Материалдар / Мұғалімдерге арналған есеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұғалімдерге арналған есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2018
498
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Менің педогогикалық ұстанымым»


«Ұстаз болу өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»

М.Жұмабаев


Ұстаз ол кім, ол қандай болуы керек, бұл мамандық несімен құнды? Осындай сан түрлі сұраққа жауап іздеп көрсем дедім.

Ұстаз- жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Ұстаз сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты,ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуі тиіс. Мұғалім шәкірттерінің алдында әлемнің сан түрлі сұрақтарына жауап таба білетін, кез-келген қиындықта дұрыс жол көрсете алатын ақылшысы бола алуы керек. Сондықтан да ұстаз өз кәсібінің шебері болу мақсатында рухани күш-жігерін, парасат-қуатын сала отырып жұмыс жасауы керек. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше сабырлық пен талантты қажет ететін адамға тән қасиет. Ұстаздық жол сонысымен құнды, көп мамандықтардың ішіндегі жан-жақты білімділік пен икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететіндігі де сол себепті. Олай дейтініміз, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста  болып, білсем, үйренсем деген бала арманымен сырласып,  оның сырлы тағдырына басшылық етуді  мойнына алған маман. Ал, бүгінгі таңда ұстаз  шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат,экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Себебі, жылдам өзгермелі қоғам мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару , өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті, тез шешім қабылдауды  қажет етеді. Жаһандану дәуірі- әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім-пайдалы инвестиция саласы ретінде  еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткен мұғалім-мектептің жүрегі»,-деген болатын Ыбырай атамыз. Ауыл мектебі – зиялылық пен зияткерліктің, елжандылық пен дарындылықтың қайнар-бастауы, ұлттың күре тамыры. Қоғам талабына  сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар ұрпақ тәрбиелеу-  қазіргі заман мұғалімнің басты міндеті. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу,оның адамшылық ар-ұжданын, намысын, тұлғасын  жасына қарамай сыйлау,құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. Олай болса,тәуелсіз еліміздің болашақ тағдырын тәрбиелейтін қазіргі заман  ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы,осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі  айтпаса да түсінікті. Бұл-әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше қажырлылықты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе-күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып білуші әрі оның жеке тұлға етіп, қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Мұғалім- барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Оқушыны субьект ретінде қарастырып, оның өзін-өзі тануына жол ашу,жеке тұлға бойындағы  қасиетті дамыту, «Мен»  менталитетін қалыптастыру,білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау-бүгінгі таңдағы мұғалімнің кезек күттірмейтін мәселесі. Мұғалімнің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес. Қазіргі заман мұғалімі- рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға.

Біздер, қазіргі заман педагогтары, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Ендеше, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де,  жолы да бөлек.

Тәуелсіз еліміздің берік тірегі – білімді ұрпақ. Ендеше жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты, жан-жақты дамыған жеке тұлға даярлау – бүгінгі ұстаздар қауымының басты парызы екені баршаға аян. Мен әр сабағымда білім берудің қазіргі заманғы озық технологияларын, әсіресе, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалануға тырысамын. Өйткені, ақпараттар ағыны ағылған, түрлі хабарлар тасқыны тасыған жаңа ғасырда мұғалім, озық техникалық, электрондық құралдарды, компьютерді жетік меңгерген, өз пәнін өмірмен байланыстыра алатын, ақпаратшыл және ұлтының кемеліне келіп толысуына, рухани өсуіне, әдеби-мәдени дамуына басты ықпал жасаушы, ұлтжанды патриот болу керек деп есептеймін.

Ертеңгі болашағымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алуы – қазіргі қоғамдағы ұстаздарға байланысты. Оның ішінде маған да байланысты.

Қорыта келе айтарым өзімнің алға қойған айқын мақсатымды тыңғылықты түрде жүзеге асыру. Болашақты жарқын ететін жасампаз ұрпақтың көкірегі ояу, талғамы биік, зерделі, білімді болып тәрбиеленуіне өз үлесімді шынайы түрде қоса алу. Осы мақсатқа жету жолында бар күш- жігерімді саламын деп нық сеніммен айта аламын.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!