Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұқағали Мақатаевтың “Аққулар ұйықтағанда” поэмасына арналған ашық сабақтың басты мақсаты – үйірме мүшелерін шығарманың мазмұнымен таныстырып, оның негізгі идеясы мен мағынасын талдау. Бұл сабақ табиғаттың, ананың, аққу бейнесінің қасиетін түсінуге, олардың арасындағы байланыс пен рухани үйлесімділікті сезінуге бағытталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы Жетісай ауданы Білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ҚББП: Құралбаева Назым Қалдыбайқызы


Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда»поэмасын сомдау

Сабақтың мақсаты:Білімділік; Үйірме мүшелердің «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы жайында игерген материалдарын нақтылау, шығармашылықпен жұмысқа үйрету.

Дамытушылық мақсаты: шығарманы жан-жақты талдау арқылы үйірме мүшелердің дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын байыту, ізденіс- шығармашылық дағдыларын дамыту, тіл мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Үйірме мүшелерді елін, жерін сүюге,Отанға деген сүйіспеншілік сезімге баулу, халқын қастерлеуге, патриоттыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі : сахналастырылған сабақ.

Сабақтың әдісі : сын тұрғысынан ойлау стратегиясы,ұжымдық ізденіс- шығармашылық , баяндау, талдау, жинақтау, зерттеу.

Сабақтың көрнекілігі:қойлымға қажетті киімдер, оқулық, ақынның суреті, ақынның өлеңдер жинағы, үнтаспа бүктеме, слайдтар.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, қазақ тілі,тарих, музыка

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Психологиялық дайындық III.Тәрбие бағыттарына тоқталу IV.Өткен сабаққа шолу V.Жаңа сабақты түсіндіру

VI.Сарамандық жұмыс

VII.Сабақты қорытындылау

I.Ұйымдастыру кезеңі

Үйірме мүшелерімен сәлемдесіп,сыныпта үйірме мүшелерін -тексеріп, оларды түгелдеп,тыныштық тәртіппен отырғызу.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,үйірме мүшелерін зейінін сабаққа аудару.

II.Психологиялық дайындық

 

Бинго әдісі:

Ақынның  өлеңдерінен  үзінділер оқылып, жыр жолдарында  жасырынған сөздерді тауып,үш тілде жауап береді.

1.Алаулатып тойдың шоғын үрлемей,
Құшақ-құшақ…… шоқтарын лақтырып,
Мынау шапан, мынау атың, мін демей.

Жауабы: (гүл-цветок-flower).

 1,Жігітінен қазақтың….. таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.

Жауабы: дос-друг-friend

  1. Аспаныңдай кей сәтте күрсінемін,
    Жас талыңдай жауқазын бүршік едім.
    Кең дүние, керемет қалпыңменен
    …….болып кеудеме кірші менің!

Жауабы:жүрек-сердца-heard

  1. Ең……бақытым-халқым менің,
    Соған берем ойымның алтын кенін.

Жауабы:бірінші-первый-first

  1. Жапырақ жүрек, жас қайың,
    Жанымды айырбастайын.
    Сен…… бола бастасаң,
    Мен қайың бола бастайын.

Жауабы:адам-человек-people

  1. Өмірде әлі қауіп көп қой не түрлі,
    Қарт қалғымай күзетші боп бекінді.
    Сәл ұйықтаса………немере төрт жаққа
    Көзден ғайып болатұғын секілді.

Жауабы:төрт-четыре-four

  1. Мен…… болсам, сен таң болдың жаңа атқан,
    Мен-ашу да, сен-ақылсың нәрі аққан….

Жауабы:түн-ночь-night

  1. Өкінбе,…., отың бар сөнбейтұғын,
    Ол мәңгілік жанады көрмей тыным.

Жауабы: әке-отец-father

  1. Ақ ұлпа жерді жерді жапқанда,
    ……….. сырға таққанда…

Жауабы:ағаштар-деревья-tress

III.Тәрбие бағытына тоқталу .

Табиғат-тіршілік бесігі

Отбасы – шағын мемлекет. Ол — сыйластық, жарастық орнаған орта, кіші Отан. Отанды сүю отбасынан бастау алады. Себебі, бала тәрбиесінің ең алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады. Сондықтан да туған үйдің жылуы адамдардың көкірегінде жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Біз, Бірінші Мамыр ауылдық округінде тұратын Рахимбаевтар отбасы, осы дәстүрді қатаң ұстанамыз. 

Алтын ұяң — Отан қымбат,

Құт-берекең — атаң қымбат,

Аймалайтын — анаң қымбат,

Асқар тауың — әкең қымбат (Қазыбек би).

Бұлбұл гүлзарын сүйеді,

Адал адам Отанын сүйеді.

Жауда қалған бұлбұлдан

Отанға қайтқан ит артық.

Орағың өткір болса, қарың талмайды,

Отаның берік болса, жауың алмайды.

Отан елдің анасы,

Ел ердің анасы.

Отан қадіріне жетпеген

өз қадіріне жетпейді.

Отан от басынан басталады.

Отан оттан да ыстық,

жалыны бар шоқтан да ыстық.

Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

Отансыздың оты жанбайды.

Отан үшін еңбек етсең

халқыңның сүйген ұлы боласың.

Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.

Отан үшін отқа түс — күймейсің,

Арың үшін алыссаң — өлмейсің.

Отаны бірдің жүрегі бір,

Жүрегі бірдің тілегі бір.




IV.Өткен сабаққа шолу

М.Мақатаевтың өмірі. Сұралым.

Миллион кімге бұйырады әдісі

1. Ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығы
І. Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевты кім деп танимыз? /сыршыл, лирик, патриот ақын, сазгер/
2. Қандай поэмалары бар? / «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек», «Мұзбалақ», «Қош бол қырандар»/
3. Ақын сөзіне жазылған қандай әндерді білеміз? / «Үш бақытым», «Есіне мені алғайсың», «Бақыт деген», «Сәби болғым келеді» /
4. Алғашқы өлеңін неше жасында кімге арнады? /9 жасында «Әкеме»/.
5. Ақынның үш бақыты. /Халқым, тілім, Отаным Туған халқы, Ана тілі, Атамекені. /
6. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы қай жылы жазылды және неше жолдан тұрады? /1973ж,

7. Ақынның анасы, әжесі және сүген жары? /Нағима, Тиын, Лашын/
8. Мұқағали Мақатаев қай пәннің мұғалімі болған? /орыс тілі пәнінің/
9. Ақын достары. /Фариза Оңғарсынова, Әбдіке Асанов, Ғабит Мүсірепов/


V.Жаңа сабақты түсіндіру.

«Аққулар ұйтағанда»поэмасын қойлымды сыныпта қою

Қойлымға қатысушы кейіпкерлер;

Автор; Айару

Автор; Ғазиза

Әкесі; Айдос

Анасы; Аяулым

Тәуіп :Арғын

Бақташы ;Ескедір,Асылжан

Аққулар;

АВТОР:

Өзен де жоқ сыймаған арнасына,

Жылға да жоқ даламен жалғасуға.
Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,
Қалай біткен мына көл тау басына?!


Қанша шырша өсті екен, құлады екен,
«Жетім көлге» қараудан шаршамаған?
«Жетім көлден» су ішкен қанша марал,
Қанша киік қалды екен сай-салада?
Қанатынан үзіліп ән-самалы,
Қаншама аққу кетті екен - аңсаған ән?
Беу, дүние-ай, аққулар оралғанда,
Айдын көлдің иесі жол алғанда.
Жетісіп бір «Жетім көл» қалушы еді-ау,
Тынушы еді-ау, теңселген қара орман да.,
Ақ мүсін айдынға кеп орнайтұғын.
Әлдилеп ақ төсінде, бермей тыным,
Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын.
Бұл көлге мылтық алған саятшы емес,
Тірі жан аяқ басып келмейтұғын.
Аққулар аман-есен қайтқанынша,
Суына «Жетім көлдің» шөлдейтұғын.
(Суымен сырқаттарын емдейтұғын.)

...Оралмады аққулар осы маңға,
Жылдар өтті, байғұстар шошыған ба?
«Жетім көл» жетімсіреп қала берді.
Арман-ай, аққуымен қосылар ма?!
II
Бала жатыр төсекте, албыраған,
Әке жатыр еденде, қалжыраған.
Түн күзетіп ана отыр, қос жанары
Шарасыздан шаршаған, жаудыраған.
Тәуіп;

Ей,балам не болды көріп жіберейін,баланың ауруы қатты екен.Көлден,жерден,судан, тілден,болдыма,жаман көзден болдыма,көш,көш мына баланы аққудың қанымен аластаңдар аурыдың емі сол екен.Ертеңге дейін аққу табыңдар мен тағы келемін.

Әкесі:

«Мана, күндіз, тәуіп шал не деп кетті?!
Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті...

Анасы;

-Аққуменен баланы аластаңдар,
Деді-дағы жәйімен жөнеп кетті...»
-Тұрсаңшы,таяу қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз жаратылған?!
Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі
,
Ұмытылып кетті ме санатыңнан?
...Айналайын аққудың қанатынан,
Қайтеміз, ол да адамға бола туған.
«Жетім көлге» барып қайт таң жамылып,
Таң атқанша қалайда тауға ілік.
Біреулердің көзіне түсіп қалып,
Дүрліктірме жұртыңды, салма бүлік!
Кім білсін, мүмкін, бәрі жалған үміт...
Әкесі:

-Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?!

Атармын аққу құсты қалай ғана?!
Айдынның аққулары ұйықтағанда,
Өрген мал, өскен шырша абайлаған,
Барлығы қасиетке қарайлаған
Оқ атам қасиетке қалай ғана?..
Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!
Анасы;

- Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі'!
Балам өлсе, бақыттың керегі не?!
Топан су басып кетсін қалғандарын.
Перзент сұрап несіне армандадың?!
Құрысын онсыз сенің жанған бағың!
Мылтықты әкел!
Атты ертте!
Жалған бәрі!

Автор;

...Оятып дүниені дел-сал қылып,
Тамыздың таңы да атты тамсандырып,
Сай-сайдан бошалаған бозала таң,
Таудағы тіршілікке ән салдырып,
Еміндіріп, еріксіз қарсы алдырып,
Бұлбұлға дүниеге жар салдырып,
Тамыздың таңы да атты тамсандырып.
Қасқа таң.
Бұлбүл үні.
Көл бетінде,
Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле.
Бас бағып жағада отыр жалғыз ана,
Таңданып тәкаппар құс келбетіне.
Білмей қалды мылтықтың атылғанын.
Ию-қию көл маңы, астан-кестен,
Жер айналып, тау құлап, аспан көшкен.
Жаңғырығып, жар салып, жартастар тұр,
«Жетім көлдің» қайғысын бастан кешкен,
Тау жаңғыртып, тамаша құстың әні,
Қош айтысып көлменен, ұшты бәрі.
Көл бетінде көлбеңдеп, жаралы аққу,
Ұша алмайды, ұшпақ боп- күш қылады...
«Жетім көлдің» басында жылқы жатқан,
Дөңге шығып, қарт тұрған жылқы баққан

Бақташы қарт;

«...Апыр-ай, бұл кім болды, таңсәріде,
Көргенсіз, көл басында мылтық атқан?!
Құстардың зәре-құтын шырқыратқан,
Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?!
Мылтықты атарлықтай көлге келіп,
Апыр-ай, жоқ еді ғой елде желік...»

Автор;


Мылтық даусы, құстардың шулағаны -
Шыдамын алды қарттың бермеді ерік.
«Бұл маңның адамы емес, сірә-дағы,
Білейін, табайын да бір амалын.

Бақташы қарт;


- Ей!
Кімсің?
Тірісің бе
?
Жаның бар ма?
Аққуды неге атасың, арың бар ма?!
Тастағын қаруыңды, келгін бері,
Келгін бері, кеудеңде жаның барда!

Автор;


.Байғұс әйел үн-түнсіз жылап тұрды,
Қарттың үні мең-зең ғып құлаққа ұрды.

Қолындағы мылтығын құлаштап кеп,
Бөгелмей, «Жетім көлге» лақтырды.
Қартқа қарай ақырын аяңдады,
Қарусызға қарт келді, аянбады.
...Көзінен жас,көңілінен зар төгіліп,
Болған жәйтті келіні баяндады.

Бақташы қарт;


-Әй, балам!..
Болмады ғой, болмады ғой
...
Қасиет кетті Көлден, сорлады ғой.
Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,
Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!..
Мін атқа. қайт ауылға тағат қыл да,
...Білмеймін, cop аттың ба, бақ аттың ба?!
Аққуға кезенерде, ырым жасап,
Тым құрса саусағыңды қанаттың ба?

Анасы:
-Әлек боп, арпалысып сор-қайғымен,
Жоқ ата, жасамадым ондайды мен...
Жасымнан естігенім бар-тын еді,
Әйтеуір аққу атқан оңбайды деп..

Автор:
Бәрі ұмыт: бақытың да, байлығың да,
Күлкі шаттық, күйзелткен қайғы, мұң да.
«Жетім көл» жетімсіреп қалып қойды,
Бір өлі, бір тірі аққу айдынында...
Бар өмірден көңілі шайлығуда,
Байғұс ана еркінен айрылуда.
Аққу жатыр көзінің шарасында.
Аунап түсіп атынан, үйіне енді,
Есіне алып ерін де, баласын да.
Өліп жатқан ұлына қарасын да,
Қалсын ана «Жетім көл» жағасында,
Өлі менен тірінің арасында.
...Аппақ нұрмен шомылтып айналаны,
Ақ сәулемен айдынның ойнағаны,
Көз алдында...
Құлақтан кетер емес,
Таңда бұлбүл тамылжып сайрағаны,
Көз алдында - аққудың жайрағаны.
Сыңар канат, сынық құс - жаралы аққу
Өлі аққудан кете алмай айналады.
Ақ төсек - аппақ айдын, аққу - бала,
Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?.

Анасы;
«...Мына жатқан «Жетім көл», мына аққуды,
Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа...
Жоқ!
Мен емес...
Мен атпадым...
Кеше гөр, кешіре гөр, жаратқаным?!»
«Қазір, ботам...
Мінеки, таң атады...
Қазір, ботам, аққумен ұшықтаймын...
Жазыласың құлыным...балапаным! анасы жылайды
Қасиет!..
О, қасірет!
Осындай ма ең?!
Сорымның қалыңдығы шашымдай ма ең!..
Қасиет!..
Қасиеттер ұшып кетті,
Қасірет!..
Қасымдағы досымдай ма ең!..
Қасиет... Қасірет...
Қасірет... қасиет...»

Автор;
...Сол кеткеннен мол кеттіп, оралмапты
Аққулар...
Аңыз көп қой олар жайлы,
Көзіңмен көргеніңдей бола алмайды...
Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,
Шошыса, екінші рет оралмайды.
Орнында екен «Жетім көл», жоғалмапгы
Ортаймапты, немесе тола алмапты.
Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,
Қасиетті аққулар оралмапты.

Үйірме мүшелері,бүгінгі сіздер қойған қойлымдарың өте тамаша болды.Жарайсыңдар.

VI.Сарамандық жұмыс

Құс патшасы аққулар,
Сән берген жер мен аспанға,
Көктемде көлде саңқылдар,
Ұқсайды сырнай тартқанға.

Ақ қардай аппақ алыстан,
Ақ құстар көзді арбайды.
Қос
аққу жаңа танысқан,
Жігіт пен қызды аумайды.

Білегіндей жас баланың,
Аққудың имек мойыны.
Басады көңіл алаңын.
Жас аққулар ойыны.

Аққуларға жетпейді,
Жер, көкте бар тазалық.
Бір көрсең шаттық көптейді.
Көңілің қалар тазарып.

Сағынып жаңа тапқандай,
Сұңқылдасып көп күлер.
Бірдеме әжең айтқандай,
Сыбырлары айқын естілер.

Ұмсынып көктен қараған,
Ай мен Күн кезек тыңдайды.
Ерекше дауыс тараған,
Саңқыл мен сұңқыл тынбайды.

Қанаты кейде қайырлса,
Қиындыққа үнсіз көнеді.
Сыңарынан оқыс айырылса,
Өзі де құлап өледі.

Өтсе де қанша замандар,
Тәртіпті берік сақтайды.
Ешқашан есті адамдар,
Аққуларды атпайды!

Сабақты қорытындылау.

Аққулар қатар жүзген көл бетінде,
Қарасаң көз тояр ма, келбетіне.
Аппақ тән, сұлу қанат, ұзын мойын
Әсемдік символы ғой жер бетінде ақында аққу сяқты киелі
«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артында із қалдырған»- деп Абай атамыз айтқандай, Мұқағали өлген жоқ, ол бізбен мәңгілік бірге, жырлары да мәңгі жасай бермек. Нағыз тума таланттың екі өмірі бар. Бірі — шектеулі өмір. Екіншісі — мәңгілік өмір. Мұқағалидың шектеулі өмірінің күні батқанымен, оның мәңгілік шығармашылық өмірінің таңы атып, күні шықты.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.12.2024
203
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі