Материалдар / Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық қызметі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: 1). Білімдік: М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық қызметі туралы толық мәлімет беру. 2). Дамытушылық: Өткен тарихымызға үңілдіре отырып, ақын шынайы шындықты арқау етіп, бүгінгілердің намысын қайрап, жігерлендіре, қайраттандыра түсу. Бейбіт өмірге, тәуелсіздікке жетудің оңай емес екендігін ұғындыру. 3). Тәрбиелік: Тарихымызды танытып, ұлттық намысымызды оятып, рухымызды көтеретін өз халқының бақыты үшін қандай қиыншылыққа болса да төзе білудің үлгісін таныту арқылы елжандылыққа, өз елінің патриоты болуға шақыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2018
590
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық қызметі.


Сабақтың мақсаты:

1). Білімдік: М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық қызметі туралы толық мәлімет беру.

2). Дамытушылық: Өткен тарихымызға үңілдіре отырып, ақын шынайы шындықты арқау етіп, бүгінгілердің намысын қайрап, жігерлендіре, қайраттандыра түсу. Бейбіт өмірге, тәуелсіздікке жетудің оңай емес екендігін ұғындыру.

3). Тәрбиелік: Тарихымызды танытып, ұлттық намысымызды оятып, рухымызды көтеретін өз халқының бақыты үшін қандай қиыншылыққа болса да төзе білудің үлгісін таныту арқылы елжандылыққа, өз елінің патриоты болуға шақыру.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, фломастер-маркерлер, түрлі-түсті қағаздар, стикерлер, желім, қайшы, табыс критерийлері, бағалау парақтары, М.Мақатаевтың суреті, банерлер, т.б.

А) Қанатты сөздер ретіне қарай интерактивті тақтада көрсетіледі.

Ә) Үнтаспадан Мұқағали өлеңдеріне жазылған әндердің бірнешеуін тыңдату, үзіп алып алып қандай өлең, кім айтып тұрғанын сұрау. Жалғасын табуға да болады.

Б) Көркем әдебиеттер (кітаптар көрмесі).


Сабақтың типі:


Сабақтың түрі: кіріктірілген сайыс сабақ.


Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, қайталау, бекіту.


Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, ән-күй, өнер.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын даярлау, жаңа сабаққа назарларын аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ-жауап әдісі. «Кім жылдам?» ойыны.


ІІІ. Жаңа сабақ:


Сабақ жоспары:


  1. Ой шақыру. Миға шабуыл.

М.Мақатаев кім?

Ол туралы не білеміз?

Төменгі сыныптарда оның қандай шығармаларын оқыдық? т.б. (мадақтау).

  1. «Поэзия сәті». М.Мақатаевтың бұрыннан білетін өлеңдерін жатқа айту (кім қандай өлеңін біледі, білгенін айтады). (мадақтау).

  2. Топтық жұмыс (өмірбаяндық деректер беру) бірін-бірі бағалау. М.Мақатаевтың өмірдерегі мен шығармашылық қызметі туралы толық мәлімет беру арқылы топтастыру. Метатану (ноутбуктар пайдалану)

І топ – өмірбаяны;

ІІ топ – оқыған жерлері, атқарған қызметтері;

ІІІ топ – шығармалары, поэмалары; («Аққулар ұйықтағанда» Метатану).

ІҮ топ – аудармалары, әндері. (Метатану) Әндері: «Өмір сүрейік алмасып», «Тоқта, балам!» «Неге аңсаймын?», «Аңса, жаным», «Күрең күз», «Фаризаға», «Дариға, домбырамды берші маған», «Нұр жауып тұрған көктемде», т.б. Осы әндерді АКТ арқылы тыңдату, естеріне түсіру, жалғасын табу, айтып тұрған кім екендігін табу). Флипчарттар жасау, оны қорғау.

  1. Сұрақ-жауап: Бір топ келесі топқа сұрақ қояды. (толықтыру әдісі) бірін-бірі бағалау.

  2. Үзінді-инсценировка Мұқағалидің өз даусын тыңдату. (мәнерлеп оқу).

  3. Топтастыру. М.Мақатаев кім? Мұқағали өлеңдерінен не ұқтың?

  4. Үйге тапсырма: "Райымбек" поэмасын оқып келу.

  5. Стикерлерге сабақтан алған әсерлері туралы жазғызу арқылы сабақты қорыту.



  1. Ой шақыру. Миға шабуыл. М.Мақатаев кім? Ол туралы не білеміз? Төменгі сыныптарда оның қандай шығармаларын оқыдық? т.б. Оқушылар білгендерін айтады (мадақтау).

  2. «Поэзия сәті». М.Мақатаевтың бұрыннан білетін өлеңдерін жатқа айту (Метатану) (кім қандай өлеңін біледі, білгенін айтады). (мадақтау).

  3. Топтық жұмыс (өмірбаяндық деректер беру) бірін-бірі бағалау. М.Мақатаевтың өмірдерегі мен шығармашылық қызметі туралы толық мәлімет беру арқылы топтастыру. Метатану (ноутбуктар пайдалану) І топ – өмірбаяны; ІІ топ – оқыған жерлері, атқарған қызметтері; ІІІ топ – шығармалары, поэмалары; («Аққулар ұйықтағанда» Метатану). ІҮ топ – аудармалары, әндері. (Метатану Әндері: «Өмір сүрейік алмасып», «Тоқта, балам!» «Неге аңсаймын?», «Аңса, жаным», «Күрең күз», «Фаризаға», «Дариға, домбырамды берші маған», «Нұр жауып тұрған көктемде», т.б. Осы әндерді АКТ арқылы тыңдату, естеріне түсіру, жалғасын табу, айтып тұрған кім екендігін табу). Флипчарттар жасау, оны қорғау. Сұрақтан сұрақ тудыру арқылы зерттеушілік әңгіме жүргізе отырып жаңа ақпараттар табу.

  4. Сұрақ-жауап: Бір топ келесі топқа сұрақ қояды. (толықтыру әдісі) бірін-бірі бағалау.

  5. Үзінді-инсценировка Мұқағалидің өз даусын тыңдату. (мәнерлеп оқу: ол үшін сынып оқушыларын топтарға бөліп, әр топқа өлеңдер жинағы беріледі. Әр оқушы өзіне ұнаған өлеңін мәнерлеп оқып береді. Оқыған өлеңдерін берілген ресурстар бойынша көркемдік жағынан талдайды: буын, бунақ, шумақ, тармақ т.б.).

  6. Топтастыру. М.Мақатаев кім?


Мұқағали өлеңдерінен не ұқтың? М.Мақатаев шығармаларында қазақи өрлік, ақкөңілділік, сескенбей ашылған құшақ-лебіз сезіледі. Өлеңдері ұлттық бояулы, алаш үнді.


  1. Үйге тапсырма: "Райымбек" поэмасын оқып, өздеріңе ұнаған жерлерінен үзінді жаттап келу.

  2. Стикерлерге сабақтан алған әсерлері туралы жазғызу арқылы сабақты қорыту.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!