Мұғалімге пікір

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалімге пікір

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан МемлекеттікУниверситеті тарихы кафедрасының доценті Белгібай Ж.Қ. мұғалімге берген пікірі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жоғары оқу орындары мен мектеп арасындағы сабақтастық


Қазіргі кезде Қазақстан сияқты мемлекеттің алдында тұрған міндет біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру және мемлекетті құрушы негізгі ұлттық озық дәстүрлерімізге сүйене отырып,жастар санасына туған халқының дүниетанымына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, әлемдік деңгейдегі өркениет құндылықтарын тиімді пайдалана білетін ұлттық рухты сіңіру,туған халқының мемлекеттік тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрін меңгере білуге баулып, оны қалыптастыру.

Қазіргі замандағы ғылым мен техниканың даму жағдайындағы ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемінің қауырт өсуіне байланысты жоғары оқу орындары мен мектеп арасындағы сабақтастық оқушылардың танымдық қызығушылығының қалыптасуына тікелей әсер етеді.

Заманауи мектептер жоғары оқу орын оқытушыларын бірлескен семинар мен конференцияға шақырып, мектеп педагогтары мен жоғары оқу орын оқытушылары арасындағы сабақтастықтың белсенді болуына ат салысуда.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті жыл сайын университет студенттерінің және мектеп оқушыларының ғылыми-практикалық конференфиясын өткізіп тұрады. Түркістан облысы Төлеби ауданы, Жеңіс жалпы орта білім беретін метебінің тарих пәні мұғалімі Габдуллина Зауре өз оқушыларын осы ғылыми-практикалық конференцияға қатыстырып, белсенділік танытты. Ұстаз конференцияға 10-сынып оқушысы Штейнпресс Александрды «Жұмабек Тәшенов – қазақ жерінің сақтаушысы » деген жобасымен қатыстырды. Габдуллина Зауренің жетекшілігімен орындалған жұмыста оқушы өзіндік болжам , ой қорытындысын жасау алған, ғылыми жоба талаптарға сәйкес орындалған, тың деректермен тақырыпты аша білген. Ұстаз оқушыға ғылыми жұмыс жазудың кезеңдерін, жұмысты орындау тәртібін, әдебиеттерді пайдалана білуді, деректермен жұмыс жасай алуды меңгерткен.Оқушы жұмысын қазақ тілінде қорғап, көпшілік алдында сөйлеуге ,ойын деткізуге дағдыланған. Конференцияда Александраның жұмысы үздік танылып, атап өтілді.

Осылай бүгінгі таңда білім беру саласында жоғары оқу орындарымен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға көп көңіл бөлінуде. Бұл байланыс нәтижесінде педагогтар өзара тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттырса, оқушылардың ғылымға деген қызығушылығы оянып, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауда да септігін тигізетіні анық.



М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан

МемлекеттікУниверситеті

тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Белгібай Ж.Қ.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.00.2022
7745
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі