"Мұқағали-поэзия падишасы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мұқағали-поэзия падишасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұқағали Мақатаевтің 90 жылдық мерейтойына арналған, поэзиясы төңірегінде жазылған оқушының эссе жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

79 негізгі мектебі

Барланқызы Гүлдана

Эссе

Кейде көңіл тасып, өз-өзіңе сыймайсың. Не күй екенін өзің түсінбей, ақтарылуға жан таппайсың. Жаңыңдағы жоладсыңа, үйдегі бауырға, тіпті ата-анаға да түсіндіріп айта алмайсың. Бұл не нәрсе екенін өзің де түсінбейсің, көңіл-күй ме, сағыну ма, әлде жай ғана іш пысып, көйлегі көктің әрекеті ме? Бұндай кезде көбіне ән тыңдаймын немесе үй жинауды әдетке айналған. Бірде әуендерді қосып қойып ұзақ ойға шомылып жатқанда ойым кенет бұзылды. Құлағымда әлдекім қоңыр дауыспен өлең оқып жатыр. Жалт бұрылып телефонды алып, сайттан кім айтып жатқанын қарадым. Өлеңді оқыған Нұрбек есімді кісі, ал өлең авторы қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев. Осы сәттен бастап поэзия каналдарының көбіне тіркеліп алып, үнемі тыңдап жүруді әдетке айналдырдым.

Мұқағали Мақатаев-қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі, бірі де бірегей. Поэзия әлемінің падишасы десек артық болмас. Оның өмірдің әрбір сәтіне арнап жазған өлеңдері оқырманның жан жарасын жазып, көңілін байытып, жанын жадырататыны сөзсіз. Ақын шығармашылығы шыңына шыға алған, шарықтау шегіне жете білген туындыларға толы.

Ақын жаны әрқашан табиғатты, сұлулықты, жылуды, махаббатты аңсайды. Оны «Мен таулықпын, таудан мен жаратылғам» деген өлең жолдарындағы тебіреністен көреміз. М. Мақатаевтың қуаныш сезіміне бөленген көңіл күйін «Біздің көктем» өлеңінен де көруге болады. Көктем мезгілі жер - дүниенің жасарып, тіршілік атаулының басталар тұсы және табиғат ананың босанып, айнала әртүрлі гүлдерге көміліп, жасыл желекке бөлінер сәті болғандықтан ақын көктемді өмірдің, жаңа тіршіліктің басы ретінде жырлайды. Лирикалық кейіпкердің көңіл - күйін, жан - толқынысын, сезімін бейнелеу, суреттеу арқылы маусымның қайталанбас сәттерін бейнелеп береді. Өмірді жырлау үшін келген ақынның шарқ ұрып өмірден әділет іздеуі де заңдылық. Себебі оның жаны таза, пәк, әрдайым жақсыны ғана көретін, жамандық атаулыдан жиренетін жан.

Өз елінде туып, оның даласын, дәстүрін, тілін, мәдениетін сүю әр азаматтың туған елдің, туған анасының алдындағы абыройы, борышы деп білемін. Осындай үлкен патриоттықты санасына сіңіріп, оны өз өлеңінде қалдырмаған ақын жоқ қазақта. Мұзбалақ ақын да бұл тақырыпта қарымды қалам тербеген.

Таныс өлке,
Таныс аймақ,
Таныс маң:
Анау жерде - құрбылармен алысқам,
Анау жерде - құрбы жанмен табысқам.

Өлең жолдары ақынның туған өлкесіне деген ыстық сезімін, сағынышын, перзенттік қимастығын білдіріп-ақ тұр. «Отан, Отан мен сені сүйіп өтем» деген ақын жаны оның өлместей өлеңі барда ешқашан өлмек емес. Ол-ақиқат. Ақынның 90 жас мерейтойын атап өту оның осы жарқындығы мен жайсаңдығының бағасын бергендей.

Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,

Шаң басқан архивтерден табылармыз, - деп ақтарылған ақынды ұлықтау қазақ халқына берілген бақ.

Мерейтойың құтты болсын, Хантәңірің мұзбалағы Мұқағали.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.05.2021
361
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі