Материалдар / Мұзтаудың Мұзбалағы-М.Макатаев
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұзтаудың Мұзбалағы-М.Макатаев

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиелік іс шаралар өткізетін ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2021
464
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы:  «Мұзтаудың мұзбалағы»

М.Мақатаев туралы тәрбие сағаты.

Мақсаты:

Мұқағали Мақатаевтың өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру. Ғасыр ақыны Мұқағалидың жырларын насихаттау.

Ақын өлеңдерінің мәңгілік жыр қазына екенін ұғындыра отырып оқушыларды өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіріп оқуға дағдыландыру. Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу.

Көрнекілігі: ақынның портреті, слайдтан ақын туралы суреттер,нақыл сөздер





Менің анкетам - Мұқағали ақынның өз өлеңімен басталады

— Туған жерің?

— Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.

— Туған жылың?

— 1931. Құрдасымын Шәмілдің.

— Жынысың кім?

— Еркекпін ғой, еркекпін!Және-дағы тәуірмін...

— Партияда барсын, ба?

— Жоқпын.

Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын.

— Шыққан тегің?

— Шаруамын.

Бар тірліктен бағалы оны санаймын.

— Білімің ше?

— Орташа ғой.

Алайда өзім жоғарыға балаймын.

— Ана тілің?

— Қазақша.

Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.

— Қайда істедің?

— Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.

Оқымаған, дипломсыз демесең,

Бір басымнан бар мамандық табылар.

— Міндеттісің бе әскерге?

— Міндеттімін.

Біздің әлі жас кеуде.

Жауынгердің ұлымын ғой,

Жанын қиған Мәскеуге.

— Сөгіс алып көрдің бе?

— Ол жағынан періште едім дей алмаймын

Мен мүлде.

Ойлы-қырлы бүл өмірде болады ғой мүлт кету,

Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...

— Шетелдерде болдың ба?

— Болғамын жоқ.

Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.

Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,

Осы отырған орнымда-ақ.

— Мекен-жәйің?

— Мекен-жәйім - жер менің.

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгемін!



Шынар: Ал құрметті студенттер, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қазақ поезиясының қара нары, Мұзтаудың мұзбалағы - ұлы ақын Мұқағали Мақатавқа арналады.

Тәрбие сағатымыздың алғашқы кезеңі «Мәңгілікке айналған бала ақын» бөлімімен бастаймыз.

Жазылар естеліктер мен туралы,

                     Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

                     Біреулер тұлпар еді дер де, мүмкін,

                     Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы,- деп, ақиық ақын өзі жырлағандай, қазіргі таңда рухты ақынымыз туралы естеліктер де, еске алу да көп. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың өзі ақын өмір сүрген уақыттардың жаңғырығындай, осының дәлелі.


Ақерке Н.: Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Албан тайпасы Алжан руынан шыққан. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші ту­ған күніне байланысты мынадай сөз айта­ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан­да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен»

Аружан: Азан шақырып қойылған аты - Мұхаммедқали. Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады

Жанель: Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.
Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер, Қазақ радиосында диктор болған, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімін басқарған. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған.
Динара: Поэзия әлеміне жарық жұлдыздай сәуле шашып айрықша із қалдырған мұқағали –күллі қазақ халқының мақтанышы.Сондықтан да Өлсе өлер Мұқағали, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім деп адамның ішкі жан дүниесінің нәзік сезімін оның күшті құштарлығын шынайы да әсем бейнелей білген ақын өлеңдері-мәңгілік қазына.

Мұқағали Мақатаев орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болып,1949-жылы Лашын апамызбен отбасын құрды. Дүниеге Алмагүл,Шолпан атты екі қыз, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал Майгүл есімді қызы 10 жасында қазаға ұшырап мұқағали атамыздың қабырғасын қайыстырды


Шынар: Бәрі есімде мекен жай,тұрағым да,

Тек естетек есте жоқ,күлдім бе,жыладым ба?

Балалық шақ жармасып жүретұғын

Өгіз жеккен соқаның құлағында.- деп өз балалақ шағын жырлаған ақын ендігі өмір жолын ел астанасы, қазақ ақын жазушыларының шоғырланған мәдени ортасында жалғастырады. Ақын Фариза Оңғарсынованфң жыр жолдарымен айтар болсақ:

Сыздатып кеудесін жыр,тыңдайтын ән,

Бетке алған сұрапылды қандай ұлан?

Әйтеуір,алқам-салқам жолға шықты,

Киелі Хантәңірі баурайынан.

Көз салды балалыққа тағы барлап,

Тұрғандай жолын таудың әні жалғап.

Алыста көз ұшында бір ғажайып,

Көгілдір әлем тұрды жанын арбап.

Жай ойнап жүрегі оның жауындаған,

Селдетсе-сілкінердей дәуір ғалам.

Ей.Әлем!Құшағыңды аш,тербет жанын,

Келеді Қарасаздан дауыл балаң!- Келесі бөлім «Білім мен Шығармашылық жолында»


Әсел: Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.

Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.

Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.


Шынар: Қарасаз қара шалғын, өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім. -деп жүрегін жарып шыққан

құдіретті жырларының өміршеңдігіне сенген, шығармаларына елінің тура бағасын беріп болашақтың тұмарына айналарына сенген тума таланттың шығармаларына кезек берейік.

Гүлзина: Тырнақ алды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» (қазіргі «Хан тәңірісі») газетінде 1948 жылдары жариялана бастаған. 1954 жылы бір топ өлеңі «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналында, одан кейін бір шоғыр жыры Ә.Тәжібаевтың сәт сапар тілеген сөзімен «Қазақ әдебиетінде» жарияланған.
Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді, әже, шырағын», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Н.Тілендиев ән шығарған.
Толғанай: Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, әпербақан сынға ұшырағанда да "Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана" деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге де, лауазым-атаққа да қызықпаған.

М.Мақатаев қаламынан "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір-дастан" т.б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір-өзен" т.б. жыр кітаптары, "Қош, махаббат!" атты прозалық кітабы оқырманның қолдан-қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды.
Перизат: Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали "Жан азасы" (реквием) поэмасында өмір туралы гимн туғызды. "Аққулар ұйықтағанда" поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр етсе, "Райымбек, Райымбек!" дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді. М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.


Шынар: Жақындық сеземін-

Жерден де, аспаннан,

Жылылық сезінем-

Мұздардан, тастардан.

Өмірім сірә да,

Арыдан басталған,

Әріден басталып, мәңгіге тасталған.

Осы мен өлмейтін шығармын,

Сәл ған мызғып ап, қайтадан тұрармын, - деген өлең жолдары бір көрегендікпен, сезімталдықпен жазылгандай. Мұқағали мұзбалақтың ортамызда әлі де тірі екеніне оның өлеңдері, оны сүйіп оқитын оқырманы, өз өмірінің бір бөлшегіндей көретін жыр сүйер елі куә.


Олай болса ұлы ақынның рухына бас ие отырып, бізде Мұзартаудың Мұзбалағының жырларына кезек берейік.

Назерке:

Шеше,
Сен бақыттысың!
Жыламағын.
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой,
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын!
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл тот басып тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін кесірімді.)
Аспанға жазам сенің есіміңді!!!
Шеше!
Сен бақыттысың, тербете бер,
Құба талдаи иілген бесігімді...


Т. Әйгерім:

Әке, сенің жасыңнан асып барам.
Кезі-кезі келгенде тасып та алам,
Кезі-кезі келгенде жасып қалам,
Мына өмірге, бәрібір, ғашық балаң.
Құры алақан емеспін қуаныштан,
Қуаныштар алдымда құрақ ұшқан.
Бір арыстан өмірден өткенімен,
Өмір сүріп келеді тірі арыстан.
Өкінбе, әке, отың бар сөнбейтұғын,
Ол мәңгілік жанады көрмей тыным.
Ұрпағың бар, ел менен ер намысын,
Тірі тұрса, қолынан бермейтұғын.


Арай:

Отан 

Отан!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға - сол қайғы!
Күн көреді,
Әкесіз де, анасыз,
Өмір сүрер.
Әйелсіз де, баласыз,
Ал Отансыз -
Нағыз сорлы панасыз?
Білесің бе,
Отанның сен не екенін?
(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.)
Екі Отан жоқ.
Жалғыз Отан - мекенің!

Әсел:

Нені аңсаймын

Нені аңсаймын?..
Туған өлке, туған жұрт, сені аңсаймын,
Heгe аңсаймын, білмеймін, неге аңсаймын
Ұл де, мейлің, адасқан құл де, мейлің,
Сені аңсаймын, туған ел, онан сайын!
Қуат берген дәмің мен тұзың маған,
Қаймағыңды аңсаймын бұзылмаған.
Гүлін сүйем, шалғынның бүрін сүйем,
Үнін сүйем масаңның ызыңдаған.
Сені аңсаймын, қайнаған ақ бастаулар,
Ақ бас таулар - самайын ақ басқандар.
Сені аңсаймын, қазіргі ақ бас шалдар,
Бұрынғы өреден құрт ап қашқандар,
Су кешіп, жалаң аяқ от басқандар!



Жанель:

Мен таулықпын,

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!