Мұғалімнің өзіндік инновациялық
даярлығын
қалыптастыру
жолдары
Жақсы мұғалім — бұл қай кезде
де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық
әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге
дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең
озық бөлігінін бірі деп есептеледі. Және солай болуға
тиіс.
Ел Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас
ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында». «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті
экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық
үшін» халыққа жолдауында
ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік
деңгейімен айқындалады
деген.
«Инновация» ұғымы ең бірінші XV- XIX ғасырдағы
мәдениеттанушылардың зерттеулерінен пайда болған, яғни бір мәдениет
элементтерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және
бұл ұғым этнографияда әлі күнге сақталған.
«Инновация» термині бүгінгі күнде білім беруде
теория-практикасында кеңінен қолдануда, алайда бұл терминнің
анықтамасы педагогикалық категория ретінде берілмеген. Көптеген
ғылыми еңбектерде «инновация» ұғымын білім беру жүйесінде
жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеттері
деп сипаттайды. Атап айтсақ, М.Құрманова өзінің «Педагогикалық
инновацияны іске асырудың жолдары» деген мақаласында бұл терминді
педагогикалық категорияға жатқызады және ол мектептердегі құбылысқа
тың жаңалық жаңа бағдарлама, оқу жоспары, әдіс-тәсілді оқу және
тәрбие жұмысына енгізу болып табылады» деп көрсетеді. Т.И. Шамова,
Г.И.Третьякованың еңбектерінде «инновация» деген жаңа мазмұнды
ұйымдастыру, ал «жаңалық енгізу» деген- тек қана жаңалық енгізу,
ұйымдастыру, яғни инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны
ұйымдастыруда, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңалық» деп жаңаның
мазмұнын, оны енгізудің әдіс-тәсілдері мен технологиясын қамтитын
құбылыс.
Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымын пайдалану соңғы
он жылдыққа жатады. Ең алғаш «инновация» ұғымы қазақ тілінде
анықтаған ғалым профессор Немеребай Нұрахметов. Ол былай
дейді: «Инновация,
инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің
жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір
бөлек қызметі».
Инновациялық іс-әрекет жаңашылдықты іздеп
шешугедайын болу қасиетімен де тығыз байланысты. Ал іс-әрекеттің
"негізгі құрастырушысы" ретінде Б.Ф.Ломов мыналарды бөліп
көрсетеді: мотивті, мақсатты, жоспарлауды, күнделікті мағлұматтарды
өңдеуді, оперативті бейнелеуді, шешім қабылдауды, іс-әрекеттерді,
қорытындыны тексеру және әрекеттерді түзету.
Болашақ ұрпаққа бәсекеге
қабілетті деңгейде білім беруге кәсіби қызметінің тұлғалық және
қоғамдық маңызын түсіне білген, оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық
технологияларын меңгерген мұғалім ғана жете алады. Өйткені, қазіргі
уақытта оқу-тәрбие үрдісіне, оның мазмұны,әдістері, ұйымдастыру
формалары мен басқару түрлеріне сапалық тұрғыдан жаңа талаптар
қойылуда.
Инновацияның мазмұндық
құрылымына кіретіндер — білім беру, тәрбие-леу үрдісінде,
оқу-тәрбие жұмысын және оларды меңгеріп алу, зерттеу, мектептегі
оқу-тәрбие үрдісіне енгізу.
Мұғалімнің инновациялық
іс-әрекеті төрт түрлі өлшеммен сипапалады:
♦ инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігін сезінуі;
♦ оқу үрдісіне жаңалық енгізуде шығармашалықпен қызмет етуге
даярлы-ғының болуы;
♦ енгізілетін жаңалықтардың бағытының дұрыстығына тиімді нәтиже
әкелетініне сенімді болуы;
♦ белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын инновациялық
іс-әрекетті толық өзіне қабылдап, оны енгізе
білуі.
Инновациялық даярлық жалпы кәсіби — педагогикалық
даярлықтың негізгі және маңызды саласы екені белгілі.
Инновациялық даярлық деген ұғымды қалай түсіну керек? Бұл өте
күрделі ұғым. Мұғалімдердің инновациялық даярлығына жататындар:
олардың оқьпу процесінің теориясы мен практикасы (мотивтері) мен
мүмкіндіктері. Нақты айтқанда, оқытудың мақсаттары мен мазмұнын,
оны ұйымдастырудағы қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерді жете біліп,
іске асырудың жолдарын меңгеруді — инновациялық даярлықты
анықтайтын белгілер деуге болады. Осыған орай, педагогикалық
қызметті атқаруға қажет мұғалімнің бойында мынадай дидактикалық
қабілеттер болуы керек: оқыту процесін жоспарлай білуі, оны
мақсатты түрде ұйымдастыра алуы, жүйелі түрде бақылау мен бағалау
ісін орындап отыруы
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың
2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім
берудің мақсаты: қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім,
білік, дағдылар мен құндылықтардың негізінде еркін бағдарлай
білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете
алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке
тұлғаны қалыптастыру екендігі атап көрсетілген. Ал мектепте білім
мен тәрбие берудің сапсасын қамтамасыз ететін, оны іске асыратын
басты тұлға – мұғалім.
Мектептегі оқыту — дидактикалық процесс болғандықтан, мұғалім оған
тән психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін білуі өте
қажет.
Оқьпу процесінің басты компоненті — оқытудың мақсаты мен мазмұны.
Оқушылардың рухани дамуына, ең алдымен, оқытудың ғылыми мазмұны мен
гуманитарлық бағыты орасан зор ықпал етеді. Жалпы білім беру,
негізінен, үш түрлі мақсатты көздейді:
Біріншісі — табиғат, қоғам, техника, өнер туралы ғылыми білім
негіздерін меңгеру. Бұған ғылымдағы негізгі заңдылықтардан,
фактілерден, жетекші ұғымдар мен идеялардан басқа, дүниетанымдық
идеялар мен сенімдер, практикалық біліктер мен дағдылар және ғылыми
ойлау тәсілдері жатады.
Екіншісі — оқушыларды практикалық іс-әрекетке даярлау, өз бетімен
қоғамдық пайдалы еңбек етуге дайындау.
Үшінші мақсаты — оқушылардың ғылыми көзқарасы мен сенімдерін
қалыптастыру оқу пәңдерін оқытуда олардың танымдық және тәрбиелік
мүмкіндіктерін мейлінше толығымен пайдалануды керек етеді.
Жүсіпбек Аймауытовтың: "Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл
әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашынған саналы
ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі
мақсаты — осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты
негіз салуы керек".
Білім беруде жоғары нәтижелілікке
жетудің бір жолы мектептегі оқу үрдісін инновациялық технологиялар
негізінде ұйымдастырумен байланысты.
Жаңа технологияның білім сапасын көтерудегі
әсері
Қазіргі уақыт талабы
мұғалімнен әр түрлі әдісті, ізденісті, жаңа идеяларды жан – жақты
қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, оны күнделікті іс
- әрекетінде жүйелі түрде қалыптастыруды қажет етеді. Сонымен
бірге, оқушылардың белсенділігін, жеке – дара жұмыс істеуін
ынталандыру, жеке көзқарастарының қалыптасуын, дамуын, оқу
еңбегінің нәтижесі тиімді болуын талап етеді. Яғни, әр оқушының жас
ерекшеліктерін ескере отырып, оның табиғи қабілеттерін анықтау,
өздік танымдық іс - әрекетіне бағыттау, оның субьектілік қызметін
жетілдіру, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Бүгінгі күндегі Қазақстанда бүкіл дүниежүзілік білім беру
кеңестігіне кіру мақсатында білімнің жаңа жүйесі құрылуын ескерсек,
көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі нақтылана түспек. Сондықтан
оқу – тәрбие үрдісіндегі негізгі мақсат – білімнің сапасы мен
тиімділігін қалыптастыра отырып, әрбір жеке тұлғаның білім
стандартын меңгеруіне, есте сақтау дағдыларының қалыптасуына, өз
бетімен жетілуіне, дамуына үлкен жауапкершілігімен
қарау.
Қазақстан Республикасының 12
жылдық білім беруді дамыту тұжырымдамасында педагогикалық
мамандарды дайындау мен білім сапасына қатысты нақты мақсат –
міндеттер мен принциптер көрсетілген. Бұл құжатта: «Қазір
педагогикалық қауымдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін
құруды, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеті
тұр».
Оқыту технологияларының түрлері мен
мазмұны
1.Деңгейлеп оқыту
технологиясы
2.Молдульдік оқыту
технологиясы
3.Дамыта оқыту
технологиясы
4.Жобалап оқыту
технологиясы
5.Проблемалық оқыту
технологиясы
Деңгейлеп оқыту
технологиясы
(авторы профессор Ж.А. Қараев) болып
табылады.
Бұл
технологияның ерекшеліктерін түсіну үшін дәстүрлі оқу үрдісімен
салыстыру кестесін ұсынамын:
Дәстүрлі оқу үрдісінде
|
Деңгейлеп оқытуда
|
1.Оқу – тәрбие үрдісінде басыңқы рөл
мұғалімде.
2.Мұғалім оқушыға дайын ақпаратты береді, оқушы
тек тыңдап, ақпаратты қабылдап отырады (дәріс, сұрақ – жауап,
жаттығулар,т.б).
3.Оқушылар жеке – жеке өз алдына жұмыс
істейді.
4.Оқушы білімін мұғалім
бағалайды.
|
1.Белсенді қызметті оқушы атқарады, ол өзі
оқиды.
2.Оқушы өзі ізденіп, өзі оқып, өзі үйренеді.
Сабақта проблемалық оқыту іске асырылады (жағдаятты шешу, балаға ой
тастау, т.б).
3.Жұмыс индивидуалды және топтық формада
өткізіледі.
4. Оқушылар өз жетістіктері мен еңбегінің
нәтижелерін бағалауға қатысады.
|
Сонымен, деңгейлеп оқыту
жүйесінде әрбір оқушы белгілі нәтижеге жету үшін өз шамасына қарай
әрекет етеді, бұл әрбір жеке оқушының жауапкершілігін көтеруге
көмектеседі, нәтижесінде оқу үлгерімінің жақсаруына себеп
болады.
Сонымен деңгейлік саралау технологиясының
тиімділігі:
-
оқушылардың сабаққа деген белсенділігін
арттырады;
-
жеке – дара жұмыс жүргізуге
ынталандырады;
-
жеке көзқарастары қалыптасып,
дамиды;
-
оқу
еңбегінің нәтижесі тиімді болады;
-
сынып оқушылары толық бағаланады және әр оқушы
өзінің алатын бағасын біліп отырады;
-
оқушының қызметі көптеген
тұлғалық қасиеттеріне қарай бағаланады (интелектуалды дамуы, тіл
мәдениеті, дербестігі, жауапкершілігі,
т.б.);
-
оқушылар арасында психологиялық жағдайлар
қалыптасады;
-
оқулықтағы тапсырмалар осы технологияға
негізделіп берілген.
Модульдік оқыту
технологиясы.
Модуль
дегеніміз –қандайда бір жүйенің,
ұйымның нықталатын, біршама дербес
бөлігі.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен
тұрады. Кіріспеден , сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен
тұрады. Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі
болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа,
тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына
байланысты.
Модульдік оқытудың
құрылымы
Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңғырту идея
салынған.Оның мазмұнына:
-
Оқытудың жалпы мақсатын
қою;
-
Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға
көшу;
-
Оқушылардың білім деңгейін алдын ала
бағалау:
-
Оқу
әрекетінің жиынтығы;
-
Нәтижені бағалау:
Кіріспе
бөлім
(модульге,
тақырыпқа енгізу)
|
Сөйлесу
бөлімі
(оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)
|
Қорытынды
бөлім
(бақылау)
|
Оқу модулін құрудың тағы бір
ерекшілігі- мұғалімнің даярлық жүйсі.
Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын
анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұның және нәтижелерін ,
сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып,
оқу модулін құрайды.
Дамыта оқыту
технологиясы
Дамыта оқыту технологиясы
қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі. Дамыта оқытудың негізін
Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып
талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К.Д.Ушинский,
Л.С.Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей
ғалымдары Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов
көтерді.
Оқу – адамның психикалық
дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде
адамды дамытады.
«Даму» ұғымы сөздікте
«мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық
өзгерістерге айналуы,»-деп
түсіндіріледі.
И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды
педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі
қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді.
Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады.
Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой
қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары
болады.
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің
төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар
байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер
атқара білу.
В.В.Давыдов ақыл-ойдың
дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын
есептейді.
Мұндай көзқарасты ұлы Абай да
уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн. Абай ақыл мен сана еңбек
барысында қалыптасатындығын айтады. Оның он жетінші сөзіндегі
қайрат, ақыл, жүректің сөз таластыруында тек бірлесіп ынтымақтасқан
жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын
әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін
байқаймыз.
Дамыта оқыту жүйесінде
оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы
зор.
Дамыта оқыту
технологиясының
тиімділігі:
-
оқушының өз қабілетіне, болашағына
сенуіне;
- оқушыны
ынталандыруға;
-
оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас
достығына;
-оқушының өз білімін өзі
бағалай білуіне
-баға
әділдігіне;
-білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік
береді.
Мұғалімнің өзіндік
инновациялық даярлығын қалыптастыру, қазіргі заманға сай
технологияларды меңгеріп, өз тәжірибесінде іске асыра отырып,
нәтижесінде білімді, дамыған ұрпақ
тәрбиелеу.