Мұқағалиға арнау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұқағалиға арнау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұқағали мерейтойына байланысты ақынмен тілдесу хаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұқағалиға арнау

Армысыз ақын аға, Сізге қолыма қалам алып, өз замандастарының атынан шын жүректен ақтарылып арнау жазып отырмын. Сіз көрген биік-биік заңғар таулар, өркеш-өркеш жоталар, сайын дала бәрі орнында. Саржайлауыңыз да, Шалкөдеңіз де, Сіз туған Қарасаз да баяғы қалпында. Өзіңіз айтқандай «Бәрі өтуде... жаңаруда дүние, ескіруде» дегендей, Сіз көрген ғасыр жылжып өтіп, жаңа ғасыр келді. Қазақ елі жаңа кезеңге өтті, өзінше тәуелсіз ел болғалы 29 жылдан асып барады. Сіздің өлеңдеріңізді оқыған кезде мыңдаған адамның жүрегі толқиды, сол мыңдаған адамның қатарында мен де бармын. Өлеңдеріңізді сүйсіне оқыған кезде, менің жүрегімде өмірге деген құлшыныс артып және патриоттық сезімдер оянады. Олай дейтінім, Сіз туған өлкеде мен де тудым. Осы өлкенің тамылжыған табиғатын сүйем.

Қазір жастардың бәрі білімге ден қойған, заман ағымына қарай икемделіп талпыну үстінде. Сіздің өлеңдеріңізді мектептерде 1-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін қазақ әдебиеті оқулығынан оқиды. Оқушылар өлеңдеріңізді құмарлана оқиды. Түрлі кештерде де сіздің өлеңдеріңізге жазылған әндер шырқалады. Біз Сізді ылғи ортамызда жүргендей сезінеміз. Өзіңіз жазған мына өлеңде: « Бәріңе, бәріңе құмармын, осылай мәңгілік тұрармын, өлмеймін, сірә де өлмейтін шығармын!» – деп дұрыс айтқансыз, сіз өз ұрпағыңызбен мәңгі біргесіз. Сіздің әдебиетке қосқан үлесіңіз шексіз. Сізге қазір халық Хантәңірінің мұзбалақ ақыны, өмірді жырлаудағы философ ақын деп баға беріп қойған. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін қалаларда, ауылдарда Сіздің атыңыз көшелерге есім ретінде берілді. Алматы қаласындағы бұрынғы Пастер көшесі қазір Мұқағали Мақатаев атында және сол көшенің Желтоқсан көшесімен қиылысатын жеріндегі саябақта Сіздің мүсініңіз ескерткіш ретінде орнатылды. Ал өзіңіздің тұрған Қарасаз ауылында Сізге арнап мұражай ашылды. Еліміздің барлық жерінде «Мұқағали оқулары» өтіп тұрады. Сіздің жырларыңыздың жинағы әр қазақтың төрінен орын алған.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2020
422
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі