Музыкалық ертегі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Музыкалық ертегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды ертегіні зейін қойып, аяғына дейін тыңдауға үйретеді. Тәрбиешінің сұрақтарына анық жауап беруге, бірінің - бірі жауабын тыңдауға, өз - өздеріне сенімділікке, кейіпкерлерге деген мейірімділік, аяушылық сезімге тәрбиелейд. Белсенді сөздік қорларын, дамытады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: "Шұбар тауық"
«Құлыншақтар» (II – кіші тобы)
Мақсаты: Балаларды ертегіні зейін қойып, аяғына дейін тыңдауға үйрету. Тәрбиешінің сұрақтарына анық жауап беруге, бірінің - бірі жауабын тыңдауға, өз - өздеріне сенімділікке, кейіпкерлерге деген мейірімділік, аяушылық сезімге тәрбиелеу. Белсенді сөздік қорларын, дамыту.

1. Шаттық шеңбер
(Балалар шеңберге тұрады.)
Қуыр - қуыр, қуырмаш,
Балапанға бидай шаш.
Түлкі келсе есік бас,
Әжең келсе есік аш.
Бас бармақ, Балаң үйрек,
Ортан терек, Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Қуыр - қуыр, қуырмаш.,
Тауықтарға тары шаш.
Шеп - шеп - шеп.
- Балалар, ертегі тамашалағыларың келе ме?
(Балалардың назарын
қуыршақ театрына аудару)

2. Ертегі: «Шұбар тауық»

Автор: Ертеде бір шал мен кемпір өмір сүріпті, олардың Шұбар тауығы болыпты. Бір күні тауық жай емес, алтын жұмыртқа тауыпты. Шал мен кемпір қуаныпты. 
Шал: Кемпір, жұмыртқаны жарып көрсек қайтеді, мүмкін ішінде гауһар тас бар шығар? 
Автор: Шал жұмыртқаны қасықпен ұрып-ұрып сындыра алмапты. 
Кемпір: Әкелші мен жарып көрейін. 
Автор: Кемпір де жұмыртқаны ұрып-ұрып сындыра алмапты. Тарсылды естіген тышқан інінен шығып, үстелдің үстімен жүгіріп бара жатып, жұмыртқаны құйрығымен қағып кетеді. Жұмыртқа еденге түсіп жарылып қалады. Шал мен кемпір жылайды. 
Шұбар тауық: Ата, әже жыламаңыздар! Мен сендерге алтын емес жай жұмыртқа тауып беремін. 
Автор: Көп кешікпей тауық бір себет ірі де тәтті жұмыртқа тауып береді. Осылайша олар бақытты өмір сүре береді 



3. Сөздік ойын: « Кім тез жауап береді?»
(Ертегі желісі бойынша сұрақтар беру)
- Балалар, сендер қандай ертегі көрдіңдер? (Шұбар тауық)
- Шұбар тауық ата мен әжеге қандай жұмыртқа туып берді? (Алтын жұмыртқа)
- Жұмыртқаны не жарды? (Тышқан)
- Тышқан жұмыртқаны қалай жарды? (Құйрығымен қағып кетті)

4. Психологиялық гимнастика: «Көңіл - күй»
- Ата мен әже алтын жұмыртқаны көргенде қалай таңқалды? (Таңқалу)
- Алтын жұмыртқа жарылып қалғанда қалай ренжіді (Көңілсіз)
- Жай жұмыртқа туып бергенде қалай қуанды? (Қуану)


Қыт - қыттап Шұбар тауық келеді
Шұбар тауық: - Сәлеметсіңдер ме, балалар, қыт - қыт - қыт.
Балалар: - Сәлеметсіз бе!
Шұбар тауық: - Мені таныдыңдар ма?
Балалар: - Иә, таныдық, Шұбар тауықсың.
Шұбар тауық: - Мен сендерге ойындар әкелдім.
Тәрбиеші: - Шұбар тауық, біздің балалар ойын ойнағанды ұнатады.


Ән-ойын: «Оңға біз, барамыз»


- Шұбар тауық: - Жарайсыңдар балалар, рахмет!
- Балалар: - Шұбар тауықпен бірге, ән айтып би билейік.
Ән «Шөжелерім» (музыкамен)
Шеп - шеп шеп - шеп шөжелерім,
Сары алтындай балапаным.
Тез жетіңдер жем беремін,
Дәнге толы алақаным.

Шұбар тауық:
- Балалар, сендермен өте көңілді болды.
Мені атаммен әжем іздеп жүрген болар, мен енді үйге қайтайын, сау болыңдар балалар.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2018
1769
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі