Материалдар / Мұғалімнің кәсіби дамуының нәтижесі – сапалы сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұғалімнің кәсіби дамуының нәтижесі – сапалы сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала : Білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын табу, оны тәжірибеге енгізу уақыт күттірмейтін мәселе. Себебі нәтижеге бағытталған білім ғана – сапамен қамтамасыз етіледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Тамыз 2021
441
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалімнің кәсіби дамуының нәтижесі – сапалы сабақ





«Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының 2020 жылдарға дейінгі даму стратегиясында: «Қазіргі таңдағы адам ақпарат саласында қарқынды өрлеу жағдайында өсуде. Осы орайда мектеп алдындағы тұрған мақсат – оқушыларды өмір жолында туатын сұрақтарға жауаптарды өз бетімен табуға үйрету; өздерінің іс-әрекеттерінің салдарын бағалап, олар үшін жауапкершілікті ала білу, мұның өзі өмір барысында жиналатын білімнің негізі болатын өзін өзі оқыту мен дамыту дағдыларын алуды, осы білімді шығармашылық күйде қолдана білуді білдіреді. Мектеп осы жағдайларда өз оқушыларының бойында ұтқырлық, серпінділік, сындарлылық қасиеттерін дамыта отырып, заман өзгерістеріне әзірлеуі тиіс» - делінген(1,1бет).

Сондықтан да қазіргі қоғамдағы педагогтың міндеті өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын, білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Ал заман талап етіп отырған тұлғаны қалыптастыру оқыту үрдісінде, яғни сабақта қалыптасады. «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер», - деген Жүсіпбек Аймауытов. Сабақты ұйымдастыру – бұл мұғалімнің Ноу және Хауы. Сабаққа байланысты мәселенің бәрін мұғалімнің өзі шешеді. Сабақ оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамыту міндеттеріне сай ұйымдастырылады. Сапалы білім – мұғалімдердің шынайы қызметінің жемісі. Ұстаз беделі, ең алдымен, оның жеке басының қасиеттеріне, ұстаздық білім–біліктілік келбетіне байланысты екені анық. Білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын табу, оны тәжірибеге енгізу уақыт күттірмейтін мәселе. Себебі нәтижеге бағытталған білім ғана – сапамен қамтамасыз етіледі. Ал білімнің нәтижелігі – сапалы сабақта. Сондықтан да мектеп басшысы ретінде ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға баса назар аударамын.

Мұғалімдер 7 модульді сабақтарында кіріктіре отырып, оқу мақсатына жетуде оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана алды. Сабақтарда АКТ модулін мұғалімдердің де, оқушылардың да меңгергені байқалды. Оқушылардың шығармашылық қабілеттері бірлескен топтық жұмыс барысында байқалды, балалардың жас ерекшеліктерін, білім деңгейлерін ескере отырып, тапсырмалар дайындалды. Оқушыларды бірлескен топтық жұмысқа тарта отырып белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастырылды. Осындай тиімді ұйымдастырылған оқу әрекеттерінің нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артқандығы, ұйымшылдыққа бейімделіп, бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс атқарғандығы, бір ортақ шешімге келуге дағдыланғандығы байқалды. Өткізілген сабақтар барысында өзін-өзі, бірін-бірі оқыту процесінің жүзеге аса бастағандығына көз жеткіздік.

Сондай-ақ Lesson Study - мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсілдің бірі - екендігін ескеріп, бастауыш және орта буындарда негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында Lesson Study үдерісін жүргіздік. Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысты. Орта буында фокус тобының мүшелері Дүйсенбинова Гүлнұр, Бекбаева Сая, Жақыпова Гүлмира, бастауыш сатыда Оспанбаева Баян, Сайдахметова Жаңыл, Чудабаева Қамар, Ашимова Алина нысаналы сыныптарды (4,8 сынып), бақылауға алатын А, В, С деңгейдегі оқушыларды анықтап тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша жоспарланған сабақтарын өткізді. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту үрдісіне жаңа әдістер енгізіп, өздерінің іс-тәжірибелерін жетілдіріп отырды. Бірлесе отырып жинаған материалдары мен деректерін оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданды және де алдағы уақытта әзірленетін немесе жетілдірілетін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтады. Қандай да бір нәтижеге қол жеткізу үшін бұл үдеріс бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдіріліп отырды. Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson Study өткізді және оны қадағалады. Қолданылып отырған әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін, оқуда көрсеткен нәтижелері мен кездескен қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану мақсатында Lesson Study-ге талдау жүргізіліп, нәтижесін әдістемелік бірлестік отырысында мектеп мұғалімдеріне таныстырылым жасау арқылы ұсынылды.

Сондай-ақ мектепте сабақтың сапасын жақсарту мақсатында тәлімгер мен тәлім алушының арасындағы сенімге негізделген тәлімгерлік үдерісі дұрыс жолға қойылған. Тәлімгерлік ету арқылы тәжірибелі мұғалім өз білімін шыңдап, кәсіби тұрғыдан өсе отырып, тәлім алушыға ҚМЖ құруды, сабақты жоспарлауды, оқушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы оқу мақсатына жетуді үйретті.

Білім сапасын арттыру үшін сабақта жақсы білім берілу керек. Жақсы сабақты ұйымдастыру үшін мұғалім оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін меңгеруі тиіс. Сонда ғана мұғалім оқушыға сапалы білім беріп қана қоймай, оқушының өз бетінше білім алу дағдысын жетілдіре алады. Білімге тек үйренуге болады және де үйрену ісі белсенді әрекеттерден құралуы керек: ұмтылыс пен талаптану арқылы ғана біздің білуіміз ықтимал. Білім игеру процесінің басты қағидасы «Үйрету мүмкін емес, үйрену ғана ықтимал!» екендігін бұл жерде баса айту қажет.Адамзат тарихы «Үйрету мүмкін емес, үйрену ғана ықтимал» деген қағиданың ақиқаттылығын дәлелдеп берген жоқ па? Бұрынырақта білім берудің басты қағидасы «Үйрету!» болса, бүгінгі күні басты идея «Үйрену!», тіпті «Үйренуге үйрену!» ұстанымына айналып отыр. Ал мұғалім өзінің сабақты ұйымдастыру шеберлігін кәсіби біліктілікті жетілдіру курстарында шыңдайды, оқушыны үйренуге үйретуді үйренеді.





Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. І (ілгері деңгей) мұғалімдеріне арналған нұсқаулық Астана 2014ж

2. Lesson Study: теориясы мен қолдану тәсілдері Пит Дадли (Ұлыбритания) Астана, 2013

3. Асхат Әлімов. Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдері. Астана 2014





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!