Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақсаты: 1. Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, «Мәңгілік ел» атты болашағымызды махаббат сезімін ояту. Оқушылардың «Сөз мәйегі-мақал» дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету.  2. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, мағынасын түсіне білу дағдыларындыру. Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту. 3. Халық ауыз әдебиетін құрметтеп, оны дамытуға, тіл мәдениетіне, достық қарым-қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын сүюге, халық мәдениетін жалғастыруға тәрбиелеу. Отанын, туған жерін қорғай білуге, ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Түрі: жарыс сабағы
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, Елбасы суреті, рәміздер, қанатты сөздер, гүлдер, Астана қалаларына байланысты суреттер.

Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік

Сабақтың барысы:
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Алдымен мақал-мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек:
Мақал-мәтел – ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтелдің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық.

1-тур: Мақал-мәтел сайысы.
«Кім көп біледі?»
Қатысушы топпен мақал-мәтел айтудан жарысады. (1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар таңдаған тақырыптары бойынша қанша мақал айтса ұпай саны да соған қарап қойылады.)
2-тур: Ұйқасын тап.
(Тақтада мақалды-мәтелдің басы беріледі,қатысушы жұптар мақалды жалғастырады).
3-тур: Кім тапқыр?
— Ал балалар, мен Сіздерге жұмбақ айтамын. Жұмбақ деген алақанды жұмудан, яғни қолдың ішінде бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақ жасырғанда айтылар нәрсені ойда бүгіп қалып, соған ұқсас нәрселерге теңеп, тұспалдап сипаттап айтады. Оқушылар одан кейін жұмбақты бір-біріне жасырады.
Шарты:  Мұғалім жұмбақ жасырады,
жауабын айту керек, сол жұмбақтың жауабын тауып айтқан соң, жауабына сәйкес мақал айту керек)

Өзі жуас, өзі момын,
Бір шешпейді тонын. (Қой)

1. Тастан-тасқа секіреді,
Қалқиып қос құлағы,
Ойын болып көкірегі,
Аула оның тұрағы. (Лақ)

2. Туа сап жүріп кеткен
Енесін қуып кеткен. (Құлын)
3. Қамыс құлақ, тастаған тұяқ
Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (Жылқы)
4. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт жылтырмағы бар
Екі шыбыртқысы бар. (Сиыр)

5. Шыңдары шырқау,
Көшіп жүр бір тау.(Түйе)

6. Жайған жастық сөгілді,
Аппақ  мамық төгілді.( Қар)


7. Желден желігеді
Судан шегінеді (От)

8. Жылт-жылт етеді
Жылғадан өтеді (Су)

9. Өзімнен өзгенің бәрін көремін.(Көз)
10. Сылдырдан қорқады, шошынып жортады (Қоян)

11. Білімнің нәрін тереді, балаға тәлім береді.(Ұстаз)

4-тур: Жаңылтпаштар сайысы.

Шарты: Бұл кезең оқушыларды жаңылтпашты жаңылмай айтқызу.
Жүргізуші:  Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, «Мәңгілік ел» атты болашағымызды махаббат сезімін ояту. Осымен 1-сыныптар арасында өткен «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты жарысымыз аяқталды.

Әділ-қазылар алқасының қорытынды сөзі.





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2018
725
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі