2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ МҰРАЛАРЫ
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ МҰРАЛАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
М. Әуезов шығармашылығы мен өмірі жайлы мақала
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ МҰРАЛАРЫ

Саркытбай Ақнұр Болатханқызы

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі

Педагог-зерттеуші

«Би Боранбай атындағы орта мектебі» КММ

Абай облысы, Ақсуат ауданы, Қызыл кесік ауылы


Ұлы Дала үшін ағарту ісі деген не? Ағартушы деген кім? Тұран даласындағы Түркі халықтарының түпкі тамырынан бастасақ, ағартушылыққа, ағаруға, жарыққа қарай бет түзеп, өмір сырын ұғуға әуел бастан құштар бабалар ұрпағымыз. Қағандары мөрін бұзау терісіне басып, тарихын тасқа қашаған, Көк Түркілерді қараңқы болған, надан болған деп айта алса, бірінші солардың ұрпағын кемсіткісі келген, өздері кемшін саналы, өзгенің өркөкірек (шовинист) ғалымдары ғана айта алатын шығар.

Біз ХVІІІ ғасырдан басталған ағарту ісі жайлы білім, ғылым, оқу айналасындағы әңгімелерімізді тек орысша ағару яғни, Рессейге бетбұрыс, тек солардың көзімен қарағандағы ағару деп анық мойындар уақыт келді. Әйтпегенде, төте қазақ әліпбиі қолданысқа енбеген шақтар болғанмен, араб- парсы әліпбилерінде жаза, сыза білетін санасында саңылауы бар қазақ баласы аз болған жоқ.

Жасымнан жетік білдім түрік тілін,

Сол тілге аударылған барлық білім, – дейтін Шәкәрім Құдайбердіұлының сөзі біраз жайтты аңғартса керек.

Жалпы ағартушылық бағытындағы Мұхтар Омарханұлы еңбектерінің бірнеше томға жүк болғанын ХХ томдық шығармалар жиынтығын қарап отырып түсінеміз.

Кеңестік дәуірде көшпенділер әдебиеті мен мәдениетіне аяусыз шабуылдар жасалды. Адамын жеңіп болған үстем ұлт, енді рухымен ойнады. Руханиятын жойғысы келді. Соның бірі бауырлас қырғыз елінің «Манас батыр» жыры. «Бұл таңды таңға ұрып айтылатын, ұшы қиырсыз мол мұра тіпті бір ұлттың бүтіндей тарихы, әдебиеті һәм мәдениеті»,- деп Мұхтар Әуезов атамыз ара түсіп, Мәскеуде баяндама жасап, аман сақтап қалған.

Мұхтар Омарханұлының осы еңбегін қырғыз халқы зор құрметпен бағалаған. Ыстықкөл жағасында бүгінгі тілмен айтқанда жекежай салып берген. Қырғыз азаматтарының ризашылығымен салынған ондай үй сол тұстағы Кеңестік жазушылардың ешқайсында болмаған. Әлем таныған қырғыздың Ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматов Мұқаңды өзіне ұстаз тұтқан.

Сана дамуының жаңа бағытын бастап, елін білім ғылымға үндеген үш алып: Шоқан, Ыбырай, Абай. Негізінен Абайды зерттеген ғұлама жазушының Шоқан мен Ыбырай жайлы да қалам тербеген кездері аз болмаған. «Ыбырай Алтынсарин - қазақ мәдениетінің зор қайраткері» деген мақаласында Шоқан, Абай үшеуін салыстыра отырып, ағартушылық жолындағы еңбектерін саралап жеткізеді.

Ол қазақтың тұңғыш мектебін жасаушы. Бұратана елдер үшін тың үлгі жасап, жаңаша бағыт беруші және сол жаңаша мектептерге алғашқы оқулық жазушы. Сондықтан ол зерттеуші ғалым Шоқан мен дала философы Абаймен қатар аталуы, қатар тұруы керек деп тоқталады.

Қазақтың алып жазушысы М.Әуезов қатты қысым көрседе, өз ұлтын сүюуден таймаған жан. Нақылға бергісіз мынау бір сөзіне назар салсақ: «Кімде кім қазіргі уақытта өзінің ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды». Академик М.Әуезов тек жазушы болған жоқ. Ұстаз болды. Университеттерде дәріс оқыды. Абайды аяқтан тұрғызды, ұлтымен табыстырды. Тек проза емес драмматургияға да орасан зор үлес қосты.

Қазақ рухының шырағын жағып, шыңға бастаған Мұхтар Әуезов есімі қазақ елімен бірге мәнгі жасай бермек. Әуезовтың Абай жолы роман-эпопеясын оқып отырып, ол жазылған уақытты ескерсек Құнанбай образын аша алмауы саясат салқынынан жасқанудан туғанын ұғу қиындық тудырмайды.

Әрине әдебиеттанушы Тұрсынжан Шапайдың тілімен айтсақ, «Әуезовтың Абайы өз Абайы, ол әдеби кейіпкер». Бұл жерде Құнанбай да солай, бірақ қазақ өмірінің жарты ғасырын бейнелеген бұл шығарма ағартушылық бағыттағы құнын жоғалтуы мумкін емес. Кейінгі ұрпақты рушылдық дертінен айықтырып, жаңаша үндеген заман құбылысы.

Бір «Көксеректің» өзіндегі қасқыр мен ит бейнесі арқылы азаттықты аңсаған алып жүректі анық байқаймыз. Кер заман, кереғар дәуірде өмір сүре тұрып бізге зор мұра қалдырған Мұхаңның еңбегін кейінгі дәуірлер өз таразысына салып түсінуі керек. Түнектегі жұрттың санасын түлетуге сіңірген еңбегін ешқашан ұмытпауға тиіспіз.

Жастайынан Алаш идеясын қолдаған ел ісіне ерте араласқан жан болғандықтан, Кеңес үкіметі орнағаннан кейін оның жолына тұру, қарсы сөз айтып ісін алға бастырмау, сол арқылы абырой жинағысы келген талайларға оңай жол болды. Бірақ соның ешқайсысын мойындамай ұлты үшін, елінің ертеңі үшін аянбай тер төкті, еңбегі еш кетпеді. Бүгінде М.Әуезов есімін білмейтін қазақ баласы жоқтың қасы. Алып тұлғаның арманы да сол болса керек.

М.Әуезов Абай жайлы қашан жазса да, марқұм деген сөзді қолданбаған.

Сұрағандарға «Абай мен үшін мәңгі тірі адам» деген екен.

Біз үшін де Мұхтар Омарханұлы Әуезов мәңгі тірі адам.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Алаш ақиықтары. — Алматы: Алаш, 2006.-288 б..
2. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы 15-т., — Алматы: Жазушы,1984.-328 б.
3. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы 20-т., — Алматы: Жазушы, 1984.-328 б.



26 Ақпан 2025
114
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі