Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мұстафа Шоқай -алаштың ұлы тұлғасы ғылыми жоба
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
облысының білім басқармасының ауданы бойынша білім бөлімінің
атындағы орта мектебі» КММ-сі
Тақырыбы: «Мұстафа Шоқай-Алаштың ұлы
тұлғасы»
Орындаушылар : атындағы орта
мектебі» КММ-нің -сынып оқушылары
Аты-жөндері :
Жетекшісі «№ атындағы орта
мектебі» КММ-нің мұғалімі
Облысы :
Ауданы :
Мазмұны
І.Кіріспе....................................................................................................3
ІІ.Зерттеу бөлімі
ІІ.1.Мұстафа Шоқай.Ол кім?...................................................................5
ІІ.2.Мұстафа Шоқайдың күрес жолы......................................................7
ІІІ.Зерттеу материалдары мен әдістері
ІІІ.1.Мұстафа Шоқайдың тәуелсіздік идеясы..........................................9
ІІІ.2. Мұстафа Шоқайдың түрікшілдігі...................................................................11
ІІІ.3. Мұстафа Шоқай және «Түркістан легионы»................................12
ІV.Зерттеу нәтижесі
ІV.1 Мұстафа Шоқайдың мақалалары мен өсиет аманаттары.............15
ІV.2 Мұстафа Шоқай-әлем таныған тұлға..............................................17
V.Қорытынды..........................................................................................19
VІ.Ұсыныс................................................................................................21
VІІ.Күнделік.............................................................................................22
VІІІ.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................23
Кіріспе
Бабаң көкжал атақты Торғай Датқа
Нағашы атаң Хиуада болған тақта
Өрлік отты қайсарлық қаныңда ойнап
Толымды ойлы заңгер боп келдің таққа!
Алаш алыптары шоғырына жататын арыстарымыздың әрқайсысының тарихтағы орны ерекше. Киелі Шиелі өңірінде дүниеге келген Мұстафа Шоқайдың өзге қайраткерлерден,замандастарынан ерекшелігі Мұстафа Шоқай-Алаштың тұтастығына толық сенген және сол жолда күрескен қайраткер.Ол қазақтың тәуелсіздігін күллі Алаштың тәуелсіздігінен бөліп қарамаған.
Мұстафаның көрегендігін көптеген қайраткерлер большевиктермен ымыраға келуге болады деп шешкенде жаңа биліктің алдамшы уәделеріне сенбегенінен көруге болады.Тіпті Ташкентте билікті қолға алған большевиктер Шоқайдың Түркістан Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы болуын сұрағанда, олардың түпкі пиғылын ерте аңғарған Шоқай бұл ұсыныстан бас тартқан. Шоқайдың тағы бір қыры, ол – қазақтың, тіпті Алаштың тарихында саяси эмигарцияны алғаш бастаған тұлға. Оған дейін біздің тарихымызда шет елдерге шыққан адамдар болғанымен, саналы түрде, күрес жүргізу үшін эмигарцияға кеткен тұлғалар болған емес.
Ұлы бабамызды ұлықтау мақсатында 2001 жылы Үкімет басшысы Иманғали Тасмағанбетовпен сол жылдары мемлекеттік хатшы Әбіш Кекілбаев бастаған топ Германиядағы Мұстафаның зиратына мінәжат етіп, Мұстафа Шоқай тұрған үйге ескерткіш тақта орнатты.1998 жылы Шиелі аудананың орталығында Мұстафа Шоқайдың ескерткіші бой көтерсе, 2010 жылы Мұстафа Шоқайдың 120 жылдығы кең көлемде аталып өтіп, ақындар айтысы, жыр мүшайрасы жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды.Ал,2015 жылы ұлт жанашыры,Алаш арысы Мұстафа Шоқайдың 125 жылдығы туған жері Шиелі ауданында және облыс орталығы Қызылорда қаласында аталып өтілді. Мұстафа Шоқай халық сүйген көрнекті тұлға, жазушы, саясаткер, қоғам қайраткері. Бүгінде ұлы бабамыздың өмірбаяны саяси жолы әлі де зерттелуде. Ақайдар Ысымұлы Мұстафа Шоқайдың туғанына 125 жыл толуына орай оның мұрасы мен өткен өмірі туралы екі томдық жинағында да бірқатар тың деректермен толықтырды. Ақиқат жаршысы, ұлт жанашыры бола білген ерекше тұлға Мұстафа Шоқай туралы зерттеу жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса береді.
ІІ.1.Мұстафа Шоқай.Ол кім?
Көз аштырмаған қуғын-сүргіннен азамат соғысы аласапыранының,1920-1923 және 1929-1933 жылдары аярлықпен жасалған ашаршылықтың азабынан тарихи тұрағынан тысқары жерлерді:Түркияны, Қытайды, Иранды, Ауғанстанды, Моңғолияны, Шығыс Араб елдерін, Европа мен Американы паналауға мәжбүр болған Түркістандықтар тайлы–тұяғы қалмай 1990-1991 жылдардың арасында Шоқайұлы Мұстафаның дүниеге келуінің 100 жылдығын,өмірден өткеніне 50 жылдығын ардақтап атап өтті, оның рухына бас иді.
Мұстафа Шоқай үлкен ағартушы, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының байырғы да бай мәдениеті мен тарихының зерттеушісі, Орталық Азияның ғұлама ғалым – кемеңгерлерінің еңбектерін уағыздаушы болды. Ол тыным таппай Батыс әлемін Түркістанмен таныстырып, табыстырумен болды.
Мұстафаның әкесі Шоқай он екі жыл болыстық қызмет атқарып, атасы Торғай 30 жылдай билік басында датқа болып ел басқарған. Осындай өзіндік мәдениеті, салт-дәстүрі жеткілікті үлкен текті шаңырақта дүниеге келген Мұстафа шынайы қазақтың ұлттық тәрбиесін жеткілікті көрді. Ата тегінен, ана сүтінен дарыған, ауылда екі жыл медресені бітіріп, содан соң Перовск училищесінде білім алған қабілетті бала жұрттың көзіне ерте түседі..Үйге келген кісілерге бала Мұстафа білгендерін айтып, сұрамаса да оқып беретін-деп жазылғансүйікті жары Мария Шоқайдың «Менің Мұстафам» атты естелігінде..1910 жылы гимназияны ойдағыдай аяқтаған Мұстафа Петербург университетінің заң факультетіне түскісі келді, бірақ оның атаулы стипендясы тек орыс баласына берілетін еді. Сондықтан ол Қазан татарларына бөлінген стипендияны пайдаланған. М.Шоқай университетті 1917 жылы ақпан төңкерісінен бұрын бітірді. Зеректілігі арқылы универсиет қабырғасынан 7 тілді меңгеріп шықты. Мұсылман фракциясына 1914 жылы думада хатшы болды.Фракцияға Дума депутаты Әлихан Бөкейханның ұсынысымен келіп, А.Байтұрсынұлы, секілді қазақ зиялыларымен жақын танысады.. Жазықсызды жаладан сақтау, әлсізді қорғау Мұстафаның мақсатына айналады.
ІІ.2.Мұстафа Шоқайдың күрес жолы.
Мұстафа Шоқай–өршіл, ер жүрек, батыл, батыр болды. Ол Айға шапқан арыстандай еді.Өйткені ол жеке өзі социалистік жүйеге қарсы шықты. Қазақ халқын, Орта Азия мұсылмандарын бодандықтан босап, отаршылдық шынжырын үзіп, еркін ел болуға шақырды. Ол ойын Мұстафа Шоқай 1929 жылы жариялаған «Біздің жол» деген мақаласында былай айқындайды: «Біз, Түркістан тәуелсіздігін жақтаушылар, еліміздің еркі үшін және жұртымыз Түркістанның бодандықтан құтылуы үшін күресеміз. Түркістандықтарға бұдан басқа жол болмаған. Қазір де жоқ және бұдан соң да болмайды»..
Мұстафаның екінші қыры-оның көрегендік, жолтапқыштық даналығы.Өздеріңізге белгілі-біздің елден қол үзіп, сырт жерге кеткенде, ең алғаш таңдаған жері-Түрік елі еді... Бірақ оған керегі-үлкен аудитория, көп ел зиялылары бас қосқан жер. Сондықтан қиындыққа қарамастан Мұстафа Шоқай Парижге қоныс аударды. Сол жерде пәтер жалдап, сол қалада тұрақтап, басты арманы «Жас Түркістан» журналын шығара бастады. Қаражат жоқ, көмек жоқ жерде мұндай жұмысты бастау ғажап әрекет екендігі сөзсіз
Патшалық Ресей қазақ жерін сүліктей сорды,өз меншігім деп билеп-төстеді. Міржақып Дулатовтың «Оян,қазақ!» ұрандық поэмасын тудырған осы жағдай еді.Сондай-ақ,қазақ халқының ауыр халі «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті басылымдарының басты проблемасына айналды. Мұстафа Шоқай қоғамдық қайраткер дәрежесіне дейін көтерілді.Университетті бітірісімен Әлихан Бөкейхановпен бірлесіп, күреске шығуға бел байласты.
ІІІ.1.Мұстафа Шоқайдың тәуелсіздік идеясы
М.Шоқай Кеңес өкіметінің ұлт зиялыларын қуғындау саясатын әшкерелеп, “Яш Туркістан”, “Последние новости”, т.б. басылымдарда сан алуан мақалалар жариялайды. Ол қазақ халқының бостандығы үшін, үкіметтің қоныс аудару саясатына қарсы күрескен, 1916 жылы жұмысшы-қазақтардың соңынан өз еркімен майданға аттанған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсыновты және олардың жақтастарын “халықаралық империализмнің малайлары деп отырған” большевиктердің суайттығы мен жалақорлығын, зұлмат жылдары “қазақтардың иттің етін жеуге дейін барған кезінде” (А.Байтұрсынов) үкіметтің олардан шошқа етін тапсыруды талап еткенін, қазақтарға шынайы көмек көрсетуді алаш азаматтары ғана ұйымдастырғанын жас ұрпақтың әрқашан есте ұстағандары абзал деп көрсетеді. “Бөкейханов пен Байтұрсыновты қазақ халқының жауы санау – тек қана қылмыскер фанатиктер мен жылы орын іздегендердің бастарына келетін топас та пасық ой”, дейді Мұстафа. Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов – “атамекенімізді қара түнектен алып шығу жолында ұмытылыс қызметтер көрсеткен қайраткерлер” дейді.М.Шоқай Алаш идеяларын алға жылжытып, әлемдік деңгейге көтерді. Ол бір сәт те Түркістан халықтарының азаттыққа қол жеткізетініне күдіктеніп көрген емес. Жалпы Шоқай Яш Түркістан журналына біраз жылдарын арнады.«Яш Түркістанның» алдына қойған міндетін «Біздің жол» атты кіріспе мақаласында Мұстафа Шоқай: «Егер біз халқымыздың ұлттық тәуелсіздік жолындағы талаптарының мән-мағынасының сол күйінде күшін әлсіретпей «Яш Түркістан» беттерінде бере алсақ,онда бәріміз үшін қасиетті және аса ауыр жауапкершілік артқан міндеттердің бір бөлігін өтеген болар едік »,-деген оймен білдірді.Жалпы «Яш Түркістан» журналының басты мақсаты түркістандық ұлт–азаттық қозғалыстың үні бола отырып , оның жақын арадағы және стратегиялық міндеттерін белгілеу еді.
ІІІ.3.Мұстафа Шоқай және «Түркістан легионы»
Германияның Түркиядағы елшісі Франц фон Папен 1941жылы 25 шілдеде Сыртқы істер министріне жіберген хатында Кеңес Одағына қарсы күресте үгіт-насихат мақсатында түркі тектес тұтқындарды пайдалану қажеттігін айтып ,оларды жеке лагерьлерге жинауға кеңес берді. Батыс Европадағы Түркістандың мұғажырлардың ішінде М.Шоқайдың беделі аса зор еді. Германияның арнайы агенттері М.Шоқайдың күрескерлік ғұмыры мен тарихын зерттеп шыққаннан кейін оны 1941 жылы 22 маусым күнгі Францияның Ножан қаласындағы үйінде тұтқындап, Берлинге алдыртты. Мақсат – М.Шоқайдың Түркістандықтардың алдындағы беделін пайдаланып, Түркістан легионын құру.
М.Шоқай бұған дейін баспа сөздерге арийлік кезеңдегі үстемдігін мұрат еткен фашистік Германияның ұлтшыл саясатын сынап бірнеше рет мақала жазған болатын. Комиссияның үгіт-насихат жұмысынан кейін неміс билігі М.Шоқайға көңілі толмаған, себебі, М.Шоқай Германияның КСРО-ны жаулап алуын қостаудан бұрын, Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескенін табанды түрде сездірді. Лагерьлердегі қандастарының ауыр жағдайын көріп, Фюрер билігіне өзінің қарсылығын ашық жеткізді. Тарихшы Г.Көкебаева лагерьлердегі тұтқындардың жантүршігерлік жағдайы туралы: «Мысалы:1941 жылдың маусым-қыркүйек айларында Польша жеріндегі лагерьлерде шамамен 132 мың түркі тектес тұтқын болса, ал 1942 жылдың наурызына дейін олардың 22 мыңы ғана тірі қалған. Бұл жағдайға нацистердің нәсілшілдік саясаты себеп болған.Солдаттарымыздың ұқсастығына байланысты тұтқындардың бірталай бөлігі еврей ретінде өлтірілген»-дейді.Осындай азапты жағдайды көріп тұрып М.Шоқай неміс билігіне мәлімдемесінде: Сіздер немістер,өздеріңізді Европадығы ең мәдениетті адамдармыз деп санайсыңдар.Егер сіздердің мәдениеттеріңіз менің көріп жүргенім болса,онда мен сендерге де тұтқындардың шеккен азабын көрулеріңізді тілеймін.Сіздер ХХ ғасырда өмір сүре отырып ХІІІ ғасырдағы Шыңғыс ханның зұлымдығынан асырып жібердіңіздер. Мәдениетті халық екеніңізді айтуға тіпті хақыларыңыз жоқ»-деп, фашистік өкіметтің жыртқыш хайуанға тән әрекетін бетке басты.
Бірақ Мұстафа ажал тырнағынан қашып құтыла алмады, комиссия жұмысын қортындылап, Берлинге отарбамен келе жатқанда, кенеттен ыстығы көтеріліп қатты мазасызданады. Үзеңгілес серіктері Берлиннің Виктория ауруханасында білікті дәрігерлерге қаратып көрсеткенімен одан ешқандай нәтиже шықпайды. Зерттеушілер бүгінгі күні оның өлімі туралы әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр.. .
ІV.1 Мұстафа Шоқайдың мақалалары мен өсиет аманаттары
Мұстафа Шоқай қайда жүрсе де өз өмірін газет-журнал қызметінен бөліп қарай алмаған. Шоқайтанушы ,белгілі ғалым Ә.Қара өзінің «Мұстафа Шоқай: өмірі, шығармашылығы мен күресі» атты еңбегіне қайраткердің баспасөз саласындағы қызметіне кеңінен тоқталады.
Мұстафа Шоқай шығармашылығының ең көрнекті туындысы «Яш Түркістан» журналының мақсатын алғашқы санындағы «Біздің жол» деген мақаласында Түркістанның тәуелсіздігі мен халқының өзін өзі басқару құқығына қол жеткізу жолындағы күрес екендігін атап көрсете отырып, журналды осы күрестің туы деп бағалайды.
Мұстафа Шоқайдың өсиет- аманаты
Ей, менің елімнің, Түркістанымның сүйікті ұландары!
Мұны бір сәт те естен шығармаңыздар. Әрбір қадамдарыңызды ойланып басыңыздар!
Адаспау үшін, адаса қалғанда дұрыс жолды қайта табу үшін де білім керек. Біз, түркістандықтар, орыстану дәуірін артқа тастап, ұлтты құтқару үшін күрес жүргізіп жатқанымызды естен шығармайық!
Қазақстан деп мақтануды ар көретін, қазақтың тілінде сөйлеуді масқаралық көретін салт қайдан шығып отыр? Балалардың көбі не қазақ, не орыс болып тәрбиеленбей, шөре-шөре бірдеме болып өсіп жатқанын неге көрмейсіңдер?
Атамекенді сүю-оның тұтас мүддесіне қызмет ету, осы жолда әрқашан қызмет етуге, керек болса жан пида қылуға дайын тұру!
Біздің мұратымыз-Түркістанда түрі жағынан да, мазмұны жағынан да ұлттық болатын мемлекеттік құрылымға қол жеткізу болмақ. Сонда ғана халқымыз өз жерінің нағыз қожасы бола алады.
ІV.2 Мұстафа Шоқай- әлем таныған тұлға.
М.Шоқайдың өмір жолы өнегеге толы болды. Бүкіл түркі әлемінің тарихи тұлғасына айналған М.Шоқай 20 ғасыр кезеңінде адамзат баласының айтулы перзенті болды...Мұстафа Шоқайдың жігерлі дауысы жазылған таспа Берлин мұрағатында 55 жыл бойы жатса да, тіпті көмескіленбеген, бүгінгі күнге ешбір бүлінбестен жетіп отыр. Осы асыл мұра Мұстафа Шоқайдың туған еліне жетіп,2004 жылы қыркүйек айында оны республика жұртшылығы Қазақ радиосы арқылы тұңғыш рет естіген болатын. Осы бір құнды дүниені «Азаттық» радиостансысының Қазақстандағы тілшісі Қиял Сабадалин елге жеткізді. Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада «Мұстафа Шоқай: саясаткер және ғалым» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.. Конференция жұмысына Қазақстан, Өзбекстан, Ресей,Ұлыбритания, Франция және Түркияның танымал ғалымдары қатысты.. 2015 жылы Алаш арысы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың 125 жылдық мерейтойы туған жері Қызылорда облысында кең көлемде тойланды.. Мұстафа Шоқайды кеңес өкіметі ғана жау деп есептеді, ал дүниежүзі оны өз өмірін түгелдей елін бостандыққа, тәуелсіздікке жеткізуге арнаған әлем таныған күрескер есебінде біледі. Егер олай болмаса Мұстафа Шоқайдың еңбектері, саяси күрескер бейнесі туралы зерттеу материалдар Оксфордта, Берклиде, Кембриджде, Берлинде, Парижде, Нью-Йоркте бірнеше дүркін басылып шығар ма еді?. Мұстафа Шоқай есімі тарихи оқулықтарға енгізілді, фильмдер түсірілді. Астана, Алматы қалаларында көшелерге аты берілді.. Сондай-ақ, неміс тұтқынынан ортаазиялық ұлттар өкілдерін босату жұмыстарымен қатар, өлімге кесілген 80 грузинді ажалдан арашалап қалған. Бұл деректерді естіген грузин халқының зиялы қауымы Шоқай тұрған үйге естелік тақта орнатыпты.. Сондай-ақ, осы шара аясында қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың туып өскен жері Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылында жаңадан 240 орындық мәдениет үйі ашылып, алдына қайраткердің бюсті қойылды.
Қорытынды
Бұл зерттеу жұмысымызды «Өзіңді жаттай сыйла, жат бойыңнан түңілсін», -демекші өз туған жерімізден шыққан тәуелсіздік символына айналған қайсар атамыз Мұстафа Шоқайдың саяси көреген Алаштың біртуар қайраткер ұлы тұлғасына арнаймыз, ерлік ісін үлгі тұтамыз. Осы кезге дейін М. Шоқай туралы мақалалар, поэмалар, хисса –дастандар, өлеңдер жазылды, деректі фильмдер түсіріліп, және т.б тақырыптарда хабарлар берілді. Барлығын жинақтап, зерттеп, нақты деректермен бір жүйеге келтіріп толықтырдық. Біз тағдырдың салған тауқыметіне мойымай шет елдерде жүрсе де мойымаған, тәуелсіздікті армандап өткен күрескер жолын өзімізге үлгі-өнеге тұтамыз. Біз осындай қазақ елінің бүгіні мен болашағының өмір шамын жаққан ұлы тұлғаның ұрпағы болғанымызды мақтан етеміз. Осы бағытта М. Шоқайдың өмір жолын, шығармашылық еңбектерін үлгі етуге болады деп ойлаймыз.
Ақиқат жаршысы, ұлт жанашыры бола білген ерекше тұлға Мұстафа Шоқай туралы зерттеу жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса береді, сөйтіп тың туындылар шоқайтану ілімін толықтыра түседі,оқырмандар қуанта біледі деп сенеміз. Бүгінгі күні Мұстафа халық жадында да, жүрегінде де берік орын тепті. Оның маңдайына кез-келген тұлға ие бола бермейтін бақыт – өз халқымен үндес, тағдырлас болу жазылды. Мұстафаның қайраткерлік болмысын, ұланғайыр мұрасын, бүгінгі күнмен өзектесіп жатқан ой-тұжырымдарын зерттеу, насихаттау, ұлықтау еліміздің егемендігін баянды етуге, жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге қызмет етеді.
Ұсыныс
1. Қазақстан тәуелсіздігінің және дамуының символына айналып отырған Мұстафа Шоқайға арнап, болашақ ұрпаққа өнеге ететін мұражайлар ашылып, тұрақты жұмыс істесе, әділеттілік пен өркениеттіліктің белгісі және келешек ұрпаққа тиімді тәрбиенің түрі болып табылар еді.
2. Елінің тәуелсіздігі үшін арпалысқан Алаш арысының еңбегі елеусіз қалмай, іс-шаралар жиі ұйымдастырылып отырса, болашақ ұрпаққа үлгі етіп отырсақ, патриоттық сезімге, еңбексүйгіштікке тәрбиелер еді.
3. Мұстафа Шоқай кітабын әдеби тілде шығарса, келешек ұрпақ оқып,өз өмірлеріне көп үлгі алар еді.
Тұғырын Түркістанның биіктетіп
Атақты барша соған үйіп кетіп
Киелі Түркістанның киесі ғой
Халқыңа қойған сені сүйікті етіп
Пайдаланған әдебиеттер
1.Алаш көсемсөзі «Жас
Түркістан»журналы. Он томдық.3-ші
кітап.-Алматы:Өнер, («Мәдени мұра»
сериясы)-2010._344 б.
2. Атамекен /Құраст.Аяпұлы., Қасымұлы
Н.-Алматы:Қайнар,1998._224 б.
3. К.Нүрпейісов. " Алаш һәм алашорда" Алматы.
4. Шоқай.Мария Шоқай:Естеліктер/Құрастт.:Ә. Тәкенов,М.
Қойгелдиев.-Түркістан,1997 _272б.
5. "Жас Түркістан " журналы Алматы. 1998
6. "Түркістан " журналы Алматы. 1998ж. N3
7. Шоқай М. Таңдамалы-Т.1.-Алматы:Қайнар,1998._512б.
8.Сәрсенбай О.Мұстафа Шоқай қашан, қайда туған?/М. Шоқай
Таңдамалы-Т.1.-Алматы:Қайнар,1998._503-504 б.
9. А.Кәкен. "Тағы да Мұстафа Шоқай".Түркістан. 1997ж. 1-7
қаңтар
10. Ә.Спанов. "М.Шоқайдың Маңғыстаудағы іздері" Жас алаш.
11. А.Шульгин. "М.Шоқайдың адамилылығы " Қазақ тарихы. 1996ж.
N5
12. Ә.Бәкіров. "Түркістан ұлттық итеті"
13. Д.Досжан (М.Шоқай тур алы) Жалын.-1993. N5.
14. А.Кәкен.О "Түркістан легионы"Алматы. 2000 106-107беттер
31.
15.Ысымұлы А. «Мұстафа жолы»
Сарыарқа б., 2015
«№ атындағы орта мектебі» КММ-нің - сынып оқушылары «Мұстафа Шоқай – Алаштың ұлы тұлғасы» тақырыбындағы зерттеу жұмысына арналған күнделігі
р/с |
Атқарылатын жұмысы |
Мерзімі |
Қолы |
Нәтиже |
1 |
Ғылыми жетекшіден зерттеу жұмысының тақырыбын нақтылап, мағлұмат алу. |
Тамыз |
|
Ғылыми жетекшім жұмыстың мақсатын, жоспарын, қажетті әдебиеттерді нақты лап, бағыт-бағдар берді. |
2 |
Ғылыми әдістемелік орынбасарға тақырыбын беріп, жұмыстың жүргізілу уақытын анықтау |
қыркүйек |
|
Жетекшім жалпы зерттеу жұмыс жайлы танысып, тақырыбымды облысқа бекіттіріп. берді. |
3 |
Кітапханаға бару |
Қазан |
|
Қосымша материалдар іздеп,оқу кітапханасына бардым. |
4 |
Мұражайға Қызылордаға бару |
Қараша |
|
Қызылордаға мұражайдан М. Шоқайдың түскен суреттерінің көшірмесін алдым. |
5 |
Қызылорда телевидениесінен түсірілген видеокассетаның көшірмесін алу |
қаңтар |
|
Телевидениеден «Мұстафа» деректі фильмінің көшірмесін алдым. |
6 |
«Өскен өңір» газетінде осы уақытқа дейін берілген М. Шоқай жайындағы материалдарды жинақтау |
ақпан |
|
Суреттерді жинақтап, альбом құрастырдым. |
7 |
Барлық жұмысты жинақтап, қағаз бетіне түсіру. |
наурыз |
|
Жұмысыма қажетті материалдарды қағаз бетіне түсірдім |
8 |
Барлық материалдарды жинақтап жұмысымды қорытындылау. |
сәуір |
|
Барлық жұмысымды жинақтап, қорытындыладым |
атындағы орта мектебі» КММ-нің - сынып оқушылары «Мұстафа Шоқай – Алаштың ұлы тұлғасы» тақырыбындағы зерттеу жұмысына Пікір
атындағы орта мектебі» КММ-нің - сынып оқушылары «Мұстафа Шоқай – Алаштың ұлы тұлғасы» тақырыбындағы зерттеу жұмысын оқып танысып шықтым. Бұл жұмысты жазу барысында көп ізденген. Оқушылардың ғылыми ізденіске жаңалыққа жаны құмар ізденімпаз екенін аңғаруға болады.Оқушылардың жұмысы жоғары деңгейде жазылған, баяндамашылар көп еңбектеніп, Мұстафа Шоқай туралы деректерді жинақтап жүйелеген. М.Шоқайдың кемеңгер ойдың иесі, батыл, өз заманында тәуелсіздікті арман етіп күрескен қазақтың біртуар ұлдарының бірі тарихи деректерді мысалға ала отырып, дәлелдемелер келтірген. Жұмыс ғылыми тілде, жүйелі жазылған. Өздерінің туған жерінің төл тумасы Мұстафа Шоқайдың Тәуелсіздік жолындағы күрескерлігін көркем тілмен жеткізе білген.
«№ атындағы орта мектебі» КММ-нің - сынып оқушылары «Мұстафа Шоқай – Алаштың ұлы тұлғасы» тақырыбындағы зерттеу жұмысын «өте жақсы» деп бағалаймын.
Жетекшісі: «№атындағы орта мектебі» КММ-нің мұғалімі
Аннотация
облысы, ауданы, «№ атындағы орта мектебі» КММ-нің - сынып оқушылары «Мұстафа Шоқай – Алаштың ұлы тұлғасы» тақырыбындағы зерттеу жұмысы
Зерттеу жұмысының мақсаты: Мұстафа Шоқай туралы деректерді нақтылап,жинақтау. Ұлы тұлғалық қасиетін дәріптеу.
Зерттеу жұмысын орындау әдістері: тарихи-салыстырмалы әдіс,топтастыру әдісі,талдау-жинақтау әдісі.
Зерттеу жұмысының болжамы: М.Шоқай туралы жазылған мақалаларды, түсірілген хабарларды, деректі фильмді пайдалана отырып,Алаштың ұлы тұлғасы екеніне көз жеткіземіз. Мұстафа Шоқайдың Түркістан өлкесіндегі қоғамдық-саяси қызметінің тарихы қарастырылады.Ташкентте құрылған «Кеңес» астыртын үйірмесінен басталған М.Шоқайдың Түркістан Мұхтарияты ұлттық мемлекетінің басшысына дейінгі саяси қызметі жан-жақты ашылады. Өлкедегі мұсылмандық, түркілік бірлік идеясы отарлыққа және кеңестік билікке қарсы күрестің өзегіне айналғанына көз жеткіземіз. Осы күрестің басты идеологтарының бірі М.Шоқайдың кеңестік билік тарапынан қуғындалу тетіктері деректік негізде талданады.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: М.Шоқай туралы кітаптарды басшылыққа ала отырып, тарих беттеріндегі нақты дерек пен шындыққа көз жеткізуге мүмкіндік ашты.
Зерттеудің жаңалығы, нәтижелері: Зерттеу жұмысындағы оқушының Мұстафа Шоқай туралы жинақтаған материалдары тарих пәнінде, мектептің сыныптан тыс жұмыстарында пайдалануға болады.Мұстафа Шоқайдың Отаны,барша Түркістан – түркі халықтарының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін басын бүге тіккен патриот екенін айғақтайды.
17