Туманшиева Назым Кайратовна
Алматы қаласы, Алмалы ауданы
Б.Атыханұлы атындағы №36
гимназия
Мұғалімнің кәсіби өз
білімін жетілдіруі және өзін – өзі дамыту педагогикалық шеберлікке
бастар жол
Мен баяндамамды Үшинскийдің
«Мұғалім үйренуді тоқтатқан кезде өледі» сөзімен бастағым келіп
отыр. Себебі бүкіл оқу үдерісінің темірқазығы мұғалім болып
табылады. Түрлі дискурстар, түрлі реформалар, түрлі жаңа өзгерістер
мұғалімнің айналасында өтіп жатады. Сапалы білім беру бұл мұғалімге
байланысты екенін түсініп, мемлекетіміз мұғалімдердің біліктілігін
арттыруда. Мұғалім үнемі оқуы тиіс, өйткені оның оқушылары арқылы
уақыттық кезеңдер алмасады, айналадағы орта туралы түсінік
тереңдеп, тіпті өзгереді де. Ал, ең бастысы, өзі тұрақты түрде жаңа
білім алуға деген қажеттілікті сезінуі тиіс. Өзін – өзі дамыту –
бұл да өзімен тұрақты жұмыс жасау, өзін жетілдірумен, өзінің жеке
басын жетілдірумен жұмыс жасау болып табылады. Бұл үдеріс өмір бойы
жетістікке жетудің негізі болып табылады. Мұғалім сабағына үнемі
дайындалады, себебі қазіргі таңда ақпараттар күнене-күнге өзгеріс
үстінде. Жақсы мұғалім болу және өзіңнің кәсіби деңгейіңмен жұмыс
жасау – уақыт талабы. Өзін-өзі дамытуды төртке бөліп көрсетуге
болады:
-
Тікелей оқу – бұл дипломдық жұмыстар,
конференциялар, курстар, тренингтер, консультациялар және
т.б.
-
Мектеп ішінде оқу – өзара оқу және ынтымақтастық,
мониторинг және сапаны бағалау, тапсырмаларды бірлесіп жасау
жатады.
-
Мектептен тыс оқу – мектептер
мен жоғарғы оқу орындарының арасындағы серіктестік, кәсіби даму
орталықтары, пән бірлестіктері, реформалардың бағыттары бойынша
бірлестіктері жатады.
-
Сыныпта оқу - оқушылардың жауаптары, бақылау,
рефлекция және т.б арқылы үйрену.
Мұғалім өз білімін жетілдіру
жолында мектептегі кішігірім қоғамдастықтардан басатаса да болады.
Бұдан басқа тағы кәсіби конкурстарға қатысу, психология, педагогика
және оқыту әдістемесі мәселелері бойынша әдістемелік журналдарды,
жарияланымдарды зерттеп, оқу. Мұғалім әрдайым даму үстінде
сондықтан өзінің еңбек жолының барлығында зерттеуші болып табылады.
Әсіресе мұғалімнің кәсіби шеберлігін қалыптастыру барысында ғылыми
– әдістемелік іс- әрекет үлкен әсерін тигізеді. Өздігінен білімін
жетілдіру – саналы түрде дербес шұғылданатын танымдық қызмет.
Қазіргі таңда жаңа технологиялар саны күннен –күнге артып келеді,
Бірақ соның өз сабағына және өзінің де, оқушылардың да тез меңгере
алатынын таңдаған жөн. Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді – кәсіби
шеберлігі жоғары мұғалім ғана жүзеге
асырмақ.
Менің өмірдегі ұстанымым «Өзім үйрене отырып,
өзгелерді де үйрету» болғандықтан, осындай семинарларға қатысып
ақпарат ағынындағы жаңалықтарды өзім үйреніп, әріптестерімізге және
оқушыларымызға жеткізіп отыру ең басты міндеттерімнің бірі болып
табылады.
ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Елбасымыз
халыққа арналған жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған
елдің тығырыққа тірелері анық». Біз болашақтың жоғары технологиялық
және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға
тиспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең
ауқымда жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз
инновациялық экономика құра алмаймыз» деген болатын. Қашан да
білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры –
жас ұрпақтың тағдыры–бүгінгі ұстаздардың қолында.
Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті
дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық
шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Ол бір мезгілде әрі педагог,
әрі психолог және оқу үрдісін ұйымдастырушы технолог бола білуі
тиіс. Сонымен қатар, оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай
білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілеті бола білуі шарт.
Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.
Білім беруді ақпараттандыру үрдісі мұғалімнің
өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде
өзіндік қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан
мұғалімдердің жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін
пайдалана білуі үшін және оқыту құралы ретінде пайдалану бағыттары
бойынша білімдерін көтеру және қайта даярлауда ақпараттық әлемде
оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа
әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік
туғызды. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуға және
өздігінен білім алуға мүмкіндік алады.
Қоғам әрқашан да мұғалімге жоғары талап қояды.
Біреуді үйрету үшін, өзің де одан да көп білуің керек. Жаңа
формация мұғалімі тек өз пәнін білумен ғана шектелмейді,
әдістемені, жақын ғылымдарды, қоғам өмірін, саясатты, экономиканы
білуі керек, себебі оның алдындағы оқушылар өзгереді, уақыт
өзгереді, оқушының қоғам, қоршаған орта туралы көзқарастары
тереңдейді.