Материалдар / Мұқағали Мақатаев
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мұқағали Мақатаев

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қырқүйек 2018
921
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Мұқағалимәңгілік ғұмырМақсаты:а) білімділік: М.Мақатаев өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыруә) тәрбиелік: отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алуб) дамытушылық: оқушының сөйлеу мәдениетін дамытуЖүргізуші: Қайырлы күн қадірменді жыр сүйер қауым! Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналған «Мұқағалимәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Кезінде ақиық ақын М. Мақатаев: «Ақынмын деп қалай мен айта аламын, Халқымның өз айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын», - деп қарапайым қазақтың қара өлеңінің жілігін шағып, майын ішті. Дегенмен, өзінің әділ бағасын ала алмай кеткен ақынның әділ таразысы халық болды. Оны күллі халық сүйіп оқыды. Мұқағали шын мәнінде, бір туар екенін халыққа таныта білді.Мұқағали Мақатаев бар мұнда , - деп бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың бүгін туған күні.Ендеше ақын шығармашылығын еске алып мына видероликке назар аударайық.1.оқушы «Бүгін менің туған күнім»Бүгін менің туған күнім, Ой бәлі-ай! Мына адамдар неге жатыр тойламай?! Банкет жасап берер едім өзім-ақ Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай Мына дүние неге жатыр үндемей, Алаулатып тойдың шоғын үрлемей. Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып, «Мынау шапан, Мынау атың мін » демей. Мына жұртқа жақпады ма әлденем?! Бекер өмір сүргенім бе әлде мен? Халқым, Сенің қасиетіңді білем деп, Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?! Айтамын деп қуанышың, мұңыңды, Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?! Мен бәрібір өзіңменен бір болам Өзегінен тепсең –дағы ұлыңдыЖүргізуші: М. Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Әкесі Сүлеймен осы өңірде колхоз ұйымдастырушы болды. 1941 жылы майданға аттанып, содан оралмады. Шешесі Нағиман қарапайым шаруа адамы еді.2-оқушы «Сенім туралы жыр!»3-оқушы «Әкелер»4-оқушы «Сәби болғым келеді»Жүргізуші: Балалық шағынан–ақ ақын ерте есейді, еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшасы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметінде болды. 1954-1962 жылдар арасында қазақ радиосында диктор болды, 1962-1972жылдар аралығында «Социалистик Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында білім меңгерушісі, 1972-1973 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істеді. Мұқағалидің тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылдыұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір - дастан», «Атамекен», «Райымбек» т.б кітаптары жарық көрді.5-оқушы «Мен сені сағынғанда»6-оқушы «Жоқ дәрігер»7-оқушы «Үш бақытым»Жүргізуші: Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды.Солардың бірі ақынның сөзіне жазылған Бақыт деген әнін тыңдайықӘн: Бақыт дегенЖүргізуші: Мұқағали – біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылыымды зерттемек болсаңдар, онды мен не жазам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мен өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген екенндеще қашан да ақиқаттық ақ туын көтеріп, әділет пен адалдақты тең ұстаған ақынның ғажайып сырлы өлеңдеріне кезек берейік.8-оқушы: «Шеше сен бақыттысың»9-оқушы: «Шыда,шыда»Жүргізуші: Мұқағали мұрасы, маржан поэзия – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы. Халық көңілін сусындатқан, ақын өлеңдерінің көпшілігі өмір туралы, тірршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жыр етеді. Өмір дегенге Тірлікте сірә жетер ме ой! Жарық сәуледен Басқаның бәрі бекер ғой, Бекер ғой бәрі, бөтен ғой, Өмір дегенің бір күндік сәуле екен ғой! Жүргізуші: Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Пай! пай! пай! Киелі неткен жер! Батырлар дүрілдеп өткен жер, Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер, Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.Жүргізуші: Иә, ұлы ақынның сезімінде, туған еліне деген махаббатында шек бар ма?! Ендеше Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Саржайлау» би кезек берейік.Би: СарыжайлауВидеоролик: Ақын туралы 9-дерек10-оқушы: «Қара өлең» Жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артында сөз қалдырған Табиғатында адамға жаманшылығы жоқ, жаны жуас, жомарт, өзін басқаның бәрінен кіші санайтын ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек.Осымен М. Мақатаев шығармашылығына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кешімізді аяқтаймыз.





















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!