туралы білді.Жоспарланған тапсырмалар толық орындалды. Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігі артып, ынтымақтастықпен жұмыс істеді. Оқуда да, оқытуда да бір-бірінен көмек ала білді. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау барысында алманың денсаулыққа пайдасы туралы айтылды, алмаға байланысты есептер шығарылды, интерактивті тақта белгілі уақытта ғана пайдаланылды.

Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» деген екен. Олай болса, әрбір іс- қимылымыз тек оқушыға, оның біліміне, оның болашағына ғана арналса, шәкірттеріміз сол білімді жоғары дәрежеде көрсетіп, ақылды да алғыр, қабілетті, өз көзқарасын ашық айта алатын, бәсекеге қабілетті тұлға болары күмәнсіз.






1.Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Астана,2004.

2.Оқыту мен оқудың белсенді әдіс-тәсілдері, Астана 2013 .

3.Ж..Қараев Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі







2


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
666
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі