Мұқағали Мақатаев «Махаббат диалогі», «Қайран, Қарасазым-ай» өлеңдері 11-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұқағали Мақатаев «Махаббат диалогі», «Қайран, Қарасазым-ай» өлеңдері 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
11-сыныпқа арналған сабақ жоспары. Сабақта қолдануға ыңғайлы. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай тапсырмалар жүйелі берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау қаласы

Ф.Досымова атындағы №12 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Муратова Сандугаш Насихатовна

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Махаббат диалогі», «Қайран, Қарасазым-ай» өлеңдері

Сабақтың  мақсаты: 

Оқушыларды қазақ халқының біртуар ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақын өлеңдерінің тақырыбы мен идеясы, мазмұны туралы түсінік беру.

Мәнерлеп оқу дағдыларын, оқушылардың тілін дамыту, сөз байлықтарын толықтыру. Өз ойына қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Ақынға, тілге деген құрмет, Отанға, туған жерге  деген сүйіспеншілікті және поэзияны, сөз құдіретін қастерлеуге, бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  жаңа білімді меңгеру

Сабақтың әдісі-тәсілдері: мәнерлеп оқу, талдау, баяндау, сыни тұрғыдан ойлау

Сабақтың көрнекілігі: ақынның портреті, слайдтар, Мұқағалидың шығармалары, видеороликтер

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, музыка

Сабақтың барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау: М.Мақатаевтың қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер.

III. Жаңа сабақ.

Қазақтың лирик ақыны М.Мақатаев туралы, М.Мақатаев қазақ ақыны тақырыбында видеороликтер көрсету.

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты — Мұхаметқали. Ата-анасы оны кішкентай күнінен «Мұқағали» деп еркелете атап кеткен.  Үйдің тұнғышы болғандықтан, Мұқағали Тиын әжесінің тәрбиесінде болған.

Мұқағалидың жарық көрген шығармалар жинақтары:

 

«Ильич» (1964)

«Армысыңдар, достар» (1966)

«Қарлығашым, келдің бе?» (1968)

«Мавр» (1970)

«Дариға жүрек» (1972)

«Аққулар ұйықтағанда» (1974),

«Шуағым менің» (1975),

«Өмірдастан» (1976)

«Шолпан»(1984)

«Жырлайды жүрек»(1989)

«Жылап қайттым өмірдің базарынан»(1994)

«Аманат» (2002)

«Өмір-өзен» (2005)

«Мен, сірә, өлмейтін шығармын» (2010)

Мұқағали поэмалары:

«Мавр»

«Ильич»

«Ару-ана»

«Большевиктер»

«Чили – шуағым менің»

«Райымбек, Райымбек!»

«Алтай-Атырау»

«Бала шақтан — болашаққа»

«Аққулар ұйықтағанда»

«Жан азасы» (реквием)

Сабақтың тақырыбын айтып, өлең мәтіндерін таныстыру, Р.Стамғазиев пен Ұ.Қабаеваның орындауындағы «Қайран Қарасазым-ай» өлеңін тыңдату.


Тақырыпты талдап түсіну үшін топқа бөлу,

Жеті ғашық:

1. Ләйлі –Мәжнүн
2. Фархад –Шырын
3. Таһир –Зуһра
4. Арзу –Қамбар
5. Уәлік –Ғарра
6. Уәки – Күлшаһ
7. Жүсіп –Зылиқа


Қайран Қарасазым-ай!


Тамаша еді жазғы орман
Құстар сайрап, мәз болған.
Көлшіктерде, суларда,
Үйрек ұшып, қаз қонған.

Шыбын-шіркей қаға ма,
Шоршып судан ақ шабақ?!
Таз тырна отыр жағада,
Сыңар аяқ, ақ қабақ.

Елік ертіп лағын,
Еңкейеді суатқа.
Елендетіп құлағын,
Тыншымайды бірақ та.


Көкқұтандар көлбеңдеп,
Көтеріле алмайды.
Жалғыз-жалғыз ербеңдеп,
Көк қояндар заулайды.


Мұздай суын атқылап,
Ақ бастаулар қайнаған.
Тана-торпақ шапқылап,
Оқыранып, ойнаған.


...Тамаша еді жазғы орман:
Тамашалап, мәз болғам,
Қайран Қарасазым-ай!
Үйрек ұшып, қаз қонған!..


Махаббат диалогы


- Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?
- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
- Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
- Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
- Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
- Жел боп қуып, ақыры жетер едім.
- Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
- Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.


ІҮ. Сабақты бекіту. Топтарға тапсырма

1-топ Ләйлі –Мәжнүн Оқушылар өлеңдерді мәнерлеп оқиды, таныстырады. Аудармасын табады.

Диалог любви
— Если вдруг я птицей кану в неизвестность?
— В поисках тебя я обойду всю вечность.
— Если вдруг сгорю в огне в объятьях страха?
— Станем мы вдвоём тогда единым прахом.
— Если миражом я появляюсь небесным?
— Ветром я тебя достигну наконец-то.
— Если принесу тебе одни лишь беды?
— Хватит, светик мой, я вынесу и это.


2-топ Фархад –Шырын Оқушылар өлеңнің мазмұнын қарасөзбен жеткізеді, Туған жерге байланысты Мұқағали ақынның тағы қандай өлеңдері бар екенін айтып өтеді. (Туған өлке, Қазақ жері)

Мұқағали  өлеңдерін  топтастыру

1.Махаббат туралы: «Махаббатым өзімде», «Махаббат диалогы», «Ғашықпын», «Махаббат» т.б.

2. Табиғат туралы: «Қыстың күні», «Көктем», «Күзгі таң», «Түнгі табиғат» және т.б.

3. Достық туралы: «Достарға», «Менің бір досым», «Досым менің», «Досыма хат» және т.б.

4. Ана туралы: «Анама», «Анашым», «Сәби ана», «Жас ана» және т.б.

5. Отан туралы: «Сүйемін, өскен отаным», «Отаным», «Туған жерім» және т.б. Бұл тақырыптағы өлеңдердің ішінен мені тамсандырған «Отан туралы» өлеңі:

6.Тіл туралы: «Ана тілі», «Тіл-ол менің байлығым» т.б.


3-топ Таһир –Зуһра Өлеңмен танысып, мазмұнына сәйкес суреттер салу.


4-топ Арзу –Қамбар

Мұқағали туралы 9 дерек. (видеоролик)

1. Азан шақырып қойған аты-Мұқаметқали,

2. Ақынның алғашқы өлеңдері: «Қырман басында», «Қойшы бала», «Әкітай»,

3. Шахматты, аңға шығуды, балық аулауды жақсы көрген,

4. Хоббиі - үйіндегі аз жиһаздың орнын ауыстырып қою,

5. Өзі «Бұхар» палауы, «Наманган» палауы деп ат қойып палау басатын,

6. Өлеңді көбінесе күзде, қыста өндіріп жазатын,

7. Азия ақындары арасында Дантені алғаш аударған,

8. Өле-өлгенше аузынан Жазушылар Одағын тастамай, ақтық демі шығарда «Одағын» сұраған,

9. «Мен биыл дәл қырықтың бесеуінде.

...Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде» - деп өлең жазып, дәл қырықтың бесеуінде бауыр циррозы ауруынан қайтыс болды.

Мұқағалидің тағы қандай махаббат туралы өлеңдері бар екенін айту. («Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға …»)


5-топ Уәлік –Ғарра Ақынның туған жерге арналған өлеңіне жазылған қандай әндер бар? (Г.Оразымбетованың орындауындағы «Туған өлке» өлеңінің клипінен үзінді)

Мұқағалидің өлеңдерін жыр сүйер қауым іздеп жүріп оқитын болды. Ақын өлеңдеріне 100 –ден астам әндер жазылды. Бұл әндер бүгінде барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Ол әндері «Есіңе мен алғайсың» , «Күрең күз», «Сәби болғым келеді», «Құттықтаймын мама, туған күніңмен», «Тоқта балам! (атаң келеді артыңда)», «Саржайлау», «Фаризаға», «Дариға, домбыраңды бері маған», «Бала ғашық», «Жарығым-ай»,«Көнеміз де», «Құттықтаймын мама, туған күніңмен», «Құмған алған» тағы басқа әндері. Сонымен қатар Мұқағали өлендеріне ән жазылып, оны көптеген әншілер орындауда. Мысалы: «Мұзарт» тобы «Көзің сенің», «Бала ғашық», «Нұрмұқасан» тобы «Бақытынды жырлайды» т.б.

1. Ақынның туған жеріне деген ыстық сезімі қандай сөздермен беріліп тұр. 
2. Туған жердің несін еске алады?
3. Ақын туған жерінің келбетін қалай елестетеді?


6-топ Уәки – Күлшаһ Өлеңді құрылысына талдау

Қайран Қарасазым-ай! өлеңінің тақырыбы: Туған жердің керемет табиғатын суреттеу.

Иеясы: қолда бар байлықты бағалап, көре білу.

Шумақ саны -6

Тармақ саны – 24

Буын саны – 7,9

Бунақ саны -2

Ұйқас түрі: Бірінші, алтыншы шумақ қара өлең ұйқасы (ааба),2,3,4,5 шумақтар шалыс ұйқас (абаб)

Сөздік: Шоршып – секіріп

Суат – малдың су ішетін жері

Көлбеңдеп – қанатын жайып көтеруі

Ербеңдеп — әр жерден көрінуі

Махаббат диалогі өлеңінің тақырыбы: Ғашық жандар арасындағы сезімнің тұрақтылығы.

Идеясы: Ұлы сезімді бағалай білу

Шумақ саны -1

Тармақ саны – 8

Буын саны – 12

Бунақ саны -2

Ұйқас түрі: шалыс ұйқас (абаб)

7-топ Жүсіп –Зылиқа Топтардың айтқан мәселелерін жинақтап баға беріп, өздігінен тағы қосымша пікір қосады

Уақыт өткен сайын Мұқағали ақынның тұлғасы дараланып,биіктеп бара жатқаны көрінеді...Оның поэзиясы-ұлттық байлық,қазақ халқының рухани сауаты.

М.Мақатаев көзі тірісінде көз майын тауысып,өмірінің ақырғы күндеріне дейін қадалып отырып жазған мейірімді жылуларын көре алмай кетті.Тағдырының тауқыметін басынан кешірген ақиық ақын.

Бағалау

Үйге тапсырма: Мұқағали Мақатаевтың «Дариға жүрек» поэмасын талдап, түсіндіру

Кері байланыс:

  1. Сабақта не ұнады?

  2. Сабақта не ұнаған жоқ?

  3. Сабақтан не үйрендің?

  4. Ұсыныс - пікір

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.12.2017
2530
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі