Мыңжасар Маңғытаев

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мыңжасар Маңғытаев

Материал туралы қысқаша түсінік
Мыңжасар Маңғытаев есімі мектепке берілді
Материалдың қысқаша нұсқасы

МЕКТЕПКЕ МЫҢЖАСАР МАҢҒЫТАЕВ ЕСІМІ БЕРІЛДІ



Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «№43 «Қызыл таң» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне еліміздің кемеңгер тұлғасы, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, атақты композитор, професор Мыңжасар Маңғытаев есімі берілді.

Бұл есім Ш. Ділдабеков ауыл әкімшілігіне қарасты Сұлубұлақ ауылында орналасқан мектепке кездейсоқ таңдалмады. Әндерін бүкіл ел-жұрт орындайтын Мыңжасар Маңғытаев – бала кезінен ел аузына іліккен, әндерін бүкіл ел-жұрт болып сүйіп орындайтын кәсіби деңгейі өте жоғары композитор еді. Оның әндерін Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев сияқты танымал әншілеріміз орындап, сахнаға шығарған. Сонымен қатар классикалық дүниелерге де барып, көптеген симфония, опералар дүниеге әкелді. Оның еңбектері опера және балет театрында талай рет қойылып, елдің құрметіне бөленді, халықтың рухани қажетін өтеді. Мыңжасар өзі қазақы психологиядағы, қазақ тұрмысын, мәдениетін өте жақсы білетін композитор. Өз ұлтының өнерін, мәдениетін, руханиятын жүрегімен, жанымен түсінген жан – осы Мырзашөл өңірінің тумасы.

Тұла бойы тұнған өнерді дамытып, халықтық әуеннен нәр алған белгілі композитор айналасына шуақ шашып, кішіге қамқор бола білген білгір де білімді композитор сұңғыла шежіре Мыңжасар Маңғытаев алтын уақыттың бір минутын да бос жібермей, бойындағы асыл қасиетті келер ұрпаққа аманат ету ісін мүлтіксіз орындап, үнемі жұмыс үстінде шыныққан төл өнеріміздің өкілі. Біз енді ол кісінің жақсы істерін, шығармашылығын айтып, еске алатын боламыз. Осындай көрнекті композитордың еліне сіңірген еңбегі еш уақытта ұмытылмайды деп ойлаймын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2024
184
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі