Материалдар / Мұқағали-ғасыр ақыны (әдеби-поэзиялық кеш)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұқағали-ғасыр ақыны (әдеби-поэзиялық кеш)

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мұғалімдерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2021
424
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұқағали-ғасыр ақыны (әдеби-поэзиялық кеш)

Мақсаты:

-XX ғасырдың  таңғажайып ақыны Мұқағали Мақатаевтың жырларын өлең сүйер қауымға кеңінен насихаттау,

-ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып өзгешелігіне көңіл бөлу, өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыландыру, отаншылдыққа, сүйіспеншілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу, ақынның  парасатты поэзиясы арқылы адамгершілікке тәрбиелеу .

Түрі: Әдеби- поэзиялық кеш.

Көрнекілігі:Акт залын шарлармен безендіру. Ақынның портреті, интербелсенді тақта, үнтаспа, қанатты сөздер, шағын көрме, буклет, автордың кітаптары, мақала қиындылары т.б.

1-Жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар, құрметті оқушылар! Бүгін ақиық ақын Саф өлеңнің жүйрігі, ақиық ақын, қазақ поэзиясының мұзбалағы, Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жас толуына байланысты ұйымдастырылып отырған кешке қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Ақын тойы – бәріміздің тойымыз, өзін қазақпын деп санайтын бүкіл халық тойы.

Бүгін менің туған күнім, ой, пәле-ай,

Мына халқым неге жатыр тойламай?!

Бір той жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай! – деп ақын сөзімен айта келе, «Мұқағали – ғасыр ақыны» атты поэзиялық кешімізді ақын М.Мақатаевтың есімін ардақтауға арнаймыз!

Хор «Сарыжайлау»

1-Жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев

Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден, - деп жырлаған ақын биыл тірі болса ақпан айының тоғызында 90 жасқа толар еді.

2-жүргізуші: Алдымен кешімізді бастамас бұрын Мұқағалидың өз дауысын тыңдап алсақ

1-жүргізуші: 
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»


Иә, ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда. Алдымен ақынның өз өмір жолы туралы жазылған 
«Менің анкетам» өлеңін қабыл алыңыздар.



-        Туған жерің? 
-        Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың. 
-        Туған жылың? 
-        1931. Құрдасымын  Шәмілдің. 
-        Жынысың кім? 
-        Еркекпін ғой, еркекпін! Және-дағы    тәуірмін... 
-        Партияда барсын, ба? 
-        Жоқпын. Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын. 
-        Шыққан тегің? 
-        Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын. 
-        Білімің ше? 
-        Орташа ғой. Алайда өзім жоғарыға балаймын. 
-        Ана тілің? 
-        Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар. 
-        Қайда істедің?

-        Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал. 
Оқымаған, дипломсыз демесең, 
Бір басымнан бар мамандық табылар.

-        Міндеттісің бе әскерге? 
-        Міндеттімін. 
Біздің әлі жас кеуде. 
Жауынгердің ұлымын ғой, 
Жанын қиған Мәскеуге. 
-        Сөгіс алып көрдің бе? 
-        Ол жағынан періште едім дей алмаймын 
Мен мүлде. 
Ойлы-қырлы бүл өмірде болады ғой мүлт кету, 
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де... 
-        Шетелдерде болдың ба? 
-        Болғамын жоқ. 
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. 
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, 
Осы отырған орнымда-ақ. 
-        Мекен-жәйің? 
-        Мекен-жәйім - жер менің. 
Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, 
Мен өмірді жырлау үшін келгемін!


2 - жүргізуші:
Ән сал, жаным!
Әніңмен тербет мені
Бір сәтке тынсын, тіршілік жер көктегі
Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкке қалықтайды. Оның сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.

Әндерін тыңдау.


1-Жүргізуші

Мәңгі тірі, өлмейді ол, рухы мықты,

Жартастардан мұңды үні жаңғырды.

Абай дана айтқандай - өр ақынның,

өлмейтұғын артында сөзі қалды.

7-сынып оқушысы Болат Аяжан «Махамбеттер, Абайлар-ай...» өлеңін оқиды.



2-Жүргізуші:

Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы, - деп Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрейік.
7-сынып оқушысы Максим Рамазан «Ей, өлең» атты жыр жолдарын ұсынады.



1-Жүргізуші: Ақын түс көрді. Түсінде «Шешем басында ақ жаулығы бар, Абай атамыздың қасынан қуана басып, маған күліп келе жатыр. Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп, ұзақ толғаныстан соң «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келеді.
«Шеше, сен бақыттысың» өлеңі. Оқитын 11-сынып оқушысы Аватов Дегдар


1-Жүргізуші: Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені махаббат мәселесі – бұл мәңгілік тақырып. Бірақ әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әр қалай шығарады. Ақынның сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш, бір үміт, бір өкініш, бір күдік болатындығы жасырын емес.
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің!?
Көзімнен ғайып болған күнім едің
Гүлім едің
Елтіген түнім едің.
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің? – деп жырлаған Мұқағали ақын. Ендеше, ақынның махаббат тақырыбына жазылған жырын назарларыңызға ұсынамыз.
«Махаббат диалогы»

-Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?

-Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

-Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?

-Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.

-Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

-Қойшы сәулем, бәрін де көтеремін.


2-Жүргізуші: Мұқағали Мақатаев біздің дәуірдің 60-70 жылдарындағы қазақ поэзиясының шоқтығын биік көтерген талант иесі. Ол әдебиетке келген жылдардан-ақ жыр әлеміне үлкен дайындықпен, ауыз әдебиеттің бай мұраларынан терең сусындап, мөлдірінен сіміріп бойына шалқар қуат дарыта келді.


1-Жүргізуші: «Біз Мұқағалиды сәл де ұмытқан жоқпыз. Ұмыта да алмаспыз. Қайта арамызға түскен уақыт оның тұлғасын зорайта асқақтата түсіпті...», - дейді Әбділда Тәжібаев.

Ендеше келесі кезекте ақиық ақынның «Шыда, Шыда» өлеңін 9-сынып оқушысы Аватов Әди оқиды.


2-Жүргізуші: Егер біз Абай десек - Әуезовті, Құлагер десек - Ақан мен Ілиясты, ал Қарасаз десек – Мұқағалиды қатар айтамыз. Кішкентай ауылдан шыққан үлкен ақын - өзін де, ауылын да бар қазаққа танытты.

7-сынып оқушысы Турганалиев Ғаниет «Апырмай, туған жер-ай» өлеңін оқиды.


1-ЖүргізушіМұқағали Мақатаев ғасырдан ғасырға жырлары жаңарып, жетіп отыратын тот баспайтын шын асыл. Қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарса,ол ақынның еліне, өлеңіне деген адалдығы.

«Отан» өлеңін оқитын 8-сынып оқушысы Ізбасарова Мирдана.


2-Жүргізуші

Өмір! Мұқағали осы өмірде өрт жүрегімен маздап, лапылдап жанып тұр. Оның өлеңдері - өрт жүректің өмір өзені. Ал өмір өзен – тұрған өшпес өлеңдер!

«Пай, пай, өмір» өлеңі. Оқитын 11-сынып оқушысы Айдина Мукашева.


1 - жүргізуші:
Аузын ашса, жүрегі көрінетін,
Көмейінен отты жыр төгілетін,
Қайран Мұқа, аруақты ақынсың ғой
Қас тұлпардай жер тартып тебінетін.

«Фаризаға» өлеңін оқитын Аватов Дегдар

2-Жүргізуші:
Бейнет кешіп жасыңның жастығында,
Көрдің талай пақырдың қастығында.
Мазақ қылды-ау біреулер іші күйіп,
Сәттеріңді айналған тас тұғырға.

Белгілі жазушы Ғабит Мүсіреповке арнап шығарған өлеңін қабыл алыңыздар. «Ғабаңа» өлеңі. Оқитын Айдина Мукашева

1-Жүргізуші:
Қазақ талай қазақпен кектеседі,
Керек емес біреудің от көсеуі.
Тілден безіп жүргендер бір сөзіңнің,
Дәмін алса ешқайда кетпес еді.
Ақиық ақынның ұрпаққа ұран болған жырларын елі де, ақынның ой мен сезім астасқан жырларын жаттаған жас қауым да ешқашан естен шығармайды деп сенеміз. Мұқағали ақынның тағы бір арнау өлеңі «Қасым солай болмаса».
Оқитын Бекешева Айымгүл 7-сынып оқушысы.


2-Жүргізуші:

Бала ақынға армансың - Мұқағали,

Ұқсағысы келетін өлеңімен,

Ғашықтарға армансың – Мұқағали,

Жүрек отын жеткізер жырыменен.

«Алтын адам» өлеңі. Оқитын Ахметова Дильназ 7-сынып оқушысы.



1-жүргізуші: Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?

Әр әні толы ғой армандарға

Шерте білген мұңдарын жас қайынға

Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?

«Сап-сары жапырақтар» оқитын Джубандыкова Айнаш 7-сынып оқушысы.


1-Жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізіне берейік.
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Рахмет!

2-жүргізуші: Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар  деп ойлаймыз.

1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!

2-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!

(Кеш барысында мәнерлеп оқуда, әндерін орындауда көзге түскен оқушыларды марапаттайды).
Жүргізуші: Бүгінгі поэзия кешіне қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз.

1-жүргізуші: Сонымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған «Мұқағали-ғасыр ақыны» атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды.

Жүргізуші: «Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған» - деп болашақ ұрпаққа жол сілтеген
Мақатаев жырлары, бүгінгі кеш барысында оқушыларға шабыт беріп, өз бойларындағы таланттарын шыңдауына арқау болады деген сенімдеміз. Олай болса, поэзия кешіміздің қорытынды сөзін мұғалімдерге береміз.
2-жүргізуші: Келесі көріскенше амандықта болайық.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!