Түркістан обылысы, Мақтаарал ауданы
Мектеп: Қ.Сәтбаев атындағы №6 жалпы орта мектебі
Тақырыбы: Мырзашөл даласында суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайының қалыптасуы.
Орындаған: Тургунова Балатай
Атакент 2020
Аннотация
Мырзашөл даласы топырағының қайта тұздануы оның ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігіне, минералды тыңайтқыштарды тиімді пайдалануға және топырақтың құнарлығына кері әсерін тигізеді.
Осы ғылыми еңбекте жердің тұздануының негізгі себептері мен тік дренаж скважиналарының жоқтығы негізгі фактор деп талдау жасалған.
Ғылыми еңбекте ашық сұр топыраққа, климат жағдайына, өсімдіктер мен микроағзалардың ерекшеліктеріне сипаттама беріп, бұлар топырақтың құнарлығын және мақтаның өнімділігін анықтайтыны жазылған.
Сондай-ақ ғылыми еңбекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы өңірі мысалында топырақтың тұздануын минералданған жерасты суларының әр түрлі деңгейімен де байланыстырған дәлелдер бар.
Ғылыми зерттеу жұмысының маңыздылығын еңбекте келтірілген ғылыми әдебиеттерге жасалған жалпы қорытынды және жүргізілген бақылау мен тәжірибелер де дәлелдейді.
№1кестеде мақтаның әр түрлі тұзданған топырақтарда өну темпі мен вегетациялық кезеңдерде азот мөлшерін ендіру туралы мәліметтер.
№2 кестеде мақта ұрығын себу алдынғы және вегетацияның соңында топырақтағы 0-80 см және 80- 100 см горизонттағы хлор иондарымен тұздың тығыздалған қалдығына фактілер сандық мәліметтерде келтірілген.
№3 кестеде мақтаның әр түрлі тұзданған топырақтағы даму кезеңінде оның өсуі мен дамуы және өнімділігінің нәтижелері есепке алынған.
Ғылыми еңбектің төртінші тарауында әр түрлі режимдегі топырақтағы және минералдық тыңайтқыштарды ендіру мөлшері өнімділік туралы мәлімет (№7 кесте) берілген.
№8 кестеде мақта тұқымының сапасына, суғару режиміне байланысты баға береді.
Ғылыми еңбекте келтірілген қорытындылар Мақтаарал ауданының мақта өнімділігі минералды тыңайтқыштар мен мақта суғаратын суды нәтижелі қолдануда үлкен практикалық маңызға ие.
Ғылыми еңбекте келтірілген қорытындылар мен практикалық ұсыныстар тоғыз кестеде көрсетілген.
Аннотация
Почвы Голодной степи подвержены вторичному засолению, что отрицательно влияет на плодородие почвы, эффективность применения минеральных удобрений и урожайность сельскохозяиственных культур. В работе дан анализ главных причин засоления земель и главного фактора отсутствия скважин особенностей светлых сероземов, климатические условия, растительность микроорганизмы, которые определяют плодородие почвы и уражайность хлопчатника, увязывается в работе зависимость степени засоления почвы с уровнем залегания почвы минерализованных грунтовых вод с приведением конкретных примеров и фактов в различные периоды сельскохозяйственного производства в конкретной зоне Мактааральского района, Южно-Казахстанской области.
Для обоснования большой роли проведенных научных иследований в работе обобщены литературные источники в количестве 16 работ, которые подтверждают необходимость проведенных опытов
В таблице №1 приводятся материалы по темпам появления всходов хлопчатника на различию засоленных почвах6 а также доз внесения азота в вегетационных сосудах.
В таблице №2 даются фактические цифровые материалы при разном числе проведения промывок по содержанию ионов хлора и плотного остатка гаризонтах 0-80 см и 80-100 см перед посевом и в конце вегетации.
В таблице №3 приведены результаты учетов, наблюдений за ростам и развитием хлопчатника в период вегетаций и уражайность при различном засолении почвы.
В четвертом разделе научной работы приводятся уражайные данные при разном режиме полива и дозах внесения минеральных удобрении (таблица №7), а в таблице №8 дается оценка качеству семян хлопчатника в зависимости от режима полива.
Обощенные в работе научные материалы имеют большое практическое значение в хлопководстве Мактааральского района в дееле эффективного использования поливного вода и минеральных удобрений.
Выводы и практические предложения вытекают из приведенных в работе девяти таблиц а работа заслуживает высокой оценки
The summary
Ground of Hungry steppe are subject secondary salted, that efficiency of application of mineral fertilizers and productivity of agricultural cultures negatively influences fertility of ground. In work given the analysis of the main reasons salting of grounds and primary factor of absence of chinks of features light ground6 climatic conditions6 vegetation and microorganisms is given wchich define (determine) fertility of ground and productivity of cotton production6 the dependence of a degree salting of ground with a level pressing of ground mineralized of earth waters with reduction of concrete examples and facts in the various periods of agricultural manufacture in a concrete zone of Mahtaaralregon, South- Kazakhstan are a coordinates in work.
For a substantiation of the large role of the carried out(spent) scientific researches in work the references in quantity(amount) 16 works are generalized, which confrirm necessity of the carried out(spent) experiences.
In the table №1 is given the materials on rates of occurrence growing of cotton on distinction salted ground, and also dozes of entering of nitrogen in vegetation vessels are resulted.
In the table №2 is given the actual digital materials are given at different number of realization of washings under the contents of ions of chlorine and dense rest horizons 0-80 cm and 80-100 cm before crop and in the end of vegetation.
In the table №3 is given the result of the accounts, supervision over growth and development of cotton in the period of vegetation and productivity are given at varios salting of ground.
In the fourth section of scientific work the fruitful data are resulted at a different mode of watering and dozes of entering of mineral fertilizers ( table №7), and in the table №8 the rating to quality seeds of cotton is given depending on a mode of watering.
The scientific materials, generalized in work , have the large practical value in cotton production in Mahtaaral region, in business of an effective utilization of water and mineral fertilizers.
The conclusions and practical offers follow from given in work of nine tables, and the work deserves a high rating.
Мазмұны
Кіріспе
І.Мырзашөл даласының тарихы және табиғи жағдайы.
1.1. топырағының әркелкілігі.
1.2. климаттық жағдайы
1.3.Мырзашөл даласының жағдайында өсімдіктердің бейімделуі.
ІІ. Жердің мелоративтік жағдайы және сорлануға қарсы күрес шаралары.
2.1. Мырзашөл даласының топырағын суландыру режимі.
2.2.Мырзашөл даласының топырағының тұздану режимі.
ІІІ.Топырақтың тұздануына байланысты минералдық тыңайтқыштардың тиімділігі.
IV. Топырақтың сумен қамтамасыз етілуіне байланысты минералдық тыңайтқыштың тиімділігі.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Қосымша
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Орта Азия мен Қазақстанның Оңтүстік аймақтарында жерді ескіше суғаруды мелоративтік жағынан жақсартудың кең бағдарламасы өте қажетті шараның бірі. Жер алаңдарының бірқатар бөліктерінде топырақтың бірінші қабаттарында тұздану пайда болады. Ол ерекшелік климаттың, гидрогеологиялық жағдайларға байланысты, сол зонаның бейімделгені болып табылады. Өзен суынан, арық суының ағыстарынан топырақтың жоғарғы гаризонтында тұз жинақтала бастайды. Топырақтың ылғалы азайып, буға айналып өсімдіктерге ауысады. Суландыру бұл жағдайда жерасты суымен су-тұз балансына едәуір әсерін тигізеді. Табиғи сүзу жағдайында суғару тұз жинақталудың екінші кезеңіне өтеді.
Екінші тұз жинақталу процессі тыңды игеру мен суландырудың бірінші жылынан бастап кездеседі. Ол Мырзашөл даласында гидрогеологиялық, топырағы-мелоративтік қолайсыз жағдайдан пайда болады. Мырзашөлдің әртүрлі топырағы, метеорогеологиялық қолайсыз жағдайлары ретке келтіретін жасап, минералтыңайтқыштарды тиімді пайдаланып, ауылшаруашылық, техникалық егістердің өнімділігін арттыру керек.
Ауыл шаруашылығы мамандарының
айтуынша, қазір өңірде ирригациялық эрозия, яғни, су эрозиясы үлкен
шығын келтіріп отыр. «Қардың еруінен пайда болған эрозияға
қарағанда бұл эрозияның шығыны жоғары болады. Мысалы, егістік жерге
жайылған су жер бетіне жақын орналасқан жер асты суының деңгейінің
көтерілуіне алып келеді. Бұл жағдай топырақтың тұздануына, яғни,
тұзды көлдердің пайда болуына алып келеді. Осының нәтижесінде
өнімділігі жоғары жердің көлемі қысқарғанын байқауға болады»
Суармалы жерлерді игеру диқандар үшін арзанға түсіп отырған жоқ. Ол
үшін канал қазып, жердің мелиорациялық жағдайын жақсарту
қажет.
Ғылым тілімен айтқанда, жерді кең көлемді мелиорациялаудың да негізгі шарттары бар. Жерді суармай тұрып, бедеріне, топырақтың құрамы мен физикалық қасиеттеріне, төсеніш қабаттары мен жер асты суының құрамы мен тереңдігіне де мән беру қажет. Егер бұл шаралар дұрыс қолға алынбаса, суармалы жерлер тез арада сорланып, батпақтану қауіпі бар.
Жұмыстың мақсаты:Топырақтың шаруашылықтағы рөлін арттыру.
Жұмыстың міндеті:
1.Адамзаттың топырақты тиімді пайдалана білуін әдебиеттермен талдау жасау.
2.Топырақтың адамзат қоғамының басқа да тіршілік салалары үшін маңызын білу.
3.Топырақ мелиорациясы мен тиімді пайдалану проблемаларымен танысу.
Зерттеу әдісі: әдебиетті талдау; салыстыру, жалпылау, бақылау

Мырзашөл-оңтүстік жағы таумен қоршалған, жазық алқапты алып жатқан аймақ. Сырдария өзенінің сол жағалығында 1 миллион га жерді алып жатыр. Оның 800 мың га суармалы. [1].
Оңтүстік Қазақстан –Қазақстандағы техникалық мәдени егіс мақта өсірудің негізгі ауданы болып табылады. Онда Мақтаарал ауданы орналасқан. Онда 250 мыңнан астам халық мекендеп кәсіп етеді. Бұл күндерде Мырзашөлді игеру аяқталған. Мырзашөл бүкіл Одақтық өндіріс-тәжірибелік орталық (жаңа жерді игеру жөнінде) болып табылады. 1924 жылы мұнда бірінші мақта егетін мемлекеттік шаруашылық құрылған. Ол одақтағы бірден-бір мақта беретін совхоз болғандықтан оны «Мақтаарал» совхозы деп атаған.
Мақтаарал ауданы — Түркістан облысының қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1,8 мың км (облыс аумағының 1,5%-ы). Тұрғыны 268,7 мың адам. Аудан жеріндегі 176 елді мекен 1 қалалық, 3 кенттік және 21 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы — Мырзакент қаласы. Халқының саны — 133 539 адам.
Бұрынғы Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің Иіржар болысы таратылып, соның негізінде 1928 жылы 3 қыркүйекте Иіржар ауданы болып қайта құрылды. 1930 жылдан Мақтаарал ауданы. 1997 жылы 24 сәуірде мақталы үш аудан (Асықата, Жетісай, Мақтаарал) таратылып, олардың аумағында әкімшілік орталығы - Жетісай қаласы болатын Мақтаарал ауданы құрылды. 2018 жылы 8 маусымда қайтадан Жетісай және Мақтарал ауданы боп екіге бөлінді.
-
Топырақтың әртүрлілігі
Мырзашөл-кең алқапты алып жатқан ойпат. Жер бедерінің әртүрлілігіне қарамай, оның ойпат жерлері де бар. Мысалы Жетісай, Сардаба, Сырөзен ойпаңдары- Сырдария өзенімен параллель жағдайда жатады. Бұл ойпаң бір кезеңдерде Сырдария өзенінің ескі арнасы болса керек. Ойпаңдардың арасында айналасымен салыстырғанда биіктеу ұзындығы белдермен қырқалар, олардың аралықтарында тұзды көлшіктер кездеседі. Соған қарағанда ол жерлерде тұзды су қабаттары жер бетіне жақындау болу керек.
В.А.Ковданың және басқалардың жобасы [2] бойынша Мырзашөлге жыл сайын 1-1,5 миллиард м3 жерасты тұзды сулары келіп тұрады. Жердің жоғарғы қабатына жақындай түседі. Жер бетінің екінші кезекте тұздануы күшті қарқын алады. Тұзданумен күресудің ең тиімді жолы ауыспалы егісті ұқыпты жүргізу, суарудың жаңа системасын, жаңа механизация күштерін пайдалану, жаңа дренаждар салу, ғылым мен техниканың озық әдіс-тәжірибелерін кеңінен пайдалану, агротехникалық шараларды кеңінен жүргізу арқылы жердің тұздануын азайтуға болады.
-
Климаттық жағдайы.
Климаттық жағдайына қарағанда Мырзашөл шөл зонасына [3] жатады.
Жауын-шашын түсімі өте аз. Мақтааралда жылдық жауын-шашын түсімі 262 мм. Метеорологиялық станцияның анықтамасы бойынша жауын-шашын қыс, көктем айларында , жаз-күз айларында өте аз түседі. Мақтаарал көп жылдық орта t0 =12,40 Барлық вегетациялық кезеңде температура 21730 . Мырзашөлде температура жинақталуының тиімділігі жылылық сүйгіш мақта егісінің талаптарын толық қанағаттандыра алады.
1.3.Мырзашөл даласының жағдайында өсімдіктердің бейімделуі
Топырақтың құрылымы өнімділікті арттырудың маңызды факторларының негізгісі болып табылады. Шөптесін өсімдіктер жердің төменгі қабатынан жоғарғы қабатына қоректік заттардың биологиялық миграциясын микроорганизмдер әсерімен органикалық заттарға бөлініп ауа температурасын төмендетеді. Құрғақ ауаны тоқтатады, топырақтағы ылғалдық булануын азайтады.
Микроорганизмдер әрекетімен баяу еритін қоспалар өсімдікке қолайлы минералдық қорек болады. Органикалық заттардың минералдық процессі Мырзашөлдің ашық сұр топырағы солғын сұр топыраққа қарағанда тез өтеді. Бұл жерде микроорганизм қимылын күшейту үшін жоңышқаны көбірек егу керек.
«Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының» тәжірибесі бойынша жоңышқалықты 5 жыл пайдаланғаннан кейін айдағанда пайдалы организмдер қызметі күрт төмендеп кеткен.
Көңілді, минералдық тыңайтқыш ендіру микроорганизмдердің пайдалы қызметін күшейтеді.

Су режимінің жинақталу әртүрлі климаттық жағдайларға, жерді игерудің ұзақтығына, жерасты суының деңгейіне, оның минералдану дәрежесіне, суғару нормаларына, өсімдіктердің биологиялық өзгешеліктеріне байланысты болады. Жерасты су қабаттарының (1,5-2,5 м) 50 см құрғақ топырақта, ал төмен жатқан гаризонтта ылғалдылық жоғарғы дәрежеде болады. Су қабатының саяз орналасуы мақталықты тек шілде айының басында суғару керек [4]. Жерасты суының 2,5м-3м тереңдікте жатуы жағдайында вегетациялық дәуірде үлкен нормамен 2-3 рет суғару керек.
Мақта егудің басында 100% шығымдылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті ылғал зонасы болуы керек. Мақтаарал жағдайында ол үшін күздік-қыстық сор шаюды 2,5 мың кубаметрден 3,4-4 мың кубаметр нормасы бойынша (әр га) тұздану дәрежесіне қарай (төмен, орта, күшті) жүзеге асырылады.

Топырақта тұздың жинақталуы топырақтың жиегіне, оның механикалық құрамына, жерасты суының деңгейіне, минералдауына және басқа факторларға байланысты. Суғару кезінде тұздың көп жинақталуы топырақтың жетілмеуі жағдайында өтеді. Тұздану режимі топырақтың су режимімен анықталады.
Судың қозғалысы тұз бен миграцияға түседі. Топырақты суғаруға , шаюға, фильтрация, қыртыстың булануы, өсімдіктер транпирациясы [4] зор әсер етеді. Тұздану режимінің өзгерісін «Мақтаарал» ауданының суармалы жері жағдайында жақсы байқауға болады. Суғарудың нәтижесін жерді игерудің бірінші жылынан бастап минералданған жерасты суының едәуір көтерілгенін көреміз. Соның нәтижесінде «Мақтаарал» ауданындағы мақтаның өнімділігі 35-38 ц/га-дан, соңғы жылдары 18-20 ц/га төмендеп кетті. Мырзашөл жерінің тәжірибесінде тұздану дәрежесінің 4 сатысын байқауға болады [5].
І-этап. Жерді игерудің басталуы (1925-1930) жылдар мен 1950 жылдардың жартысына дейін.
Бұл этап баяу темппен жаңа, тың жерлерді игерумен ерекшеленеді. Жер-су ресурстарын нашар пайдаланумен басталады. Жерасты минералды сулардың деңгейі 12-15 метр тереңдікте. Шаруашылықтарға су жеткізу талабы 1,5-2,0 есе аса орындалып отырылды. Мақтаны суғару нормасы 12-20 мың м3 (гектарына). Суғару жүйелері арқылы 1950-жылдарда су деңгейі 3-4 метрге көтеріледі.
ІІ- этап. 1950 жылдар мен 1970 жылдарғы дейін
Бұл кезең тың және тыңайған жерлерді игерудің жоғары дәрежеде жүре бастауынан көрінеді. Суды пайдалану коэффиценті 0,60-0,70 м көтеріледі.
Жаңа жерді игерумен бірге коллекторлық-дренаждық құрылыс жүйесінде қарқынмен алып барды. Бос сутастағыштар арқылы қатаң тежеу қойылды. Суғару нормасы төмендеп кетті. (Киров магистралды каналынан). Тұзданудың кірісі көбейіп, шығысы азаю нәтижесінде 1955-1965 жылдар аралығында өнімділік азайып кетті. Әрбір гектардан 28-30 ц орнына 17-24 ц-ге түсіп кетті.
ІІІ-этап. 1970-1990-1992 жылдар.
Бұл кезеңде коллекторлық –дренаждық жүйенің дамуы, жердің тұздануымен күресуе дренаждар жүргізу, сор шаю, су-мелиоративтік шараларды жүргізу, өндірістің тиімді техгологиясын пайдалану, механизация, химизация жетімтіктерін кеңінен пайдалану қарқынды түрде жүрді.
1970-1980 жылдарға қарай Оңтүстіктің үш ауданы зонасында 884 тік дренажы құрылысын аяқтады. Мақта далалары жай және күрделі жөндеуден өтіп тегістеледі, мелиорациялық шаралар жүргізілді.Жерасты суларының деңгейін реттеп отыруға жыл мезгіліне қарай көктемде 1,5 м, күзде 3,5 м ұстап отыруға мүмкіншілік жасалды.
Тік дренажды пайдалану коэффиценті 05. Көктем-күзгі сор шаюға, ауылшаруашылық дақылдарын суғаруға пайдалану арқылы жерасты суының деңгейін 3,5 метрге дейін төмендетті. Бұл жылдары мақтаның тез пісіп жетілуі, күзгі-қысқы жұмыстарды қысқа мерзімде өткізу, сор шаюды сапалы өткізу 1970-1985 жылдарда суғарудың сор шаю режимі 20-25 т-ға жеткізілді. Мұны дренаждық судың сброс арқылы суғарылатын жерге айдаудың әсері деп білу керек. Соның нәтижесінде 1979-1980 жылдарда 80-85 % жер тұзданудан арылды. Өнімділік 2-35 ц/га көтерілді. Алдыңғы қатарлы шаруашылықтар: Мақтаарал 42ц, Жетісай 35 ц, «ІІІ Интернационал» колхозы 35-39 ц жетті. Дегенмен 1983-1988 жылдарда су босатудың тежеле бастағаны байқалады. Электро скважина насостарын жөндеу, жанар жағармай қиыншылықтары туындай бастады. Скважина жұмысының коэффиценті 0,35-0,40-тан 0,21-0,26-ға түсті. 1990 жылдарда суды шаю нормасы 2,5-3 мың м3 –ден 1800-2000 м3 –ге түсті.
Жерасты суының тұздануы 0,9-1,1 г/литр.
1980-1981 жылдары 1,35-1,65 г/литрге көтеріледі.
1985 жылдары гектарына 6-7 т тұз шығару гектарына 3,4-4,5 тонна.
1989 жылы орта, күшті сорланған жерлер 51-54 %-ға жетіп, 46-49%-ға түсті. Соның нәтижесінде Мақтаарал ауданында 1988-1990 жылдары мақтаның өнімділігі 28-30 ц/га болады.
IV-этап. 1991 жылдан қазірге дейін.
1990 жылдардың басындағы Қазақстан Республикасындағы жүргізілген Аграрлық реформаның негізгі мақсаты Республикамызда көпсалалы, жекешендірілген шаруашылықтар негізінде экономика құру болып табылады. Авторлардың пікірлеріне сәйкес колхоз-совхоздарды қайта құру, соның нәтижесінде жеке, коллективтік меншікке сүйенетін жаңа өндіріс орындарын салу көзделді. Бірақта 1991-1994 жылдары өндіріс өнімі 23%-ға құлдырап кетті. 1988 жылы көсек құртының зақымдануынан өнім 50%-ға төмендеп, 14,1 ц-ге түсті. Оның ауыртпалығы жеке фермерлер мен шаруаларға түсті.
Фермерлер мен шаруалар материалдық-техникалық қиыншылыққа тап болды. Оларға тозығы жеткен ескі техникалар қалды. МТС, ГСМ және мастерскойлар ешнарсемен қамтамасыз ете алмайды. Керекті бөлшектер өте қымбат, агротехникалық шаралар өз дәрежесінде жүргізілмейді. Техникамен қамтамасыз ету орындары жоқ. Бар болса жоғары бағамен сатады.
Майда шаруашылықтар ауыспалы егіс тәртібін сақтамайды. Фермер өз беттерінше ауыл шаруашылық егістерін егеді. Басым көпшілігі мақта. Аграрлық секторда жолдардың нашарлығы, су есебін жүргізетін құрылыстардың жеткіліксіздігі, дренаждың жоқтығы. Жерді күрделі тегістеу, талапқа сай келмейтін техникаларды ауыстыру ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді қанағаттандыра алмайды. Бау-бақша, қайта өңдеу цехтары, шеберханалар, шикізаттарды өркендету программасы баяу іске асырылуда. Товарлар мен азық-түлік бағаларының үздіксіз өсіп отыруы ауылды тонауға баруда.
Машина, ГСМ, қосалқы бөлшек, энергия ресурстары ауыл-шаруашылық өнімінен әлде қайда жоғары да, қымбат. Бұл этап суды пайдаланудың күрт жоғарылап, қымбаттап кетуімен ерекшеленеді. 1991-1993 жылдарда тік дренажды пайдалану 0, 12-0, 40, 1995-1996 жылдарда жұмысты тоқтатты. Сол уақыттан бастап жердің сорлануы, жерасты суының тұзадану ауылшаруашылық егістерінің өнімін азайтып жіберді. Сор шаюға судың көлемі 34-35%-ке азайып кетті. Вегатациялық кезең күрт қысқарып 35%-тен 65%-ке жетті. 2003 жылдан бастап Өзбекстан Республикасы суды қатаң нормамен босатуды, 1985-1991 жылдарда Жетісай зонасының ішкі-шаруашылық (ВОС) суландыру жүйелерінде 490-715м3 тазалау жұмыстары жүргізілді. 1994 жылдары бұл жұмыстың дәрежесі нөлге жеткізілді. Оның 80% жер арқылы жүргізілді. Канал тазалаудың қысқаруына байланысты суды өз жерлеріне насостар арқылы жүргізді, мақтаға шығын көбейіп кетті.
Жоғарыда көрсетілген қиындықтардың нәтижесінде мақтаның өнімділігі гектарына 28-30 ц-де
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мырзашөл даласында суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайының қалыптасуы.

шағым қалдыра аласыз