ӘОЖ
41.537
Сағынбай Ақерке
Серікқызы
М.ХДулати
атындағы
Тараз өңірлік
университетінің
2-курс
студенті
жетекшісі: Мырзахмет
Ғ.К.
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ
ӨМІРІ МЕН ҚҰНДЫ МҰРАСЫ
Қазақ тарихының Герадоты,
әдебиетші,әдеби-тарихи құнды қазына “Тарихи Рашиди” еңбегі мен
“Жаһаннама” дастанының авторы – Мұхаммед Хайдар Дулати
бабамыз.
Мұхаммед Хайдар Дулатидың
толық аты-жөні Мұхаммед Хайдар ибн Мұхаммед Хұсейін гурген. Мұндағы
«Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсейін» - әкесінің аты.
Бабамыздың аты-жөні халық арасында қысқартылып Мырза Хайдар деп
аталып кеткен. «Мырза» атауы - текті әулеттен шыққандығының белгісі
ретінде айтылған[1, 118-119 б.б.].
Мұхаммед Хайдар Дулати 1499
жылы Дулат тайпасының, текті әулетнде дүниеге келген. Бабамыздың
арғы ата-бабалары Моғолстан мемлекетінің құрамына енген қазіргі
Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан жіне Шығыс Түркістан
жерлерінде лауазымды қызметтер атқарған. Бабамыздың анасыХуб-Нигар
ханым – Жүніс ханның қызы. Ал әкесі, Ташкентті билеген лауазымд
тұлға жіне Жүніс ханның күйеу баласы. Туыстқ шежіреден қарастырар
болсақ, бұл ретте Мұхаммед Хайдар Дулати бабамыз бен Ұлы Моғолдар
әулетінің негізін қалаушы Захираддин Мұхаммед Бабырмен бөле болып
келеді.
Елге еңбегі сіңіп, тарихта
атын қалдыра білген ай тұлғаны алып қарар болсақ та, әрқайсысының
өмір жолында белгілі бір қыйын кезең кездеседі. Сондай
қыйындықтардың бірін біздің ұлы бабамыз Мқхамед Хайдар Дулати де
басынан өткізген болатын. Әлі ес жиып үлмеген бала Мырза Хайдар
жастайынан әкесінен айырылып, одан көп ұзамай анысның да о дүниеге
аттануы бабамыздың өмірін түбегейлі өзгерткен қайғылы оқиға болды.
Ата-анасынан жетім қалған Мырза Хайдар бөлесіЗахираддин Мұхаммед
Бабырдың қолында тәрбиеленеді.
Захираддин Мұхаммед Бабыр
бөлесі Мырза Хайдарды өз баласындай шынайы қамқорлығына алып оның
ел қамын ойлар білімді тұлға болып қалыптасуына өз септігін
тигізіп, білім алуына толықтай қолайлы жағдай жасайды. Өз-өзін
қолға алып, даму жолына келген Мырза Хайдар бөлесі Бабырдың
рұқсатымен Сұлтан Саид хаға барып, сонымен бірге Қашқардағы сарайда
тұруға шешім қабылдайды. Мырза Хайдар Қашқарда болған кезінде
сондағы сайрай қызметін басқарады және Саид ханның бастауымен
болған шайқастарға қатысып отырады.
Мырха Мұхаммед Хайдар Дулати
әдебиет пен тарихқа қосқан үлесінен бөлек өзін батыл жауынгер әрі
тәжірибелі басшы ретінде де көрсете білгенін ұмытпауымыз керек. Тек
бейбіт уақытта ғана қолына қалам алып, тарихи-әдеби туындыларын
аққағаздың бетінде өрнектеуге мүмкіндік
болған[2, 12-19 б.б.].
Бабамыздың ең көлемді екі
шығармасы осы күнге дейн қаймағы бұзылмай сақталып келеді. Ол
шығармалардың бірі «Тарихи Рашиди» болса, ендігі бірі « Жаһаннаме»
дастаны. Екі шығармада көшпелі түркі халықтарының тарихы мен
мәдениетін, сол кезеңдердегі оқиғалар мен құнды деректерді және сол
замандағы тұлғалардың адамдық қәсиеті жайында терең ой
қозғалады.
«Тарихи Рашиди» - бабамыдың ең
көлемді еңбегі болы табылады. Бұл туынды 1541- 1546 жылдары
аралығында Кашмир өлкесінде жазылған, «Тарихи Рашиди» еңбегінде XIV
ғасырдың ортасынан XVI ғасырдың 40-жылдарына дейінгі Моғолстан мен
Шығыс Түркістанның тарихы және XiVXVI ғасырлардағы Қазақстан, Орта
Азия,Ауғанстан, Солтүстік Үндістан, Тибет тарихына қатысты құнды
деректер баяндалған.
«Тарихи Рашиди» - парсы
тілінде жазылған шығарма. Бұл еңбек екі бөліктен тұрады. Оның
екінші бөлігі 1541 – 1542 жылдары жазылған. Ал бірінші бөлігі 1546
жылы жазылған.Бірінші дәптер 70 тараудан тұрады. Бқл дәптерде
тарихи баяндау түрінде жазылған, яғни,, бұл дәптерден тарихи күндер
мен оқиғаларнақты баяндалған. Екінші дәптер мемуарлық сипатта
жазылып шыққан. Бірінші діптер хронологиялыө жағынан алғанда,
Моғолстан мен Қашғариядағы Тоғылық Темір ханнан Рашид ханға дейінгі
кезеңдң қамтижы. Бұнда автордың дүниеге келген кезеңінен бастап,
1541-1542 жылға дейінгі кезеңдерді қамтитын оқиғалар мен сәттердің
жиынтығы. Екінші дәптер, біріншісіне қарағанда көлемдірек, 117
тараудан тұрады[3, 18-19 б.б.].
Бұл еңектің «Тарихи Рашиди»
аталуының өзінің бірнеше себептер қарастырылған. оның бірінде бұл
атаудың берілуіне Темір ханды Ислам дініне алып келген Аршаддин
шейхтың құрметіне делінсе, ал бірі Тоғлық Темір ханның өз халқын
дұрыс жолмен (Рушд) бастап жүрінің құрметіне дедй. Ал тағы бір
деректерді алып қарастырар болсақ сол кездерде Қашқарда билікте
отырған Абдрашид ханның құрметіне арнлып қойылған
деседі.
Байқағаныыздй, «Тарихи
Рашиди» еңбегі атауының өзінде-ақ тарихи құнды мағлұматтар жатыр.
Ал шырғарманы толық оқып қарастырар болсақ еліміз бен өзге де
көшпелі халықтардың байырғы өмірі жайында тарихи құнды деректерді
кезддестіріп, зерттеп, рухани жаңғыруды орната аларымыз
анық.
Пайдаланған
әдебиеттер
-
Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана:
Фолиант, 2006. Т.6: Әлемдік тарихи ой. 2006. – 448
б.
-
Қозыбаев М. Шығармалары. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы,
2013. –Т.4. – 328 б.
-
Дулати М.Х. Тарих-и Рашиди (Хақ жолындағылар тарихы) –
Алматы: М.Х.Дулати қоғамдық қоры, 2003. – 616
б.