жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілік деңгейін арттыру
Байгараев Абилкасим Абдикадирович
№1 «Мырзакент» МГ
Мұғалімнің кәсіби стандартының және аттестациялау рәсімдерінің (психологиялық-педагогикалық)аспектісі талаптары тұрғысынан мұғалімнің кәсіби құзіреттілік деңгейін арттыру
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» – деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл — ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру оқытушының шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Оқушылар оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы: ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы. Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ оқытушы - қазіргі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады: бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б); мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті); оқу-танымдық құзіреттілік (өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу); коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы); ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті); әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті); тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті). Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы талап етіледі. Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана оқушы құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жанжақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады. Адамды тұтастықта тұлға деп тану қоғамды жаңаша құруға мүмкіндік береді. Өзін-өзі үздіксіз дамытып, өз әрекетін өзі дұрыс бағалай алатын тұлғалар ғана бәсекелестікке қабілетті қоғамда өз тиесілі орнын таба алады. «Тұлға - өз-өзіне тұтас дүниемен өзара қатынастарын үнемі баяндайтын және ойдағы әңгімелесушімен ішкі полемика барысында өзін-өзі анықтайтын, кіналайтын, қорғайтын, өзін-өзі жетілдіріп, өзгертетін адам. Тұлға – дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. Тұлға әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады, оның өзіндік дүниесі ерекше өмір жолын белгілейді және ол мазмұны жағынан әлеуметтік жағдайлармен анықталады». Әр баланың кеміс жерлерін тапқаннан гөрі, олардың жетістіктерін атап көрсету, нұсқауды мәлімдеу арқылы балаға нені оқыту керектігімен қалай оқыту керектігін көзге түртіп көрсетуі, нұсқаудың үздіксіз және жүйелі жасалып, бірізділікті сақтап отыру, баланың әлеуметтік, әсершіл, танымдық даму процестеріне бағытталып, жан-жақты болып ескерілуі, ата – аналармен Оқытушылар, оқытушылар мен білім алушылар арасындағы бірлескен белсенді қарым-қатынастың қамтамасыз етілуі, оқып үйренудің маңыздылығын айтып отыру керектігі. Оқушылардың тиімді білім алуына және табысқа жетуіне қолайлы жағдай туғызылуы. Оқушылар мен олардың ата – аналарын бағалау жүйесінің анық түсінікті болуы. Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану – білім мазмұнының заман талабына сай болуына, оқушылардың болашақта қажетті білімді толығымен алуына, білімді өздігімен меңгеруіне, өзін-өзі бағалай алуына, өз күшіне сенімділіктің болуына бағыттайды
Аттестаттау шеңберіндегі мұғалім қызметін бағалаудың негізгі міндеті - мұғалімнің кәсіби даму үдерісіне тұрақты қатысуы. Бағалау мұғалімді өзінің педагогикалық тәжірибесіндегі қиыншылықтарды талдайтын, оларды жеңу жолдарын іздейтін, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын зерттеуші позициясына қояды. Аттестаттау шеңберіндегі мұғалімді бағалау екі кезеңді қамтиды:
1. Ұлттық біліктілік тестілеу.
2. Қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық қорытындылары. Қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық қорытындылаудың құрамдас бөліктерінің бірі ретінде мектептегі мұғалім қызметін бағалау - мұғалімнің әлеуетін анықтайды, кәсіби дамуға мүмкіншіліктерді беру, ӘБ жетекшісі мен директор орынбасарына тәлімгерлік жүргізуге, мазмұнды кері байланыс жасауға мүмкіндік береді. Мұғалімнің өз әрекетінің мықты, әлсіз тұстарын анықтап, бағалап, келешекте тәжірибесін дамытуды жоспарлауы қаншалықты объективті тұрғыда бағалай алатындығы оның рефлексиялық ойлау деңгейіне байланысты. Егер де педагог өзінің біліктілігін жүйелі түрде дамытып, өздік білімін жетілдіріп отырса, бұл оның кәсіби әрекетінен көрініп тұрады. Сапалы оқыту үшін мұғалім практик болуы тиіс. Жинақтау талдауға қарағанда керісінше бөліктерді бір бүтінге жинақтап, қорытындылап, тұжырымдауды білдіреді. Өзін-өзі талдауда «педагог-модератор» сабақ жоспарын басқа тақырыптар және бөлімдермен өзара байланысын және ол тақырыптың оқу бағдарламасындағы орнын көрсете отырып талдау қажет. Қолданылатын оқыту мен оқу әдістерінің, ресурстарының, бағалау стратегияларының сабақ мақсатына, бағалау критерийлеріне қаншалықты сәйкестігін бағалау арқылы, сабақтың тиімділігі мен оқушылар қажеттігіне сәйкестігін анықтайды. Талдау мен бағалау кезінде мұғалім сабақтың тиімділігі туралы қорытынды жасай алады. Оқытуын талдау барысында мұғалім оқушылардың қажеттілігін ескергендігіне назар аударады, оқытудың тәсілдерін іске асыруы мен ресурстарды қолдануын, сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлеріне сәйкес іске асырғандығын бағалайды. Жоспарлау, оқыту мен оқушылардың жетістіктерін бағалау бойынша қалыптастырылған қорытындыларды талдау қажет, сонымен бірге, сабақты зерттеудің табыстылығын да бағалайды. Сабақты өткізу мен сабақты зерттеу барысында туындаған қиындықтарды талдау тәжірибенің даму аймағын анықтауға мүмкіндік береді. Сабақты зерттеудің сапасын бағалаудың нәтижесі бойынша тәжірибені дамыту аймағының мәнмәтінінде өзінің және әріптестерінің тәжірибесін дамытуға ықпалы болатындай әрекеттерді нақты көрсету қажет. «Педагог-зерттеуші» сабақ бойынша өзіндік талдауды тәжірибені зерттеу мәнмәтінінде ұсынады, яғни іс әрекеттегі зерттеу ретінде қарастырады. Бір сабақты жоспарлауын талдауда пәнаралық байланысқа назар аудару маңызды. Сондай-ақ, жоспарланған оқытудың тәсілдері, бағалау стратегиялары, сабақтың ресурстары оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға, сабақтың мақсатына жетуге мүмкіндік туғызатындығын бағалау қажет. Оқушылардың қабілеттерін және жалпы білім, біліктері мен дағдыларын жүйелі дамыту зерттеушілік қабілеттерін дамытуға әсер етеді. Зерттеушілік біліктері мен дағдыларға проблемаларды көру, сұрақтар қою, болжамдар жасау, түсініктерге анықтамалар беру, топтастыру, бақылау білігі мен дағдылары, эксперимент жүргізу, қорытындылар, ой тұжырымдар жасау, материалды құрылымдау білігі мен өз пікірін қорғау жатады. Тәжірибені зерттеу бойынша сабақты жоспарлаудың тиімділігі туралы қорытынды тұжырым жасауы қажет. «Педагог-зерттеуші» деңгейіне үміткер мұғалім сабақ бойынша өзіндік талдауын авторлық бағдарлама мәнмәтінінде дайындалған сабағының рефлексиясын ұсынады. Авторлық бағдарлама негізіндегі сабақ мұғалімнің жеке өзінің бекітілген авторлық бағдарламасы және соның мәнмәтінінде өз пәнін оқытуды жүзеге асыруы болып табылады. Сабақта өзіндік талдауда авторлық бағдарлама негізіндегі сабағын жоспарлауды мектептің кәсіби қоғамдастықта өткізілген ғылыми-зерттеу мен тәжірибені қорыту негізінде талдау жасау қажет. Оқыту әдістерінің, бағалау стратегияларының, сабақтағы ресурстардың оқушылардың жобалық-зерттеушілік дағдыларын дамытуға ықпал етуін, мақсат пен күтілетін нәтижелерге сәйкестігін бағалай отырып, мұғалім авторлық бағдарлама бойынша сабақты жоспарлаудың тиімділігі туралы қорытынды тұжырым жасайды және талдау мен бағалау нәтижесі негізінде әріптестерінің жоспарлау дағдыларын жетілдіруге ықпал жасайтын ұсыныстар береді. Сонымен қатар авторлық бағдарлама негізінде оқушылардың жобалық-зерттеушілік дағдыларын дамытуға оқытудың ықпал етуін талдау оқытудың тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалімнің тәжірибесін дамыту спираль тәріздес болғандықтан, «педагог-сарапшы» деңгейіне үміткер мұғалім «педагог-модератор» деңгейлеріне үміткерлердің талаптарына сәйкес болуы керек. Біліктілік санатының әр деңгейіндегі мұғалім сабақтарының айырмашылығы тек оқыту сапасына ғана емес, сонымен бірге оқушылардың бойында дамытылатын дағдыларымен ерекшеленеді. Мысалы, «педагог-модератор» деңгейіне үміткер мұғалім өз сабағын оқушылардың қажеттілігін есепке ала отырып жоспарлайды, «педагогсарапшы» өз сабағын оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, тәжірибені зерттеу мәнмәтініндегі сабағын жоспарлайды, ал «педагог-шебер» деңгейіне үміткер мұғалім оқушылардың жобалық-зерттеушілік дағдыларын дамытуды ескере отырып, авторлық бағдарлама негізіндегі сабағын қарастырады.
МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІНІҢ АРТТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ Адамның бойындағы жақсы қасиеттер мен адамгершіліктің сіңуі тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», «Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қонар» деген сөздердің мән-мағынасы арқылы ұстаздарға әрбір оқушы үшін жауапкершілікпен қарауды жүктейді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Құзыреттілік тұрғыдағы білім беру шеңберінде білім көлемінің ұлғаюына қарағанда, әрекеттердің жан-жақты тәжірибелерінің меңгерілуі басымды болып табылады, яғни әртүрлі жағдайлардағы іс-әрекеттер мен амалдардың жекелей жинақтары кеңейтіледі. Қазірде олар оқитын пән оқулықтарының мазмұны көбіне алғашқы сауаттылықтан басталып, әрмен қарай дамып, жүйелене түседі. Алайда, оны алдымен пән ұстазы ескеріп: «Игерілетін білім, білік, дағдылардың қайсылары функционалдық сауаттылыққа жол ашады? Олардың басқалардан ерекшелігі неде?» деген сүрақтарға өздері жауапты қарап, шәкірттердің санасына сіңірудің әдіс-тәсілдерін жан-жақты қолдануды басшылыққа алуы орынды. Ол үшін функционалдық сауаттылыққа жататын білімдер мен біліктердің, әсіресе, жиі қолданылатын іс-әрекет түрлерінің өзара тәуелділігін, бірімен бірінің үндестігін оқулықтардағы мазмұнының мәтінімен байланыстыру қажет екенін көрсеткен. Қазақстан Республикасы жоғарғы бiлiм беру мемлекеттiк стандартының тұжырымдамасында айқын көрсетiлгендей, қоғамымыздың жаңа әлеуметтiк тапсырыстары, өз кезегiнде оқу бағдарламаларын өзгертудi, оқытудың жаңа технологияларын енгiзудi көздейдi. Қaзipгi кeздeгi бiлiм бepу жүйeci әлeмдiк өpкeниeт көшiнe caй, жaн-жaқты aқпapaттықкoммуникaциялық тeхнoлoгиялapмeн қaмтaмacыз eтiлуi кepeк. Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге бет алуы барысында ақпараттық– коммуникативтік мәдениеті жоғары тұлғалық – дамытушылық функцияны кәсіби және біліктілік шеберліктері шыңдалған мұғалімдер болашақ проблемасының шешімін табу жолында қызмет атқарады. Бұл өзгерістер өз кезегінде болашақ интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың негізін салмақ. Бүгінгі күннің мұғалімі — білім беру үрдісіндегі инновациялық даму мен ақпараттық дамудан қалыс қалмай еңбек етіп жүрген озық тәжірибелі педагог. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алды. Білім беру саласында еңбек етіп жүрген ұстаздардың басты міндетінің біріоқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және инновациялық технологияларды меңгеру. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда білім берудің озық технологиясын меңгермей тұрып, сауатты, жан-жақты заманауи маман болу мүмкін емес. Ұлтымыздың ұлы ұстазы А.Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп білім мен біліктілік жайлы үлкен ой айтқан. Сондықтан да білім берудің нәтижелігі мұғалімнің шеберлігі, шығармашылығы мен оның кәсіби құзіреттілігіне тікелей байланысты. Сол кәсіби құзыреттілікке қатысты ақпapaттық –тeхнoлoгиялapды тиімді қолдана алса oқыту жәнe oқу үдepicтepiн жaқcapтуғa жaғдaй жacaйтын бoлады. Оқыту мeн оқу үлерісін жaңaшa ұйымдacтыpa aлaтын, пeдaгoгикaлық тeхнoлoгияның, oқытудың интeнcивтi жәнe интepaктивтi әдic-тәciлдepiн, бapлық дeңгeйлiк тәciлдepiн мeңгepe aлaтын мүмкіндік болуы керек. Aқпapaттық-коммуникaциялық тeхнoлoгия oқушылapғa ғылыми ұғымдapды түciндipудi жәнe oлapдың қaбылдaуын, түciнуiн жeңiлдeтугe мүмкiндiк бepiп, мұғaлiмдepгe caбaқ бepудe көмeктeceтiн мaңызды құpaл бoлып oтыp. Coндықтaн ocы тeхнoлoгиялapды oқыту бapыcындa тиiмдi қoлдaну мaңызды бoлып тaбылaды. Оқушылар өзiнiң түciнiгiн өзiндiк зepттeулepi мeн әлeумeттiк өзapa бaйлaныcқa cәйкec құpaтын бeлceндi бiлiм aлушы бoлып тaбылaды. Қазіргі талапқа сай оқыту мен оқу барысында оқулықпен жұмыс істеп қана шектелуге болмайды. Өйткені ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, мемлекетіміздің әлеуметтік экономикалық өміріне белсенді араласуға дайын құзіретті, интеллектуалды және жан-жақты жетілген маман тәрбиелеуді іске асыру керекпіз Оқыту мен оқу барысында оқ
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген