Тақырыбы:
«Мұқағали – мәңгілік
ғұмыр»
Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмір
баянымен оқушыларды таныстыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға
дағдыландыру, поэзия әлемімен оқушылардың жан дүниесіне үңілу,
эстетикалық тәрбие беру. Ауызша да, жазбаша да еркін көркем
сөйлеуге ақын шығармалары арқылы үйрету.
Көрнекілігі: М. Мақатаевтың банері,
«Мұқағали мәңгілік ғұмыр» атты кітап көрмесі, ұлағатты сөздер,
журналдар, музыкалық аспап.
Түрі: әдеби поэзиялық
кеш
1
жүргізуші: Құрметті шақырылған қонақтар,
оқушылар 9 ақпан Мұқағалидың туған күніне орай ұйымдастырылып
отырған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты поэзия кешіне қош
келдіңіздер.
2
жүргізуші: ХХ ғасырдың екінші
жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлес қосқан ақиық ақынның
жыл сайын 9 – ақпанда туған күнін еске түсіріп, Мұқағали әндері,
Мұқағали оқулары республикалық, облыстық, аудандық, мектепшілік
өткізіліп тұрады. Мұқағали - көптеген отты өлеңдердің, жүйрік
поэзияның, небір әсем әндердің авторы.
1
жүргізуші: Шындап ұққан адамға Мұқағали
өмірдің шын рахатын мейлінше сезініп кеткен аса бақытты адам. Бүгін
біз Мұқағали Мақатаевтың өмір жолдары мен шығармалары туралы
әңгімелейміз
2
жүргізуші Мұқағалидың өлеңдеріне кезек
береміз ортаға оқушыларды шақырамыз
1
жүргізуші.Мұқағалидың өлеңдері шын
шабыттан, шын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған.
Ақынның «Бықсып жанған қоламта емес, артымызда шоқ қалсын» деген
сөзінің сыры терең. Иә. Ақынның мұңы бізге жетті. Поэзияның аламан
бәйгесінен оза шауып, шашасыны шаң жұқтырмаған ерен жүйрік,
талантты тұлға Мұқағали өлеңдерін білу – үлкен
мақтаныш.
2
жүргізуші: Сыршыл ақын Мұқағали Мақатаев
1931 жылы 9 – ақпанда Алматы обл, Райымбек ауданындағы Қарасаз
ауылында өмірге келді. Негізгі азан шақырып қойған аты Мұхамедқали.
Бірақ ата-анасы оны кішкентай күнінен «Мұқағали» деп еркелете атап
кеткен.
1
жүргізуші: Сөз кезегі мектептің кітапхана
меңгерушісі Айнагул Толеукайрқызына
беріледі.
Ақынның балалақ шағы соғыс
жылдарымен қатар келіп, ерте есейіп арба айдап, масақ теріп, соқа
салып, шөп шабады. Орта мектепті бітіргеннен кейін ауылдың кеңес
хатшысы, комсомол қызметінде болып, біраз жұмыстар атқарады. 1949
жылы көктем мезгілінде Лашын апамызбен танысып, өз отбасын құрады.
Алмагул, Шолпан атты қыздары Айбар, Жұлдыз атты ұлдары дүниеге
келеді. Майгул есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап,
Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырады.
Ақын көбіне Отан, достық,
табиғат туралы көп жырлайды. Табиғат – Мұқағали шығармаларының
жаны. Ғажайып табиғат суреттері болмаса, Мұқағали өлеңдері де
көпшілік көңілінен шықпас еді. Қазақ радиосында біраз жыл еңбек
жасап, «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде,
«Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгрушісі
болып еңбек етіп, артынан Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби
кеңесші болып жұмыс істейді. Ақынның өлең жырлары баспасөз
беттерінде жарық көреді. Фариза Оңғарсыноваға арнап, «Фариза қыз»
деген өлең жазады. Өзінің өмір баянын «Менің анкетам» деген
өлеңінде жазды. Ақын алғаш өлеңді 10 жасынан бастап жазды. Әкесі
Сүлеймен соғысқа кетіп, сағыныштан «Қырман басында», «Қойшы бала»,
«Әкетай» деген өлеңдер дүниеге келді. Ақын шығармаларының үлкен бір
саласы - оның поэмалары. Бірнеше өлеңдеріне әндер жазылды. Н.
Тілендиев ақын өмірден өткен соң қатты күйзеліске түсіп, жүрегі
әлсіреп, екі ай емханада жатады. Екі ай откен соң жұмысқа оралады
бешпетінің қалтасынан хат шығады. Мұқағалидың жазуы: «Аға, мен ғой.
Дертім қозып барады. Не боларын білмеймін. Мынаған назар аударып
көріңіз» депті. Бұл «Есіңе мені алғайсың» әні еді. Бұл әнді кезінде
Мадина Ералиеваның орындауында естінен болатынбыз. Ақынның
өлеңдеріне көптеген әндер жазылды солардың бірі «Армысыңдар
адамдар» осы әнді орындап берейін қабыл
алыңыздар.
2
жүргізуші: М. Мақатаев әдебиет шеңберінде
қалып қоймай географ, эколог екені әр өлеңдерінен көрініп тур.
Мұқағали тамаша ақын ғана емес, табиғатты жөніз құрып бара жатқанын
да жырлады. Шығармалардың өн бойынан табиғатты танып білудің үздік
үлгісін көрсете алатын тәрбие мектебі.
1
жүргізуші: Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз
өлеңдерінде махаббат тақырыбында кеңінен
суреттеген.
«Махаббат диалогы» оқитындар
Нағима апа мен Гулжан
-
Құс боп ұшып жоғалсам не етер
едің?
-
Сені іздеумен мәңгілік өтер
едім.
-
Отқа түсіп өртенсем не етер
едің?
-
Күл боп бірге соңыңнан кетер
едім.
-
Бұлдырасам сағымдай не етер
едің?
-
Жел боп қуып ақыры жетер
едім
-
Қайғы әкелсем басыңа не етер
едің?
-
Қойшы, сәулем, бәрін де
көтеремін.
2
жүргізуші: Мұқағали поэзиясына бас
имейтін адам жоқ. Ақын жырларын терең түңіле оқыған сайын өмірдің
қыр – сырына көз жеткізіп, шындықты табасың. Жер - жерде еңбектеген
сәбиден еңкейген қартқа дейін ұлы аруаққа мың-мың ете тағзым
етуде.
1
жүргізуші: Ортаға оқушыларды және
аудандық Мұқағали оқуларының жеңімпазы 9 – сынып оқушысы
Боранғалиева Ділназды шақырамыз ақынның өлеңін және өзі шығарған
арнау өлеңін оқиды
2
жүргізуші: Мұқағали – қазақ поэзиясының
пір тұтар азаматы. Оның өлеңдері санаңа жарық сәуле түсіріп,
бойыңды бай белестерге бағыттайды. Оның өлеңдері қаншалықты биік
болса, адамның оған деген құлшынысы соншалықты
жоғары.
1
жүргізуші: Кітап көрмесіне шолу
танысыратын Шошаева Ақжүніс
2
жүргізуші: Құрметті оқырман қауым бүгінгі
шарамызда ақын жайлы ойларыңызды жинақтау үшін сіздерге бірнеше
сұрақтар қойылады.
1
жүргізуші: 45 жыл ғана қысқа ғұмыр ішінде
халқына өшпес мұра қалдырған ақынның мол, мұрасын бір күнде оқып
білу мүмкін емес. Ақын шығармалары ұрпақтан – ұрпаққа тарап,
жалғасын таба береді.
2
жүргізуші: Қорытынды сөз кезегі мәдениет
үйінің кітапхана меңгерушісі Маншук Жолдығалиқызына
беріледі.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім. Тума талантымен өлең әлемінде өз
қолтаңбасын қалдырған Мұқағали мұрасы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып,
қазақ поэзиясының алтын қорынан орын алатын өлмейтін, өшпейтін
мәңгілік мұра. Өзінен кейінгі ұрпақ өз өлеңдерін жаттап өсетінін,
сол өлеңмен өмір кешетінін, өз өлеңдерінің әнге айналып, қазақ
көгінде шарықтайтынын ақындық жүрегімен сезе білгенін байқадық.
Мұқағали өлген жоқ. Ол бізбен бірге жырлары да мәңгі жасай
бермек.
Өткізген
Кітапхана меңгерушісі
Сисенгалиева А.Т.