Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Нағыз әже қайда 5 сынып ашық сабақ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қысқа мерзімді жоспар |
||||||||||||||
СЫНЫП: 5 «А» |
Қазақ әдебиеті |
Күні:19.04.18 ж |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
Мұғалім: Ордабаева С.Н. |
|||||||||
Бөлім: Отбасы құндылықтары |
Сабақ тақырыбы: Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?" |
|||||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
5.Т/Ж2.Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау |
|||||||||||||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар орындай алады: Әңгіменің мазмұнын түсінеді,шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тақырып бойынша диалогке түседі, әдеби шығарманың идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізе алады,. Кейбір оқушылар орындай алады: Шығарманың негізгі идеясын өмірмен байланыстыра біледі |
|||||||||||||
Бағалау критерийі |
|
|||||||||||||
Құндылықтар |
Тек бірлікті сақтай отырып қана,қазақтар бірегей мәдени-өркениеттік кодқа, ортақ тілге және дәстүрге ие халық ретінде сақталып қалады.(«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары.6-тармақ,тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы). |
|||||||||||||
Тілдік мақсат |
Негізгі сөздер мен тіркестер: нағыз әже, мейірім-шапағат, ұғымына жат, нағыз қазақи кейіптегі кейуана,ардақты да қасиетті жан, төбе көрсету,жүздері балбұл жайнаған, көңілімдегі түйткүл, таңдану нышанынан т.б. |
|||||||||||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, түсіндіру,пікір алмасу |
|||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Музыка, өзін-өзі тану |
|||||||||||||
Күтілетін нәтиже |
Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады, шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтай алады, диалогтік қарым-қатынасқа түседі. |
|||||||||||||
Алдыңғы оқу |
«Нағыз әже қайда?" шығарманың композициялық құрылысына талдау |
|||||||||||||
Сабақтың жоспары |
||||||||||||||
Уақыт |
Сабақ барысы : |
Ресурстар |
||||||||||||
Басталуы 2 минут 1 минут 1 минут 2 минут |
1 .Оқушылармен сәлемдесу 2.Кезекшімен сұхбат 3.Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру – Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық!
-Әрбір адам Қызығушылықты ояту «Данышпан мен адам» атты аңызды әңгімелеу. Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» – деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе – мыжып жіберемін, ал егер өлі десе – онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті. Аңызда айтылғандай бүгінгі сабақта табысты, алғыр сезінулерінің бәрі өз қолдарыңда екен Топқа бөлу Оқушылар суреттер арқылы төрт топка бөлінеді
1-топ
2-топ 3-топ 4- топ
(өткен тақырыпты пысықтау) «10 сұрақ – ия - жоқ деген жауап» әдісі бойынша төмендегі сұрақтар беремін 1. Әкесі «Ер Төстік» ертегісін айтып берді ме?(иә) 2. Тәрбиеші бақшада «Құйыршық» ертегісін айтты ма?(жоқ) 3. Тәрбиеші «Қызыл телпек» ертегісін айтты ма?(иә) 4. Райхан Аядан үлкен бе?(жоқ) 5. Райхан Аядан екі жас кіші ме?(иә) 6. Олар Жолдастың үйіне қонаққа барған жоқ(жоқ) 7. Ажар институтқа түсті ме?(иә) 8. Әжей ертегі айтты ма(жоқ) 9. Ая қонақтан көңілсіз келе жатты ма?(иә) 10. Олар нағыз әжені көрді ме?(жоқ) Өткен сабақта біз «Нағыз әже қайда?» әңгімесінің сюжеті мен фабуласына тоқталсақ, бүгінгі сабағымыздың мақсаты осы әңгіменің тақырыбы мен идеясын анықтау. Тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы. |
Сыныптың ережесі: ынтымақтастық; құрмет; уақыт; әділдік Әженің суреті |
||||||||||||
Ортасы 10 минут 10 минут 4 минут 5 минут |
Топпен жұмыс 1-топ «Хикая картасы» әдісі бойынша оқиға кезеңдерін ретімен орналастырып, ойды жеткізу тапсырылады.
Оқиға, мән-жайы және сурет Оқиға, мән-жайы және сурет
Оқиға, мән-жайы және сурет
Оқиға, мән-жайы және сурет
І. «Келіңдер, ертегі айтып берейін!» ІІ. Ая мен Райхан тілегі. ІІІ. Әже мен ұршық ұғымындағы байланыс. IV. Қонаққа бару. V. Ауылдан келген әже. VI. «Әже» дейді мені... VII. Ол- әже емес, жай ғана бабушка. VIII. Әке уәдесі. Дескриптор - оқиға кезеңдерін ретімен орналастыра алады; - ойларын жүйелі жеткізе алады; 2-топ «Адасқан үзінді » әдісі бойынша топқа әңгіме үзінділері беріледі. Әр топ мүшелері әңгіме желісі бойынша әңгімелесе отырып үзінділердің ретін анықтап, түсіндіреді 1-үзінді Бұл жолы шақырылған жерге желп етіп жетіп бара салмай , кәдімгідей мән беріп дайындалдық. Тіпті өз отбасымыздағы қуанышты қарсы алатындай-ақ қарадай қарбалас жасап, әбігерге түсіп кеттік... Әсіресе, қыздарымыз алабөтен қуанышты. «Әжеге барамыз, әжені көреміз» деп өздерінше мәз-мейрам... 2-үзінді -Әже, онда бізге ертек айтып берші,-деді сөздің ретін бағып отырған Ая сабырлы қалпын сақтаған күйі. Осы кезде Жолдастың жұбайының саңқылдаған өктем үні тағы естілді: -Әй, мына Азаттың қыздары мүлдем басынайын деді ғой, ей! Біздің бабушка сендерге, немене, ойыншық па еді сонша... 3-үзінді Біреуден ұрыс естіген адамдай болып, тымырайып үнсіз тұрған –Ая екеуміз. Бір-екі рет өзара жасқана қарағанымыз болмаса, бір-бірімізбен жаратып сөйлескеніміз де жоқ. Екеумізді мазалаған ойдың ортақтығын содан-ақ сездім. Жанымды қинаған жайсыз сезімді ашып айта алмай, қуыстанатын секілдімін. «Сәбидің алдында өтірікші болдым-ау» деген өкініш те бір сәт өзегімді жалап өтті... 4-үзінді Әлгі бір уақыттан бері іштей жақын тартып, өзімше пір тұтып отырған шешей осыны айтуы-ақ мұң екен, біртүрлі жатырқап сала бердім.Әлденеден бойым тітіркенгендей ішіме салқындық үйірілді. Дескриптор - әңгіме үзінділерінің ретін таба алады; - әңгіме желісін түсіндіре алады; 3-топ «Дара диаграмма» әдісі арқылы шығармадағы әженің бейнесін сипаттайды.
4-топ «Дара диаграмма» әдісі арқылы Ая мен Райхан қиялындағы әже бейнесін сипаттайды. Дескриптор - Шығармада кездесетін әжелер бейнесін аша алады; Топ бірін-бірі бағалайды. ҚБ: «Шапалақ»
ТЖ.«Кейіпкерлер көрінісі» Топ бірін – бірі бағалайды. Болжамдарын айтады Әр топқа үзінді бойынша 4 диалог таратылады. Топ мүшелері кейіпкерлер образын сахналайды және кейіпкерлерге баға береді, болжам жасайды. 1-диалог -Жоқ, бұрынғының ертегіші кемпірі ғой деп пе едіңдер, өтірік шынды қиыстырып соға беретін. Кісінің мазасын алмай, ойнаңдар ана балалармен. 2-диалог -Папа, Аликтің әйбат кітабы көп екен. Бірақ бізге көрсеткен жоқ. «Жыртып тастайсыңдар, сосын мұғалім ұрсады» деп бермей қойды. 3-диалог -Жоқ, папа. Ол әже емес. Ол жай ғана бабушка.Мен білем, әже деген ондай болмайды. Өзің айтқансың. 4-диалог -«Әже емесің» не, қызым-ау. Енді кім екен, ә? Қой олай деме, ұят болады. Сұрақтар легі: 1. Үзіндіде кімдердің диалогі? 2. Қай оқиғаға байланысты айтылды?
ЖЖ «Эмоция кестесі» кейіпкердің эмоциясын сәйкестендір. Әңгімедегі Аяның эмоциясы Райханның эмоциясы Қонаққа келген бабушка Азаттың эмоциясы
Дескриптор 1.Кейіпкердің эмоциясын сәйкестендіре алады.
Сыныппен жұмыс.Берілген суреттерден әңгімеге сай келетін тақырыпты анықтаңыздар.
«Асыл әже» әнін айтқызып сергіту сәтін жүргізу Топпен жұмыс 1-топ «Попс» формуласы. Сендердің ойларыңша, нағыз қазақ әжесі қандай болу керек? Бірінші сөйлем. Менің ойымша... Екінші сөйлем. Себебі оны мен былай түсінемін... Үшінші сөйлем.Оны мен мына фактілермен дәлелдей аламын. Төртінші сөйлем. Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім. 2-топ Шығарма неліктен «Нағыз әже қайда?» деп аталды? Бірінші
сөйлем:«Менің ойымша,...» Екінші сөйлем:«Себебі, мен оны былай түсіндіремін...» Үшінші сөйлем:« Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей
аламын...» 3 мен 4 топ Шығарманың идеясын анықтаңыз. Анықтаған идеяңызды «ПОПС» формуласы бойынша жазбаша түсіндіріңіз. Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, әңгіменің басты идеясы - .....» Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ….» Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын» Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім.... ». Дескриптор
|
түрлі түсті маркер, қарындаш
Сергіту сәті
Кестелер
Ана мен әже суреттері |
||||||||||||
Аяқталуы 5 минут |
Рефлексия «Таңдау» әдісі арқылы жүргізіледі.
|
|
||||||||||||
Үй тапсырмасы |
Отбасының бір мүшесі туралы әңгіме құрап келу |
|
||||||||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалайжоспарлайсыз? Сіз қабілетіжоғарыоқушыларғатапсырманы күрделендірудіқалайжоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенінтексеруді қалайжоспарлайсыз? |
Пəнаралықбайланыс ҚауіпсіздікжəнееңбектіқорғауережелеріАКТ-мен байланыс Құндылықтардағыбайланыс |
||||||||||||
|
|
|
||||||||||||
Рефлексия Сабақ / оқумақсаттарышынайыма? Бүгіноқушыларне білді? Сыныптағыахуалқандайболды? Мен жоспарлағансаралаушараларытиімдіболдыма? Мен берілгенуақытішіндеүлгердімбе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
|
|||||||||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіругекөмектесетінне білдім?
|
||||||||||||||
Қысқа мерзімді жоспар |
||||||||||||||
СЫНЫП: 5 «А» |
Қазақ әдебиеті |
Күні:25.04.18 ж |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
Мұғалім: Ордабаева С.Н.
|
|||||||||
Бөлім: Отбасы құндылықтары |
Сабақ тақырыбы: Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?"
|
|||||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
5.Т/Ж4.Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту |
|||||||||||||
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар орындай алады: Әңгіменің мазмұнын түсінеді Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тақырып бойынша диалогке түседі, әдеби шығарманың үзіндісін жатқа оқи алады.. Кейбір оқушылар орындай алады: Рөлге кіріп мәнерлеп оқиды |
|||||||||||||
Бағалау критерийі |
|
|||||||||||||
Құндылықтар |
Тек бірлікті сақтай отырып қана,қазақтар бірегей мәдени-өркениеттік кодқа, ортақ тілге және дәстүрге ие халық ретінде сақталып қалады.(«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары.6-тармақ,тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы). |
|||||||||||||
Тілдік мақсат |
Негізгі сөздер мен тіркестер: нағыз әже, мейірім-шапағат, ұғымына жат, нағыз қазақи кейіптегі кейуана,ардақты да қасиетті жан, төбе көрсету,жүздері балбұл жайнаған, көңілімдегі түйткүл, таңдану нышанынан т.б. |
|||||||||||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, түсіндіру,пікір алмасу |
|||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Музыка, өзін-өзі тану |
|||||||||||||
Күтілетін нәтиже |
Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады, шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтай алады, диалогтік қарым-қатынасқа түседі. |
|||||||||||||
Алдыңғы оқу |
«Нағыз әже қайда?" шығарманың композициялық құрылысына талдау |
|||||||||||||
Сабақтың жоспары |
||||||||||||||
Уақыт |
Сабақ барысы : |
Ресурстар |
||||||||||||
Басталуы
2 минут
1 минут
2 минут |
1 .Оқушылармен сәлемдесу 2.Кезекшімен сұхбат 3.Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру – Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық!
-Әрбір адам Қызығушылықты ояту «Данышпан мен адам» атты аңызды әңгімелеу. Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» – деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе – мыжып жіберемін, ал егер өлі десе – онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті. Аңызда айтылғандай бүгінгі сабақта табысты, алғыр сезінулерінің бәрі өз қолдарыңда екен
|
Сыныптың ережесі: ынтымақтастық; құрмет; уақыт; әділдік
Әженің сурет |
||||||||||||
Ортасы 10 минут
5 минут |
1 Қима қағаздардағы үзінділерді оқып шығыңыз, мәнерлеп жатқа айтыңыз.
1-үзінді Бұл жолы шақырылған жерге желп етіп жетіп бара салмай , кәдімгідей мән беріп дайындалдық. Тіпті өз отбасымыздағы қуанышты қарсы алатындай-ақ қарадай қарбалас жасап, әбігерге түсіп кеттік... Әсіресе, қыздарымыз алабөтен қуанышты. «Әжеге барамыз, әжені көреміз» деп өздерінше мәз-мейрам... 2-үзінді -Әже, онда бізге ертек айтып берші,-деді сөздің ретін бағып отырған Ая сабырлы қалпын сақтаған күйі. Осы кезде Жолдастың жұбайының саңқылдаған өктем үні тағы естілді: -Әй, мына Азаттың қыздары мүлдем басынайын деді ғой, ей! Біздің бабушка сендерге, немене, ойыншық па еді сонша... 3-үзінді Біреуден ұрыс естіген адамдай болып, тымырайып үнсіз тұрған –Ая екеуміз. Бір-екі рет өзара жасқана қарағанымыз болмаса, бір-бірімізбен жаратып сөйлескеніміз де жоқ. Екеумізді мазалаған ойдың ортақтығын содан-ақ сездім. Жанымды қинаған жайсыз сезімді ашып айта алмай, қуыстанатын секілдімін. «Сәбидің алдында өтірікші болдым-ау» деген өкініш те бір сәт өзегімді жалап өтті... 4-үзінді Әлгі бір уақыттан бері іштей жақын тартып, өзімше пір тұтып отырған шешей осыны айтуы-ақ мұң екен, біртүрлі жатырқап сала бердім.Әлденеден бойым тітіркенгендей ішіме салқындық үйірілді. Дескриптор - шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп жатқа оқиды
|
түрлі түсті маркер, қарындаш
Сергіту сәті
Кестелер
|
||||||||||||
Аяқталуы 5 минут |
Рефлексия «Таңдау» әдісі арқылы жүргізіледі.
|
|
||||||||||||
Үй тапсырмасы |
Отбасының бір мүшесі туралы әңгіме құрап келу |
|
||||||||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалайжоспарлайсыз? Сіз қабілетіжоғарыоқушыларғатапсырманы күрделендірудіқалайжоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенінтексеруді қалайжоспарлайсыз? |
Пəнаралықбайланыс ҚауіпсіздікжəнееңбектіқорғауережелеріАКТ-мен байланыс Құндылықтардағыбайланыс |
||||||||||||
|
|
|
||||||||||||
Рефлексия Сабақ / оқумақсаттарышынайыма? Бүгіноқушыларне білді? Сыныптағыахуалқандайболды? Мен жоспарлағансаралаушараларытиімдіболдыма? Мен берілгенуақытішіндеүлгердімбе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
|
|||||||||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіругекөмектесетінне білдім?
|
Әңгіме жанрының шебері
23 - маусым, 2010 ж 236 0
Кәдімгі өмір шындығын көркем әдебиет арқылы бейнелеп жеткізе білу мәселесінің қашанда, қай заманда да өзекті мәселе болып келгені белгілі. Қаламгер өз көзімен көрген немесе ой-қиялы арқылы суреттегісі келген шындық көріністері жазылу барысында қалай игерілетіні шығармашылық үдерістердің ең маңызды жағы екені тағы белгілі. Қазақ жазушылары көркемдік болмыстың өткір сауалына өздерінің жазған сәтті туындылары арқылы жауап беріп келе жатқанын әр жылдары өмірге келіп жатқан туындылардан, соның ішінде әңгімелерден де көруге болады.
Қазақ прозасында өзіндік
қолтаңба өрнектеуді мақсат еткен қаламгерлердің бірі – Нұрдәулет
Ақыш. Ол сонау сексенінші жылдардың бас кезінде «Социалистік
Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» газеттері мен
«Қазақстан әйелдері», «Жалын» журналдарының беттерінде көрінген
көркем әңгімелері арқылы-ақ осы жанрдың кезекті бір жақсы қаламгері
келгенін байқатқандай еді. Ол өмірде кездесіп жататын түрлі
оқиғалар мен жағдаяттарды сұлулап суреттеп, өзінше кестелеп
жеткізуге ұмтылыс жасап жүрді. Сондай шығармашылық талпыныстың
нәтижесінде оқырмандар назарына ұсынылған «Нағыз әже қайда»,
«Тентек шалдың ұлы», «Кәрі қыз», «Таныстық», «Мұңды жанардың
сәулесі», «Төрге шыққан кім», «Бұрынғы бастықтың әйелі» және т.б.
әңгімелерін кезінде оқырмандары жылы қабылдады деуге әбден болады.
Неге десеңіз, жазушы діттеген идеяларын жан-жаққа шашыратып алмай,
белгілі бір оқиғаны арқау ете отырып, әрбір сюжеттің шешімі
айқындалғанша жатық та түсінікті тілмен сипаттап шығар еді. Әлдебір
шығармаларда кездесіп қалатын шашыраңқылық нышаны, ұзақ сүрлеулер
кездесе қоймас еді. Әңгіме – табиғатында шағын әрі кінәмшыл жанр.
Кей авторлардың әңгіме деп айдар тағып қойып, кейіпкер өмірінің
арғы-бергі тарихын қазбалап кетіп жататыны болады. Рас, шеберлік
жетіссе, сөйтіп отырып та, жүрдек баяндаулармен мағыналы жақсы
әңгіме жазып шығуға болатынын әдебиет тарихынан байқап жүрміз.
Қай әңгімесінде де белгілі бір сюжетті әу бастан аяғына дейін шашау
шығармай, сөйте отырып, айтқысы келгенін оқырманға жеткізе білуі
Нұрдәулеттің жанр табиғатын жақсы түсіне алғандығын көрсетсе керек.
Мысалы, «Төрге шыққан кім?» әңгімесінің сюжеті кәдімгі өзіміз күнде
көріп жүрген таныс көріністер, қазақтардың қонақ шақыруы негізінде
өрбиді. Сол таныс көрініске жазушы бір тосын штрих қосқан. Үй
иелері Сатан мен Гүлсім төрдегі құрметті орынға әдеттегідей үлкен
бастықты немесе қария кісіні емес, сырт нұсқасы тым қарабайыр,
жұпыны бір жігіт пен әйелін әкеліп
отырғызады. Осыған намыстанып, шамданған бастықтың әйелі
күйеуін ертіп алып, тайып тұрады. Бөтен біреу емес, үй иесінің
жұмысындағы тікелей бастығы екен. Бүкіл қонақтарды ыңғайсыз күйге
қалдырған тосын ахуал шығарманың психологиялық сипатын айқындай
түсіп, оның себебі де біртіндеп ашылады. Кейіпкерлер арасындағы
психологиялық шиеленістің туындау себебін ойлап-ойлап келіп,
оқырман өзі табады. Қоғамдық сана, қалыптасқан дәстүр мен
адамдардың моральдық-адамгершілік қарым-қатынасындағы қайшылықтық
та екенін түсінеді. Бұл әңгімеде оқырманды ойлантатын жағдай –
қызықты жалаң оқиға емес, ішкі тартыстардың динамикасы мен оның
шешімі. Авторы қонақтың орта тұсында кетіп қалған бастықсымақ
Асқарбек Қалиевтың образын ашу арқылы қызықты характер жасай
білетіндігін дәлелдейді.
Ортамызда күнделікті көріп жүрген кәдімгі қарапайым пенделерді
көркемдік ойдың өзегі етіп таңдай отырып, солардың бойынан өзге
көзге байқала бермейтін ерекшеліктер тауып алуға құмарлығы –
Нұрдәулет шығармашылығын өзгешелейтін нышан. Мысал үшін: оның
«Қажыр мен қаржы» атты әңгімесінің бас кейіпкері Жаңабаев
қатардағы бір еңбек адамы, тепловоз жүргізуші екен. Аты-жөні газет
бетіне жиі шығып, бастықтары озат жұмысшы ретінде мақтап
жүргендіктен, бұл кісіге пысық бір журналист интервью алмақ болып
келмей ме? Сөйтіп, тілші жігіт асты-үстін жездей қақтап, сұрастырып
көрсе, бұл кейіпкердің санасында басқа озаттар жиі айтатын Отан
игілігіне өз еңбегімен үлес қосу, партия мен халыққа қызмет ету
деген сияқты ұлы мақсаттың бірі де жоқ болып шығады. Бұл озаттың
ойы жұмысты көп істеп, көп ақша табу ғана екен. Журналистің «Неге
жұмысты көп істей бересіз?» деген сұрағына ол: «Көп істесең, көп
ақша табасың» деп қарап тұрады емес пе? Жазушы осы бейне арқылы
Кеңес заманында кездесетін баз бір озат жұмысшылардың түпкі
моральдық бейнесін жалаңаштап көрсетеді. Және ең бастысы – бұл
шығарма сол Кеңес заманы тұсында жазылып, жарияланған. Өз
уақытындағы идеологиялық талаптарға оншалық сай келе қоймайтын
ұстаным арқылы жазушының шығармашылық-азаматтық позициясы да
анықталып қалады.
Студенттер өмірінен жазылған «Соңғы сын» әңгімесінен де күнделікті
өмірдің бір қыры шынайылықпен көлденеңдейді. Бәрі мұрнынан шаншылып
жататын сессия болса керек. Түнімен қыдырып енді қорылдап ұйқы
соғып жатқан Ғибатолланы қасындағы серігі Мақсат әрең оятып алады.
Бас кейіпкер Мақсат күні-түні сабақ оқып, содан шаршап жүрген,
сессияны қалайда түгелдей «беске» тапсыруды мақсат етіп қойған озат
студент екен. Ал оның пәтерлес серігі ақша шашып, қыдырудан басқа
ештеңені парықтай білмейтін жеңілтек жігіт. Сонысымен қоса өзінің
арсыздау екені де көрініп қалады. Ақыр соңында осы Мақсат та,
Ғибатолла да екеуі бірдей емтиханды «үшке» тапсырады. Бұл арада
басымырақ суреттелетіні – Мақсаттың күйзелісі. Еңбегі еш кеткен жас
жігіт басқалардан да, тіпті өзінен де түңіліп кете жаздайды.
Қатарынан қалып қойғаны үшін әбден сарыуайымға салынады. Соңына
қарай Сәмен деген тағы бір ұстазы есіне түсіп, содан көмек сұрайды.
Ол жақсы көретін студентіне: «Сен ауылыңа қайта бер. Өзім
реттермін» деген сыңай танытады. Меніңше, Сәменнің осы әрекеті
артықтау тұр. Ұнжырғасы түсіп, құлдырап бара жатқан кейіпкерге
моральдық демеу көрсетпек болған шығар. Ал егер шын мәніндегі
шығармашылық талап тұрғысынан қарасақ, бас кейіпкердің өмірде
кездескен осынау әділетсіздікпен өзі күрескені немесе күресуге
дәрменсіз болып қалғаны суреттелсе, шындыққа қисынды көрінер
еді.
Бұл әңгімелерді талдап отырған себебім – кезінде Н.Ақыштың
«Үндемейтін ұл» атты әңгіме-повестер жинағына өзім рецензия
жазып, қажетінше пікір айтқан екенмін. Есімде қалған тұстарын
қайтадан жаңғыртып, жаңа талаптар тұрғысынан қарауға тура келіп
жатқанын да жасырмаймын.
Менің бір байқауымда, жылдар өте келе, Нұрдәулет әңгіме жанрында
өзінің қаламын ұштай түсіп, уақыт өткен сайын тың нәрселер жазуға
ұмтылып отырды. Жаңа образдар мен тосын пайымдауларды көркемдікпен
жетілдіріп келе жатқанын, философиялық түйіндеулерге басымырақ ден
қойғанын байқаймыз. Оның «Баба Таняны кім десек екен», «Дон Жуанның
қалыңдығы», «Махаббатпен арашалау» және т.б. әңгімелері өмірдің
ащы-тұщылы шындықтарын көркемдеп жеткізе отырып, оқырмандарын ойға
қалдырады. Бір қызығы – жазушының кейінгі жылдары жазған
туындыларында махаббат, сүйіспеншілік тақырыбы басымырақ көрінеді
және осы қасиетті ұғымдарды тілге тиек ете отырып, бүгінгі
жастардың болмыс, бітімдерін, көзқарастарын ашуға тырысатындығы
байқалады. Мысалы, «Махаббатпен арашалау» әңгімесінен өмір сүрудің
басты тіректерінің бірі – шынайы махаббат сезім деген сарынды айқын
көреміз. «Әлемді құтқаратын сұлулық» деген белгілі қағиданы жазушы
«Әлемді құтқаратын махаббат» деген оймен толықтыра түскісі келген
секілді. Бүгінгі «жаңа қазақтардың» бірінің қызы Анардың кедей
жігітке ғашық болып, бар өмірін соған арнауы – жиырма бірінші
ғасырдың жастарына үлгі, өнегедей болуы да мүмкін.
Жазушы жекелеген шығармаларында оқиға шешімін толығымен ашып
тастауға құштарлық таныта бермейді. Ар жағын саналы оқырман өзі
тауып алатындай бос кеңістік қалдырады. Бұл – дұрыс тәсілдің бірі.
Бірақ осы тәсіл үнемі өзін-өзі ақтай береді деп айтуға тағы
болмайды. Кейде шешімді автордың өзі жеріне жеткізе айтып тастаса,
оның несі мін?
Бүгінде алпыстың асуына шығып отырған әдебиеттегі әріптес ініме әлі
де шығармашылық табыстар тілеймін.