Масимова Г.А. Алматы қаласы
А. Розыбақиев атындағы
№153 мектеп -гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
МYP (Middle Years Programme) бағдарламасы бойынша сабақ өткізудегі тиімді әдіс-тәсілдер
MYP (Middle Years Programme) — Халықаралық бакалавриат ұйымының 11–16 жас аралығындағы оқушыларға арналған оқу бағдарламасы. Бұл бағдарлама оқушылардың жан-жақты дамуына, сыни ойлау қабілетін арттыруға, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. MYP бағдарламасында сабақ беру барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер оқушылардың белсенділігін арттырып, білімді терең меңгеруге септігін тигізеді.
2023-2024 оқу жылынан біздің
А. Розыбақиев атындағы №153 мектеп гимназия ұстанған
жұмыстарының негізгі бағыттары MYP
бағдарламасына байланысты болды. Өйткені
мектеп гимназия осы оқу жылынан
бастап Халықаралық Бакалавриат
бағдарламасы бойынша сынақ мектептерінің қатарына
кірді.
Халықаралық Бакалавриат барлық
қатысушы-мемлекеттердің оқу жоспарына ортақ халықаралық білім беру
бағдарламасын ұсынады. Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы
қатысушы-мемлекеттердің мектеп біліміндегі үздік жетістіктерін
жинақтады. Оның үстіне Халықаралық Бакалавриат ұлттық білім беру
жүйесін алмастырмайды, керісінше ұлттық стандарттан жоғары сапалы
жаңа деңгейге көтереді. Халықаралық Бакалавриат төрт
білім беру бағдарламасын ұсынады:
-
3-12 жас аралығындағы мектепке дейінгі және бастауыш мектептерге арналған (PYP);
-
11-16 жастағы негізгі мектеп оқушыларына арналған (MYP);
-
16-18 жастағы жоғары сынып оқушыларына арналған дипломдық бағдарлама (DP);
-
16-19 жастағы жоғары сынып оқушыларына арналған кәсіби бағытталған бағдарлама (CP)
Халықаралық Бакалавриат бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын, жеке және ұжымдық эксперименттер мен зерттеулерді жоспарлауды және өткізуді дамыту. Бағдарлама оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін жан-жақты дамытуға, олардың тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
Осы бағдарлама негізінде қазақ тілі мен әдебиеті сабағында төмендегідей әдіс тәсілдер қарастырылды:
1. Зерттеушілік (Inquiry-based learning) әдісі. Зерттеушілік әдіс оқушылардың өздігінен сұрақ қойып, жауап іздеуіне, ақпаратты талдап, қорытынды жасауына мүмкіндік берді. Бұл әдіс оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, сыни ойлау қабілетін дамытты. Мысалы, Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушыларға тілдік бағдар бойынша "Сөйлем мүшелерінің қызметі қандай?" деген сұрақ қойылып, олар өз бетімен мысалдар арқылы жауап іздесе, «Абайды оқы,таңырқа» тарауында "Абайдың табиғат лирикасында қандай сезімдер бейнеленген?" деген сұраққа жауап табу үшін оқушылар өлеңдерді талдайды.
2. Концептуалды оқытуда оқушылар тек нақты мәліметтерді емес, негізгі ұғымдарды түсінуге баса назар аударады. Бұл тәсіл оқушылардың білімін тереңдетіп, оны түрлі жағдайларда қолдануға үйретеді. Мысалы, "Мәдениет" ұғымын талқылау арқылы оқушылар әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің әрекеттерін түсінеді. "Құндылық" ұғымын зерттеу арқылы оқушылар мәтіндегі негізгі идеяларды анықтай алады.
3. Ғаламдық мәнмәтінге негіздеу (Global contexts). Оқушылардың білімін өмірмен байланыстыру үшін ғаламдық мәнмәтіндер қолданылады. Бұл тәсіл оқушылардың жаһандық мәселелерді түсінуіне және өз ойларын қалыптастыруына ықпал етеді.
Мысал келтіретін болсақ, қазақ тілі мен әдебиетіндегі экологиялық тақырыптарды қазіргі әлемдік экологиялық мәселелермен байланыстыру немесе тілдің қоғамдағы рөлі туралы талқылау арқылы оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға болады.
4. Қалыптастырушы бағалау және кері байланыс оқушылардың оқу үдерісін бақылап, қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Кері байланыс арқылы оқушылар өз жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, оқуын жақсартады.
5. Жобалық жұмыс (Project-based learning)
Жобалық жұмыс оқушылардың зерттеу, жоспарлау, шығармашылық және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Бұл әдіс арқылы оқушылар нақты бір мәселені шешуге бағытталған жобалар әзірлейді.
6. Интердисциплинарлық байланысты туралы айтсақ әртүрлі пәндер арасындағы байланысты орнату арқылы оқушылардың білімін кеңейтуге болады. Бұл тәсіл оқушылардың кешенді ойлау қабілетін дамытады.Мысалы, әдебиет пен тарих пәндерін байланыстырып, тарихи шығармаларды талдау. Қазақ тілі мен география пәндерін байланыстырып, географиялық атаулардың шығу тегін зерттеу.
7. Саралауда оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды әртүрлі деңгейде беру. Бұл тәсіл оқушылардың қабілеттеріне сәйкес оқуын қамтамасыз етеді.
8. Рефлексия. Сабақ соңында оқушылар өз оқу үдерісін бағалап, болашақта нені жақсарту керектігін анықтайды. Рефлексия оқушылардың өзін-өзі тануына және жауапкершілігін арттыруға көмектеседі.
Осы әдіс тәсілдер сабақтарда тиімді қолданылса ғана біз өз шәкірттеріміздің болашағының жарқын болуына көмектесеміз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз