Музыканың адам өміріндегі маңызы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Музыканың адам өміріндегі маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақта оқушыларға ән үйрету кезеңінде ұрмалы аспаптарды пайдалана отырып, әннің ритмін ұстап орындау әдісім оң нәтиже берді. Оқушылар өте қызығушылық танытты. Топтық тапсырма кезінде оқушылар әнді тыңдай отырып тез арада шағын мюзикл ұйымдастырды.Бұл тпасырма кезінде де оқушылар өте белсенді болды. Сабақ барысында саралау өз дбеңгейінде жүргізілді. бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы жазып, кері байланысын береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аклима Дотаевна Казакбаева, Магистр,биология пәнінің мұғалімі,педагог-сарапшы

Ахмет Жұбанов атындағы Республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының мұғалімі(Алматы, қаласы)

Музыканың адам денсаулығына әсері

Аңдатпа:

Бұл оқушының адам өміріндегі негізгі рөльі,оның ішінде адамға ,өсімдіктерге ,жануарларға жағымды басқа да әсері туралы танысатын болады.Танысу барысында музыканың денсулыққа пайдасы мен кері әсерін біліп салыстырып зерттеу болып табылады.

Түйінді сөздер:Музыка,гармония,генетика,психотерапия,арт-терапия,соматерапия,диагностикалау, лооритмика,темперамент,гипертония

1. Музыка және денсаулық Дүние есігін ашқан бойда адам құлағы неше түрлі әуенді естиді. Бірі жағымды, бірі жағымсыз, бірі қорқынышты, ал енді бірі жан сергітерлік болады. «Әлдиден» бастау алатын әуезді музыкалар адам санасына да, физиологиялық тұлғасына да әсер етеді екен. Бұл ежелгі дәуірден дәлелденіп келе жатыр. Мысалы, Көне Мысырда ұйқысыздықты хордың ән шырқауымен емдеген екен. Ал Ежелгі Қытайда музыка буын және қан тамырлары ауруына ем болған. Антикалық дәуірдің философтары музыкалық терапия туралы трактаттар жазған. Олай болса, музыканың адам ағзасына қалай әсер ететінін байқап көрейік. Ғалымдар адам физикалық күш жұмсағанда, бұлшықет шамадан тыс қызмет атқарған кезде музыка тыңдап жүрсе, ол оның жұмыс жасау қабілетін екі есе арттырады екен. Жаттығу залында жүргенде, жүгіргенде спортшылар құлаққаппен ән тыңдап жүреді. Бұл сол зерттеудің нәтижесінен алынған. Жігерлендіріп, рух сыйлайтын әуендер тез қозғалуға мүмкіндік береді. Әр нотаның бұлшықетке берері көп.

1.1. Музыка мен медицинаның байланысы. Музыка емдеудің тиімді құралы. Мысалы, Альцгеймер ауруы немесе деменциямен ауыратын адамдар үшін таптырмас құрал. Жақында фин ғалымдары музыканың көмегімен науқастардың жады мен көңіл-күйінің жақсаратынын дәлелдеді Музыкалық терапияның тарихы бірнеше мың жыл бұрын басталды. Антикалық дәуірде Пифагор, Аристотель және Платон музыканың шипалық әсері бар екенін дәлелдеді. Ең ұлы дәрігер Авиценна жүйке және психикалық ауруларды емдеуде музыкалық терапияны қолданған. Қазіргі заманғы еуропалық медицина музыкалық терапияны XIX ғасырдың басынан қолдана бастады. Француз психиатры Жан Этьен Доминик Эскироль психиатриялық мекемелерде музыкалық терапияны қолданысқа енгізді. Медицинада музыканы қолдану негізінен эмпирикалық сипатқа ие. Мысалы, Голландия мен Францияда хирургияда музыка арқылы емделу әдетке айналған. Ал музыка адамның ерекшеліктеріне, оның ауруларына және физиологиялық құрылымына байланысты жеке таңдалады. Дұрыс таңдалған классикалық музыка адамның жүрек-тамыр жүйесіне оң әсерін беріп, адамның әл-ауқатын жақсартады және жалғыздықты жеңуге көмектеседі. Жоғары жиілікті дыбыстардың адам психикасына әсерін алғаш зерттеген француз отоларингологы А.Томатис болды. Зерттеу нәтижесінде адам музыканы жай ғана естімейтіні белгілі болды. Адам қабылдаған тербелістер электрлік импульстарға айналады. Сол арқылы миға жіберіліп, құлақтың нервтеріне әсер етеді.  Швед музыкалық терапия мектебінің өкілі А.Понтвик психикалық резонанс концепциясын дамытты. Бұл адам санасының терең қабаттары дыбыстық гармоникалық формалармен резонанс тудыратынын көрсетіп берді. 

Музыканың адам өміріндегі рөлі. Музыканың жан-жануарларға, өсімдіктерге, адамдарға жағымды әсері туралы ежелгі өркениеттердің ілімдері. Музыкалық терапия саласындағы заманауи зерттеулер. Қоңырау соғуының және музыкалық аспаптар үнінің емдік құбылысы. Музыка тыңдау ашушаңдықты, көңіл-күйді азайтуға және өмірдің әлсіздігін сезінуді және сіз бір бөлігі болып табылатын табиғаттың ұлы тіршілігіне қатысыңызды арттыру үшін (Қоңырау соғуы). Зерттеушілер белгілі бір ырғақ пен үндестік адам ағзасының иммунитетін көтеретінін айтады. Мәселен, қоңырау үні, тибет ыдыстарының даусы, т.б. Олар ағзадағы микробтарды, жағымсыз заттарды өлтіре алады.Кей музыка ота үстелінде жатқан науқастың ауруын сездірмейтін күшке ие бола алады. Адамның жүйке жасушасын ұйықтата алатын әуендер қан айналым жүйесін де бірқалыпта ұстап тұрады.

1.2 Адам өмірі мен денсаулығының мәні. Өмірдің мәні мәселесі. Тұлғаның рухани саласы және психологиялық денсаулық. Денсаулық гармониясы туралы түсінік (психикалық және физикалық денсаулық). Гармониялық емдеу жүйесі: психотерапия, арт-терапия, соматотерапия. Музыка тыңдау ашушаңдықты, көңілсіздікті азайту және өмірдің әлсіздігі мен сіз бір бөлігі болып табылатын табиғаттың ұлы тіршілігіне қатысыңыз туралы сезімді арттыру үшін.Л.В.Бетховен «Соната №14».I.S. Бах «№2 кантата» Арт-терапия — сезімдерді сурет арқылы жеткізу. Ол жасырынған қабілетті шығаруға, қоғаммен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалауды үйретеді. Эмоцияны реттейді. Арт-терапияға ертегі жазу, би, ән айту, ойын ойнау, фото-терапия, сурет салу кіреді. Ал қазір қуыршақ-терапия, музыка-терапия сияқты жаңа түрлері енгізілген. Осы  арқылы науқас балалық шағындағы оқиғаларымен бөліседі. Содан кейін мазалап жүрген мәселелерін дәрігерге айта бастайды. әлемнің көптеген елдерінде музыка терапиясы арнайы білімді қажет ететін көмекші денсаулық сақтау мамандығы болып табылады. Музыкалық терапевттер медицинада, паллиативтік көмек көрсетуде, салауатты өмір салты индустриясында, емдік педагогикада, психотерапияда, психиатрияда, гериатрияда қызмет ете алады. Кәсіби музыкалық терапевт басқа мамандармен ақпарат алмасады: емдеуші дәрігер, психолог, мұғалім, логопед, тәрбиеші, тіпті музыка терапиясы емдеудің негізгі түріне айналса да. 

1.3. Өмір мен денсаулықтың бастаулары. Денсаулықтың рухани-генетикалық теориясы. Денсаулықтың жеке және әлеуметтік факторлары. «Денсаулық» ұғымы. Қалыпты толыққанды өмірге тек жақсы денсаулықпен қол жеткізуге болады.
Денсаулықтың күйі көптеген биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты болады. Егер адам органнзміндегі барлық физиологиялық процестер (тамақтану, тыныс алу, зат алмасу және т.б. қалыпты жүрсе, онда адамның денсаулығы жақсы болады. Денсаулығы дұрыс адамның организмінде барлық компоненттер үйлесімді әсер етеді. Бұлар - денсаулықтың физикалық (организм — тірі ағза ретінде), психикалық (адам - әлеуметтік тұлға ретінде), адамгершілік (адам - қоғамның өкілі ретінде) компоненттері.
Денсаулыққа әсер ететін факторлардың ішінде ең жетекші орынды физикалық рухани және әлеуметтік факторлар алады. Дүниежүзілік денсуалық сақтау ұйымының зерттеулеріне қарағанда адам денсаулығының 50-55%-ы өмір сүру салтына, яғнн адамның өз денсаулығына қалай қарайтындығына байланысты, Бұл - салауатты өмір салтының шарты.  Ашу мен ашулануды азайту үшін музыка тыңдау.Г.Ф. Гендель. Скрипка мен оркестрге арналған соната.Г.Ф. Гендель «Пассакалья».

Физикалық денсаулық деңгейін диагностикалау. 2. Ағзаның емдік мүмкіндіктері Көптеген адамдар ағзаға ненің пайдалы, ненің зиян екенін түсіне бермейді, осыдан аурудың алдын алуды білмейді. Денсаулықты сақтауды дәрігерлерге жүктеп жүргендер аз емес. "Омыртқа жотасы - дененің тірегі. Ол бір-бірімен буын арқылы жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасын беске бөледі: 7 мойын, 12 көкірек немесе кеуде, 5 бел. 5 сегізкөз, 4-5 құйымшақ омыртқалары. Мұның ішінде құйымшақ және сегізкөз омыртқалары бір-бірімен бірігіп кеткен, қалғандары жеке-жеке болады

.2.1. А.С. бойынша тыныс алу. Стрельникова. Стрельникова әдісінің тиімділігінің мысалдары. Әдістеменің даму тарихы. Денсаулық сақтау министрлігі парадоксальды тыныс алу жаттығулары туралы. Парадокстың мәні. Стрельникова әдісі өзін-өзі емдеу әдісі ретінде. Тыныс алу жаттығулары мен дене тәрбиесінің айырмашылығы. Музыкалық шығармалар адам ағзаларының әртүрлі жүйелеріне тікелей әсер етеді, тыныс алудың тереңдігіне, жүйке жолдарының жылдамдығына, жүректің жиырылуына, бұлшықеттердің босаңсуына немесе кернеуіне әсер етеді. Терапияның әсерінен эмоционалдық жағдайдың өзгеруі байқалады. Мысалы: Мазасыз адам тыныштала бастайды. Белгілі бір дәрі-дәрмектің көмегімен және музыка тыңдағанда жүрек соғу жиілігі төмендейтіні байқалады.  Болып жатқан оқиғаның сәтті нәтижесі туралы алаңдаушылық пен белгісіздік сезімін азайту үшін музыка тыңдау.Ф.Шопен №4 прелюдияИ.Штраус. Вальс.Тест «Дұрыс тыныс алуды білесіз бе» Емдік гимнастика – қазіргі заманда кең тараған ұғым. Ол емдеу әдістерінің тиімді түрлерінің бірі. Біздің елде ол негізінен советтік дәуірде ғана дамыса да өзінің түп-тарамын осыдан бірнеше ғасыр бұрын, сонау ықылым заманнан бастайды. Емдік гимнастиканың шығу және даму тарихына арналған ғылыми еңбектер көптеп саналады, әсіресе емдік жаттығулардың денсаулыққа әсерін анықтауға П.Ф. Лесгафт, И.М. СаркизовСеразини, В.М. Мошков, Д.Ф. Шпаковский, т.б. сияқты ғылымдар үлкен үлес қосты. Әр ғасырдың өзіне тән емдеу әдісі және соған сәйкес дене тәрбиесі болған. Мысалы, бойындағы дерттен арылу үшін, адам табиғаттың сыйы – суды, жарық сәулені, әр түрлі қимылқозғалысты пайдаланған. Мәселен, Қытай, Үнді елдерінде жаттығуларды біздің дәуірімізге дейінгі 3000-1800 жылдары кең пайдаланған. Олар ішкі ағзалар ауырғанда, буындар зақымданған кезде тыныс мүшелері арқылы дұрыс дем алуды мұқият қадағалаған. Сол сияқты массаж, ырықсыз қозғалыстар, қарсыласу қимылдарын пайдаланған. Емдік гимнастика ежелгі Греция елінде де үлкен қарқынмен дамыған. Оған мол үлес қосқан атақты ғалым – медициналық атасы – Гиппократ (біздің дәуірімізге дейінгі 400-370 жыл) еді. Ежелгі Рим медицинасында емдік гимнастиканың пайда болуына ықпал жасаған, үлкен еңбек сіңірген, атақты ғылымдар Целий, Цельс, әсіресе, белгілі рим дәрігері Гален болды (біздің дәуірімізге 200-130 жылдар шамасы). Целий өз туындыларында көптеген созылмалы ауруларға қарсы, міндетті түрде, дене тәрбиесін қолдану керектігін атап көрсеткен. Әсіресе сал, нерв жүйесі ауруларын жазуда емдік гимнастика мен массаждың айрықша пайдалылығын дәлелдеген. IX – X ғасырларда ғұлама ғылым, әлемге аты әйгілі ұлы дәрігер Авиценна (Әбу-Әли Ибн Сина) осы салада үлкен еңбек жазып шыққан. Ол өз қағидасында күн сәулесін, ауаны және дене тәрбиесін әр адамнаң жасына байланысты ұтымды пайдалануды ұсынды. Орта ғасырда дін ықпалы басым болғандықтан, медицина керенаулап, оған қоса емдік гимнастика да тоқырап қалды. Ғылым мен өнердің жаңарып қайта өрлеген дәуірінде дәрігерлік музыкамен гимнастика туралы туындылар қайтадан шыға бастады. Атақты ғалым Тисонның бірнеше еңбектері, Гофманның «Ортопедия туралы трактаты», Меркуриалистің «Гимнастика өнері» атты ғылыми анықтама кітабы жарық көрді. XVI – XVII ғасырларда Россияда медицина саласында аурудың алдын алу шаралары қолға алынып, өскелең келешек ұрпақ үшін ең қажет нәрсе қимыл-қозғалыс, оның ішінде дене шынықтыру жаттығулары деп тапты (М.В. Ломоносов, А.П. Протасов). XVIII – XIX ғасырларда емдік қасиеті бар музыкалық жаттығулар туралы пікірлер көбейе бастайды. Европада Лингтің швед гимнастика жүйесі кең тарады. Көптеген емдік гимнастикалар шведтік гимнастика жүйесінің бір тарауы болғанымен педагогикалық әскери және эстетикалық гимнастика болып есептеледі. Линг гимнастикасының негізгі мақсаты – буындарды зақымдайтын ауруларға қарсы емдік жаттығулар қолдану еді. Осы кезде орыс терапия мектебінің негізін қалаушы М.Я. Мудров және көрнекті хирург Н.И. пироговтың емдік гимнастикасын ішкі ағзалар ауырғанда, жарақаттанып жараланғанда қолдану өте қажет деген тұжырымы кең тарады№ Емдік гимнастиканың кең таралуына үлкен ықпал жасаған ғалым П.Ф. Лесгафт. Ол анатомиялық-физиологиялық құбылысты негіздей отырып, дене тәрбиесін аурудың алдын алу ісінде өте жоғары қойды.

2.2. Музыкалық өнердің емдік мүмкіндіктері. Музыка терапиясы, вокалдық терапия, музыка терапиясы, халықтық өнер терапиясы, ырғақ терапиясы, лооритмика. Бұл - халықтық ем-дом жасау ісін­де адамзат игілігіне жарап келе жатқан қолданыста бар дүние. Тіпті, тарих қойнауына көз жүгіртсек, ежелгі грек философы Пифагор музыканың адам ағзасына, көңіл күйіне қалай әсер ететіні туралы ғылыми анықтама бер­ген. Сондай-ақ, ертедегі қытай, үнді дәрігерлері мен емшілері, философ­тары мен музыканттары музыканы сырқатты емдеуге пайдаланғаны белгілі. Сол сияқты, қазақтың көнеден келе жатқан ауыз әдебиеті жырлары мен аңыз-әф­саналарында да сиқырлы қобыз, күмбірлеген домбыра мен сызылған сыбызғы үнінен шығатын музыкалық туындылардың адам организміне оң әсер етіп, жалпы психологиялық емдік сипатта шипалық қасиеттері болғандығы белгілі. Ендеше, «музыкатерапевт» деген терминдік атау әр кезеңдерде әр­қалай үлгіде айтылып келгенімен, жалпы адамзат баласының тұрмыс-тіршілігінде ажырамас құндылықтарға айналған деуге толық негіз бар.Десек те біз бүгін тәуелсіздік жыл­дарындағы музыкатерапевтік қызмет турасында ой өрбітпекпіз. Ендеше, ендігі сөзіміз осы саладағы озық технологияларды қолданысқа енгізе отырып, жаһандық дең­гей­дегі жаңашылдыққа бет бұрған елі­міздің музыкамен емдеу ісінің жай-күйі жайында өрбімек. Ашы­ғын айтсақ, музыкамен емдеу ісінің мамандары Қазақстанда «му­зыкатерапевт» деген ресми атауға 1995 жылдан кейін иелене бас­тады десек, қателесе қоймаспыз. Өйткені, тұңғыш рет Алматы қаласында республикалық «Балбұлақ» балаларды оңалту орталығы ашылып, ол жерде церебралды сал сыр­қатына ұшыраған балаларды ем­дейтін орталыққа «музыкатерапевт» мамандығы керек-ақ болатын. Осы­лайша, бұл салада көш ілгері кеткен әлемнің озық тәжірибелерін осы орталықта кеңінен қолданысқа енгізу көзделдіТабиғи шулардың дыбыстары және олардың адам ағзасына тигізетін пайдалы әсері. Жалпы тыныштық, тыныштық және өмірмен келісу үшін музыка тыңдау.

3. Музыканы қабылдаудағы даралық ерекшеліктер: 3.1 Музыканы қабылдаудағы эмоциялар мен сезімдер. Біздің сезімдер өмірімізге қалай әсер етеді. Жеке адамның эмоционалдық күйлері. Музыканы сезіну мәдениеті, есту сезімталдығы туралы түсініктер. Жаңашыл бағыттағы жас ма­ман­­­ның түсіндіруінен түй­геніміз, музы­ка­терапевтік қыз­мет­тің ар жа­ғында біз білмейтін, нәзік иі­рімге толы оның түрлері де аз емес көрінеді. Рефлективтік терапия (баланың есту, тыңдау, сезіну қабілетін дамыту), аспаптық терапия (қол, саусақтың қимылындағы моториканы дамыту), данс-терапия (тепе-теңдік қимыл-қозғалысты да­мытуға бағытталған), дыбыстық терапия (тілінің мүкісі бар бала­лар үшін), вокалды терапия (ба­лалардың аспаппен үндесе ән айтуда дыбыс шығару мен ты­ныс алу тәртібін үйретуге арналған) сынды мүгедек жанның мүмкіндігін ашу­ға және оны барынша дамытуға не­­гіз­делгенін біреу білсе, біреу білмес.Негізінен ән айту дыбыс­тау мүше­леріне ғана емес, есту мү­шелерінің жұ­мысына да тәуелді. Сондықтан да ән айту ке­зінде есту мүшелерінің дұрыс қалпын сақтау, ән шырқаудың дағдысын игеру мен дыбыстау жүйесін оңалтуға тиімді көмек береді. Ал ол үшін алдымен дұрыс тыныс алып үйрену қажет. Егер бала тиімді тыныс алып үйренсе, онда ән айтумен қатар дұрыс сөй­леу мүмкіндігі де қалыптасады.

3.2 Бүгінде бұл салада «музыкатера­певт-реабилитолог» термині кеңінен қолданысқа ене бастады. Ал латынның «реабилитация» сөзі «rehabilitas» - адам­­ның за­қым­далған қабілетін қал­пына келтіру дегенді білдіреді. Осы сөз­дің медициналық-педа­го­гикалық тұрғыдағы қазіргі мә­ні - мүмкіндіктері шектелген ба­ла­ларды әлеуметтік ортаға бейімдеп, олардың психо-фи­зио­логиялық мүмкіндіктеріне сәйкес қоғам­дық өмірге, еңбекке аралас­тыру арқылы кемтарлық салдарын жеңілдету. Мұндай балалардың музыканы есту деңгейі мен есте сақтауы және музыка ырғағын сезіну қабілеті төмен болатындығын ескеріп, олармен музыкалық тәрбие жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы қам­та­масыз етілуі қажет. Сондай-ақ, дәріс жүйелі және мақсатты түр­де өткізіліп, әрбір баланың мүм­кіншіліктері мен даму ерек­шеліктері терең зерттеліп, зер­де­ленуі керек. Мәселен, вокалдық терапияда балалар алғаш ән айтып үй­ренеді немесе жақсы көретін әндердің қайырмасын айтады. Міне, осы орайда логопедтермен жұмыс жүргізілсе, құба-құп. Өйт­кені, бала тек ән айтуды үйреніп қана қоймайды, осыған ұмтылу арқылы өкпенің, қан айналымының жұмысын жақ­сартып, дене-бітімінің түзелуіне оң септігін тигізеді. Жалпы тыныштық пен тыныштық үшін музыка тыңдау Дж.С.Бах «Скрипка мен оркестрге арналған концерт»

Біздің міндетіміз - білім алушылардың бойында ізгілік, мейірім, адамгершілік сапаларының қалыптасуына құлшыныс тудыру, қазақ халқының салт-дәстүрін білуге классикалықмузыканың қазақтың дәстүрлі әндері мен музыкасының адмға пайдасын маңыздылығы жайлы олардың дүниетанымдарын кеңейту. Осы орайда, білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларды өзара пікір алмасуға, ой тұжырымдауға, көпшілік алдында сөйлеуге, жұмыстарын қорғауға, командада өзара әрекеттестікте жұмыс жасау дағдыларын жетілдіруге жан-жақты ат салысу - парызымыз.

Пайдаланылған әдебиеттер мен ресурстар: 1. Қалиев С.,Оразаев М., Смайылова М., Қазақ халқының салтдәстүрлері. Алматы, 1994. Integration of the Scientific Community to the Global Challenges of Our Time Materials of the IX International Scientific-Practical Conference. Lyon (France), February 7-9, 2024 www.regionacadem.org 173 inf.academ@gmail.com

2. Кенже Ахметұлы С., Қазақ музыкасының танымы, Алматы кітап, 2007 жыл. 3. https://oqu-zaman.kz/

3. Харлап М.Г. Народно-русская музыкальная система и проблема происхождения музыки. // Ранние формы искусства. Москва, 1972 г.

4. Байгаскина А.Е. Ритмика казахской традиционной песни. Алматы, 2003 г1.

5. Выготский Л.С. В92. Психология искусства. Ростов н/Д: изд-во «Феникс». 1998. – 480 с. https://www.marxists.org/russkij/vygotsky/art/ psichologia-iskusstva.pdf

6.Элизабет Элен Блэкберн, Элисса Эпель

"Эффект Теломер"Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/55601/

7.Пол Каланити

"Когда дыхание растворяется в воздухе" Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/55601/






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.05.2025
56
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі