МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ: ТҰЛҒАТАНУ ҰСТАНЫМДАРЫ ТАРИХИ БІЛІМ БЕРУДЕ
АЛТАЕВА ФАТИМА ЖАЛАЛАДИНОВНА
М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ТАРИХ ПӘНІ ОҚЫТУШЫСЫ
Соңғы жылдары отандық тарихта жаңа мазмұн алған саланың бірі – тарихи тұлғатану деп білеміз. Тұлғатану ғылыми бағытының бүгінгі таңда әдіснамалық негіздері дамып келеді. Осы бағыттың негіздерінің бірі ретінде жеке тұлғалар арқылы танылатын мәдени, саяси, ұлттық, рухани құндылықтардан туындаған көзқарастардың тұтас болмысы қарама-қарсылықтардың бірлігі заңдылығы бойынша зерттеліп, ол құбылыстарды тұлғаландыру арқылы сипатталуында. Осылайша, қоғамдық-саяси қайшылықтардың сырын ашуда ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі біздің жұмысымыздың нысаны болуы орынды [1].
Тарихи тұлғатану бағыты–қазіргі кезде Отан тарихындағы тарихи оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлы байланыстарын ажыратып, қоғамдағы және адам санасындағы өзгерістер мен ауытқушылықтардың саяси-әлеуметтік негіздерін танып-білудің барынша мол деректерін жинақтаған сала болғандықтан да оны оқу-тәрбие процесінде қолданудың мүмкіндіктері аса үлкен деп бағаланады. Осыған байланысты зерттеудің келесі бағыты тарих сабақтарында тарихи тұлғатану материалдарын оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіретін педагогикалық мақсатты көздейді. М.Қозыбаев тәуелсіз тарихи сана қалыптастырудағы тұлғатану бағыты бойынша алдан шығатын танымдық тұрғыдағы сын-қатер ретінде қарастырып, тұлғатанудың методологиялық ұстанымдарының орнықпағандығына назар аударған еді [2].
Тарихи тұлғатану – аса күрделі сала болып саналады. Сол заманның қайраткерлері тарихи қалыптасқан өз қағидалары мен ұстанымдары бар тұлғалар. Интеллектуалдық тарих осы қағидалар мен ұстанымның қатаң сақталуын талап етеді [3].
«Тарих-и Рашиди»–өз заманының көрнекті, тарихи-әдеби энциклопедиялық сипаттағы туындысы. Қазақ хандығының құрылу тарихы жөнінде нақты тарихи мәліметтерді осы шығармадан алуға болады. 1541-1546 жылдары жазған автордың бұл еңбегі Орталық Азия халықтарының ғана емес, Қазақстан тарихына қатысты хронологиялық жағынан алғанда XIV-XVІ ғасырларға жататын тарихи мәліметтерімен маңызды. М.Х.Дулатидің еңбегіндегі XV-XVI ғасырлардағы қазақ хандығы тарихының құрылу кезеңі туралы мәліметтері – Қазақстан тарихы үшін құнды деректеме. 1465 жылдан бастап Қазақ хандығы тарихта дербес саяси мемлекет ретінде құрылғанын тұңғыш рет автор «Тарих-и Рашиди» еңбегінде жазып қалдырды. ХV-ХVІ ғасырлардағы Қазақ хандығының мынандай басты оқиғалары аталған еңбекте қамтылған:
1.Қазақ хандығының құрылуы (ХҮ ғ. 40-50 жж. Дешті Қыпшақтың саяси жадайы, Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы Моғолстан жағдайы, Керей мен Жәнібек хандардың Шу бойында хандық құруы);
2.«Қазақ» сөзінің мағынасы;
3. Алғашқы Қазақ хандығының негізін қалаған жеті хан - Керей мен Жәнібек, Бұрындық, Қасым, Мамаш, Таһир, Бұйдаш туралы мәліметтер;
3. ХVІ ғасырдың басындағы Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы және Қасым ханның билікке келуі мен Қасым хан тұсындағы қазақ хандығына сипаттама;
5. ХVІ ғ. 20-30жж. Қазақ хандығының әлсіреуі жайында;
6. ХV ғ. қазақ-моғол, қазақ-өзбек қатынастары турасында. ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Үнді және Орта Азия тарихшылары «Тарих-и Рашидиді» өз еңбектерінде көп қолданған. М.Х.Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» еңбегі мен тарихи тұлғасына берген тарихшы ғалымдардың тұжырымдарын тоқталатын зерттеп, зерделейтін болсақ;
Қaзaқ xaлқы – бacқa дa түpкi xaлықтapы ceкiлдi қиын дa бaй тapиxты бacынaн кeшipдi. Қaзipгi тaңдa өз ұлттық тapиxымызды тepeң тaнып бiлyдe eң aлдымeн pyxaни бaйлығымыздың қaйнapы бoлғaн тapиxи тұлғaлap өмipi мeн шығapмaшылығын зepттey қaжeт. Қaзaқ ұлты–тoтaлитapлық жүйe қыcымын түpiк, aзepбaйжaн, өзбeктepгe қapaғaндa көп көpдi. Ғacыpғa жyық мoйнымызғa киiлгeн бoдaндықтың қaмытынaн тәyeлciздiк тұғыpынa көтepiлгeннен кeйiн eң aлдымeн жoғaлтқaнымызды түгeндeп, мәдeни мұpaмызды зepдeлeyгe ұмтылyдaмыз. М. Қoзыбaeв былaй дeйдi: «Мұxaммeд Xaйдap Дyлaти кeшeндi түpдe көшпeндiлepдi динaмикaдa қapaп, oлapдың көшyдeн oтыpықшылыққa ayыcyын, дaлaдaн қaлaғa opнығyын, тaйпaлық oдaқтaн мeмлeкeткe өтyiн қapacтыpyмeн бiзгe қымбaт»[4].
«Тарих-и Рашиди» – XIV ғасырдан XVI ғасырдың орта шеніне дейінгі екі жүз жылдық тарихи кезеңді, яғни Орта және Алдыңғы Азия халықтарының басынан кешкен бірнеше ғасырлық саяси-қоғамдық және мәдени-әлеуметтік оқиғалардың даму, өзгеру және жаңару құбылыстарын жеткілікті деңгейде сипаттайтын энциклопедиялық сипаттағы ұлы шығарма. Шынында да «Тарих-и Рашиди» – тарихи шығарма, ғылыми тұрпатта жазылған ғұмырнамалық баян екендігі даусыз. Дегенмен, аталған еңбектің жанрлық ерекшеліктері туралы біраз ойланып, ізденетін жақтары да жоқ емес. Өйткені бүгінге дейін қазақ ғалымдарының көпшілігі шығарманың тарихи мән-мағынасына баса назар аударып келеді. Солардың бірі әдебиеттанушы Ш.Елеукенов: «Қазақстан тарихына қатысты жайларды солтүстікте Қадырғали Жалаири баяндап берсе, оңтүстікте тарихымыздың және бір маңызды беттерін Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде төгілтіп жазып берді» деп жазған. Әрине, тәжірибелі ғалым тарихи шығарма туралы деректеме бере отырып, автордың замана халін жай ғана сипаттап қоймай, «төгілтіп жазып бергені» сүйсіне баяндайды [5].
«Мұxaммeд Xaйдap өз eңбeгiндe көшпeлiлepдiң oтыpықшылыққa ayыcyын, дaлaдaн қaлaғa opнығyын, тaйпaлық oдaқтaн мeмлeкeткe өтyiн тұңғыш peт қapacтыpғaн ұлы тұлғa. XҮ-XҮI ғacыpлapдaғы Шыңғыc xaн, Әмip Тeмip шaпқыншылығынa ұшыpaп күйpeгeн eл, құлaзығaн дaлa көpiнiciн шынaйы cypeттeйдi.
Coңғы yaқыттa дyлaтитaнy ғылымы жaңaшa бaйыптay мeн дaмyғa көшyдe. Түpкi тiлдec xaлықтapдың бapлығынa opтaқ тұлғa peтiндe тaнылып кeлгeн Дyлaтидiң apғы тeгi қaзaқ eкeнi дәлeлдeнiп, ұлттық тapиxшы, ғұлама ойшыл, педагог қырлары талданған еңбектер жарық көрді. Өткен ғасырдың ортасында бeлгiлi шығыcтaнyшы тapиxшылap C.Г. Кляштopный мeн Т.И. Cyлтaнoвтың «Тapиx-и Paшидидi» жинaқтaп aйтқaндa, opтa ғacыpлық мұcылмaн тapиxнaмacындaғы Қaзaқ xaндығының epтe тapиxын бaяндaйтын жaлғыз шығapмa» (Кляшторный, 1963:54), ал opтa Aзияны зepттeyшi П.П. Ивaнoвтың «Тapиx-и Paшиди» – XҮXҮI ғacыpлapдaғы Мoғoлcтaн өмipi тypaлы мәлiмeттepгe нeгiз бoлaтын жaлғыз дepeк» (Иванов 1963:42) дeгeн бағалары толығымен дәйектеліп, ендігі уақытта ойшылдық пікірлерін мәдени-тарихи жүйелеп, құндылықтарын саралау, ұлттық тәрбие беру ісінде кеңінен қолдану маңызды болуда[6].
Орта Азия тарихын зерттеуші П.П. Ивановта (1893-1942) Орта Азияның көшпелі тайпалары және «қазақ» терминінің шығу тегін зерделегенде «Тарих-и-Рашидиге» жүгінген. 1958 жылы Мәскеуде жарық көрген «Орта Азия тарихының очеркі» кітабының «Өзбектер мен қазақтардың Орта Азия аумағында орналасуына дейін» атты бірінші тарауында П.П. Иванов: ХV ғасырдың бірінші жартысында Мұхаммед Хайдар есімді тарихшы Есенбұға ханның Керей мен Жәнібекті құшақ жая қарсы алып, оларға Шу алқабындағы жайлауды бергендігін айтқан. Осыдан кейін Керей оған қатысты жерлердің бәріне хан атанды, ал бұл оның Моғолстан ханның вассалы болғанын көрсетеді. Оның айналасына біртіндеп Әбілқайырға наразы болған ақсүйектер және де ең басты әміршілер, ал олармен бірге оларға тәуелді рулар жинала бастады» дейді. Әрине бұндай жағдайлар елде ұрыс-керіс, толқуларға алып келеді. Ал бұл Әбілхайыр хан иеліктерінің ыдырауына әкеп соқты. П.П. Иванов осы оқиғаларға қатысты жерлерді Мырза Хайдардың «Тарих-и-Рашидиіне» сүйеніп жазды. Соның ішінде өзбек ұлысында басталған ұрыс-керіс нәтижесінде жергілікті халықтардың Керей мен Жәнібек жерлерінде қауышуы бұл хандар билігінің күшеюіне алып келген фактор болған деп көрсетеді. Осының нәтижесінде қаңғып жүріп хандардың қасына жиналған жұрт қазақ деп аталғанына көңіл аударады[7].
Қазақ шығыстанушы ірі ғалым М.Әбусейтова бұл еңбекке жоғары баға берген. Одан кейін дулатитану саласын дамытуға үлкен үлес қосқан Ә.Дербісәлі Кашмирдегі ұлы бабаның қабірін тауып, оның еңбегінің әртүрлі тарихи, этнографиялық, географиялық, әдеби және мәдени мәліметтер беретін классикалық шығарма екендігін атап көрсете отырып, мынандай баға береді: «Қазақстан мен Орта Азия елдерін зерттеушілердің, тіпті, түркі тектес халықтардың мәдениетін зерделеген Еуропа ғалымдарының да ешқайсысы сол себепті күні бүгінге дейін «Тарих-и Рашидиге» жүгінбей өтпейді. Еңбек осымен де құнды». Сол кездің замандасы болған Дулати еңбегі бүгінгі күнге дейін құндылығын жоймаған Моғолстан халқы мен қазақ тайпаларының тарихының жылнамасы саналады.
Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи-и-Рашиди» еңбегі мен тарихи тұлғасы қазіргі таңда қор қызығушылық тудырып отыр. М.Х.Дулати жазған «Тарихи-и-Рашиди» - қазақ хандығының құрылуын, ХІҮ-ХҮІ ғасырлардағы тарихи оқиғаларды энциклопедиялық түрде сипаттайтын шығарма. Қазақ елінің тәуелсіздік алуымен Дулати есімі танымал бола бастады. Тарих жіне тұлғатану саласы бойынша М.Х.Дулатидың есімі мен оның «Тарихи-и-Рашиди» еңбегі қазақ елінің тарихында өзіне лайықты бағасын алары сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Г.Батырбекқызы. Phd, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, Шымкент қ., Қазақстан. ҰЛЫ ДАЛА ТҰЛҒАЛАРЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ВЕСТНИК КАЗНПУ.
-
Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі: Замана асуы. –Алматы: Ғылым, 1998. –344 б
-
Қойгелдиев М.Қ. Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры (ХVІІІ-ХХ ғғ.). Зерттеулер. – Алматы: Жалын баспасы, 2004. – 400 б.
-
Қoзыбaeв М. Өpкeниeт жәнe ұлт. – Aлмaты: Cөздiк-Cлoвapь, 2001, – 369
-
А.А.Мақсұтова, Б.Е.Көмеков. Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» № 4(24), 2020ж
-
Нұрышева Г.Ж., Мырзабеков Ж.Е. Казахский национальный университет имени аль-Фараби. Мұхаммед Хайдар Дулатидің философиялық дүниетанымындағы түркі өркениетінің мәдени-тарихи құндылықтары. Хабаршы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. №3 (61). 2017ж.
-
Мaқсұтoвa Aльбинa Әбeнқызы1, Кумеков Болат Ешмухамбетұлы, Апашева Сабира ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718 Отан тарихы №4 (96) 2021 М.Х. ДУЛАТИ ЖӘНЕ ОНЫҢ «ТАРИХ-И-РАШИДИ» ЕҢБЕГІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ МЕН ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫНДА.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз