Мұқағали Мақатаев әдеби кеш

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұқағали Мақатаев әдеби кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұқағали Мақатаев Поэзия менімен егіз бе едің? әдеби кеш
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ш.Абенов атындағы жалпы білім беретін орта орта» КММ









«ПОЭЗИЯ, МЕНІМЕН ЕГІЗ БЕ ЕДІҢ?!»

Әдеби - сазды кеш





Ұйымдастырушы: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тәжмұхаметова А

Сыныбы: 7-11 сыныптар аралығында



«ПОЭЗИЯ! МЕНІМЕН ЕГІЗ БЕ ЕДІҢ?»

Әдеби - сазды кеш

Тақырыбы «ПОЭЗИЯ! МЕНІМЕН ЕГІЗ БЕ ЕДІҢ?»

Мақсаты: Қазақ поэзиясының қайталанбас сөз зергері, ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірі, өлең – жырлары туралы мәліметтер беру, ақын туралы естеліктермен таныстыру; оқушылардың танымдық көзқарастарын дамыту; халықтың асыл ұлы Мұқағали жырлары арқылы бүгінгі жас ұрпақты поэзияны сүюге тәрбиелеу; Ақынды еске алу.

Көрнекіліктері: Ақиық ақынның суреттері, слайдтар, бейнебаяндар, ақын шығармалары бойынша кітаптар көрмесі, интернет сайттарының кітапхана материалдары

Шараның барысы:

1-жүргізуші. Армысыздар, қадірменді қонақтар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі

Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орайластырып ұйымдастырылған «ПОЭЗИЯ! МЕНІМЕН ЕГІЗ БЕ ЕДІҢ?» атты әдеби-сазды кешке қош келдіңіздер!

2-жүргізуші. Қара өлеңнің көш керуенін қара нардай алға сүйреген биігіміздің бірі әрі бірегейі Мұқағали Мақатаев - ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ ақын. Ол өзінің қысқа ғұмырында өзіне-өзі сенген. Асыл ой, жауһар сезімге суарылған жырлары қазақ халқының рухани әлемін байытқан үстіне байыта түскен, қиялы ақ қарлы Алатау жаққа шарқ ұрған, асқақ мұзарт шыңдарға қарай қанаты талмастан биіктен-биікке самғаумен келген ақиық ақынның жырлары мен көркем дастандары - сол сенімінің жемісі. Ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр.Олай болса, Мұқағали Мақатаевтың өмір жолына шолу жасайық.

Бейнебаян

1-жүргізуші. Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.   

Мұқағали Мақатаевты атақ пен даңқ өлген соң өзі іздеп тапты. Тіршілігінде осы үшін жанын сала күрескендердің тағдыры керісінше шешіліп жатады.

Өйткені биік таулардың алыстаған сайын зорая түсетіні сияқты, мықтылық та уақыт озған сайын  тұлғалана бастайды. Хантәңірі нақ осылай. Ал Мұқағали ақын табиғатына айнымай тартып туған ақын.___________________________________________________

2-жүргізуші:

Бүгін менің туған күнім,

Ой пәлі – ай!

Мына адамдар неге жатыртойламай?

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірімнің жарытпай-ақ қойғаны-ай! – деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды. Бүгін де сіз бен біз боп ұлы ақынымыздың туған күніне жиналып отырмыз. Бірақ арамызда ақынның өзі емес, ақынның албырт жырлары мен  жансыз суреттері.

1–жүргізуші. Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінің мүшесі, жеті жылдық мектептің мұғалімі

болды. М.Мақатаев Нарыңқол аудандық «Советтік шекара» газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды. Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» қазіргі «Егемен Қазақстанда», «Мәдениет және тұрмыс», қазіргі «Парасат», «Жұлдыз» журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарды. Өзінің шынайы таланты, сырға толы, тұнық та мөлдір жырлары арқылы халықтың жүрегіне жол тапқан. Мұқағали мұрасы бүгінде туған халқының қажетіне жарап, рухани азығына айналып отыр.___________________________________________________________________

2-жүргізуші. М.Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқымайтын, тыңдамайтын адам жоқ.Ақын

ағамыздың қалам тартпаған тақырыбы қалмаған. Ана мұның, әке зарын, жетім-жесір қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббатты, достықты жырға қосқан. Өз

халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қадірлей білген ұлтжанды ақын.

2-жүргізуші:  Мұқағалидың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқыған жазушы Ғ.Мүсірепов ақынға қатты риза болып, алтын қаламсабын сыйлаған екен.

«Аққулар ұйықтағанда» орындайтын_________________________________

1-жүргізуші. Иә, «Бақыт деген не өзі?»

«Үш бақытым» өлеңі_____________________________________________

2-жүрігізуші. Ақын Мұқағали дегенде есімізге еріксіз поэзия падишасы атанған Фариза Оңғарсынова түсетіні сөзсіз. Ендеше Мұқағалидің ақын апамызға арнаған өлеңін назарларыңызға ұсынамыз.

1-жүргізуші. Айналасына ақ жауындай нұрын сеуіп, тау суындай мөлдір, таза сыр ағытып,келер ұрпаққа «Шолпан», «Дариға – жүрек», «Соғады жүрек», «Өмір – өзен», «Аманат», «Армысыздар достар», «Өмір-дастан», «Қарлығашым, келдің бе?», «Жырлайды жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Аққудың қанатына жазылған жыр», ұлағатты еңбектерін ұсынды. Жырсүйер қауымды тамсандыра баурағаны да баршамызға мәлім.

2-жүргізуші. М.Мақатаев поэзиясы талай жүрекке от берген. Оның жырлары оқырманмен бірге мұнайып, бірге шаттанады. Оның әр шумақ өлеңінен шындық пен ақиқат жеңісі үшін тауға да, тасқа да жар салған ақын жүрегінің үні естіледі. Туған елдің тұңғиық намысын, шыңдықтың шыңына ту етіп, қадамын нық басып, шындықты жырлаған.

_____________________________________________________________________________

1-жүргізуші. М.Мақатаевтың сазды лирикалық өлеңдерін оқыған сазгерлер үлкен әсерде болады. Мұқағали өлеңдеріне көптеген әндер шығарылды. Бұл Мұқағали өлеңдерінің өте бір нәзіктігі. Сазгерді ән салуға жетелеп, өмірге талай тамаша ән әкелді. Мұқағалидың жырлары жастардың жүрегіне, халқының жүрегіне жарқырап жетіп, жалын құйып, өзінің жарығы мен жылуын дарытуда. Оқыған сайын жаңа сырларын, сырлы саздарын төгуде.

__________________________________________________________________

2-жүргізуші. М.Мақатаевтың өлеңдері, жыр-шумақтары ғасырдан-ғасырға жалғаса береді.

Мұқағали Мақатаевтың есімі жалпы қазақ баласына, жырсүйер қауымға ыстық екені сөзсіз. Ақынның өзі айтқандай, оның өлең-жырлары өлген жоқ.

1-жүргізуші. Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп өзі айтып кеткендей, ақынның өлеңдері еш уақытта өлмейді. Ұрпақтары Мұқағалиды ешқашан да ұмытпақ емес, ұлы ойшыл кереметтей көркем өлеңдерімен мәңгі жасай бермек.

2-жүргізуші. Мұқағали Мақатаевты ұрпақтары ешқашан ұмытқан емес. Мұқағали бір ғасырда бір келетін, қазақ поэзиясының алтын домбырасы дерліктей хас талант иесі. Иә, жақсы жырды, жақсы ақынды таңдай білсек, қорғай білсек, хақымыздың рухани өзегі, сана байлығы толыға түсері анық. Мұқағали Мақатаевтың әрбір өлеңін қымбат қазынымыздай сақтап, оқуымыз керек. Ол – біздің міндетіміз.

1-жүргізуші. Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып , аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сияма, ойлаңдаршы ,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?- деп Абай атамыз жырлағандай, 45 жыл ғана қысқа ғұмыр ішінде халқына өшпес із қалдырған ғасыр ақыны Мұқағали жырларынан біраз сусындағандай болдық . Әрине , ақынның мол , таусылмас мұрасын бір күнде, бір сағатта оқып білу мүмкін емес . Ақын шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа тарап , жалғасын таба береді.

2-жүргізуші. Жазылар естеліктер мен туралы;

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір-бір ер-тұрманы

__________________________________________________________________

1-жүргізуші. Өзінің «Күнделігінде» ақын 1976 жылдың 14 ақпанында былай деп жазыпты

«- Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанында түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Бүкіл менің жазғаным, бүтін бір поэма. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма. Егер нанбасаңдар, барлық өлеңімді жинап, бір жинаққа топтастырып көріңдерші. Естеріңде болсын, әрбір өлеңім өз орнында тұрсын. Яғни жылына және бойына қарай, сонан соң көз алмай оқыңдар. Егер мені содан таппасаңдар, онда ақын болмағаным!»

2-жүргізуші. Мұқағали – жалпыхалықтық, ұлттық тұлға. Әрбір өлеңін оқығанда, оның қазақ екенін жазбай танисың, ұлт ақыны екенін айқын аңғарасың. Жалпы ұлттық рух дегенде, мынадай басты құндылықтарымызды алға тартар едік. Олар – туған жер, өскен өлкеміз, ана тіліміз, тарихымыз, дініміз, салт-дәстүріміз. Міне, осы құндылықтардың қай-қайсысы болса да, Мұқағали шығармаларының алтын арқауы.

1 - жүргізуші:

Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жок десек

артық айтқандық емес. Махаббат мәселесі, бұл – мәңгілік тақырып. Бірақ әр ақын өз сезімін өзінің ішкі жан дүниесін әрқалай шығарады. Мұқағалидың сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш – бір үміт, бір өкініш – бір күдік болатыны жасырын емес.

2-жүргізуші: Мұқағали шаңырақтың тұңғышы болғандықтан, оны әжесі Тиын өз бауырына салды. Мұқғали өзінің әжесі жайында: «Мені сөзге, жырға үйреткен, тәрбиелеген, халықты сүйюге үйреткен-әжем», - дейді. Ақынның әкесі Сүлеймен шаруа адам болған. Колхозда сушы, шалғыншы болып жұмыс істеді. Анасы Нағиман апа да қарапайым адам болған.

1-жүргізуші: Анашым!

Асыл анам, есіл анам

Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді

Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам!

2-жүргізуші:Мұқағали – туған жерді, Отанды, елді сүю тақырыбына көсіле қалам тартқан қаламгерлердің бірі. Туған жерге, Отанға деген ыстық сүйіспеншілікті үлкен азаматтық сезіммен жырлаған туындылар Мұқағали Мақатаевтың бүкіл шығармашылығының алтын арқауы.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

1-жүргізуші :М.Мақатаев балаларды жанындай жақсы көрген. Оларға арнап өзінің күнделігінде былай деген: «Сүйікті балаларым менің! Ақылсыз болмаңдар! Өмір толы қауіп, абай болыңдар! Өмірдің әрбір құбылысына байыппен, ақылмен қараңдар!..»Ақынның балаларға арнап жазған біраз өлеңдері бар. Олай болса ақынның өлеңдеріне кезек берейік.

____________________________________________________________________________________________________________________________________2-жүргізуші: «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл,

Көзбен көр де ішпен біл,» - деп ұлы Абай айтқандай, махаббат адамзат пен бірге жаратылып, адамзатпен бірге өлетін мәңгі тақырып. Махаббат – қос жүректің әні.

Ақын М.Мақатаев махаббат, екі жас арасындағы сүйіспеншілік, асқақ сезім туралы аз жырламаған. Ақынның махаббат тақырыбына арналған жырларында екі ғашықтың жүрек дірілін бір – біріне деген іңкәрлікті айқын көрсете білген.

2 - жүргізуші:
- Тірісінде сый көрмей қайран ақын.

Тек өлген соң атағын жайған ақын,

Ежелден қазақтың бұл қасіреті –

Бармағын тістеп кейін ойланатын.


Күн сүйіп кереқарыс маңдайынан,

Лағыл жырлар төгілген таңдайынан.

Барында бағаламай, білдік кейін

Қазақтың айрылғанын қандай ұлдан.


Бүгінгі «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» атты мәнерлеп оқу сайысының қорытындысын жариялау үшін әділқазылар алқасына сөз берейік...

1 - жүргізуші:

Құлпырып Қарасаздың бар әлемін,

Бөлеген жыр гүліне дала белін

Мұқаңдай пір тұтқан жан жоқ-ау, сірә,

Қазақтың құдіретті қара өлеңін! – деп бүгінгі алып жүректі, ақиық ақынымыз М.Мақатаевтың «Ғасыр ақыны» атты шығармашылық кешімізді аяқтаймыз.

Келесі кеште кездескенше сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2018
3734
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі