400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мұғалім мектептің жүрегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкірт жандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық- ұстаздық мамандығы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МҰҒАЛІМ-МЕКТЕПТІҢ ЖҮРЕГІ.


Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкірт жандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық- ұстаздық мамандығы.

Мұғалім- өмір бойы ізденуші, жаңалық ашушының тәлімгері екенін ұмытпауы керек. Жас ұрпақты болашақта өмірдің тұтқасын ұстар ұрпақ ретінде алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне дағдыландыру, яғни ХХІ ғасыр талаптарын орындай алатын ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Ал бұл талаптар деңгейінен шығу үшін осы жұмысты атқаратын мұғалімдер де өз әдіс тәсілдері мен жұмыс дағдыларына өзгерістер енгізуі бірінші қажеттілік екені айдан аян және осы бағытта алғашқы қадамдар жасалуда.

Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

ХХІ ғасыр мұғалімінің басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; оқушының тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру болып табылады. Еліміздің егемендік алған уақыт ішінде қоғамда қаншама өзгерістер болды. Сол өзгерістер туғызған соңғы жаңалықтар бала өміріне тікелей әсерін тигізіп жатқаны белгілі. Ел ертеңі, ұлт болашағы үшін этнопедагогика мен этнопсихология ілімдерінің жетістігін тәрбие құралына айналдыру – бүгінгі күннің сұранысы.- Тұлға ретінде оқушының жеке басының іс-әрекетін дамыту теориясы негізінде белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, тәрбиелеу мен білім беру жұмысын жетілдіру.

- Оқушының рухани – адамгершілік, интеллектуалдық, өмірі мен өз денсаулығы үшін әлеуметтік құзыреттілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау.

- Отбасы қарым-қатынасындағы үлгі-өнегенің тәрбиелік ықпалын арттыру.

- Ұлтжандылық пен халқымыздың мәдени – тарихи дәстүрлері негізінде тәрбиелеу арқылы бала бойына жалпы адамдық, мәдени және адамгершілік құндылықтарды дарыту.

Тұжырымдаманың жүзеге асырылу шарттары:

- Қоғамға, қоршаған ортаға, табиғатқа деген позитивті көзқарас қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік – педагогикалық жағдай жасау.

- Халық дәстүрінің элементтері бар ойындарды қолдану.

-Халық салт-дәстүрінің қолдануымен мерекелер, ойын-сауықтар ұйымдастыру және өткізу.

- Ұлы тарихи тұлғалармен таныстыру арқылы отаншылдыққа тәрбиелеу.

Өз тілін білетін, интеллектуалды, жан-жақты, үйлесімді дамушы тұлға, өзінің салт – дәстүрін, Отанын сүйетін, шығармашылық әлеуетін айқындай алатын, қоғам мүддесіне сай, ертеңгі қоғам иегері боларлық, егеменді еліміздің айбынын асқақтатар өнегелі ұл – қызын тәрбиелеу-барша ұстаздар мен қоғамынң міндеті.

Баспалдағы бұл ғылымның, қиындықтан тұрады,

Оның шынар басына талмайтындар шығады

Талмау үшін әр кезде болу керек төзімді

Сондықтанда сен оған әзірлей бер өзіңді,- дегендей, ұстаз әрдайым жаңашылдық пен өзгерістерге дайын болуы керек.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол


нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол — өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі

ұстаз болып қалады.

ХХІ ғасырдың ұстазы өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын сала білетін, ерекше талантты, күнбе- күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр — білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.

Шаршаса да осы жолдың бойында,

Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 желтоқсан
437
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі