Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Мұғалімдік

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жерде ұстаздарға керек материал бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мамандығым - мұғалім

Әрбір адам мұғалімдік мамандығына келерде , сол мамандыққа лайықтымын ба деген сұрақты өз-өзіне қойғаны жөн. Ол өзінің білімімен бірге үлкен жүрегінің барын сезінуі керек. Бүгінгі таңда ұлы тұлғаның неге қадір-қасиеті төмендеген деп ойланып қоямыз. Содан мынадай ой келеді, балаға иландырып айтар бір ауыз ақыл сөзі жоқ, дәлелді ойы жоқ, өзін оқушыға сыйлата білетін қасиеті жоқ, ұлы мамандығына тек ақша табудың көзі ретінде біржақты қарайтын ұстаздарымыз көбейді. Біліктілік санатына алатын ақшасы үшін көтеретіндер аз емес. Ал санат деген мұғалімнің өз тәжірибесіндегі ар- абырой дәрежесінің көрсеткіші емес пе? «Мұғалім ең жауапты міндет орындайды, ол адамды қалыптастырады» деген Калининнің сөзімен толықтай келісуге болады. Расында, оқушы мұғалімнің айнасы іспеттес. Біз нені ексек, соны орамыз. Біздің қандай да бір қателігіміз болса, оны оқушының бейнесінен көреміз. Яғни олардың кемшілігі болса, кінәні өзімізден іздеуге тиіспіз.
Мұғалім философ, психолог, данышпан, көреген және тілі бай, сөзге шешен болуға міндетті. Нағыз мұғалімнің бойында біріншіден осы қасиеттер болу керек. Алдыңдағы әрбір оқушыны танып, зерттеп, көзқарасынан не ойлап отырғанын ұғынып отыру, сөз саптау шеберлігі арқылы оқушыны баурап алу мұғалімнің бойына тән қасиет. Тіл- қару демекші, мәнді сөз айтып баланың жүрегіне жету өз қолымызда. «Оқытушы әлеуметтік әділеттіктің , адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс» деп көрсеткен жазушы С.Көбеев. Мұғалімнің бойында әділеттік, адалдық айқын көрініс тапқаны абзал. Барлық бала біз үшін бірдей, себебі әр баланың өзіндік артықшылығы мен кемшілігі бар. Бала адалдықты, ақ пен қараны тек мұғалімнің айтуымен қабылдайды. Оқушы бала болса да, әр мұғалімге сыни көзқараспен қарап, кімнің қандай мұғалім екенін біліп отырады. А.П. Чеховтың мынадай сөзі бар екен «Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түк те шықпайды» деген. Ал, ғұлама Абай атамыз «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады» деп айтып кеткен.
Мен өзім бірнеше жыл бойғы тәжірибемде осы ұстанымдарға сүйеніп келемін. Әр адамның бойында қанмен біткен әрқилы қасиеттері болады. Бірақ мұғалімнің бойында барлық жақсы қасиеттердің жиынтығы болу керек деп ойлаймын. Себебі мынау жақсы, мынау жаман деп ақыл айту бір бөлек, ал оны іс жүзінде көрсету бір бөлек дүние. Ұстаз деген ұлы атауды иемденіп отырып, аузыңнан шыққан әр сөзіңе есеп бермеу, ұстаздық этикасын сақтай алмау, өзін оқушыдан да, басқадан да биік қою, бұл әрине , ұстаздың қадір-қасиетін қашырады. Бала үшін қызықты әрі керекті пән ол мұғалімі тартымды пән. Ал тартымдылық мұғалімнің бойындағы инабаттылық, мейірімділік, ақжарқындылық, педагогикалық шеберлік, іскерлік,білімділік. Мұғалім мен оқушының арасында шынайы үйлесімділік болғанда ғана сабақ өз мақсатына жетеді деп ойлаймын.
Мен үшін осы ұстаздық тәжірибемде маңызды нәрсе қанша оқушымның арқасында алғысхат алуым емес, олардың жүрегі мейірімге толы, алға қойған нақты мақсаты бар, өзіндік арманы мен бағыт-бағдары бар, саналы да сапалы азамат болып қалыптасуы. Оқушым мектеп қабырғасында алған білімі мен тәрбиесін шынайы өмірде қолданып, жетістікке жетсе ол менің мақсатымның орындалғаны.


Алматы қаласы,Әуезов ауданы, Ғ.Мүсірепов атындағы 86 мектеп- гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жусанбаева Индира

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.10.2020
316
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12