ІІ
бөлім: Көркем әдебиет және
эпикалық сарын
Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян»
өлеңі
1-cабақ
Оқу
мақсаттары
|
Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны
мен пішіні
|
Сабақ
мақсаттары
|
8.Т/Ж1.Әдеби шығарманың
жанрына байланысты сюжеттік желілерін,эпилог,прологтарды
анықтау
|
Тәрбиелік
мақсаты:
|
Ақиқат құндылығы
арқылы оқушыларды ойдың,сөздің және істің бірлікте болуы,
қарапайымдылық,өз-өзіңе деген адалдық болу керек,жаман мен жақсыны
айыра білу керектігін,патриот болу керек екеніне
тәрбиелеу.
|
Құндылықтар:
|
Ақиқат
|
Қасиеттер:
|
Ойдың,сөздің және
істің бірлікте болуы, қарапайымдылық,өз-өзіңе деген адалдық болу
керек,жаман мен жақсыны айыра білу,патриот
болу.
|
Пәнаралық
байланыс
|
Тарих, әдебиет
теориясы
|
Бастапқы
білім
|
Шалкиіз жырау «Би Темірге
бірінші толғауы», «Шағырмақ бұлттар жай тастар»
өлеңі
|
Тірек
сөздер
|
Зар заман ақындары, үш қиян,
қайырсыз қоныс
|
Қажетті
ресурстар
|
А4 қағаздары, түрлі - түсті
маркерлер
|
Қызығушылықты
ояту
-
https://www.youtube.com/watch?v=7FB1DZbMA00
сайтынан Бекболат Тілеуханның
орындауындағы Мұрат Мөңкеұлының «Үш
қиян» толғауынан үзінді (басынан
бастап 0.55 мин. дейін) тыңдаңыз.
-
Толғаудың не жайында,
авторының қандай ақын екені жайлы болжам жасап, пікір
бөлісіңіздер.
Мағынаны
тану
1-тапсырма.
Ж.
-
Зар заман ақындары туралы
мәліметті түсініп оқыңыз, зар заман ақындарының ерекшелігін
танытатын 2 негізгі ақпаратты анықтаңыз.
-
Зар заман ақындары жырларының
бұған дейін оқытылған жыраулар поэзиясынан қандай өзгешелігі
болатынына болжам жасаңыз.
Зар заман
– қазақ әдебиетіндегі кезең атауы.
Аталған кезең Ресей империясының отарлау саясаты
салдарынан Қазақ хандығындағы бұрынғы ел басқару
жүйесінің жойылып, халықтың саяси, экономикалық және рухани езгіге
ұшыраған тарихи уақытты сипаттайды.
Осы кезеңнің ауыртпалықтары туралы Шортанбай
Қанайұлы алғаш “Зар заман” атты зарлы толғау шығарып, ол ел
ішінде кең таралды.
Зар заман ақындары – қазақ әдебиеттану
ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман
кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының
тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары
шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы,
Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан т.б. Әуезов зар заман
ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға
ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды. Зар заман ақындары тұсынан қазақ
әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап
көрсетеді.
Ішкі
интеграция.
Мұғалім:
-Сонымен «Зар
заман»ақындары дегенді қалай
түсінесіңдер?
-Оқушылардың жауабы: (Көп
қиындық көрген,ешкімнен қорықпай өз ойларын шығармалары арқылы
жеткізе білген,өз елің көп
ойлаған...т.б.)
Мұғалім:
-Дұрыс айтасыңдар
балалар, өз елі үшін қам жеген,өз
елі үшін барлығына дайын,өз елің сүйген адамдар.Өз елің ойлап
мұнайған,соны қағаз бетіне шығарып,зарлаған.Сол себептен ол
кісілерді «Зар заман ақындары» -деген.Кімдерді «Зар заман» ақындары
деген?
Оқушылар:
-Мұрат
Мөңкеұлы,Ш.Қанайұлы,Д.Бабатайұлы,Ә.Кердері
...т.б.
Мұғалім:
-Керемет,міне мына кісілер
өз елдерін ойлаған.Ал сендер ойлайсыңдар
ма?
Оқушылар:
-Иә
Мұғалім:
-Ойлау керексіңдер,осы елде
туылған соң,осы елдің азаматы болған соң,патриот болуларын
керек.Өйткені елдің болашағы сендерге
байланысты. Жаман мен жақсыны
айыра білулерін керек.Сөзбен ғана емес оны іспен көрсетулерін
керек.
2-тапсырма
ЖЖ.
1-тапсырма бойынша зар заман
ақындарының ерекшелігін танытатын 2 негізгі ақпарат, бұған дейін
оқытылған жыраулар поэзиясынан зар заман ақындары поэзиясының
қандай өзгешелігі болатынына жасаған болжамыңызды жұбыңызбен
бөлісіңіз.
3-тапсырма
Ж.
Сөздікпен
танысыңыз.
https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/10-synyp/poehziya/lesson/25-murat-mongkeuly-ush-qiyan
сайтындағы аудиожазбадан 1.59
дейін Мұрат Мөңкеұлының «Үш
қиян» өлеңінің үзіндісін
тыңдаңыз.
Сөздік:
Қиян
– алыс жеp, шалғай; жеp
түбi.
Қоныс
– малды ауылдың жылда қонып жүpген жеpi;
жайлы оpын.
Қайырсыз
– қайыры жоқ, жақсылығы, шапағаты
тимейтiн.
Адыра қалғыр
– қарғыс. Келмеске кеткір, құрып
қалғыр.
Қанды
– қан аққан, қан төгiлген, қан
майдан.
Майлы
– жылым ау салуға қолайлы, балығы мол
жер.
Шаңды
– шаңы мол, боpпылдақ
(жеp).~жол.
Абыройын төгу
– ар-ұяттан жұрдай
ету.
Керегесін
кесу – ойран салу.
Бармағын
тістеу – опық жеу,
өкіну.
4-тапсырма
ТЖ.
«Журналистік
сұрақтар»
Журналистік сұрақтарды талдап,
жауабын Блум түймедағына жазыңыздар.
Журналистік
сұрақтар
|
Кім?
|
1 – бөлімде
ақынның
«Адыра қалғыр бұ
қоныс Қайырсыз екен
озалдан» деген өлең жолдарының мәнін қалай
түсіндіңіздер?
|
Не?
|
2–бөлімде ақынның қайырсыздықтан түңіле
отырып, қандай ой түйетінін
анықтаңыздар.
|
Қайда?
|
3 – бөлімде ақын
"Үш киян” атаған үш өзен
салаларын (Батыс Қазакстан өлкесі, Атырау аңғары, Ойыл, Қиыл, Жем,
Сағыз өзендерінің айналасы) «адыра қалғыр» деуінің себебін
ашыңыздар.
|
Қашан?
|
4–бөлімде ақын күйініші қандай, қашан болған
оқиғаларға байланысты айтылғанын
сараптаңыздар.
|
Неге?
|
Ақын 5– бөлімді неге «Қайырсыз болған неткен
жер?!» деген жолдармен аяқтайды?
|
Қалай?
|
Туған жерін отарлаушылар табанына таптатқысы
келмеген ақынның жан күйзелісі үзіндіде қалай көрініс
тапқан?
|
5-тапсырма.
ТЖ.,С.
Журналистік сұрақтарға жауап
жазғаннан кейін, басқа топтардың жауаптарымен алмасып, жауаптарды
толықтырыңыздар не келісетін/келіспейтіндеріңізді дәлелмен
білдіріңіздер.
Қосымша.
Сыныптан тыс
уақытта https://bilimland.kz/upload/content/lesson
сайтынан «Үш қиян» өлеңі
бойынша сынақ тапсырмасын орындай аласыз.
Талдауға «Үш қиян» өлеңінің
1,2,3,4,5-бөлімдері алынды.