Материалдар / Мұхтар Шаханов өмірі мен шығармашылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұхтар Шаханов өмірі мен шығармашылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
11-сынып сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Мамыр 2020
2472
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 15.05.2020 ж. Пәні: қазақ әдебиеті Топ: 114


Сабақтың тақырыбы: Мұхтар шаханов өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,студенттердің ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) Сымбатты,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу ;

б) Студенттерді мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздендіру,түсіндіру т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Кабинеттің тазалығына көңіл бөлу. Студенттердің зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1. Ф. Оңғарсынова нешінші жылы дүниеге келді?

2. Ф.Оңғарсынованың оқыған оқу орны?

3. Алғашқы өлеңдер жинағы нешінші жылы жарық көрді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:


1. Мұхтар Шаханов кім?

2. Хронологиялық кестемен жұмыс:

1942- 2 шілде Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген.

1969- Шымкент педагогика институтын бітірген.

1984- «Жалын» журналының бас редакторы.

1986- Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының хатшысы.

1988- Арал және Балқаш проблемалары жөніндегі қоғамдық комитетінің төрағасы.

1988- Наурыз мерекесінің қайтарылуына мұрындық болды.

1993-2003- Қ.Р.-ның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.

40- тан астам шығармалары елге танымал.


3. Ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысу.

Еліміз үшін көп еңбек сіңіріп, қоғам өмірі мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың түрлі қасиетін өз өлеңдеріне арқау еткен Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір ауданы, Қасқасу селосында дүниеге келген.

1996 жылы Қазақстан Республикасы Халық жазушысы, 1999 жылы Қырғыз Республикасының Халық ақыны атақтарына ие болады.

1961-65 жылдары Шымкент педагогикалық институтында білім алып, оқуды бітірген соң "Оңтүстік Қазақстан", "Лениншіл жас" газеттерінде, отандық телевизия, радио, редакцияларда жұмыс істейді. 1966 жылы көптен күткен «Бақыт», 1968 жылы адамгершілікті арқау еткен «Балладалар», 1970 жылы «Ай туып келеді», 1974 жылы «Қырандар төбеге қонбайды», 1979 жылы «Ғашықтық», 1982 жылы «Махаббатты қорғау», 1988 жылы «Ғасырларды безбендеу» атты жыр жинақтары жарық көреді.

1984-1993 жылдар аралығында «Жалын» альманағының бас редакторы болып жұмыс істейді. Артынша 1986 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болып орналасады. 2004-2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болғанға дейін Қазақстан Республикасының Қырғыз республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып қызмет жасайды.

Ақын шығармаларын әртүрлі тақырыпта жазады. Ғашықтық ғаламатында біреуді бақытқа бөлеп, біреуді мұңға батырған махаббаттың құдіреттілігін баяндайды. Серт пен сөзге ұмытшақтау өлкеде Ғашық болып өлу - қандай мәртебе! - деу арқылы адам баласының өмірдегі мақсатын баян еткендей болады. «Сейхундария», «Күретамырды іздеу», «Арман», «Шың басындағы оқиға» сынды өлеңдері де философиялық ой түюге тұрарлық. Ақын өлең жазып қоймай, драматургия саласына үлес қосқан. Осыған дейін «Махаббат таңы», «Көкейтесті», «Сенім патшалығы» сынды пьесалары сахналанған болатын. Мұнымен қатар, «Уақыт бедерлері», «Зерде кітабы» атты жинақтары орыс тіліне аударылған.


4. Замандастар көзімен:

Мен оның халқын осындай тегеурінді перзент тудыра алғандығымен құттықтағым келеді. 

Дайсаку Икэда

        

Ол – жаңаша ойлау дүниесінің өрені. Менің пайымдауымша, мұндай өзгеше мән-мазмұнға ие ақын бүгінге дейін күллі Азия әдебиетінде болған жоқ.

         ......Нақ осындай заңғар деңгейдегі ақын XX ғасыр мен XXI ғасыр аралығында бой көрсетуі керек ақ еді. Ол ақынның Мұхтар Шаханов екені дауыссыз.                                                                     Шыңғыс Айтматов


Білімді бекіту:

  1. М.Шаханов нешінші жылы дүниеге келді?

  2. М.Шаханов қандай оқу орнын бітірді?

  3. «Ғашықтық» жыр жинағы нешінші жылы жарық көрді?

Білімді бағалау: студенттердің жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма: М.Шахановтың өмірі және шығармашылығымен қосымша материалдан оқып, тансысу.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!